Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары

1 – ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

1 тақырып: 1. Салық есебін ұйымдастыру және салық саясаты

1.1 Салық кодексіне түсіктеме беру және оның маңызы.

1.2 Салық есебін жүргізу тәртібі.

Тапсырмалар:

1 тапсырма: Төменде берілген тест сұрақтарын орындау қажет:

1. Салықтарға келесі функциялар тән:

А) реттеу, қайта бөлу, фискалды;

Б) бақылау, реттеу, бөлу;

В) фискалды, бақылау, ынталаңдыру;

Г) қайта бөлу, фискалды, ынталаңдыру;

Д) экономикалық және бөлу.

2. Салыққа сіз қандай анықтама берер едіңіз?

А) салықтар - ол мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен азаматтарға салатын заңда белгіленгендей белгілі бір мөлшерде және белгіленген мерзімде төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдері.

Б) салықтар - ол бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

В) салықтар - ол шаруашылық субъектілерінен алынатын алымдар;

Г) салықтар - ол шаруашылық субъектілері мен халықтардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері;

Д) салықтар - ол заңда белгіленген мемлекетке төленетін міндеттті төлемдер;

3. Салық салу әдістеріне төмендегілердің қайсысы жатады?

А) Арнаулы салықтық режим, декларация негізінде салық салу, төлем көзінен, кадастрлық;

Б) декларация бойынша салық салу және кадастрлық;

В) табыс алу көзінен және патент негізінде;

Г) есептеу әдісі бойынша

Д) патент, декларация негізінде, бір жолғы төлем түрінде;

4. Салық салу объектісі мен мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынасқа байланысты салықтарды былай бөледі:

А) тікелей және жанама ;

Б) жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар;

В) жалпы және арнайы салықтар;

Г) шынайы және жеке;

Д) реттелетін және бекітілген.

5. Салық саясатының мақсаты:

А) аталғандардың бәрі дұрыс;

Б) бюджетті табыспен қамтамасыз ету;

В) корпорациялар мен тұрғындардың шаруашылық қызметін ынталандыру;

Г) табыстарды реттеу бойынша үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдау;

Д) мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларының барлығын қаржыландыру.

6. А.Смиттің салық қағидаларына мыналар жатады:

А) әділдік, анықтылық, ыңғайлылық, үнемділік;

Б) пропорционалдық, ыңғайлылық, анықтылық, прогрессивтілік;

В) теңдік, ыңғайлылық, анықтылық, әділдік;

Г) мерзімділік, теңдік, ыңғайлылық, әділдік;

Д) мерзімділік, ыңғайлылық.

2 Тапсырма

1. Төменде берілген тақырыптар бойынша топ арасында пікір сайыс өткізу:

1. Салықтық тіркеу тәртіптерімен танысу.

2. Салықтық есептілік және салықтық есепке алу тәртіптерін үйрену.

3. Салық төлеушінің міндеттері мен құқықтарын анықтау.

4. Салық органы қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын айғақтау.

5. Салықтық жауапкершілік туралы жазбаша конспект жазу.

6. Салық есебін ұйымдастыру әдістерін анықтау.

7. Салықтық міндеттемелерді орындау тәртіптерін зерттеу.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Салықтың экономикалық мәні және мазмұны.

2. ҚР Салық Кодексі.

3. Салық салудың негізгі қағидалары.

4. Кәсіпорындар төлейтін салықтың түрлері және олардың сипаттамасы.

5. Салық салу базасы мен салық салу объектілері.

6. Салықтық режим.

7.Салық саясатының жалпы түсінігі.

8. Салық саясатын дайындау және ұсыну.

9. Салық саясатына қойлатын негізгі талаптар мен ережелер.

2 – ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

2 тақырып: Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерекшеліктері

2.1 Салықтық нысандар.

2.2 Салық нысандарын құру тәртіптері.

2.3 Салық есептілігі және оның түрлері.

2.4 Салық есептілігін жасау ерекшеліктері.