- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
Тапсырмалар:
1 тапсырма: Төменде берілген тесттерге жауап жазу қажет:
1. Салықтардың фискалды функциясы:
А) мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;
Б) бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;
В) бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;
Г) салық төлеушілердің қаржы -шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;
Д) әлеуметтік мақсатты көздейді.
2. Алым - бұл:
А) белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Б) мемлекет сұранысын қанғаттандыру мақсатында ақшалардың қозғалуы;
В) мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін төлем;
Г) мәжбүрлі сипатқа ие мемлекет бекіткен төлем;
Д) ақша иесінен өз еркімен мемлекетке түсетін ақшалай төлем.
3. Салықтың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының кеңейуімен бірге пайда болды және ол:
А) амортизациялық саясатқа, инвестициялық жеңілдік, салық ставкаларын төмендету саясатына сүйене отырып, капиталдың жедел жинақталуына мүмкіндік береді;
Б) төлем сұранысы құрылымын және оның көлемін өзгертеді;
В) салық төлеушілдерден орталықтандырылған мемлекеттің қаржы қорына қаражаттар алу;
Г) қабылданған бағдарламаға сәйкес шаруашылықтың дамуына тікелей әсер етеді;
Д) азаматтардың түрлі категориясы арасындағы қоғамдық табыстарды бөлу.
4. Салық ставкалары:
А) тұрақты, проценттік (пропорционалды, прогрессивті, регрессивті);
Б) пропорционалды, прогрессивті;
В) пропорционалды, регрессивті;
Г) пропорционалды, прогрессивті, регрессивті;
Д) прогрессивті, біркелкі болып келеді.
5. Салықтан босатылатын объектінің ең төменгі бөлігі:
А) салық салынбайтын минимум
Б) салықтық ауыртпалық;
В) салықтық оклад;
Г) салық салынатын салық квотасы;
Д) салық салынатын минимум.
8. Ұйымдардың бюджетпен мүлік салығы бойынша есеп айырысу шоты қандай?
А) 3180
Б) 3110
В) 3120
Г) 3150
Д) 3130
9. Төменде аталаған тұлғалардың қайсысы көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық төлеуші болып табылады:
А) зейнеткерлер;
Б) Ауылшаруашылық құрылымынан шыққан кезде пәй ретінде алған көлік құралдары бойынша жеке тұлғалар;
В) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
Г) 3 топтағы мүгедектер;
Д) ҰОС қатысушылары.
10. ҚР көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша салық салу объектісі болып:
А) ҚР есепке тұрған көлік құралдары;
Б) автомобильдердің двигательдерінің көлемі;
В) двигательдердің күштілігі;
Г) барлық көлік құралдары;
Д) автокөліктер, автобустар, жүк мәшинелері.
2 тапсырма: Төмендегі берілген мәліметтердің негізінде мына тапсырмаларды орындаңыз:
1) Шаруашылық операцияларына бухгалтерлік жазу беріңіздер.
2) Шоттардың баптапқы қалдықтары және айналымдары негізінде шоттағы соңғы қалдықты анықтаңыздар
3) Айналым ведомостісін жасаңыздар
4) Соңғы балансты табыңыздар.
5) ұйымның бюджетке төлеуге тиісті салықтарын есептеп, бюджетке аударыңыздар.
6) Ұйымның қаржылық нәтижесін анықтаңыздар.
«Жанар» ЖШС-нің 2013 жылдың 4-ші тоқсаны бойынша бастапқы баланс. (мың теңге)
Актив |
Сомасы |
Пассив |
Сомасы |
Кассадағы ақша |
12300 |
Жарғылық қор |
29800 |
Шикізаттар |
12600 |
Қорытынды пайда |
10000 |
Банк шотындағы ақша |
20000 |
Еңбек ақы бойынша кредиторлық қарыз |
35100 |
Сатып алушылардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы (ҚМДҚ) |
20000 |
Банк несиесі |
20000 |
Машиналар мен құрылғылар |
30000 |
|
|
Баланс |
94900 |
Баланс |
94900 |
«Әсет» ЖШС-нің 2013 жылдың 2-ші тоқсаны бойынша болған шаруашылық операциялары
№ |
Операциялар |
сомасы |
Дт |
Кт |
1 |
Сатып алушыларға келісім шарт бойынша сату бағасымен тауарлар жөнелтілді Соның ішінде ҚҚС (12%) |
23540
2824 |
|
|
2 |
Негізгі өндіріске шикізаттар жұмсалынды |
12600 |
|
|
3 |
Сатып алушылардың дебиторлық қарызы банктік есеп шотқа түсті |
13540 |
|
|
4 |
Кассадағы нақты ақшаға канц. тауарлар алынды |
50 |
|
|
5 |
Есепті жылдың пайдасы есебінен резервтік қор жасақталынды |
5450 |
|
|
6 |
Сатып алушылардың дебиторлық қарызы кассаға алынды |
15000 |
|
|
7 |
Ұйымның кассасынан жұмысшыларға еңбек ақы төленді |
23130 |
|
|
8 |
Есеп шоттан банк несиесі қайтарылды |
12345 |
|
|
9 |
Өнімді сатудан кіріс қорытынды пайдаға апарылды (ҚҚС-сыз) |
23540 |
|
|
10 |
Қосылған құн салығы бюджетке төленді |
2824 |
|
|
11 |
Есепті мерзімнің соңында аяқталмаған өндіріс қалдығы анықталынды |
12600 |
|
|
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Салықтық нысандар.
2. Салық нысандарын құру тәртіптері.
3. Салық есептілігі және оның түрлері.
4. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері.
6 – ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
6 Тақырып: Салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
1. Салық есебінің ережелері.
2. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау.
3. Бөлек есеп және оны жүргізу.
4. Салық есептілігі.
5. Салық есептілігін жасау және табыс ету тәртібі.
6. Салық декларациясын табыс ету тәртіптері.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Оқытушының төменде берген анықтамаларына тест сұрақтарын дайындап, және осы анықтамаларды толықтырып жазып келу қажет:
1. Салық есептілігін салық төлеуші, салық агенті не олардың өкілдері Салық Кодексіке сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
2. Салық есептілігі қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігі электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеуші, салық агенті салық органдарының талап етуі бойынша осындай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін табыс етуге міндетті.
3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Салық төлеуші — жеке тұлғаның өзі болмаған не ол іс-әрекетке қабілетсіз болған жағдайда салық есептілігіне оныңөкілі қол қойып, куәландырады.
4. Салық төлеушінің, салық агентінің салық есептілігін жасау жөнінде қызмет көрсететін өкілі оған қол қойып, мөр басуға және өзінің салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.
5. Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін жасаған кезде, оның ішінде мұндай есептілікті оның өкілі жасаған жағдайда, салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығы үшін жауаптылық салық төлеушіге, салық агентіне жүктеледі.
6. Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін тиісті салық органдарына Салық Кодексіте белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етеді.
7. Салық төлеуші (заңды тұлға) қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбір салық төлеушіге салық кезеңі басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейін тиісінше бөлу, тарату және өткізу баланстарының негізінде салық есептілігі бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептілік салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде табыс етіледі.
8. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімі электрондық почта арқылы жеткізілгендігі туралы хабарланған күн салық есептілігі салық органына табыс етілген күн болып табылады.
9. Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына Салық Кодексіте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма төртке дейін тапсырылған салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күні қойылған белгісі болса, мерзімінде табыс етілген деп саналады.
10. Салық есептілігі алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
Егер салық есептілігінде:салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе; салық кезеңі көрсетілмесе; осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.
7 – ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
