- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
Қысқаша анатомиялық-физиологиялык мағлұмат
Иіс сезу және көру нервтері ми түбіршіктері болғандықтан және құрылымы жағынан орталық нерв жүйесі өткізгіштеріне таяу бол-ғандықтан, олар басқа ми нервтерінен өзгеше.
Иіс сезу анализаторы үш невроннан тұрады.
Бірінші неврон мұрын шырышты қабықшасына орналасқан биполярлы клеткалардан басталады (1), олардың аксондары (2) иіс сезіну жіпшелеріне (fila olfactoria) топтасады. Иіс сезіну жіпшелері тор сүйектің тесіктелген табағы (lamina cridrosa) арқылы өтіп, бас сүйек қуысына кіреді де қос иіс сезіну жуашықтарында (3) аяқ-талады.
Екінші неврон клеткалары иіс сезіну жуашықтарына (dullus olfactorius) орналасқан, олардың аксондары иіс сезу жолын құрастырады да мидың маңдай бөлігі астындағы иіс өзегі бойымен ми қыртысы астындағы иіс сезіну үш бұрышындағы (4) бірінщілік иіс сезіну орталықтарына келіп жетеді.
Үшінші неврон клеткалары алдыңғы тесіктелген зат (sudstantia perforata anterior) пен мөлдір аралықтағы (septum pellucidum) иіс ссзу бұрышында орналасқан, олардың аксондары алдыңғы ми дәнекерінде жартылай аяқталып, қарама-қарсы жағына өтеді де жартылай өз жағында сүйелді дененің (5) үсті және асты арқылы өтіп, мидың самай бөлігінің іш жағындағы ат басты теңіз балығы тәрізді ирелең. мен аммонов мүйізіне орналасқан ми қыртысы иіс сезу орталықтарына (6) келіп жетеді. Мұнда алуан түрлі иіс сезімдері айқындалып, оларға сапалық мән беріледі. Көру анализаторы төрт невроннан тұрады.
Бірінші неврон — көздің торлы қабықшасындағы таяқшалар мен сауытшалар.
Екінші неврон — көздің торлы қабықшасындағы биполярлыклеткалар.
Үшінші неврон — көздің торлы қабықшасындағы түйірлі (ганг-лиозды) клеткалар, олардың аксондары өзара бірігіп көру нервін (2) құрастырады. Көру нерві көру тесігі арқылы көз қуысынан бас сүйек қуысына (ми сауытына) өтеді де түрік ері төмпешігінің ал-дында жартылай айқасып (3), көру нервінің айқасуын (chiasma opticbm) құрады. Одан әрі көру нерві жолы (teacus opticuc) (4) болып, біріншілік ми қыртысы асты көру орталықтарында (төрт төмпешіктің алдыңғы қос төмпешігі, сыртқы иінді дене, ми жас-тығы) аяқталады.
Төртінші неврон клеткалары сыртқы иінді денеде (5) орналас-қан. Олардың аксондары көру жолын құрастырады. Бұл жол ішкі капсуланың артқы сирағының артқы бөлігі арқылы өтіп, желпуіш түрінде тарап — Грациоле сәулесі (6) ми сыңарының шүйде бөлігінің іш жағындағы (7) құс аяқшасының тепкіші атты салаға (sulcbs cflcfrinus), сына және тіл ирелеңдеріне (17 аумақ) келіп тоқ-тайд. Осы аймақта белгілі бір заттың (нәрсенің) бейнесі, пішіні, бояуы, шамасы, орналасуы және қимылы түбегейлі айқындалынады.
Хиазмада екі көздің де торлы қабықшаларының ішкі жартысынан келетін талшықтар ғана қиылысады, ал олардың сыртқы жартысынан келетін талшықтар өз жағымен өтеді. Осылайша көру жолы көздін торлы қабықшасына сәйкес жартылармен байланы-сады. Басқаша айтқанда, сол жақтағы көру жолы сол жақтағы торлы қабықшамен, оң жақтағы көру жолы оң жақтағы торлы қабықшамен жабылады. Осындай байланыс заңдылықтары ми қыртысы асты түйіндері, ішкі капсула және ми қыртысы деңгейлерінде де сақталады.
Есте болатын бір жәйт— көрініп тұрған бейне көздің торлы қабықшасына төңкеріліп түседі. Демек, көз торлары қабықшасының сол жақ жартышары көру аясының оң жақ жартысына қызмет етеді.
Көру анализаторы жарық әсерінен көрінген бейнені қабылдап, ми қыртысына жеткізіп айқындайды. Көру талшықтарының. бір бөлігі жарық әсерінен болатын жанар рефлексінің рефлекстік доғасын құрастыруға қатысады.
Иіс сезіну қабілетін тексеру үшін қош иісті сұйықтар (камфора, иіс май, әтір, керосин, ванилии) құйылған флакондар пайдаланылады. Сырқат екі көзін жұмып, саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады да дәрігер ұсынған флакондағы сұйықты иіскейді. Сөйтіп қандай иісті сезгенін-сезбегенін дәрігерге айтады.
Зақымдану симптомдары:
Аносмия — иісті мүлде сезінбеу; Гипосмия — иісті толық сезінбеу;
Гиперосмия — иісті шамадан тыс қатты сезіну (иіс сезімінің өршуі);
Дизосмия- иістің сипатын айқындай алмай басқаша сезіну;
Иіс елесі - жоқ иістерді сезіп тұрғандай болу.
Егер сырқат әзіне тосылған иістерді мүлде сезбейтін немесе нашар сезетін болса мұрынның кілегей қабығының дертке ұшыраған-ұшырамағанын анықтау керек. Мидың мандай бөлігі астындағы иіс сезіну шұңқыры аймағы зақымданғанда осы жағында аносмия пайда болады. Мидың самай бөлігінде ісік немесе ісік тәрізді аурулар (ірің, паразиттер т.б.) болған жағдайда иіс елестері болады (ми қыртысындағы иіс сезіну орталығы тітіркендігінің белгісі). Көбіне иіс елестері соңынан іле жалпы тырыспа талмасы болады.
Көру анализаторын тексеру тәсілдері және оның зақымдану белгілері
Көздің көргіштігін (жітілігін) зерттеу
Көздің көргіштігі Сивцев кестесінің көмегімен тексеріледі. Сырқаттың алдына 5 м қашықтықта жарық түсіп тұрған кесте ілінеді. Әрбір көздің көргіштігі жеке-жеке тексеріледі. Ол үшін бір көзді жауып қояды. Егер төменнен санағанда үшінші қатар дағы әріптер жақсы көрінетін болса, көздің көргіштігі өз қалпында, яғни 1,0. Ал сол үшінші қатардан жоғары қарай ретімен көргенде көздің көргіштігі төмендеп 0,9, 0,8, 0,7 тағы солай белгіленеді. Кестедегі әріптердің оң жағында көз көргіштігі мөлшерін белгілейтін цифрлар жазылған. Соларға қарап отырып әр көздін көргіштігі жеке-жеке жазылып қояды. Мысалы, оң көздің көргіштігі 0,8 т.с.с.
Көру аясын тексеру
Әрбір көздің аясы периметр көмегімен жеке-жеке тексеріледі. Периметрге жарық жақсы түсіп тұруы керек. Сырқат жарыққа арқасын беріп отырады. Көру аясын тексеру кезінде көз қозғалмау керек. Ол үшін сырқат көзін аспаптың ортасындағы ақ нүктеге қадап отырады. Дәрігер периметрдің ар жағына сырқатқа бетін қаратып, оның көз алмасының ауытқымауын қадағалай отырып, ұшы аққа боялған арнайы таяқшаның көмегімен әрбір көздің көру аясының сыртқы, ішкі және жоғарғы, төменгі көру аясын анықтайды.
Көру аясын тексеру нәтижесін сырқат шежіресіне былайша жазады:
Төсектен тұра алмайтын сырқаттардың көру аясы шамамен анықталады. Ол үшін дәрігер сырқаттың қарсы алдына отырып, өзінің көзіне тура қарауды ұсынады да сүқ саусағын оның көзіне таяп, периметр көмегімен көру аясын тексеру. Көру аясын саусақпен тексеру тәсілі жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқаттың саусақтың қозғалу аясын қаншалықты айырып тұрғанын байқайды. Егер дәрігер өзінің саусағын сырқаттан бұрын көретін болса, сырқаттың көру аясы тарылғаны.
Түстерді айыруды Рабкиннің түрлі-түсті кестелерінің көмегімен тексереді.
Көз түбін тексеруді көз дәрігері офтальмоскоп арқылы жүзеге асырады.
Зақымдану симптомдары
Көздің көргіштігін тексеру арқылы оның қалыпты мөлшерден ауытқымағанын (1,0), төмендегенін (0,9, 0,8, 0,7, т.с.с.) немесе соқыр болып қалғанын (амавроз) анықтауға болады.
Көру аясын тексеру кезінде оның барлық жағынан (центрлес) тарылуын (2), дақ боп (1) жоғалуын (скотома) және жартылай тарылуын (гемианопсия) байқауға болады. Бұл симп-томдар көру анализаторының қандай деңгейде зақымданғандығын анықтауға көмектеседі.
Мысалы, көру нервінің зақымдануына байланысты осы жағындағы көз көрмей қалады, ал хиазманың түгелімен зақымдануы екі көзден бірдей соқыр қылады. Хиазманың ішкі айқасқан бөлігінін
Зақымдануы кезінде көру аясының сыртқы жақтары жоғалады-битемпоральды гемианопсия (4), ал егер оның сыртқы жағы зақымданса, көру аясының ішкі жартысы жойылады –биназальды гемианопсия (5).
Көру жолының оң жағынан зақымдануы көру аясының сол жағын жоғалтады-сол жақтық гемианопсия (6), ал оның сол жағы зақымданса, оң жақтық гемианопсия пайда болады.
VI жұп — әкеткіш нерв gervus abducenc (9). Ядросы варолий көпірдің қақпағында ромбы тәрізді (ойыс) шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанған қойнаудың алдымен көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшық етін (тvectus latevalis) нервтендіреді.
Көзқарас уйлесімділігін реттеу. Қалыпты жағдайда екі көздің қозғалуы (қимыл-әрекеттері) әрдайым үйлесімді. Олардың бір мезетте жоғары немесе төмен, жан-жағына қарауын сәй-кестендіру ушін көз қозғайтын нервтердің осы қимылдарға әсері үйлесімді болуы шарт.
Көз қозғайтын нервтер қызметінің үйлесімділігін артқы бойлық шоғыр жүйесі қамтамасыз етеді. Бұл шоғыр мидың алдыңғы бөлігіндегі Даркшевич ядроларынан басталып, ми бағаны бойымен жолшыбай өз жагындағы көз қозғайтын нервтер ядроларына қо-салқы тармақтарын жіберіп, төмен түседі. Ол сонымен катар көз қозғайтын нерв ядроларын вестибулярлық ядролармен байланыс-тырады да жұлынның алдыңғы бағанынан өтіп, мойын тұсында оның алдыңғы мүйізіндегі клеткаларға келіп тоқтайды.
«Ерікті» көзқарас қимылдарын ұйымдастыруды ми қыртысы басқарады. «Көзқарастың ми қыртысы орталығы» екінші маңдай қатпарының артқы бәлігіне орналасқан. Одан шығатын талшық шоғырлары төмен түсіп, варолий кәпірінде айқасады да қарсы жақ-тағы әкеткіш нерв ядроларында аяқталады. Көзқарастың ми қыртысы орталығы көзді және басты қарама-қарсы жағына бағыттайды.
Артқы бойлық шоғыр жүйесі зақымданғанда қарама-қарсы жағындағығы көзқарас әсері жойылады. Қарсы жағындағы бұзылмаған жүйе бас пен көзді зақымданған жағына бұрады («сырқат зақымданған жағына қарайды»). Көз-қарастың ми кыртысы орталығы тітіркенгенде ырғақты селкілдек құрыспасы ұстап, басы мен көзі қарама-қарсы жаққа бұрылады. Ми бағанындағы әкеткіш нерв ядросы зақымданғанда осы жағында көз алмасының сыртқы түзу бұлшық еті салдануымен қатар көзқарас қимылы да жойылады. Мұндай жағдайда бас пен көз зақымданған жағына қарама-қарсы бұрылады («сырқат зақымданған жағына теріс қарайды»).
Көз қозгайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану
симптомдары:
І.Тыныштық жағдайда сырқаттың бет-әлпеті байқалады. Көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың-көлемі мен формасына назар аудару керек.
2.Көз алмасының қозғалу мөлшерін анықтау үшін дәрігер сырқаттың басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашыктықта оңға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе-кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді.
З.Қарашық реакциясын тексеру. Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратып отырғызады да екі көзін алақанымен жауып қойып, кезек-кезек ең әуелі бір көзді, содан кейін екінші көзін ашып, қарашықтың реакциясын байқайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады — қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.
Дәрігер алақанымен сырқаттың бір көзін жауып қояды да екінші көздің қарашығын бақылайды. Мұндай жағдайда қарашық тары-лады (қарашықтың жарыққа өзара бірлестік реакциясы).
Қарашықтың конвергенциялық және аккомодация реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция) да онымен қатарласа қарашық тарылады (аккомодация).
Көз қимыл нервінің зақымдануы. Үстіңгі қабақты көтеретін бұлшық ет сал болуына байланысты ол төмен түсіп кетеді де көзді жұмып қалады (птоз), көздің ішкі тік бұлшық етінің қызметі жойылғандықтан көз екі жак, сыртына және төменірек қылиланады (қитарланады). Мұндай жағдайда көздің алдындағы нәрсе қосарлана көрінеді (диплопия). Қарашықты тарылтатын (сфинктер)
I- сол жақ көз қимыл нервінің зақымдануы (жоғарғы қабақтың төмен түсуі,
экзофтальм т.б,); ІІ-сол жақ көз қимыл нерві зақымдануы (мидриаз, көздің сырттай қитарлануы, қылилануы); Ш-қылилыктың жоғары қарағанда күшеюі; ІҮ-қылилықтың сыртқа қарағанда күшеюі бұлшық ет, 12- ішкі тік ет; С- шығыр нерв (а) және әкеткіш (в) нервтердің қызметі мен зақымдану белгілері
бұлшық ет әлсірегендіктен қарашық кеңейеді (мидриаз). Аккомода-ция болмаған жағдайда көздің жақыннан көргіштігі кемиді. Көз алмасының үш тік бүлшық еттері күшінің бірден жойылуы оны көз аясының сәл алдына қарай әкеледі (экзофтальм.).
Шығар нервінің зақымдануы көз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай тек төмен қара-ғанда ғана білінеді. Сырқат аяғының астына қарағанда онда қосар-лана көріну (диплегия) байқалады.
Әкеткіш нерв зақымдануы көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшық еті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді (көздің ішке карай қитарлануымен қатар қосарлана көрінуі).
Егерде зақымдану қуыстану қойнауының маңайында (мысалы сепсистік тромбоз) немесе жоғарғы көз саңылауы тұсында болса барлық көз қозғайтын нервтердің қызметі бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады (офтальмоплегия), көздің қарашығы кеңиді (мид-риаз), қарашық жарыққа, аккомодацияға және конвергенцияға әсер етпейді, көзі бақыраяды (экзофтальм.)
Көз қарашығы реакциясыныц бұзылуы.
Арджиль-Робертсон симптомы — көздің қарашығы аккомодация мен конвергенцияға әсер етсе де, жарыққа реакция бермеуі. Мұндай жағдайда, көздің қарашығы міндетті түрде тарылады, олардың мөлшері (көлемі) әр түрлі (анизокория). Бұл симптом нерв жүйесінің сифилиспен зақымдануына тән.
Арджиль-Робертсон симптомына қарама-қарсы (қарсылас) симптом — көз қарашығының жарыққа әсері сақталып, аккомодация мен конвергенцияға әсер етпеуі. Аталған сипмтом әдетте эпидемиялық энцефалитпен ауырған сырқаттарда кездеседі.
Ішкі офтальмоплегия синдромы. Кез қарашығы кеңиді (мидри-аз), оның барлық реакциясы жойылады, аккомодация бұзылады. Синдром ми бағанындағы Якубович пен Перлеа парасимпатикалық ядроларының зақымдануынан пайда болады.
Көз қозғайтын нервтер ми бағаны тұсында зақымданса қарама-қарсылық синдромдар пайда болады.
1- Вебер синдромы - ми аяқшасы зақымдануының көз-қимыл нерві мен пирамида жолын қамтуы. Зақымдану ошақтары штрихталған. Зақымданған жақта көз-қимыл нервінің қызметі жойылады, қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады.
2. Бенедикт синдромы — көз-қимыл нервінін, қызыл ядроның және оған жақын келетін мишық өткізгіштерінің зақымдануы.
Зақымданған жағында көз-қимыл нерві қызметі жойылады (птоз, көздің екі жақ сыртына және төменірек қылилануы, мидриаз), ал қарама-қарсы жағында интенциалды діріл мен атетоз пайда болады.
3. Фовилл синдромы. Варолий көпірі астының бет нерві ядро-лары мен әкеткіш нерві клеткаларының аксондары мен ми қыртысы жұлын жолының қосарлана зақымдануы.
Зақымданған жағында ымдау (бет) бұлшық еттері семіп солады және көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің қызметі жойылады (көздің көз саңылауының ішіне карай қылилануы), ал қарама-қарсы жағында сіреспе
гемиплегия болады.
4. Төрт төмпешік тұсындағы патологиялық ошақ. Көз алмасы жоғары және төмен қарай қозғалмай қалады-Парино синдромы.
5.Артқы бойлық шоғырдың жартылай зақымдануы (Гертвиг
Можанди синдромы).Зақымданған ошақтар штрихталған. Зақымданған жақта көз қитарланып, төмен және ішке қарай ауытқиды, ал қарама-қарсы жақта көз алмасы жоғары және сыртқа қарай ауысады.
