Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

10.4. Электромиография

Электромиография (ЭМГ) — бұлшық еттердегі электрлік құбылыстарды тексеретін тәсіл. Қимыл-әрекеттерін реттейтін нерв жүйесі зақымдануына байланысты неврологиялық тәжірибеде кездесетін бірқатар ауруларды анықтау үшін электромиографиялық зерттеу тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманда глобальдық (жалпылама), интерференциялық, шектелген және ширықтырғыш электромиография тәсілдері қолданылады.Электромиография арқылы орталық және шеткі (сыртқы) қимылдатқыш мотонейрондардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметі туралы деректер алуға болады.

Орталық және сыртқы нерв жүйесінің әр түрлі деңгейде зақымдануына байланысты қимыл-әрекеттері бұзылуының клиникалық белгілерімен қатар электромиографиялық өзгерістер қозғалыс анализаторы бүлінуінің патофизиолық механизмін түсінуге мүмкіндік береді. ЭМГ клиникалық белгілері айқын сырқаттардың бұлшық еттеріндегі өзгерістерді көрсетіп қана қоймайды, сонымсн бірге клиникалық белгілері көмескі немесе білінбеген жағдайда мотонейрондар зақымдануын анықтауга көмектеседі.

Бұлшық еттердің электрлік белсенділігін зерттеу үшін көп арналы, жиілік сипаттамасы мол, тосқауылдарға (бөгеттерге) төзімді, өзіндік ызыңы (шуылы) төмен арнайы электромиографтар қолданылады (пайдаланылады). Олар бұлшық еттердің электрлік қуатын 10000 және одан да көп есе өсіретін күшейткіштерден, бақылауға қолайлы осциллографтан, фотожазуға (тіркеуге) қажет арнайы блоктан және әр түрлі электрлік тітіркену тудыратын электростимуляторлардан құрастырылады.

Глобальды (жалпылама) ЭМГ арқылы жекелеген бұлшық еттердің биопотенциалдары көптеген қимыл өлшемі бірлігінен тіркеледі (жазылады). Ол үшін тексерілетін бұлшық ет сыртына металл плас-тинкаларын (сыртқы электродтар) немесе қалыпқа бекітілген аумағы 1 см2 дискіні жапсырады (қондырады, байлайды).

ЭМГ әдетте тыныштық жағдайда мүлде босаған бұлшық еттердің ерікті жиырылуы және мейлінше жиырылған кезінде жазылады. Глобальды ЭМГ қарапайымдылығы мен зиянсыздығына қарамас-тан нерв жүйесінің қимыл ерекшеліктерін толық тексеруге мүмкіндік бермейді. Электромиограммадан биопотенциалдардың амплитудасын, формасы мен электр тербелістерінің жиілігін байқауға болады. Қалыпты жағдайда бұлшық еттердің мүлде босаған кезінде жиілігі 100 гц шамасында және амплитудасы қысқа (5-20 мкв), өз бетімен (ерікті) жиырылғанда ЭМГ амплитудасы 500-2000 мквкт-қа дейін кенет ұзарады.

Клиникалық тәжірибеде Ю.С.Юсевичтің ұсынысы бойынша электромиограммалар негізгі төрт типке бөлінеді:

II тип. I тип — жиі (50-100 гц), үйлесімсіз, екі немесе көп фазалы тербелістері бар бұлшық ет ерікті жиырылғанда амплитудасы өзгеріп тұратын электромиограммалар. Мұндай өзгерістер қимыл-әрекеттері бұзылған сырқаттарда байқалады.

II тип тербеліс жиілігі аз (5-40 щ) потенциалдан, «шарбақ» тәрізді немесе бір және көп фазалық қысқа амплитудалы тербелістермен ерекшеленеді. Бұл тип шеткі мотонейрондары зақымданған сырқаттарда кездеседі. ЭМГ жиілігі мен тұрақтылығына қарай ол екі топқа бөлінеді: II а — жиілігі 5-тен 20 гц дейін және амплитудасы төмен сирек тербелісті потенциалдар; II б — . жиілігі (40 гц дейін) мен амплитудасы (3000-5000 гц) тұрақсыз потенциал. III тип — ырғақты және ырғақсыз осцилляциялар «дүркіндерімен» ерекшеленеді, оқта-текте өте баяу (4-тен 10 гц-қа дейін тербелістер болуы мүмкін). Мұндай ЭМГ экстрапирамидтік өрескел қимылдар мен бұлшық еттердің сіресіп илікпеуі кезінде

байқалады.

IV тип толық «биоэлектрлік үнсіздікті» көрсетеді. Бүл тип сыртқы мотонейрон түгелдей немесе олардың басым көпшілігі зақымданған жағдағдайларда кездеседі.

Электромиограммалардың басқа да формалары кездеседі. Мысалы, миопатия синдромына байланысты биопотенциалдардың ам-плитудасы төмендейді, олардың жиілігінің көбеюі сирек кездеседі. Миастениямен ауырған сырқаттарда бұлшық еттердің ерікті түрде қайталана жиырылуы кезінде биопотенциал амплитудасы төмендейді.

Жұлынның алдыңғы мүйіздері зақымдануының алғашқы кезеңдерінде фасцикуляция потенциалдары пайда болады. Солғын (баяу) сал болу кезінде бұлшық еттердің өзіндік (ерікті) жиырылуы болмайды және ЭМГ-де «биоэлектрлік үнсіздік» көрініс береді. Сыртқы нервтер зақымданғанда ЭМГ-ның амплитудасы төмендейді немесе ешқандай электр белсенділігі білінбейді.

Сіреспелі сал болуға ұшыраған сырқаттарда бұлшық еттер по-тенциалдарының амплитудасы ерікті түрде жиырылғанда төмендейді де олардың тербеліс жиілігі сирейді (азаяды).

Экстрапирамидтік шектен тыс қимылдар мен әсіресе бұлшық еттердің қатая сіресуі (торсионды дистония) кезінде бұлшық еттердің биоэлектрлік белсенділігі оқыс және іріктеліп күшейеді. Шектен тыс қимылдайтын бұлшық еттер миограммасының құрылымы жоғарғы амплитудалы тербелістерден гиперкинез ырғағында дүркінделе бұрмаланады.

Истериялық сал болуга байланысты «салданған» бұлшық еттерде, тыныштық жағдаймен салыстырғанда, өздігінен жиырылу кезінде тербелістердің амплитудасы төменірек болады.

Глобальды (жалпы) электромиография нерв-бұлшық ет аппаратының жағдайы туралы негізгі түсініктерді бергенімен, кейбір жағдайларда олар жеткілікті бола бермейді. Сол себепті шектелген (локальды) ЭМГ әдісін де қолдану керек. Ол үшін бірнеше қимыл бірлігін немесе бұлшық еттердің біршама жекелеген бөлігіндегі электрлік белсенділікті багалауға мүмкііщік беретін әкеткіш кеңістігі аз (тар) электродтар пайдаланылады.

Қимыл бірлігі (тұтастығы) бұлшық ет қызметінің негізгі көрсет-кіші болғандықтан, ол әрі бұлшық ет талшықтары тобын нер-тендіретін мотонейрон қызметін де сипаттайды.

Инелі электродтар қарсы шоғырланған, екі полярлі және көп электродты (мультиэлектродты) болып келуі мүмкін. Инелі электродтар көмегімен электромиографиялық зерттеу тыныштық жағдайда немесе бұлшық еттердің болар-болмас жиырылуы кезінде жүргізіледі. Қажет болса әр түрлі әрекеттер сынағы қолданылады. Шектеулі ЭМГ бұлшық ет электрогенезі ерекшеліктерін дәлірек саралауға (сипаттауға) мүмкіндік береді.

Стимуляциялық (ширықтырғыш) ЭМГ сыртқы нервтердің қимылдатқыш және сезгіш талшықтары жиілігі мен күші (қуаты) әр түрлі электр тоғыменн (ағынымен) тітіркендіру арқылы бұлшық еттер әрекеттерін (жауабын) анықтауға болады.Стимуляциялық электромиографиянын ең көп тараған тәсілі -бұлшық еттердің тікелей жауабын (М-жауапты) анықтау. Ол қимыл бірлігі потенциалдарының жиынтығы болып саналатын шеткі нервті тітіркендіргенде пайда болады.

М—жауапты анықтау үшін ширықтырушы электродтар тітірке-нуге тиісті нервтер аймағы проекциясының ұзын бойына орналас-тырылады. Мұндай жағдайда катод анодтан шеткері орналастыры-луы керек. М-жауап әдетте сырттай орналасқан электродтар арқылы тіркеледі (жазылады), өйткені олар биоэлектрлік белсен-ділікті басқалармен салыстырғанда анағұрлым анығырақ білдіреді. Элекгродтарды тиісті бұлшық еттің қимылдау нүктесіне ұқыптап орналастырып бекітеді. Электрод және оның орналасатын тұсы спиртпен немесе эфирмен сүртіледі де арнайы бірыңғай М—жауап алу үшін оны туғызатын токтың шамасынан 30-40 % артық мөлшерде ток тітіркендіргіші пайдаланылады.

Қалыпты жағдайда М—жауаптың ұзақтығы құбылмалы, ол ұсақ. бұлшық еттерде 12-13 м/сек, ірі бұлшық еттер үшін 20-30 м/сек, ең жоғарғы амплитудасы 15-20 мм дейін. М—жауаптың формасы әдетте екі немесе үш фазалы болып келеді.

М—жауап ұзақтығы зақымданған жағында, зақымданбаған жағымен салыстырғанда, көбеюінің диагностикалық құндылығы зор. М—жауап формасы көп фазалы болып келуі нерв-бұлшық ет жүйесі зақымданғанда аса маңызды деректер береді. М-жауаптың болмауы нерв-бұлшық ет талшықтарының жаппай зақымдануына тән.

Афферентті талшықтарды тітіркендіргенде пайда болатын бір сипатты рефлекстік жауап болып есептелетін Н—рефлекс нерв-бұлшық ет әсерлері жағдайының маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Н—рефлекс ахилл рефлексіне ұқсас, еттерінде тақым шұқырында үлкен жіліншік нервін тітіркендіргенде байқалады. Н-рефлекс сезгіш нервтер талшықтарын тітіркендіргенде және қозуды жұлынға тарататын мотонейрондар тітіркенуі арқылы импульстің қимылдатқыш талшықтарына өтуі нәтижесінде пайда болатын рефлекстік жауап.

Тақым шұқырында (с) электрлік тітіркендіру кезінде екі потенциал (Н ~ рефлекс және М —жауап) тіркеледі. Токтың қуаты (күші) артқан сайын Н — рефлекс төмендейді де М — жауап үдей түседі. Тітіркендіру деңгейі (күшейген) артқан сайын Н — рефлекс пен М — жауап амплитудалары ара қатынасы өзгереді.

Н — рефлекс М — жауап үшін ең төменгі деңгейдегі электрлік тітіркендіру кезінде пайда болады. Тітіркендіру күші ұлғайған сайын Н — рефлекс амплитудасы артады да М — жауап шамасы азаяды. М - жауап үшін де ең жоғарғы шек болып табылатын тітіркендіру күшінің деңгейінде Н — рефлекс мүлде байқалмайды. Н-рефлекс амплитудасы тұрақсыздығын ескерте отырып оның ең жоғарғы мөлшерін 5-10 рет тітіркендіргеннен кейін ғана анықтайды. Н —рефлексті саралау үшін оның межесін, жасырын кезеңін, стимуляция (тітіркендіру) күші көбейгенде амплитуданың өзгеруін, Н —рефлекс пен М — жауап амплитудаларының, ең жоғары шамаларының арақатынасын, Н — рефлекссіз формасы мен ұзақтығын анықтау керек.

Стимуляциялық (тітіркендіру) миография көмегімен қимылдатқыш және сезгіш нерв талшықтары бойымен қозу таралуының I, 12— қардың

жоғарғы және төменгі бөлігін тітіркенуінің жасырын кезеңі жылдамдығын анықтауға болады. Ол үшін екі нүктенің элекгр тоғымен (ағынымен) тітіркендіру әсері беріледі де жасырын кезең ұзақтығы анықталады.

Миографиядағы жасырын кезеңнің ең жоғарғы мөлшерінен ең аз мөлшерін алады да, стимуляцияланған екі нүктеден ара қашықтығын өлшейді. Сөйтіп импульс жүруінің (өтуінің) жылдамдығының төмендегі формула арқылы есептеп шығарады:

V=S/t;

Мұнда S -екі тітіркендірілген нүктенің ара қашықтығы (мм есебімен); I — жасырын кезендер айырмашылығы (м/сек).

Әр түрлі нервтердің импульс өткізу жылдамдығы бірдей болмайды.