Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу

Ми мен жұлын қатты, торлы және жұмсақ қабықтармен қапталған. Қатты қабық екі жапырақшадан тұрады:

1) бас сүйек пен омыртқа ішіне төселген сыртқы жапырақша, сүйек қабығы міңдетін атқарады;

2) ішкі жапырақша сыртқысын қайталай отыра онымен тұта-

сып бітеді.

Бұл жапырақшалардың тұтаспаған тұсында саңылау тәрізді кеңістіктер - қойнаулар (синустар) пайда болады. Бұл қойнаулар бас сүйек қуысында вена қанымен, ал омыртқа өзегінде қопсыған май тканьдары және көк тамырлардың қалың торларымен толты-

рылған.

Қатты ми қабының астында көптеген тартпалар мен бөгеттер арқылы жұмсақ қабықпен қосылатын торлы қабық орналасады.

Торлы қабықтың жұмсақ қабыққа тығыз жабыспаған және одан аздап алшақтаған мидың өзектері мен саңылаулары тұсында тор қабық асты (субарахнодальдық) саңылау — цистерналар пайда бо-лады. Олардың ең ірілері артқы бас сүйек шұңқырындағы мишық,-тың астыңғы беті мен сопақша мидың қыры аралығына орналасқан мидың үлкен (мишық сопақша ми) цистернасы; көпір цистернасы, аяқшааралық цистерна, үлкен мидың түбір шұңқырындағы цистерна, қиысқан (айқасқан) жер цистернасы және омыртқа өзегінің төменгі жағындағы ақырғы цистерна.

Мидың жұмсақ кабығы көптеген қан тамырлары бар нәзік пленка тәрізденіп, ми мен жұлындағы барлық саңылаулары мен ирелендері ішіне кіріп, оларды тығыз қаптайды.

Торлы қабық пен жұмсақ қабық арасындағы кеңістіктің (тор қабық асты кеңістігі) ішінде ми-жұлын сұйығы (МЖС) болады.Ми-жұлын сұйығы (ликвор) негізінен ми қарыншаларьшдағы (көбіне бүйір қарыншаларында) қан тамыры өрімдерінде өндіріледі. Сондай-ақ, ми-жұлын сұйығын шығаруға мидың басқа- да құрылымдары (қан-тамыр жүйесі, нейрондар, глия) қатысады.

Адамда тәулігіне 500 мл шамасында ми жұлын сұйығы шығары-дады, яғни ол минутына 0,36% жылдамдықпен айналып тұрады. Ми-жұлын сұйығының өндірілуі онын сіңімділігіне, ликвор жүйесі-нің қысымына т.б. факторларға байланысты. Сондықтан да ол нерв жүйесі аурулары кезінде бас сүйек ішіндегі қысымның бұзылуына әсер ететін елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Ми-жұлын сұының айналатын жолы оның шығатын орнынан бастап сұйық жолына қарай бағытталады: мидың бүйір қарыншаларынан (9) - үшінші қарыншасына (12), Монро жұп тесігі (11) арқылы төртінші қарыншаға (15) сильвий су жолымен (8) келеді де Мажанди сыңар (17) және Лушка жұп (7) тесіктері арқылы торлы қабық асты кеңістігіне барады. IV қарыншаның тікелей жалғасы орталық жұлын өзегі (18). Ми-жұлын сұйығы бас сүйек қуысынан негізінен көк тамыр құбырлары жүйесі арқылы вена қанымен бірге аз мөлшерде I, II, VI ми жұп нервтері жанындағы саңылаулар бойымен шығады.

Ми-жұлын сұйығы негізінен көк тамыр құбырлары бойындағы торлы қабықтың (4) айналдырылған капшықтарынан құрылған пахион түйіршіктері (13) арқылы сіңіріледі. Пахион түйіршіктері көк тамыр құбырын жаншып қысып жұқартады. Осы пахионов түйіршіктері мен көк тамыр құбырының тығыз байланысқан тұстарында сұйық торлы қабық асты кеңістігінен құбырға келіп құйылады. Сұйықтың осылай қозғалуына бас сүйек ішіндегі ірі қан тамырларының соғуы, өкпенің экскурсиясы, бас пен дененің қимылдары, омыраудағы баланың күлуі мен жылауы т.б. әсер етеді. Ересек адамда ми-жұлын сұйығының орташа мөлшері 110-115 мл, оның 20-30 мл бүйір қарыншаларында, 5 мл үшінші қарыншада, 30 мл бас миы торлы қабыршақ асты кеңістігінде, 75-90 мл жұлынның торлы қабыршақ асты кеңістігінде. Адамның жасына қарай -жұлын сұйығының шамасы да әр түрлі болады. Балаларда оның мөлшері ересектермен салыстырғанда аз, ал қартая келе мидың семуіне байланысты көбейе береді. Сондай-ақ түрлі аурулардың

салдарынан ми-жұлын сұйығының мөлшері көбеюі мүмкін (гидроцефалия).

Ми-жұлын сұйығы — мидың қорғаныш жүйесінің құрамдас бөлігі. Осы қорғаныш жүйеге ми-жұлын сұйығымен бірге капиллярлар, ми қабықтары, өрімдер, глиялар және қан-ми тосқауылы (ҚМТ) жатады. Қан ми тосқауылы миға баратын улы заттарды сүзіп, оған жібермейді. Сол себепті қан айналымындағы заттардың көпшілігі жұлын сұйығына бармайды. Мұнымен қоса ми-жұлын сұйығы миды сыртқы әсерлерден де қорғайды, нерв элементтерін, осмотикалық қысылымды бір қалыпта реттеп отырады, нерв жүйе-сінің қоректенуіне жағдай жасайды және зат алмасуына байланыс-ты жиналған организмге қажетсіз заттарды сыртқа шығаруға жәрдемдеседі. Ми-жұлын сұйығында антителалар жиналатындық-тан, оның бактерицидтық та қасиеті бар.