- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
1. Импрессивтік сөйлеу. Дәрігер әуелі сырқаттың белгілі бір сөз мағыналарын қалай түсінетінін анықтайды. Сырқатқа аты аталған заттарды (қалам, тарақ, орындық, денесінің мүшелерін) көрсетіп ұсынады. Бұдан кейін қарапайым және күрделі сөйлемдерді түсінетінін байқайды. Сырқатқа «көзіңізді жұмыңыз», «тіліңізді көрсетіңіз» т.б. қарапайым тілектер қояды. Одан кейін күрделірек өтініш қояды. «Тарағыңызбен кілтті нұсқаңызшы» деген тәрізді. "Хасен Ахметтің соңында келе жатыр» деген сөйлем айтып, сосын "Алда келе жатқан кім?» деп сұрайды.
Мағынасы қарама-қарсы, бірақ сөздері бір "Піл шыбыннан үлкен», "Шыбын пілден үлкен» деген сөйлемдерді айтып, сырқаттың бұл сөйлемнің мағынасын қалай айырғанын анықтайды.
Сырқаттың естіп саралау қабілетін байқау үшін айтылуы ұқсас: б-п, п—б, та-да, да-та, ма-ма, па-па сияқты әріптер мен әріп тіркестерін құлағына жеткізеді.
2. Экспрессивтік сөйлеу.Қайталау. Сырқаттан а, к, у, б әріптерін, та, ма, ди буындарын, одан кейін стол, қалам, әліппе сөздерін қайталау сұралады.
Автоматты сөйлеу. Сырқаттан 1-ден 10-ға дейін санау, әліппе әріптерін ретімен айту, күндерді, апталарды, айларды атау өтініледі.
Хабарлы сөйлем. Сырқаттан «қай жеріңіз ауырады?» , «Қалай ұйықтайсыз», «Қашаннан бері сырқатсыз?» деген сауалдарға жау-ап сұралады. Немесе көпшілікке белгілі-ау деген қарапайым мәсе-лелер жөнінде мағлұмат айту өтініледі. Мысалы, «Қандай кітап оқыдыңыз, оның мазмұны қандай?» деген сияқты.
З.Сырқаттан өзіне таныс заттарды көрсетіп, олардың атын атауды өтінеді.
4. Ж а з у ы н т е к с е р у. Кітаптан немесе газеттен белгілі бір текст беріп немесе айтып тұрып жаздыру, қойылған сұраққа жазбаша жауап қайтару.
5.Оқуын тексеру. Сырқатқа ірі әріптермен жазылғаң қарапайым мәтіндерді беріп оқытады. Қағазға «тіліңізді көрсетіңіз» «сол қолыңызды жоғары көтеріңіз» деп жазбаша жарлық беріледі оның орындалуы өтініледі.
6.Түйсінді тексеру. Жанасу түйсінуін тексеру үшін сырқаттың көзін жұмғызып, әуелі оң қолына, соңынан сол қолына өзіне таныс ұсақ заттар ұстатып, сипатып, олардың атын айтуы өтініледі.
7. Мақсатты іс-қимылдарды (праксисті) тексеру. Сырқат адам дәрігер көрсеткен қимылды қайталауға тиіс. Басын шұлғиды, бір қолын жоғары көтереді, екінші қолын алға созады.
Сырқаттан белгілі заттармен қимыл-әрекеттер жасауын өтінеді (мысалы «түймеңізді салыңыз», «сіріңке тұтатыңыз»).
Сырқаттан көзіне елестетіп, белгілі іс-әрекеттердің қалай орындалатынын көрсету өтініледі: (мысалы, «қабырғаға шегені қалай қағар едіңіз», «инені қалай сабақтар едіңіз».
Сырқатқа басқа да көпке танымал қимылдар жасау жәнеде жарлық беріледі («Салют беріңіз», «Әскери адамша құрмет көрсетіңіз»).
Сырқатқа сіріңке шилерін беріп, солардан үй құрастырып, . немесе құдык жасау, геометриялық фигуралар (төртбұрыш, үшбұрыш) құрастыру сұралады.
6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
Ми қыртысы зақымдануына байланысты оның қызметінін жойылу немесе қозу симптомдары пайда болады.
Жойылу симптомдары ми қыртысы белгілі бір бөлігінің бүлінуі кезінде кездеседі, ал қозу симптомдары оның тітіркенуіне байланысты болады.
Алдыңғы орталық ирелең зақымданса дененің қарама-қарсы жағында гемиплегия немесе гемипарез, ал оның қозуы кезінде Гагарин-Джвксон ұстамалы қимыл-әрекеттері болады.
Артқы орталық ирелең зақымдануына байланысты қарама-қарсы жақта гемианестезия немесе гемигапестезия, ал тітіркенуі кезінде ұстамалы парастезия болады.
Көру анализаторының ми қыртысы ұшының желке бөлімінің ішкі бетінде зақымдануы: бүлінуі кезінде көру аясының қарама-карсы жағының жартысы көрінбейді, ал тітіркенуіне байланысты қарама-қарсы көру аясына жоқ нәрсенің елестеуі, түрлі-түсті сәулелер көрінгендей болады.
Есту анализаторының Гешле ирелеңіне жеткен ұшы бір жағынан зақымданса есту мүмкіндігі соншалықты өзгермейді, ал егер тітіркенсе жоқ дыбыстар елестейді.
Иіс анализаторының ми қыртысының самай тұсындағы ұшы зақымданса иіс дұрыс ажыратылмайды; көбіне иіс елестері пайда болады.
