- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
1. Импрессивтік сөйлеудің бұзылуы кезіңде сырқат өзіне қойылған сұрақтарға естісе де дұрыс жауап бере алмайды (сенсорлық афазия), мұнымен қоса сырқат сөйлеген сөзінің дұрыс-бұрыстығын ажырата алмайды (литеральды парафазия), бір сөзді басқа сөзбен ауыстырып алады (вербальды парафазия).
Сенсорлық афазия жоғарғы самай ирелеңінің артқы бөлігі сол жағынан — Вернике аймағы (22 алаң) зақымданғанда кездеседі.
Семантикалық афазия. Сырқат қарапайым сөздерді түсінсе де күрделі тіркестерді, сөйлемдерді ажырата алмайды. Ол мидың қарақұс, самай және желке бөлімдерінің сол жағынан (39, 40 алаңдар) зақымдануы кезінде болады.
2. Экспрессивтік сөйлеудің бұзылуына байланысты сырқат естіген сөздерін ұқса да жауабын сөзбен жеткізе алмайды (моторлық афазия). Бұ симптом төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөлігі сол жағынан (44 алаң) зақымданғанда болады.
3. Амнестикалық афазия. Сырқат өзін қоршаған заттарды ажырата тұра, олардың аттарын сөзбен атай алмайды. Егер оған қаламды көрсетсе, ол оның атын айта алмайды да «жазатын» деп жауап береді.
4. Алексия. Сырқат сауаты бола тұра берілген мәтінді оқи ал-майды. Алексия төменгі қарақұс бөлігіндегі бұрыштық ирелеңі сол жағынан (39 алаң) зақымданғанда кездеседі.
5. Аграфия. Сырқат қолдарының қимыл қабілеті сақталса да жаза алмайды. Аграфия екінші маңдай ирелеңінің артқы бөліктерінің сол жағы зақымданғанда болады.
6. Танымның бұзылуы.
Астереогнозия. Сырқат сипау немесе ұстау арқылы таныс заттарды ажырата алмайды. Оң жақ қолы ұшындағы астереогнозия мидың төменгі қарақұс бөлігінің сол жағынан, ал сол жақ қол ұшындағы — оң жағынан зақымданғаңда пайда болады.
Көру агнозиясы. Сырқат көре тұра көз алдындағы затты ажырата алмайды. Көру агнозиясы мидың желке бөліміндегі ассоциативтік алаңдардың көп мөлшерде зақымдануына байланысты, ал егер зақымдану мөлшері шағын болса сырқат заттарды көреді, бірақ олардын не үшін керектігін дұрыс айта алмайды (метаморфопсия), көрсеткен нәрсені әсерлеп үлкейтіп қабылдайды (макропсия).
Осы алаңдардың тітіркенуі кезінде күрделі көру елестері (мысалы, кино көруі) болады.
Есту агнозиясы. Сырқат ести түра дыбыстарды ажырата алмайды.Ол дыбыстардың пайда болу тегін және олардың мәнін ұқпайды, дыбыс қасиеті арқылы нәрселерді ажырата алмайды (сағаттың соғылуы, иттің үргені т.б.)- Есту агнозиясы мидын самай бөлігіндегі ассоциативтік алаңдары зақымданғанда кездеседі, ал егер тітіркенген болса (қозса), күрделі дыбыс елестері болады (сыр-қат музыка, сөз, сөйлемдер естігендей болады).
7. Мақсатты іс-әрекеттердің бұзылуы (апраксия). Ерікті қимыл-дар мөлшері олардың үйлесімділігі, сәйкестігі сақталса да, сырқат түймесін сала алмайды, сіріңке тұтата алмайды, алдындағы заттармен не істейтінін көрсете алмайды, таныс фигураларды сіріңкенің шиімен құрастыра алмайды.
Апраксия мидың сол жарты шарының төменгі қарақұс бөлігі, тыртықты дене зақымданғанда және маңдай бөлігінің көп мөлшер-де бүлінуі кезінде болады.
8. Мидын оң жақ жарты шары зақымданғанда сырқатта бейнелеп ойлау, сыртқы және ішкі дүниені кеңістіктік қарым-қатынастары арқылы түсіну, музыкалық және бейнелеу қабілеттері жойылады.
Адамның бет-пішінін, бүкіл денесін көре тұра (бұрынғы таныс) кім екенін ажырата алмайды. Естіліп тұрған дыбыстың қай жағынан шыққанын, немесе картадағы оңдүстік пен солтүстікті, тіпті өзінің дене мүшелерін де ажырата алмайды (аутотопонозия). Сыр-қат әз денесіндегі сырқат көрінісінің, мысалы, сал болып қалса да, қай жағынан екенін ажырата алмайды (анозогнозия).
