Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

X тарау

ЭЛЕКТРОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

10.1. Электроэнцефалография

Электроэнцефалография (ЭЭГ) — мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттеу (тіркеу). Жалаңаштанылған мидың биопотенциалдарын жазып тіркеуді электрокортикография деп атайды.

Электроэнцефалография ми клеткаларының басым көпшілігінің электрлік белсенділігін жазып көрсетеді. Ол көптеген жиілік компоненттерінен тұрады. Мидың биоэлектрлік белсенділігін зерттеу үшін жарықпен тітіркендіру (үздіксіз, әлсін-әлсін, ырғақты), гипервентиляция (3-5 минут бойы бар күшін салып терең дем ал-дыру), дәрі-дәрмектермен ықпал жасау, дыбыспен тітіркендіру т.б. функцияналдық сынақтар қолданылады.

ЭЭГ ми құрылымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметі бұзылуының қаншалықты асқынғандығын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға көмектеседі. Эпилепсия және басқа да эпилепсиялық талмалар, мидағы ісіктер, қан-айналым бұзылуы, түрлі жарақаттар мен қабыну процесі кезінде ЭЭГ әдісі арқылы алынған деректер ми ауруларын анықтау барысында ерекше орын алады.

Е.А.Жирмунская ЭЭГ арқылы алынған деректерді бес типке бөледі.

I. Қалыпты жағдайдағы ЭЭГ — мидың қарақұс желке бөлігінде жиілігі секундына 8-12 тербелістеріндегі, амплитудасы (ауытқу шегі) 50-70 мкв а-ритм, орта жиіліктегі және амплитудасы 30 мкв дейінгі толқындар, аймақтық айырмашылықтары сақталған

II. Гиперсинхронды ЭЭГ — мидың әр түрлі деңгейдсгі био-электрлік белсенділігі (көбіне а-ритмнің) сәйкестігінің (синхрон-дануының) күшеюі Кейде сау адамдардың миында байқалмайтын амплитудасы 70-80 мкв-тан асатын «машина тектес» альфа-ритм жазылады (тіркеледі).

ЭЭГ-да жиілігі секундына 8-12тербелістердегі, амплитудасы 50-60 мкв

негізгі альфа-ритм, орташа жиіліктегі бета-белсенділігі тіркелген, аймақтық

айырмашылықтар сақталған.

III. Десинхронды ЭЭГ — биоэлектрлік белсенділікгің баяу формаларының (альфа-ритмді қосып есептегенде) жойылуы, мидың бүкіл аймақтарында (бета-белсенділіктің күшеюі мен үстемділігінің артуы және амплитуда деңгейінің төмендеуі мен аймақтық айырмашылықтың жойылуы

IV. Үйлесімсіз ЭЭГ — биоэлектрлік потенциалдарының тербелісі ретсіз, негізгі альфа-ритм жойылған, жекелеген а-толқындар немесе олардың кейбір топтары оқтын-оқтын тіркеледі, барлық диапа-зондағы толқындар саны біріне-бірі жуық, олардың амплитудасы 20-40 мкв.

V. Әрескел таралған өзгерістері бар ЭЭГ — мидың барлық аймақтарында жоғары амплитудадағы тета- және дельта-диапазондағы ұстамалы толқындар тобы пайда болады.

Осы аталған ЭЭГ типі ми жарты шарындағы өрескел таралған патологиялық өзгерістер кезінде де кездеседі ЭЭГ-да альфа-ритм жоқ аумақтық айырмашылықтар жойылған, мидың барлық аймақтарында бета-белсенділігі

үстем, биоэлектрлік белсенділіктіңжалпы деңгейі күрт (кенеттен) төменде-

ген (жайпақ ЭЭГ)

ЭЭГ-да альфа-белсенділігі тұрақсыз, бета-белсенділік күшейген, мидың

барлық аймақтарында тета-және дельта диапазондарындағы баяу толқындар

үстемдік алады. Ми қыртысы немесе ми жарты шарының ақ затындағы пато-логиялық процестерге байланысты әр түрлі деңгейде өрескел таралған биоэлектрлік өзгерістер арасында мидың белгілі бір құрылымының бұзылуына тән патологиялық белсенділіктер анық-талады. Ми бағаны зақымданса, таралған биоэлектрлік өзгерістер екі жақтан да тіркеледі, жекелеген бұзылымдар байқалмайды, ұста-малы толқындар тобы көрініс береді. Мұндай өзгерістер ми қызметінің ортаңғы ми бағаны деңгейіндегі бұзылуын айқындайды.

Эпилептикалық талмалар кезінде ЭЭГ-да құз тәрізді және үшкір толқындар көрініс береді. Олардың шоғырланған тұсы эпилепти-калық разрядтың фокусын көрсетеді. Құз тәрізді және үшкір толқындар тета және дельта- диапазонындағы баяу тербелістермен қосарлануы (қабаттасуы) «үшкір баяу толқын», «құз тәрізді баяу толқын» жиынтығын (комплексін) құрастырады. Олар бір жерге шоғырлануы немесе жаппай таралуы мүмкін Электроэнцефалография әдісі көмегімен алынған деректер патологиялық процестің мидың белгілі бір тұстағы сипатын анық-тауға жеткілікті бола бермейді. Бас сүйегінің артқы шұңқыры мен мидың астыңғы жағындағы патологиялық процестерге байланысты ЭЭГ-дағы өзгерістер біріне-бірі ұқсас болып кездеседі. Көпір-мишық бұрышындағы патологиялық процестер мидың электрлік белсенділігінің көрсеткіштерін өзгертпейді. Ми жарты шары зақымдануына байланысты ЭЭГ-ның өзгерістері айқын көрініс береді, көбіне бір жерге шоғырланған бұзылымдар байқалады-Мұндай өзгерістер әсіресе эпилептикалық талмалар кезінде ерекше айқындала түседі.