- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
Көз торы қан тамырларын ангиография көмегімен зерттеу кезінде ұйқы артерияларының өткізгіштігі мен көз торы қан айналымы жағдайын анықтаумен қатар ми қан тамырлары қызметі жөнінде де жанама деректер алуға болады. Ол қан тамырларындағы негізгі патологиялық процестердің сипатын анықтауға жәрдемін тигізеді.
Бұл тәсіл кейбір заттардың айналымдағы қанның люминесценциясын шағылдандыратындығына негізделген. Мұндай зат ретінде флюоресцеин қолданылады. Ол молекулалық формуласы СНО оксантен тобына жататын қос негізді қышқыл. Шынтақ көк тамырына жіберілетін заттың қан айналымы кіші шеңберінен өтіп, жүректің сол жақ қарыншасына, соңынан қолқаға баратыны белгілі. Оң жақтан атсыз артериядан, ал сол жағынан тікелей қолқадан өтетін флюоресцеин жалпы ұйқы артериясы арқылы әуелі ішкі ұйқы артериясына, соңынан көз артериясына және оның тармағы орталық көз торы артериясына келіп жетеді. Толған қан көз торы артериясынан бірнеше кезеңдер арқылы өтеді. Көру нерві үрпісінде пайда болған контраст көз торы бұтақтарын тез толтырады (артсриялық фаза). Веналар орта есеппен әрбір 2,5-3,0 секундта қанға толады. Бұл- бастапқы веналық фаза. Ламинарлығы жоғалған сайын веналар қанға толады да бір мезгілде олардың барлығын флюоресцениялайды. Белгілі бір уақыттан кейін артериялардың жарқырауы бәсеңдейді, контрастылығын сақтайды (соңғы венелық фазасы).
Көз торын флюоресценциялық ангиография тәсілімен зерттемес бұрын сырқаттың флюресцеинге төзімділігін (сезімділігін) біліп алу қажет. Арнайы фотоқондырғыштар көмегімен көз түбі бірнеше рет суретке түсіріледі. Одан кейін уақыттық көрсеткіштер (артериялық фаза, бастапқы және соңғы веналық кезеңдер (фазалар) ұзақтығы мен офтальмоскопия көмегімен алынған деректер сараланады
ХІІ ТАРАУ
НЕЙРОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕР (ЗЕРТТЕУЛЕР)
Әдеттегі клиникалық зерттеулер барысында анықтала бермейтін көмескі неврологиялық өзгерістерге тиісті баға беру мақсатында соңғы жылдары психика қызметін зерттеу тәсілдері қолданыла (пайдаланыла) бастады.
Жоғарғы психикалық қызметті зерттеу үшін сырқатты ашық әңгімеге шақырып, жұғымды байыпты тұрде сұқбаттасқан жөн. Осындай ақжарқын әңгіме барысында сырқат ой-әрісінің дамуы, қалыпты жағдайдағы мінез-құлқы, ақылы мен зердесінің деңгейі дәрігерге жан-жақты байқалады. Сондай-ақ айқын немесе аса біліне қоймайтын солақайлығы және сөйлеу қабілетін аңғаруға болады. Сұқбат кезінде сырқаттың бет құбылысы өзгеруіне, отырыс-тұрысына, көңіл күйі қалпына және бойындағы ауруы туралы пікіріне назар аударған жөн. Сырқаттың есте сақтау қабілетін, жекелеген уақиғаларды ұмытпауы және оқығандарын есте сақтау мүмкіндіктерін анықтау керек.
Нейропсихологиялық зерттеулер әр түрлі кезеңдерден тұрады.
12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
Саусақтар кейпі праксиясы. Сырқатқа сұқ саусағы мен аты жоқ саусағын жазып көрсету, саусақпен шығыршық жасау, сұқ саусақты ортаңғы саусақтың, ортаңғы саусақты сұқ саусақтың үстіне қою сияқты қимылдар ұсынылады. Мұны дәрігер сырқатқа өзі жасап көрсетеді. Бұдан кейін сырқаттың көзін жұмғызып, жаңағы қимылдарды ауызша нұсқау бойынша жасауы өтініледі.
Егер ми қатпарының алдыңғы бөліктері қызметі бұзылса ол тиісті қимылды бір рет жасағаннан кейін екінші қимылды бастап кете алмайды (персеврация). Сондай-ақ ми қызметі жаппай бұзылуы да мүмкін. Ондай жағдайда сырқат сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың орнына аты жоқ саусағы мен шынтағын көрсетіп қояды (эхо праксия).
Реципроктың (өзара қарама-қарсы бағытталу) үйлесім. Қол ұшының бастапқы кейіпі: бір қол алақанынан жұмылған, екінші алақаны жазылған. Сырқат бір мезгілде жұмылған алақанын жазып, жазылған алақанын жұмуға тиісті. Сырқат бұл тапсырманы тез және оңтайлы орындай алмайды, әрбір қимыл бірінен-бірі ажыратылып білінеді.
Динамикалык ораксис. «Жұдырық-алақан-қабырға» сынағы алақанды бірінен кейін бірі ауысып тұратын қимылдар жағдайына бейімдеуге арналған.
Сырқат әуелі алақанын жұмуы, одан кейін жазылған қырымен көрсетіп, столға қоюы керек. Бұл сынақ бірнеше рет қайталанылады. Мұны сау адамдардың қайталауы да оңай болмайтыңдықтан қимылдарды тексеруші дәрігер өзі көрсетіп отырады. Сау адам бұл қимылдарды оңтайлы және жеңіл атқарады. Миының алдыңғы бөлігінің қызметі бұзылған сырқат аталған қимылдарды қажетінше қайталай алмайды немесе тоқтат дегенге қарамастан өз бетімен қайталай береді.
Асимметриялық тықылдату. Сырқатқа екі қолының ұшын алдына жайғызып қойып, столды оң қолы қырымен екі рет, сол қолы қырымен бір рет тықылдатқызады. Сырқат адам бұл тапсырманы оңай орындай алмауы немесе бір қимылды қайталай беруі мүмкін.
Графикалық сынақ. Қимыл актысына әр түрлі әрекеттердің қатысты бұзылуын тексеру үшін сырқатқа қайталанып отыратын екі түрлі түйіннен құрастырылатын өрнек салу тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау кезінде сырқат қаламды немесе қарындашты қағаздан әкетпеуге тиіс.
Мидың алдыңғы қимылдатқыш жүйесі зақымданғанда жоғарыда аталған оюдың (өрнектің) әрбір бөлігін қағазға жеке сала бастайды немесе бір иректі қайта-қайта соза береді. Өрнектің әрбір қимыл актысының динамикалық құрылымын тексеруге арналған графикалык сынама элементін дұрыс үйлестіріп, бір қалыптағы қимыл жасай алмайды. Мұндай жағдайда өрнек құрамдарының ажыратылуы мен орналасу бейнесінің өзгеруінен гөрі қимылдық әрекеттердің бұзылуы айқынырақ білінеді.
Ми қыртысының қимылдатқыш бөліктері зақымданғанда бұлшық еттердің әр түрлі тобына керекгі импульстер жете бермегені былай тұрсын, сол импульстер қалыпты «кинетикалық әуен» құруға қажетті уақыт мерзімінде біріктірілмейді.
Графикалық сынақты орындау кезінде еріксіз өрескел қимылдар пайда болуы мидың терең орналасқан құрылымдары зақымдануымен байланысты.
Хэд сынағы. Дәрігер кеңістікте өз қолдарымен әр түрлі қимылдар жасап, оларды сырқаттың қайталауы өтініледі. Ол үшін әуелі бір қолмен (оң қолымен, соңынан сол қолымен) бір бағыттағы қимылдар жасалады да сол қимылдарды екінші қолмен қайталау шарт. Осылайша қимыл жасау жөніндегі тапсырмалар күрделене береді. Айталық, оң қолмен тұмсықты, сол қолмен оң құлақты ұстау т.б. Аталған тапсырмалар орындалу кезінде сырқаттың қолымен тиісті қимылдарды келістіре алмауы қимыл-әрекеттерінің көру-кеңістік негізі бұзылғандығын дәлелдейді. Олар мидың төбе-қарақұс бөлімдері зақымдануы кезінде кездесуі мүмкін.
Конструктивтік праксис сынағы. Дәрігер столдың үстіне таяқшалардан (сіріңке шилерінен) түрлі геометриялық фигуралар жасап, сырқатқа сол фигураларды бұзып, қайтадан салуын, соңынан оларды төңкеріп құрастыруын өтінеді. Сырқат фигураның әрбір элементінің орны мен арақатынасын есіне сақтай алмай қателесуі мүмкін.
Сурет салғызу сынағы. Сырқат өз бетінше қол, үй, текше бейнелерін қағазға түсіруге тиіс. Ол сурет элементтерін кеңістікке орналастыра алмауы мүмкін.
