Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер

1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу

Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымы мен атқаратын қызметін білмейінше нерв ауруларының диагнозын анықтау мүмкін емес. Демек, неврология мамандығын игеруге талаптанушылар ең алдымен нерв жүйесінін, атқаратын қызметін және осы қызметтің орындалуына ықпалын тигізетін анатомиялық құрылымдар туралы деректерді дұрыс ұғына отырып, оны диагностика процесінде толығынан пайдалануы қажет.

Анатомияның сипаттамалық принципі негізінде нерв жүйесі сыртқы және орталық нерв жүйелері болып екіге бөлінеді.

Сыртқы нерв жүйесіне жұлын түйіндері мен түбіршіктері, өрімдер, жұлын, бас-ми және вегетативтік нервтер, соматикалық және вегетативтік нервтер түйіндері жатады.

Жұлын нервтері қимылдатқыш талшықтардан тұратын алдыңғы түбіршіктер (3) мен құрамында тек қана сезім қабылдағыш талшықтары бар артқы түбіршіктердің (1) бірігуі арқылы қалыптасады. Әрбір жұлын нерві алдыңғы (7) және артқы (6) тармақтары арқылы екіге бөлінеді. Алдыңғы тармақтар (r.r.ventralis) дене мүшелерінің алдыңғы жағына, иық аймағына, қол мен аяққа тарайды. Артқы тармақтар (r.r. ventralis) омыртқа бағанасы бұлшық еттерін, арқа мен мойын тұсын нервтендіреді.

Жұлын нервісінің вегетативтік талшықтары С УІІІ-ЫІ сегмент-теріндегі жұлынның бүйір мүйіздеріне (8) орналасқан симпатикалық орталықтағы мультиполярлы клеткалардың тармақтарын біріктіреді. Соңынан одан ақ түсті біріктірілген бұтақтар немесе постганглионарлы талшықтар (9) арқылы симпатикалық бағана түйіндерімен (II) жалғасады.

І-ІУ мойын жұлын нервтерінің алдыңғы бұтақтары арқылы мойын өрімі пайда болады. Аталған өрімнен көптеген сездіргіш және қимылдатушы бұтақтар шығады. Мойын өрімінің ең ұзын тармағы – көк етті нервтендіретін диафрагма нерві (1). У-ҮПІ мойын және I кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары қолдың бұлшық еттері мен терісін, кеуде мен арқа бұлшық еттерін нервтендіретін иық өрімін (2) калыптастырады. Иық өріміндегі ең үлкен нервтер — қолтық нерві (4), бұлшық-тері нерві (5), ортанғы нерв (7), кәрі жілік нерві (6) және шынтақ нерві (8). Аталған нервтердің бәрі де қоспа нервтер.

Қабырғалар арасы бұлшық еттері мен терісін, плевра мен диафрагманы нервтендіретін он екі кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары — қабырғааралық нервтер (3) өрімдер құрастырмайды.

І-ІУ бел және XII кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары арқылы бел өрімі - (9) пайда болады. Ол үлкен бел бұлшық етінің бойлай орналасқан құрсақ (іш) және жартылай аяқ бұлшық еттерін нервтендіреді. Бел өрімнің ең ірі тармағы - жая сан нерві тізені создыратын санның алдыңғы бұлшық еттер тобын нервтендіреді.

Жартылай IV бел, V бел және сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші (төменгі) жамбас қуысында сегізкөз өрімін - (10) құрастырады. Оның тармақтары бөксе мен кіші жамбас қуысы, санды ішкі жаққа қозғайтын, сирақ пен аяқ ұшын қимылдататын бұлшық еттерді нервтендіреді. Сегізкөз өрімінің ең ұзын нерві, санның артындағы шонданай нерві - (12). Тақым шұңқыры тұсында аталған нерв екіге бөлінеді: оның біріншісі сирақтың бүйірі мен алдыңғы жағын нервтендіретін кіші жіліншік нерві -(13), екіншісі - сирақтың артқы жағы мен аяқ ұшын нервтендіретін үлкен жіліншік нерві - (14).

Сегізкөз (жая) бен құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтары кіші жамбас қуысына орналасқан жыныстық және құйымшақ өрімдерін (II) қалыптастырады. Олар кіші жамбас қуысындағы ағзалар мен бұтарасы терісін нерв-тендіреді.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми кіреді.

Жұлын өзінен жоғары орналасқан бас миын сыртқы сезім мен қимыл аппараттар арақатынасын ұштастыратын орталық нерв жүйесінің бөлімі Ол организмде іс-әрекет (рефлекстік) және қабылданған сыртқы дүние әсерлеріне жетекшілік (өткізгіш) міндетін атқарады.

Жұлынның рефлекстік қызметі сезгіш нервтер қабылдайтын импульстерді қимыл әрекетіне айналдырады. Ол сұр заттардан тұратын сегмент орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Жұлынның артқы мүйізіне (6) омыртқааралық түйіндер клеткаларының орталық бұтақтары - артқы түбіршіктері (5) кіреді, ал алдыңғы: мүйізі (7) қимылдатқыш түбіршіктер арқылы жалғасады. Мәселен, теріде сыртқы әсерлерге өздігінен жауап бере алатын соңғы нерв жалғастары бар.

Байқаусызда саусағыңызға үшкір немесе ыстық бір нәрсе тиіп кетсе ауырсыну сезімі жұлын түйіндеріндегі (II) сезгіш клеткалардың бұтақтары жұлынның алдыңғы мүйізіндегі (10) қимылдатқыш клеткалармен байланысатын нерв жолдары (14) арқылы синапсистік түйісу жасайды да жұлынға (1) ауысады.

Түбіршектері мен нервтер санына сәйкес жұлында 31-32 сегмент бар. Олар: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 (кейде 2) құйымшақ сегменттері.

Жұлынның орташа кесе-көлденең ені 1 см, ол екі жерінде шорланады. Біріншісі - Ү-УІІІ мойын және І-ІІ кеуде сегменттерінен тұратын мойын буылтығы, ал екіншісі - 5 бел және жоғарғы сегізкөз сегменттері арқылы пайда болатын бел буылтығы.

Ересек адамның жұлыны омыртқа бағанасынан әлдеқайда қысқа. Жұлын сегменттері мен омыртқалар проекциясы біріне-бірі сәйкеспейді (4). Жұлын түбіршікгері омыртқа өзегіндегі тиісті омыртқааралық тесікке жету үшін кеуде, әсіресе бел және сегізкөз сегменттері тұсында ат қүйрығы (саисіа еяиіпа) тәрізді тігінен төмен түседі. Осыған орай, жұлын сегменттері мойын бөлігінде бір, жоғарғы кеуде тұсында екі, төменгі кеуде белігінде үш омыртқа жоғары жалғасады. Ат құйрығы II бел омыртқа арқылы төмен қарай түседі.

Жұлынның, өткізгіштік қызметі оның сұр затының сыртына орналасқан ақ зат бөлігі арқылы орындалады Ақ зат талшықтарының тікелей катысуымен сырттан қабылданған сезгіш импульстер миға қарай өтіп (1-4, 8), онда пайда болатын- қозғалтқыш (қимылдатқыш) импульстерді бұлшық еттерге жеткізеді (5, 6, 9-12). Бас миына қарай бағытталған импульстерді өткізетін талшықтарды орталыққа таратқыш немесе афферентті (жұлынның жоғары бағытталған өткізгіштері немесе орталық сезгіш неврон) талшықтар деп атайды. Бас миынан жұлын арқылы бұлшық еттерге импульстер өткізетін талшықтар орталықтан таралатын немесе эфферентті (жұлынның төмен бағытталған өткізгіштері немесе орталық, қимылдатқыш) талшықтар болып саналады.

Жұлынның жоғары қарай созыла келіп жалғасатын тұсы - ми бағанасы. Оның құрамына сопақша ми (1, 24), варолий көпірі (25) және ми сирақшалары мен төрт төмпешікті дене (26) кіреді. Осы тұста жұлын нервтері бас сүйек ми нервтеріне (11-22), ал жұлынның сұр заты бас сүйек-ми нервтерінің сезгіш және қимылдатқыш ядроларына ауысады (ұласады). Мұнда жұлындағыдай барлық өткізгіштер шоғырланған. Олар мидың жоғарғы бөліктерін сыртқы дүниемен байланыстырады. Сонымен ми бағанасы жұлынмен қосыла отырып, сегменттік интеграция деңгейінде рецепторлар арқылы келетін құбылыстарды (сигналдарды) қабылдап және оларды қайта жүйелеп жинақтау (өндеу) арқылы эфференттік импульстер туғызады (жасайды).

Қимыл-әрекеттерінің күрделіленуі мен мейлінше жетілдірілуіне байланысты адамда дене тепе-теңдігі мен бұлшық еттер күш-қуатын рефлекстік үйлестіруші орган - мишық (10, 23) аса жоғары дәрежеде дамыған.Ми бағанасы сұр зат жиналған ми қарыншалары қабырғасында аяқталады да негізгі (тіректік) түйіндер немесе ми қыртысы асты құрылымдар деп аталады Бұлардың құрамына құйрықты ядро ( 4, 5), жасымық тәрізді ядро (6,7), дуал (2),бадам тәрізді және көру төмпешігі (8) кіреді. Ми қыртысы асты құрылымдарына сегменттер деңгейінде өңделіп реттелген мағлұматтар жетеді. Біріне-бірі тәуелсіз бірнеше афферентті арналар мен ми қыртысы 6- сурет. Ми құрылымы, 1- сопақша ми; 2- самай бөлімі; 3- бүйірлік сала; 4- ми жартышары; 5- маңдай бөлімі; 6- орталық жыра (сала); 7- төбе бөлімі; 8-9- 10- мишық; 11- иіс даңғылы (жолы); 12- көру нерві; 13- көз қозғағыш (қимылдатқыш) нерв; 14- шығыр нерв; 15- үшкіл нерв; 6- әкеткіш нерв; 17 — бет нерві; 18- есту нерві; 19- тіл жұткыншақ нерві; 20-21- тіласты нерві; 22- қосымша нерв; 23- мишық; 24- сопақша ми; 25- көпір, 26- ми сирақшалары

(аяқшалары); 27- көру даңғылы (жолы); 28- көру нервтерінің қиылысуы; 29- үлкен мидың оң жақ жарты шары; 30- ұзына бойлаған саңылау; 31- мидың сол жақ жарты шары асты эфференттік жүйе болуы арқасында бұл деңгейде аса маңызды информациялар іріктеліп, үлкен ми жарты шары қабыршағында (қыртысында) қабылдануға даярланады. Тік бағыттағы орталык өзектің саңылау тесікке ұқсас үшінші қарынша тұсында орталық нерв жүйесі симметриялы екі бөлімге бөлініп, мидың жарты шарлары пайда болады. Үлкен ми шарлары сүйел денені құрастыратын комиссура талшықтарымен бірігіп, ұзына бойлаған саңылау арқылы бөлінеді.. Сүйел дене талшықтары жан-жаққа таралып, шашыранды сәулелер (1) пайда болады. Олар мидың самай ұштары мен оған жақын орналасқан самай бөліктерінің салаларынан басқа, ми жарты шарларының барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Мидың самай ұшы мен оған көршілес самай бөліктерінің салаларын алдыңғы дәнексрлік байланыс жалғастырады. Сүйел дененің жоғарғы сырт жағы сұр затпен жамылған. Ми жарты шарларының тереңірек орналасқан бөлшектері ақ дақ қоспасымен, яғни ми қыртысы аймақтарын бір-бірімен және нерв жүйесінің төменірек орналасқан бәлшектерімен байланыстыратын талшықтар тобымен құрастырылган. Тікелей сегмент аппаратымен байланысқан ми қыртыс аймағы проекциялық, ал байланыспаған аймағы ассоциативтік деп аталады. Проекциялық талшықтар арқылы жоғарыдан төмен, сондай-ақ төменнен жоғары қарай, ми жарты шары қыртысы өзінің астыңғы жағындағы бөлімдерімен және жұлынға дейінгі барлық орталық нерв жүйесі кұрылымдарымен байланысады. Проекциялык талшықтардың жиынтығы ми қыртысына таяу сәулелі шеңбер ал одан төменірек олардың негізгі бөлімі ішкі капсулаға жиналады.

Ассоциативтік талшықтар ми қыртысы бөліндерін бірімен-бірін байланыстырады. Ми қыртысына бағытталған импульстар алдымен ми қыртысы дроекциялық зоналарына келеді. Мұнда төменгі интеграция деңгейінде бүкіл рецепторлық зоналардан қабылданып сұрыпталған информация кескіні айқындалады. Осы информацияны саралау және топтастыру ми қыртысы гностикалық орталықтарында жүзеге асырылады. Сонымен қабылданған сигналдар салыстырыла отырып танылады. Барлық гностикалық орталықтардын өзара үйлесімді қызметі негізінде қоршаған орта туралы объективті мағлұмат туады (жасалады). Саралау нәтижесінде қозғалыс жүйелерінің дәл сол сәтке лайық жағдайында іс-әрекет жоспары ойластырылып шешім қалыптасады (қабылданады).

Праксис (мақсатқа сәйкес қимылдар) орталықтары қалыптасқан автоматизмді қоршаған ортаның жағдайына қарай іріктеп, әрі ретімен іске қоса отырып, қимыл-әрекет жоспарын жүзеге асырады. Праксис орталықтары қимыл (қозғалыс) әрекеттерін басқарудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Сол себепті төменгі интегративтік деңгейдегі бүкіл (барлық) эфференттік жүйелердің жұмыс ырғағы мен белсенділігі төмен қарай бағытталған (эфференттік) ми қыртысы ықпалына байланысты.

Нерв жүйесінің тұтастай қалыпты қызмет кезінде эфференттік сигналдар ми қыртысы проекциялық қозғалыс аймағын, қыртыс-тасты құрылымдарды, мишықты, сегменттік қимыл аппаратын бойлап, әрқайсысында жүйелі түрде сұрыпталып, төменгі атқарушы органдарға беріледі. Егерде ми қыртысы өзінен төменгі интегративтік деңгейге әсер ететін ықпалынан айрылса, соңғысы дербес қызмет тәртібіне көшеді де өзінің афференттік сигналдарын эфференттік жүйелерге таратады. Міне, жоғарғы нерв орталықтары зақымданған кезде олардан төменгі жүйелер ми қыртысы арқылы тиісті тежелуден айырылады да, автоматты режимге ауысады. Осыған байланысты еріксіз қимыл-әрекеттер пайда болады.

Әрине, жоғарыда айтылған деректердсн нерв жүйесінің билігі тек ми қыртысына байланысты деген ұғым тумауға тиіс. Өйткені орталық нерв жүйесінің, оның ішінде ми қыртысының қызмет белсенділігі афференттік импульстер арқылы үнемі реттеліп турады. Бұл құбылыс мидағы өзіндік ерекшелігі жоқ құрылымдарға (гипоталамус, торлы формация жоне мидың лимбиялық құрылымдары), оның ішінде әсіресе торлы формацияның қызметіне байланысты.

Торлы формация өзінің қосалқы жолдары (жанамалары) арқылы барлық арнайы бағыттағы афференттік өткізгіштермен байланысады. Қазіргі заманғы деректерге сүйенетін болсақ, торлы формация ерекше энергетикалық коллектор болып есептеледі.

Ми қызметін үйлестіруде торлы формацияда жоғары немесе төмен бағытталатын тежегіш (жеңілдеткіш) ықпалдар шығады (алынады), шектеледі. Осының нәтижесінде адамның назары бір мақсатқа арналады да тиісті іс-әрекеттер нысаналы түрде іске қосылады.