- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
10.3. Эхоэнцефалография
Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ) — миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу нәтижесінде бас сүйек қуысындағы құрылымдардың патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық тәсіл (әдіс). Эхоэнцефалогра-фия тәсілі мидың ортаңғы құрылымдары (мөлдір қалқа, III - қарын-ша, эпифиз) жағдайын олардан шағылысатын ультрадыбыс сигналы (М-эхо) көмегімен тексеру барысында бас сүйек қуысындағы (ішіндегі) патологиялық процестерді анықтауға негізделген. Сонымен қатар бас сүйек ішіндегі патологиялық процестері мен ми қарыншаларынан шағылысатын эхо-сигналдар тіркеліп (жазылып), бағаланады да патологиялық өзгерісгер туралы деректерді толықтырады.
Эхоэнцефалография невропатологая және нейрохирургия тәжі-рибесінде кең қолданылады. Өйткені оны невропатологтар мен нейрохирургтар қарапайым диагностикалық тәсіл ретінде басқа мамандардың көмегінсіз диагностикалық процеске қажетті дерек-тер алу үшін және тиісті емдік тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында пайдалана алады.
ЭхоЭГ әдісі мидағы көлемдік процестерді (ісік, іріңдік, бас сүйек ішіне қан құйылу т.т.) мен басқа да патологиялық жағдайларды (арахноидит, менингоэнцефалит, тромбоздар, эмболдар, күптену, домбығу т.т.) анықтау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл әдіс дерттің басталуы мен өрбуі жөнінде мағлұматтар алуға, операция жасау арқылы емдеу нәтижесін бақылау үшін де пайдалы.
Бас сүйегі ішіндегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін негізінен «Эхо—11» және «Эхо—12» эхоэнцефалографтар пайдала-нылады. Олар генератормен, ультрадыбыс сүңгісімен (датчик), қабылдағышпен, индикаторлық блокпен және жазу (тіркеу) құрылғысымен жабдықталған. Генератордан шыққан электр қуаты ультрадыбыс сүңгісіне (пьезоэлектрлік түрлендіргішке) жеткізіледі. Ультрадыбыс сүңгісінің негізгі бөлігі барид титанатынан жасалған пластина. Осы пьезоэлектрлік пластина электр энергиясын ультра-дыбыс энергиясына және керісінше түрлендіреді. Тура және керісінше пьезоэлектрлік әсердің нәтижесінде ультрадыбыс сүңгілері бір мезгілде әрі қуат көзі, әрі ультрадыбыс қабылдағышы қызметін атқарады.
Ультрадыбыс сүңгісі (ультрадыбыс көзі) бастың самай жағына (шекеге) су, вазелин, глицерин т.б. аралық қабат арқылы жапсырылады. Бұл қабат ультрадыбыс энергиясын миға өткізеді. Ультра-дыбыстың бір бөлігі мидың ішкі құрылымдарынан қайта шағылуына, ал енді бір бөлігінің мидан өтіп кететіндігіне байланысты зерттеудің екі түрлі әдісі қолданылуы мүмкін. Оның біреуі локация (эхо тәсілі), екіншісі — трансмиссия тәсілі.
Локация тәсілінде мидың ішкі құрылымдарынан шағылған сигналдарды ультрадыбыс сүңгісі қабылдайды. Ал трансмиссия тәсілінде мидан өткен ультрадыбыс энергиясы сырқаттың екінші шекесіндегі ультрадыбыс сүңгісінде қабылданылады.
Осылайша қабылданған ультрадыбыс тербелістері электр сигналдарына түрленеді де эхоэнцефалографияның қабылдағышында күшейтіліп, электронды сәуле түтігі бар индикатор блогына жетеді.
Осы жерде бұл тербелістер тік импульстер-эхо--сигналдар түрінде эхоэнцефалограмма құрастыратын осциллограф экранына түседі.
Эхоэнцефалограммадағы алғашқы импульс бастапқы комплекс (бастапқы эхо) бастың терісі мен сүйегінен ультрадыбыс сүңгісіне шағылған сигналдармен қосылып, қоздырғыш генераторлық импульстер болып табылады. Эхоэнцефалограмманың ортасында ми-дың ішкі құрылымдарынан (мөлдір қалқа, III қарынша, эпифиз) шағылған сигнал көрінеді. Бұл сигналды орталық комплекс немесе М-эхо деп атайды. Сигнал мидың орталық құрылымдарының қай-сысынан шағылғандығына қарай бірнеше бөлікке бәлінеді. Мыса-лы, мөлдір қалқадан шағылған эхо сигналдар — М-эхоның алдыңғы бөлігі, III қарыншадан шағылған — М-эхоның ортаңғы бөлігі және эпифизден шағылған сигналдар М-эхоның артқы бөлігі болып есептеледі.
Эхоэнцефалограммадағы ақырғы импульс немесе соңғы комплекс (соңғы эхо) бастың қарама-қарсы жағындағы сүйек пен тері қабаттарынан шағылған ультрадыбыстар болып табылады.
Бастапқы комплекс пен М-эхо арасында мидың ішкі құрылым-дарынан шағылған (сыртқы эхо-сигналдар) сигналдар орналасады.
Қалыпты жағдайда эхо-сигналдар мидың бүйір қарыншаларының әр түрлі бөлімдерінен келіп (вентрикуляр-эхо), эхоэнце-фалограммада саны бірдей, М-эхо сигналдарымен симметриялы, эхо-сигналдарына қарағанда амплитудасы едәуір аз сиганлдар тү-рінде жазылады. Ал, ми аурулары кезінде вентрикуляр-эхомен бірге бас сүйегі ішіндегі патологиялық өзгерістердің салдарынан пайда болған сыртқы (латерал) эхо-сигналдар көрініс беруі мүмкін.
Зерттеу тәсілдері
ЭхоЭГ-лық зерттеуді сырқатты отырғызып қойып жүргізуге болады, алайда ең қолайлысы шалқасынан жатқызып жазу. Сырқаттың екі жақ шекесіндегі шашы мен бас терісін кез келген жанастырушы (контактлы) затпен (әдетте вазелинмен) майлап, шекенің екі жағына кезекпен ультрадыбыс сүңгісін орналастырады. Ересектерді зерттеу кезінде 0,88 мгц, балаларға 1,76 және 2,65 мгц жиіліктегі пьезодатчиктер қолданылады. Зерттеуді маңдай, самай және желке тұстан ретімен жүргізеді де, тиісті М-эхо бөлігінің орналасу жағдайын анықтайды (бірінші диагностикалық белгі).
Мөлдір қалқадан шағылған сигналды (М-эхо-ның алдыңғы бөлігі) қабылдау үшін ультрадыбыс сүңгісін қабақтың сыртқы жиегінен сәл жоғары жапсырады. Сүңгіні тәж тәрізді жіктің алдыңғы жағына орналастырған жөн. Қалыпты жағдайда мөлдір қалқадан шағылған сигнал бастың үлкен-кішілігіне қарай алғашқы комплекстен (жиынтықтан) 6,0-7,5 см қашықтықта орналасады да шындардың төбесі түзу бағытта, табаны тар болып келеді.
Мидың III қарыншасының бүйір қабырғаларынан шағылған сигнал (М-эхо ортаңғы бөлігі) құлақтың самайдың алдына таяу тұсында орналасқан (жапсырылған) ультрадыбыс сүңгісі арқылы қабылданады. Калыпты жағдайға III қарыншадан шағылған сигнал бастапқы комплекстен 7,0-8,0 см қашықтықта орналасады. М-эхоның ортаңғы бөлігі жайпақ төбе тәрізді, көбіне тарамдалған тіс түрінде болып көрінеді.
Эпифизден шағылған М-эхо сигналдарының артқы бөлігін самайдан да, қарақұстан да алуға болады. Дегенмен самайдан шағыл-ған сигналдар негізгі болып есептеледі. Эпифизден шағылған сиг-налдар ультрадыбыс сүңгісін сыртқы есту жолы мен төбе арасының ортасында орналастырғанда немесе оның артқы жағынан 0,5-1,5 см қашықтықта орналастырғанда пайда болады. М-эхоның артқы бөлімі тарамдалмаған тегіс жіңішке шың тәрізді болып көрінеді. Есте болатын бір нәрсе, сигналдарды самайдан қабылдағанда бір мезгілде III қарынша мен эпифизден келген аралас М-эхо (ортадан артына қарай бағытталган бөлімі) да болуы мүмкін.
Самайдан алынған М -эхо сигналдарының артқы бөлігін қайта тексеру үшін ультрадыбыс сүңгісі қарақұсқа жалғастырылады. Эпифизден қарақұс тұсында сигнал алу үшін ультрадыбыс сүңгісін жоғарғы бұдыр сызық бойымен самайға қарай (самай аймағы), сырғытады да құлақ түбі мен қарақұс аралығының ортасына жеткізеді. Қарақұс тұсынан зерттеу бастың екі жағынан эпифизден алынған сигналға дейінгі аралықты жобамен мөлшерлеу арқылы жүргізіледі. М-эхо артқы бөлігіне дейінгі қашықтыкты самай тұсынан өлшеу дәлірек болады. Мидың орталық құрылымына дейінгі кашықтықтар өлшеудің барлық түрін бастың симметриялы нүктелерінен М-эхоның ең үлкен амплитудасы деңгейінде (тұрақты жағдайда 3-5 рет) арифметикалық ортаны шығара отырып жүрізген дұрыс.
М-эхоны самай тұсынан дәл есептеудің барлық жағдайында да, әсіресе ортаңғы және артқы бөліктерін зерттеу кезінде Лекселл әдісі арқылы бақылау жүргізу керек. Ол үшін эхоэнцефалограф транс-миссиялық жұмыс режиміне көшіріледі дс екі ультрадыбыс сүңгісінің біреуі ультрадыбыс шығаратын, ал екіншісі оны қабылдайтын бастың самай тұсының екі жағынан жапсырылады. Мұндай жағдайда эхоэнцефаллограф экранында екі сигаал пайда болады. Осының бірішісі бастапқы, яғни сәуле шығаратын ультрадыбыс сүңгісінің жағдайына сәйкес, екіншісі сүңгі жағдайына сәйкес ақырғы сигнал.
Ақырғы сигналға дейінгі қашықтық анықталады. Атап айту керек, мидың орталық құрылымдарында ауытқу болмаса бұл қашықтық мидың сигналдық жазықтығымен (бастың геометриялық орта сызығы) үйлесімді болады. Мұның мәнісі қашықтық өлшейтін маркер қондырғысы локация тәсілімен ғана жұмыс істей алады. Сондай-ақ трансмиссиялық тәсілімен есептелген соңғы сигналға дейінгі қашыктық М-эхоға дейінгі қашықтыққа тең болады. Өйткені екі жағдайда да ультрадыбыс бірдей қашықтықта өтеді. Демек, Ddttr=m=md==m5,
мұндағы: Ddttr — distantio ditemporais трансмиссия тәсілімен зерттегендегі алдыңғы және қабылданған сигналдар арасындағы қашықтық; m - локация режимінде есептелген мидын сигналдық жазықтығына дейінгі қашықтық.
md және m5 - локация тәсілімен оң және сол жақтан есептелгенде М-эхоға дейінгі қашықтық.
Мидың орталық кұрылымдары ауытқыған жағдайда (m5в + m5) /2 қашықтығы md мен m5 аралығындағы орталық арифметикалық шама түрінде аяқталуы мүмкін, яғни егер айырмашылық 2-3 мм-ден артық болса, бір жақтың М-эхосы дұрыс анықталмаған. Демек, дұрыс нәтиже алу үшін локация режимін де екі жақтан да М-эхоға дейінгі қашықтықты өлшеу қажет.
Қалыпты жағдайда М-эхо сигналдарын құрайтын ми құрылымы дәлме-дәл сигналдык жазықтықта жатады. Демек, бастың зерттелетін аймағының симметриялық нүктелеріне дейінгі қашыктык орталық құрылымдарға дейін екі жағынан бірдей болады. Егер бас сүйек қуысының (ішінде) бір жағында көлемдік процесс болатын болса, мидың ортаңғы құрылымдары зақымдалмаған жарты шар жағына қарай ауытқиды. Мидың ортаңғы құрылымдары орны ауысуының шамасын анықтау үшін (есептеу тәртібі М-эхо бөлімінің кез келген жағына бірдей) М-эхоға дейінгі үлкен қашықтықтан аз қашықтықтың шамасын алып тастап, айырмасын екіге бөледі. Миллиметр өлшемінде табылған мән мидың орталық құрылымының ауытқу мөлшері («бастың геометриялық ортаңғы сызығымен» салыстырғаңда) болып табылады. Мидың ортаңғы құрылымдарының «бастың геометриялық ортаңғы сызығынан» оңға немесе солға қарай 2 мм-ден артық ауытқуы патологиялық белгі болып есептеледі.
Эхоэнцефалографиялық тексеріс кезінде М-эхоның әр түрлі бөлімдерінің жағдайын бір сәтте анықтаумен қатар ми қарыншалары жүйесіне де баға беріледі (екінші диагностикалық сигнал), сондай-ақ бас сүйегі ішіндегі патологиялық процестен жеткен сигналдар да анықталады (үшінші диагностикалық сигнал). Соңғы диагностикалық сипат бас сүйек ішіндегі патологиялық процестерден шағылған сыртқы (латеральды) эхо-сигналдардан мидың қарыншаларының әр түрлі бөліктерінен келетін сигналдарды айыру қиын болғандықтан күнделікті диагностикалық процестерде сирек пайдаланылады.
Ми қарыншалары жүйесі жағдайына баға беру үшін III қарынша енінің ұлғаю мөлшері мен бүйір қарыншаларының кеңею деңгейіне ерекше көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда мидың III қарыншасының бүйір кабырғаларына сәйкес эхоэнцефалография-лық ені әр түрлі жастағы адамдарда әрқиялы скеңдігі белгілі. Мы-салы, ересек адамдарда 5-6 мм, қарттарда 7 мм-ге дейін, сәбилерде 1,4-4,2 мм, бір жасқа дейінгі емшектегі балаларда 2,3-5,1 мм.
Мидағы патологиялық өзгерістерге байланысты II қарынша ені әр түрлі деңгейде кеңейеді. Мәселен, ЭхоЭГ қос тісті немесс М-эхо кеңейіп, қалыпты жағдайдағы мөлшерден әлдеқайда көп болуы мүмкін. Мидың бүйір қарыншалары кеңеюінің эхоэнцефалографиялық белгісіне бастапқы комплекстің кеңеюі, ми қарыншала-рынан шағылған сигналдардың М-эхо мен соңғы комплексіне қарай |ығыстырылуы, М-эхо амплитудасына таяу көптеген жоғары амплитудалық эхо-сигналдардың пайда болуы т.б.өзгерістер жатады. Эхоэнцефалофафиялық зерттеу барысында жоғарыда кслтірілген диагностикалық белгілерден басқа да бас сүйегі ішіндегі пато-логиялық өзгерістерді анықтауға болатын қосымша деректер де кездеседі. Мысалы, ЭдоЭГ-нің екі жартысында да, бірақ, көбіне бастапқы комплекс пен М-эхо арасында шағылған көптеген эхо-сигналдардың байқалуы мидың ісіп күптелуіне байланысты, ал оң және сол жақтарды зерттеу кезінде алынған әр түрлі эхо-сигналдар ми жарты шарларының ультрадыбыстық ассиметриясы деп бағаланады. Мұндай жағдай көбіне мидың жарты шары зақымдануына немесе оның күптенуіне байланысты.
Бас сүйек ішіндегі көлемдік патологиялық процестер (ісік, іріңдік, гематома т.б.) орталық ми құрылымдарының зақымдан жарты шар жағына қарай ығыстыратындығы белгілі. Бұл құбылыс аталған зақымдану түрлерінің мөлшерінен ғана емес, сонымен бірге олардың ми құрылымдарында орналасқан орнына да байланысты. Егерде ұлғаю процесі мидың орталык құрылымдарына неғұрлым таяу болса солғұрлым М-эхоның ауытқуы да аз болады. Патоло-гиялық процестің мөлшері М-эхо ығысуыньщ шамасына әрқашан сәйкес бола бермейтіндіктен, бұл ауытқудың 12 мм-ден асуы ғана мида үлкен ұлғаю процестерінің бар екендігін айғақтайды. М-эхо-ньщ анағұрлым көп айтарлықтай ығысуы ісік (20-30 мм дейін), іріңдік ми қатты қабығының астыңғы және үстінгі жағындағы гема-томалар (15-20 мм дейін) және басқа да төбе-самай маңындағы көлемдік процестер кезінде байқалады. Ми полюстері (маңдай немесе желке тұсында), мишық шатыры асты және екі жарты шар арасында, мидың екі жағы зақымдануына байланысты М-эхо ығыс-пауы да мүмкін. Демек, эхоэнцефалография тәсілі ми жарты ша-рының бір жағындағы мишық шатыры үстіндсгі патологиялық өзгерістерді анықтауға қажетті көптеген деректер бере алады.
Эхоэнцефалография тәсілі бас сүйек ішіндегі көлемді патологиялық процестерге байланысты М-эхоның ығыстырылуымен қатар ультрадыбыстық ассиметрия және бас сүйек қуысы қысымының артуы туралы тиісті мағлұматгар бере алады. Бас сүйек іші қысымы жоғарлаған кезде ми қарыншалары әр түрлі деңгейде кеңейеді, сонымен қатар М-эхо солқылдауы мен шеткі эхо-сигналдар да өзгереді. Ол бас сүйек іші (ми-жұлын сұйығы) қысымының жоғарлау мөлшеріне байланысты. Бас сүйек іші қысымы белгілі деңгейге дейін жоғарлағанда эхо-сигналдардың амплитудасы да тиісінше көбейеді, ал ми-жұлын сұйығы қысымы одан әрі жоғарласа, олар азайып, тіпті білінбей қалуы да ықтимал.
Жоғарыда көрсетілгендей бас сүйек-ми жарақаттануынан ми қатты қабығының сырты мен астыңғы жағында пайда болған гематомалар патологиялық процестің орналасуына, бас сүйек іші қысымы жаралануына, ми ісінуіне (күптенуі) және ультрадыбысты ассиметрияға байланысты М-эхоны әр түрлі деңгейде ығыстырады.
Ми жарақаттанғанда М-эхоның ығысуы көпшілік жағдайда болымсыз (5 мм ге дейін) ми қарыншаларының кеңеюі ми күптенуі мен ми жарты шарлары ассиметриясы белгілері пайда болады. Ми шайқалғанда М-эхо 2 мм-ге дейін ығысады және ми-жұлын сұйығы жолдары кеңеюі белгілері болуы мүмкін.
Бас сүйек ми жарақаттануының кешеуілдеген зардабынан ми қарыншалары кеңейеді, кейде ми жарты шарлары арасы ассимет-риясының белгілері де болады.
Миға қан құйылғанда М-эхо ығысуынан (көбіне 10 мм-ге дейін) басқа ми күптенуі, бас сүйек іші қысымы жоғарлауының және ультрадыбыс ми жарты шарлары аралық ассиметриялық белгілері байқалады.
Ишемиялық инсультке байланысты М-эхо ығысуы болымсыз (3-5 мм) немесе мүлдем болмайды. Мүндай жағдайда көбінесе ми күптенуі мен ми жарты шарлары арасы ассиметриясының белгілері пайда болады.
Мидың қабынуы аурулары кезінде ми қарыншалары кеңиді, кейде ми күптенуі белгілері мен мидың орталық кұрылымдары орнынан ығысуы көрініс береді. Ультрадыбыстық жарты шар аралық ассиметрия байқалмайды.
