- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
8.5. Ликворлық синдромдар
Көптеген нерв жүйесі ауруларында ми-жұлын сұйығының (МЖС) қысымы мен құрамы өзгереді. МЖС қысымы құрамын анықтау үшін ликвор кеңістіктерін арнаулы ине көмегімен теседі. Күнделікті неврологиялық тәжірибеде МЖС жолының бел тұсы (ми-жұлын сұйығының соңғы цистернасы) тесіледі.
Бел омыртқалар арасы міндетті түрде сырқаттың оң жақ бүйірімен жатқызылу кейпінде тесіледі .
Сырқат аяқтарын ішіне қусырып, екі қолымен құшақтап оң жақ бүйірімен тақтай төсекке жатады. Кейбір жағдайда сырқат тақтай төсек шетіне отырғызылады немесе орындықтың арқасына бетін қаратып оған атша мініп отырады.
Омыртқа өзегінде жұлын екінші бел омыртқаның үстіңгі шетінде аяқталады. Осы деңгейден төмен ми-жұлын сұйығымен толтырылған соңғы цистерна мен ат құйрығы тәрізді түбіршелер орналасады. Арнаулы инемен 2-3, 3-4 және 4-5 бел омыртқалары арасы тесіледі. Жұлынды жарақаттап алмау мақсатында бұдан жоғары омыртқалар аралықтарын тесуге болмайды. Омыртқа аралығы мандрені бар Бир инесі көмегімен тесіледі. Тесетін жерді анықтау үшін жамбас сүйектерінің жоғарғы қырларын омыртқа бағанында үшінші бел омыртқаның қылқанды өсігі бойымен (тармағымен) қилыстыратын сызықпен байланыстырады. Операция алаңы йодпен тазартылады да таза салфетка көмегімен анықталады. Тесілетін жер спирт-пен сүртіледі де сол тұстағы теріге 2-3 мл 1-2% новокаин ерітіндісі жіберіледі. Мандренді инемен тері, тері асты клетчатка, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де торлы қабық асты кеңістігіндегі соңғы цистернаға кіреді. Мандренді ине алынғаннан кейін ми-жұлын сұйығы аға бастайды. Оның қысымы қалыпты жағдайда болса, сұйық минутына 60 тамшы шамасында ағады. Ми-жұлын сұйығы қысымы L тәрізді иілген шыны түтікшесі көмегімен өлшенеді.
Қалыпты жағдайда МЖС өңсіз және мөлдір болады. Оның менішікті салмағы мен тұтқырлығы (жабысқақтығы) судағы көрсеткіштеріне таяу. Сондыктан ликвор қысымы су бағанындағы мм мөлшерімен өлшенеді. Қалыпты жағдайда ликвор қысымы көлденеңінен жатқан адамда су бағанымен 100-180 мм, отырғанда су бағанымен 300-400 мм, ондағы белоктың мөлшері 0,16-0,33%, клет-калар (тек қана кіші лимфоциттар) саны 5-тен аспайды, қант 40-60 мг% (2,5-3,5 м моль/л), хлоридтар 680-720 мг% (200-225 м моль/л) және басқа да ингредиештер (микроэлементтер, витаминдер, антителалар т.б.) бар.
Ми-жұлын сұйығы ошақты симптомдары бар нерв жүйесі ауруларының себебін және даму механизмін анықтау мақсатында тексеріледі. Менингеальдық синдромы бар сырқаттарда ми-жұлын сұйығы жедел тексерілуі шарт. Өйткені тек осы әдіс арқылы ғана ми қабықтарының тітіркенілу себептері мен сол себептерге бағыттылған емдік тәсілдер бағдарланады.
Окклюзиялы (бітеу) гидроцефалия және тағы басқа да ликвор қысымын кенет жоғарлатып жіберетін патологиялық процестер кезінде мишық шатыры тесігіне мидың самай бөлігінің қысылып қалуы және үлкен желке тесігінс сопақша мидың сыналана кіруі ми-жұлын сұйығының жылдам ағу қаупі болатындықтан оны бел омыртқалар аралығын тесу арқылы алуға мүлде болмайды. Мұндай жағдайда көз түбінде көру нерві үрпісі (ұшы) іркілуі көрініс береді.
Жоғарыда аталған синдромдар көбіне мидағы ісіктің немесе соған ұқсас аурулардың (іріңдік - абсцесс, паразитарлық жыламықтар, гематома) бас сүйектің артқы шұқыры тұсында немесе жыламықты арахноидит үлкен цистерна маңайында болғанда кездеседі.
Жұлын өзегіндегі ликвор жүретін жолдардың тарылып немесе бітеліп қалуын анықтау мақсатында ликвородинамикалық сынақтар жүзеге асырылады
1. Квекенштедт сынағы. Сырқаттың Бир инесі көмегімен бел омыртқа аралығы тесіледі де инеге L тәрізді монометр жалғап, бастапқы ликвор қысымы өлшенеді. Содан кейін сырқаттың мойын тұсында ұйқы венасын дәрігер саусағымен батырып қысады. Осы сәтте бас сүйек қуысында веналық іркіліс пайда болады да МЖС қысымын 2-3 мм есе көтереді.
2. Пуссеп сынағы. Сырқаттың басын алдына қарай кеудесіне тірелгенше еңкейтеді («алдыңғы Пуссеп») немесе керісінше артқа қарай шалқайтады («артқы Пуссеп»). Сол сәтте бас сүйек қуысында вена қаны іркіліп жиналады да МЖС қысымы көтеріледі.
3. Стукей сынағы. Сырқаттың құрсағын дәрігер алақанымен (жұдырығымен) қатты батырып жаншыған кезде іштегі терең ор-наласқан веналар мен жұлын өзегі веналарына қан іркіліп жинала-ды да МЖС қысымы 1,5-2 есе жоғарлайды. 6-8 мл сұйыкты алған-нан кейін МЖС соңғы қысымын өлшейді. Қалыпты жағдайда ол көп төмендемейді де оның түсуі 10-20 мм артылмайды.
Ликвор өткізетін жолдар толық бітеліп қалса Квекенштедт және Пуссеп сынақтары МЖС қысымын көтермейді, Стукей сынағы оны ежептәуір жоғарлатады, соңғы қысым күрт төмен түсіп нольге дейін жетеді, сұйықтың жұлын өзегінен ағуы өз бетімен тоқтайды. Егерде жартылай клапандық тарылу болса Квекенштедт және Пуссеп сынақтары МЖС қысымын сатылап баяу жоғарлатады да сынақ тоқтатылған кезде бастапқы деңгейіне қайтып оралмай сол жоғарғы мөлшерінде тұрып қалады.
Ми-жұлын сұйығының клеткалары (цитоз) — Фукс-Розенталь камерасы көмегімен тексеріледі. Кеңдігі (көлемі) 3,2 м3 камера 16 үлкен квадраттарға, ал әрбір үлкен квадрат 16 кіші квадраттарға бөлінген — барлығы 256 кіші квадрат. Қалыпты жағдайда клеткалар барлық камерада саналады. Клеткалар қосындысы 3-ке бөлінеді. Сол себепті цитоз мөлшері бөлік арқылы көрсетіледі (мысалы 5/3).
Ми-жұлын сұйығындағы белоктың мөлшерін анықтау Панди және Нонне-Аппельт белок реакцияларын жасаудан басталады.
Панди реакциясын жасау үшін сағаттық шыныға 12-15% карбол қышқылы ерітіндісін құяды да оның үстіне жұлын-ми сұйығын тамызады. Қалыпты жағдайда сұйықтың тамшысы аздап көмескіленеді. Реакция қорытындысы ± боп сипатталады. Егер ми-жұлын сұйығында белок көп болса, оның күңгірттену қарқыны молырақ болады. Күңгірттену қарқыны дәрежесіне байланысты Панди реакциясы крестер санымен сипатталады (+, ++, +++,
Нонне-Аппельт реакциясы. Шыны түтікке 0,5-1 мм ми-жұлын сұйығын және сол мөлшерде күкіртті қышқыл аммонийдің қанық ерітіндісін қосады. Түтіктегі сұйықтың күңгірттену дәрежесі реакцияның қарқымдылығын крестер санымен сипаттайды (+, ++, МЖС белоктың жалпы мөлшері Робертс-Стольников әдісімен анықталады. Ол үшін МЖС физиологиялық ерітіндімен сезімділігін анықтайды.
Вирустарды (полиемиелит, кене энцефалиты т.б.) бөліп алу үшін аурудың алғашқы кезеңдерінде ми-жұлын сұйығын алады да вирусологиялық лабораторияға жөнелтеді. Онда сырқаттың ми-жұлын сұйығын малдың миына жіберу арқылы ауруды жұқтырады немесе вирусты тиісті ортада өсіреді.
Ми-жұлын сұйығының патологиялық өзгерістері
Ми қабығы қабынуы кезінде ми-жұлын сұйығында клеткалар саны көбейеді (плеоцитоз). Ірінді қабынуға байланысты ми-жұлын сұйығында сегментті ядролар бар нейтрофилдер көбейеді, олардың саны 1 мм3 де бірнеше мыңға жетеді, сұйық күңгірттенеді, сары-жасылданады, іріңді болып кетеді. Сероздық қабыну кезінде ми-жұлын сұйығында көбіне немесе тек қана лимфоциттер саны бірнеше жүзге дейін көбейіп кетеді, бірақ сұйықтың түсі өзгермейді де мөлдір күйінде сақталады.
Ми қабының серозды вирустық қабынуына байланысты ми-жұлын сұйғындағы қант қалыпты мөлшерде болуы немесе көбеюі мүмкін. Туберкулезді менингит кезінде ондағы қанттың мөлшері азаяды.
Ми-жұлын сұйығында қанның қоспасы тор қабық асты кеністігіне қан құйылған кезде анықталады. Сұйық күңгірттеніп, қызғылттанып немесе қып-қызыл болып кетеді. МЖС Фукс-розенталь камерасында тексергенде, онда жаңадан пайда болған және сілтісізденген эритроциттер саны көбейеді. Сондай-ақ, сұйықты центрифугта айналдырғанда эритроциттер тұнады да, тұнбадан жоғарғы сұйықтар түссіз мөлдір күйінде сақталады. Тор қабық ас-ты кеңістігіне қан құйылғаннан 7-10 күн өткенде эритроциттердің гемолизденуі мен гемоглобинның билирубинге айналуы нәтижесінде сұйық мөлдір және ксантохромды (сарғыш хром түсті) болады. Ми немесе жұлын ісігі кезінде ми-жұлын сұйығындағы белоктың мөлшері 1,0-6,% және одан да жоғары көбейеді де клеткалар саны өзгермейді (белоктық-клеткалық диссоциация). Белокгың мөлшері аса көп болса сұйық сарғыштанады.
IX ТА РАУ
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІН РЕНТГЕН ТӘСІЛІМЕН АНЫҚТАУ
