- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
Белгілі бір сезім сыртқы әсерлер салдарынан ми құрылымдарында пайда болатын электрлік потенциалдарды мидан шығатын жасанды потенциалдар деп атайды. Олардың қатарына есту органында әсер арқылы пайда болған ми бағаны жасанды потенциалы жатады. Жасанды потенциалдар (ЖП) онша қарқынды бола бермейді, көбіне олар ЭЭГ-да өздігінен пайда болатын жоғары амплитудалы ритмдер әсерінен білінбей қалады. Осыған байланысты жасанды потенциалдарды анықтау үшін арнайы тәсілдер мен аппараттар қолданылады. Олардың ішінде ең кең тарағаны — суперпозиция тәсілі. Ол жасанды потенциалдың сыртқы әсерден кейін дәл белгілі бір мерзімде көрініс беретіндігіне негізделген. Сол себепті сыртқы әсер дүркін-дүркін жинақталған сайын жасанды потенциалдардың жиынтықталу амплитудасы да өсе береді. Дыбыс әсерінен пайда болатын жасанды потенциалдар бірнеше толқындардан тұрады. Олардың нақты амплитудасы мен жасырын кезеңі бар, яғни құлаққа әсер етілген мерзімнен жасанды потен-циалдар пайда болғанға дейін немесе олар ең жоғарғы амплитудаға жеткенше белгілі бір (жасырын) кезеңге ұшырайды.
Ми бағанындағы жасанды потенциалдарды (МБЖП) тіркеу үшін біздің клиникада «ОТЕ Биомедика» (Италия) фирмасының ней-ротүзеткіш (нейроусреднитель) аспабы пайдаланылады. Ол түзету режимінде жұмыс істейтін электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ), импульс шығаратын дыбыс симуляторы (әсері), қос арналы ЭЭГ күшейткіші, қос координатты жазу тетігі блоктары арқылы құрастырылған. Ми бағанындағы жасанды потенциалдарды (МБЖП) бұл аспап дискрет интервалы 19 мк.сек. 10 мк.сек. аралы-ғында тіркейді (жазады). Өткізілетін жиіліктердің диапазоны 160-300 гц. Миға берілетін әсер шамасы 60-80 дб, жиілігі 10 гц, мерзімі 0,1 секунд дыбыс ретінде тықылдап тұрады. Күшейтілген биосиг-нал стимулмен 2000-3000 жауаптарды жиынтықтайтын ЭЕМ-ге беріледі. МБЖП тіркеу үшін активті электродтан верттекске, референтті электрод әсер етілетін жақтың құлағына орналастырылады. Активті электрод астындағы тұс спиртпен немесе эфирмен тазар-тылып, электрод пастасымен майланылады. Электродтар резина таспамен бекітіледі. Дыбыс белгісі әр құлаққа кезек-кезек, одан кейін екі құлаққа бір мезгілде әсер етеді.
Егерде МБЖП қалыпты жағдайдан ауытқымаған болса олар 7 шыңнан құрастырылады, көбіне 5 шың көрініс береді. МБЖП шоқыларының пайда болуына байланысты әлденеше пікір бар.
I. Шыңдар есту анализаторының ми бағанындағы ядроларының орналасуына сәйкес болуы:
1) есту нервінің әрекеттік потенциалы;
2) кохлеарлық ядро нейрондарының потенциалы;
3) жоғары олива ядросымен байланысты;
4) жоғары олива ядросынын алдыңғы клеткаларымен байланысты;
5) терт төмпешіктің төмснгі томпағындағы ядролардың жауабына байланысты.
Әрбір ядро бірнеше компонентті қоздыруға қатысады және әрбір шың, бірнеше генератордың белсенділік қуатының жиынтығы болып табылады.
ІІ.Жасанды потенциалдар шыңдары есту импульсы пайда болу кезеңдеріне тиісті құрылымдардың белсенділігінің артуы нәтижесі болып есептеледі (К.Я.Оглезнев, 1982).
Шындардың жасырын кезеңі ұзаруы мен олардың амплитудалық мөлшерлері азайғандығы байқалады. МБЖП ми бағанынын әр түрлі деңгейіндегі ядролар мен өткізгіштердің атқаратын қызметі жөнінде тиісті деректер алуға көмек-теседі, сонымен бірге ол патологиялық процестердің шоғырланған тұсын анықтауға көмектеседі.
Атеросклерозге байланысты ми қан айналымы бұзылған сырқаттың ми бағанындағы жасанды потенциалы көрініс береді.
