Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу

Омыртқа бағанасын (желісін) регатенологиялық зерттеу суретке түсіруден басталады. Омыртқа бағанасының кеуде және бел-сегізкөз тұсы рентгенографиясын жасау қарсаңында сырқатгың ішегі тазартылуға тиіс. Ол үшін тексеріс қарсаңында тексеретін күні таңертең ішекті екі рет тазалайын клизмалар жасалады.

Шолу (барлаушы) спондилография көмегімен омыртқа денеле-рінің, доғаларының, өсіктерінің, омыртқааралық дисклардың, омыртқааралық тесіктер мен буындардың жағдайы туралы және омыртқа езегінің кеңуі жәнінде нақты деректер алуға болады.

Барлаушы спондилограммаларда мына тәмендегідей патологиялық өзгерістерді айқындауға болады.

1. Омыртқа бағанасындағы дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер — омыртқа остеохондрозы. Рентгенограммаларда дисклардың аласаруы, омыртқа дискларын жалғас-тыратын табақшалардың беріштенуі (склероз), омыртқа денелері жиегі артына және екі жағына бағытталған өсінділері (спондилез), омыртқа бағанасының қалыпты жағдайдағы иілуінің жазылуы, көршілес екі омыртқаның тұтасуы (бірігуі) немесе олардың қозғалуының патологиялық құбылмалылығы көрініс береді. Омыртқалар қозғалысының патологиялық құбылмалылығы функциялық сынақтар көмегімен анықталады. Рентгенограммалар омыртқа бағанасының барынша бүгілуі мен жазылуы кейпінде жасалады. Рентгенограммада ІІІ және ІУ мойын омыртқа денелерінің тұтасуы (анкилоз), жалғастыратын пластинкалардың беріштенуі (склероз) және У, ІУ және УІІ омыртқааралық кеңестердің аласаруы көрініс береді

Омыртқа остеохондрозы мойын және бел-сегізкөз тұстарында түбіршікгік ауырсыну сидромы, жұлын қан айналымының бұзылуы (гематомиелия) жеке түбіршік-жұлын артерияларының қысылуы нәтижесінде миелопатия көрінісі, омыртқааралық дискінің артына қарай жылжып кетуінен псевдотумороздық синдромдар пайда болуының негізгі себебі болып есептеледі.

2. Омыртқа бағанасы құрылымының туа біткен кемістіктері: омыртқа доғаларының бірікпеуі, сакрализация (сегізкөз омыртқаларының біреуі артық, ал бел омыртқаларының біреуі кеміп төртке дейін азаюды), люмбализация (бел омыртқалары саны сегізкөз омыртқалары есебінен алтыға дейн көбеюі) және басқалар.

3. Сколиоз ауруы кезінде және ауырсынуға қарсылық жасайтын сколиозға байланысты омыртқа бағанасының майысуы.

4. Мертігу салдарынан омыртқаның сынуы (жарылуы) немесе орнынан тайып кетуі.

5. Рентгенологиялық зерттеу барысында сирек те болса күтпеген жерде Эльсберг-Дайк симптомы көрініс береді. Мұндай жағдайда барлауыш спондилограммада жұлын сырты ісігі тұсында омыртқа доғасы түбінің ішкі пішіні ұлғаяды, оның мүжіліп көмескіленгені байқалады.

Барлаушы спондилограммалар патологиялық процестердің орнығуы мен ерекшеліктері туралы тиісті мағлұматтар бере алмаған жағдайда омыртқа бағанасын контрастық әдістер көмегімен тексерген және олар: миелография — жұлынның торлы қабық асты кеңістігін контрастық заттармен толтыру; веноспондилография — омыртқа веналарына контрактық препараттар жіберу; пневмо-перидурография — қатты қабық үсті өзегіне газ жіберу. Миелография — газ жіберу (пневмомиелография) немесе рентгенпозитивтік контраст (майодил) көмегімен жүзеге асырылады.

Пневмомиелография. Сырқатты отырғызып қойып бел омыртқалар аралығын теседі де тор қабық асты кеңістікке 25-30 мл газ жіберіледі. Газ жоғары көтеріледі. Жұлын сырты ісігі әсерінен тор қабық асты кеңістігі бітеліп калған жағдайда газ ісіктің төменгі жиегінде тоқтап қалады. Ол спондилограммада көрініс береді

Майодилмен контрастау оң жақ қырымен жатқан сырқатқа эндолюмбальдық пункция жасалып, 2-3 мл ми-жұлын сұйығы лабораториялық тексерілуге алынады да оның орнына 1,0-1,5 мл майодил жіберіледі. Бұдан кейін рентген столының аяқ жағы 60-75° дейін көтеріледі. Осы кезде майодил салмақтылығы нәтижесінде тор қабық асты кеңістігіне өтеді де ісіктің төменгі полюсында "бөрік" тәрізденіп тоқтайды (жоғары бағытталған миелография). Ісіктің жоғарғы полюсын контрастау үшін төменге бағытталған миелография қолданылады. Сырқатты отырғызып субокципитальдық пункция жасау арқылы үлкен қарақұс цистернасына 0,5-1,0 мл майодил жіберіледі, контраст төмен қарай түседі де ісіктің үстіне «бөрік» тәрізді кигізіліп тоқтайды

Интрамедуллярлық (жұлын ішіндегі) ісік болуына байланысты жұлын ұршық тәрізденіп жуандайды. Спондилограммаларда майодилдың ісік сыртымен тісті дөңгелек тәрізденіп омыртқа өзегімен. Миелограммаларда ісіктің төменгі жиегіне(полюсына) сәйкес VII кеуде омыртқасы тұсында контрастық зат тоқтап қалғандығы көрініс береді. Рентгенологиялық көрініс екі проекцияда бірдей (ұқсас).

Ісіктің астыңғы (төменгі) жиегіндегі пішіні (нұсқасы) айқын, бұдырлы және ойықтанған (иілген)

Веноспондилография. Контраст омыртқанын қылқанды өсігіне немесе оның денесінің кеуекті затына жіберіледі. Веноспондилограммаларда веналардың орны ауысқаны немесе жұлын ісігі тұсында мүлде қысылып қалғаны байқалады Эпидурография. Эпидуралдық клеткаларға жіберілген газ спон-дилограммаларда қатты қабық қабы бойында жіңішке ақ жолақтар түрінде білінеді. Эпидурит пен дискінің артқа қарай тайып кетуі кезінде ауа жол таяқшасы үзіледі