- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
XI тарау
МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
11.1. Реографиялық тексеру әдістері
Реография — жоғары жиіліктегі (әдетте 20-200 кгц) электр ағынына дененің кейбір бөліктері қарсылық жасауынан (импеданс) пайда болған тамыр соғу тербелістерін тіркеу (жазу). Зерттелетін тұсқа қан тамыр соғылуы арқылы аз келеді (орта есеппен 0,05% щамасында), ал кері қарай сол мәлшерде қарсылықпен қайтады. Имленданстың бұл тербелістері арнайы реографтар арқылы байқалады да электрокардиографтың, электроэнцефалографтың не-месе өзі жазатын басқа да аспаптар көмегімен жазылып алынады. Кез келген реограмма дененің зерттелетін тұсындағы қан жүру мөлшерін жуық шамамен көрсетеді, оның сыртқы көрінісі плетизмограммаға немесе сфигмограммаға ұқсас болады. Реография әдісінің биофизикалық негізі қан тамырлары жүйесін зерттеуге арналған көптеген жетекші құралдарда сипатталған.
Қазіргі кезде қан айналымын реографиялық тәсіл көмегімен зерттеудің мәні артып келеді. Әйткені ол қауіпсіз, сырқаттарға ауыртпалық түсірмейді, едәуір қарапайым және беретін деректері толығырақ. Бұл тәсіл көбіне жұртшылықтың денсаулығын жаппай зерттеу кезінде кеңінен қолданылады, беретін деректері басқа қымбат әрі ауырсындыратын тексеру әдістерін қолдану қажеттігін дәлелдеу үшін пайдаланылады.
Невропатологтар тәжірибесінде көбіне реоэнцефалография, кейде аяқ-қол реовазографиясы және орталық қан айналымына баға беретін реография әдістері қолданылады.
Реоэнцефалография (РЭГ) — ми қан айналымына баға беретін қосалқы тәсіл. Реоэнцефалограммаға түсіру (жазу) бас сыртындағы әр түрлі нүктелерге қойылған электродтар арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіспен мидың әр жарты шарындағы және оның жекелеген қан тамырлары алабындағы қан жүрісін зерттеуге болады.
Ішкі ұйқы және омыртқа артерияларының қанға толығуын байқау үшін маңдай-еміздік тәрізді өсік және қарақұс-еміздік тәрізді өсік аралықтарына орналастырылатын электродтар қолданылады.
Реоэнцефалография кезінде әр түрлі сынақтарды пайдалана отырып, олардың ми қан тамырларына ықпалын анықтау арқылы қосымша деректер алуға болады. Зерттеу мақсаттарына байланысты нейроглитеринмен (көпшілік жағдайларда) және басқа да дәрі-дәрмектер көмегімен сынақтар жүргізіледі, отырғызып-тұрғызу, демалысын жиілету, басты қозғалта бұру т.б. тәсілдер пайдаланылады.
Алынған мағлұматтарды саралау үшін реоэнцефалограмманың амплитудалық және уақыттық көрсеткіштері есептеледі. Олардың ең жиі пайдаланылатындары
1. РЭГ толқындарының амплитудасы (А) Ом есебімен немесе реографиялық индекс (РИ). Ол РЭГ амплитудасының тамыр сигналдарына қатынасымен (әдетте 0,1 Ом) өлшенеді.
2. Дикроттық индекс (ДКИ) — инцизура деңгейіндегі амплитуданың (В) ең үлкен амплитудаға (А) қатысы (% есебімен).
3. Диастолалық индекс (ДСИ) — дикроттық шың деңгейіндегі амплитуданың (С) ең үлкен амплитудаға (А) қатысы (% есебімен).
4. Толқындардың % есебімен алғаңдағы ерлеу бөлігінің — а тұтас толқын ұзақтығына (Т) қарағандағы бөлігі (а/Тх100%).
5. Реографиялық толқындардың тарау уақыты (РТТУ) — элек-трокардиограмманың «С>» (немесе К) тісі мен РЭГ толқынының басталуы арасындағы уақыт (сек. есебімен).
Қалыпты жағдайдағы РЭГ айқын және байыпты (тұрақты) бейнеленеді, тез, шұғыл көтеріледі де (анакрота) біртіндеп созыла төмеңдейді (катакрота), ортасында бір дикроттық тіс айқын көрінеді. Алайда, есте болатьш бір нәрсе РЭГ сипаты адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты қан тамырларының қатаюына сәйкес өзгеріп тұрады.
Ми қан тамырлары жүйесіндегі патологиялық өзгерістерге байланысты реоэнцефалограммада негізінен төмендегі синдромдарды анықтауға болады.
1. Ми қан тамырларының қатайып илікпеуі. Атеросклероз, васкулит т.б. ауруларға байланысты ми қан тамырлары илікпейтін болса, амплитуда кішірейеді, әрлеу бөлімі ұзарады, реографиялық толқынның ұшы қалақша тәрізденіп жұқарады, төменгі бөлігі жазылып, тіпті дикроттық тіс байқалмайды. Мұндай жағдайда қан тамырлары белсенділігін арттыратын дәрі-дәрмектер әсер етпейді немесе олардың әсері өте төмен болады.
2. Ми қан тамырлары тонусының көтерілуіне байланысты РЭГ-да жоғарыда көрсетілгендей өзгерістер байқалады. Көбіне реографиялық толқынның төбесі өркештенеді де дикроттық тіс толқынның төбесіне қарай ығысады. Мұндайда қан тамырларын кеңітетін дәрі-дәрмектер жақсы әсер етеді. Бүл синдром қан қысымы көтерілген кезде жиі кездеседі.
3. Ми қан тамырлары тонусының төмендеуіне байланысты РЭГ-ның амплитудасы ұзарады, әрлеу бөлімі қысқарады, толқынның төбесі ұшқырланады, дикротгық тіс төмендеп, толқынның астыңғы жағына ауысады Мұндай өзгерістер орталық қысым төмендегенде және вегетативтік дистония синдромында кездеседі.
4. Ми қан тамырларының дистониясы РЭГ-да амплитудалары мен кескіні ретсіз, изоэлектр сызығы тұрақсыз болуымен сипатталады, көбінесе жүрек соғысының ретсізденуімен қабаттасады. Нитроглицерин есері дұрыс нәтиже береді. Бұл синдром орталық нерв жүйесінің жарақаттануы мен қабыну процестеріне және басқа да соматикалық ауруларға байланысты реттеуші жүйелердің қызметі бұзылуының әсерінен пайда болады.
5. Венадан қан өткізілу кедергіленуі және бас сүйегі (қуысы) ішкі қысымының көтерілу белгілері РЭГ катакрота бөлімі томпақ және созылыңқы келуімен, систоладан бұрынғы (веналық) толқынның айқындығымен және катакротада қосымша толқындар пайда болуымен сипатталады. Мұндай өзгерістер мидағы ісіктер мен ми қойнауларының тромбозы кезінде жиі кездеседі.
6. Ми қан тамырлары бітелу синдромы кезінде РЭГ амплитудаларының симметриялылығы жойылады. Бұл синдром мидың ірі артерияларының қысылып немесе бітеліп қалуына байланысты. Егердс осы аталған өзгерістер біртіндеп баяу қалыптасса және сырқат миының қосымша қан айналымы жақсы дамыған болса, РЭГ амплитудаларында айтарлықтай ассиметрия болмауы мүмкін.
Диагностикалык процесте реоэнцефалография тәсілінің өте кең тарағандығы әркімге мәлім. Біздің клиникада СА.Жанайдаров осы тәсілдің биофизикалық мәнін зерттей келе РЭГ толқындарынын ми қан тамырлары солқылынан емес, бас сүйегі ішіндегі қан айналымы жүйесімен байланысы бар бас сүйегі сыртындағы қан тамырларының солқылын сипаттайтындығын дәлелдеді. Автордын пайымдауынша, көз астынан шығып, бастың маңдай тұсындағы
сыртқы қабықтарын қанмен қамтамасыз ететін күре тамырлардың бас сүйегі алдындағы бөлімі мен ішкі ұйқы артериясының соңғы тармақтарының қанға толуынан пайда болатын солқылының тербелісі РЭГ-да көрініс береді. Осының нәтижесінде бас реографиясының жаңа нұсқалары ұсынылды. Олар реография тәсілінің барлық артықшылықтарын сақтай отырып, РЭГ-ның көптеген кемшіліктерінен арылған (С.А.Жанайдаров, 1984, 1986). Аталған реограммалар нұсқасын саралау үшін РЭГ-тің және реограмманың басқа да түрлерін бағалауға арналған әдістерді пайдалануға болады.
Прекраниалдық (бас сүйегі алды) реография. Прекраниалдық реограммалар (ПКРГ) кәдімгі реографтар көмегімен жазылады. Электродтар маңдайға және мойынның артқы екі жағына орналастырылады, бірақ олардың көлемі РЭГ электродтарынан жобамен (шамамен) 10 есе үлкен. Сол себепті тері бетіндегі ұсақ қан тамырларының солқылы есепке алынбайды да, бас сүйегі алдының маңындағы ірі қан тамырларының қанға толуы көрініс береді. Г.И.Мчедлишвилидің (1959-1986) пайымдауынша, бұл қан тамырлары ми қан айналымына белсенді түрде әсер етеді, Демек ПКРГ ми қан айналымы жөнінде толығырақ деректер алуға жәрдемдеседі.
ПКРГ көмегімен ми қан айналымының жалпы жағдайы, сыртқы әсерлерге, мәселен артерия қысымы жүйесінің тұрақсыздығына, бастың күре тамырларының жауап қайтару қабілеттілігі мен реттеушілік қызметі өзгеруі туралы деректер алуға болады.
Ересек адамдар арасында атеросклероздың кеңінен тарағанын және оған байланысты бас сүйек сыртындағы қан тамырларының бас сүйек ми қан тамырларынан бес есе жиі зақымданатындығын ескеретін болсақ, ПКРГ тәсілі ми қан тамырлары ауруларын олар-дың клиникалық белгілері білінбейтін кездерінде анықтауға мүм-кіндік береді.
Супраорбиталдық (көз асты үсті) реография. Супраорбиталдық реограмманы (СОРГ) жазу үшін қабақтан жоғарырақ шағын электродтар орналастырады. Бұл маңайға қан ішкі ұйқы артериясы жүйесінен шығатын көз үсті және шығыр үсті артериялары келеді. Сөйтіп бас сүйек сыртындағы басқа артериялардың ықпалына тосқауыл жасалады да миды қанмен қамтамасыз ететін артериялардың жағдайы туралы деректер алуға мүмкіндік туады. Айталық, ішкі ұйқы артериясы ықпалы қан жүруіне бөгет болған жагдайда, сол бөгет болып тұрған жақтағы СОРГ амплитудасы төмендейді.
Көз үсті қан тамырларының ми қан тамырлары құрылымдық және қызметтік байланысын еске алсақ, СОРГ-ның ми қан айналымын зерттеуге қаншалықты қажет екеніне күмәнданбауымыз керек. Бұған қоса, СОРГ белгілі бір аймақта жазылатын болғандықтан қолқа-көз үсті қан тамырлары (ал егерде онымен қоса ПКРГ-де жазылса ұйқы артериясы жүйесі тамырларының бас сүйек ішіндегі) арасындағы тамыр соғуы мен жылдамдығын анықтауға болады. Ал егерде онымен қоса ПКРГ-де жазылатын болса көрсеткіштерді ұйқы артериясы жүйесі тамырларының бас сүйегі ішіндегі бөлігінде қалған қан тамырларының тонусы өзгеруі мен биомеханикалық . қасиеттері жөнінде қажетті мағлұматтар алуға болады.
Реографияның басқа түрлері. Ми қан айналымының нашарлауы кейде аймақтық қана емес, жалпы қан айналымының бұзылуы салдарынан да болады. Мұндай жағдайда интегралдық реография (бүкіл дененің реографиясы) көмегімен орталық қан айналымы көрсеткіштеріне баға беру қажет. Ол үшін Кубичек тәсілімен дененің тетра-полярлық (төрт жақтылық) реографиясы немесе М.И. Тищенко ұсынған интегралдық реография пайдаланылады. Бүл тәсілдер жалпы қан айналымының жағдайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге жүректің соғу көлемін де сипаттайды. Есте болатын жайт бас реограммасы көрсеткіштері, басқа реограммалар сияқты орталық қан айналымымен тығыз байланысты болады.
Кейбір жағдайларда қолдың немесе аяқтың реовазографиясын (РВГ) жасау арқылы да құнды диагностикалық мағлұмат алуға болады. Мысалы, кеуде қуысынан шыға берісте қан тамырлары қысылып қалса (скаленус-синдром), РВГ амплитудасы асимметриялы болады. Ал, Рейно ауруы немесе синдромына байланысты саусақ РВГ амплитудасы болар болмас қана сезіледі.
