Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12.2 Есту гнозисін тексеру

Дыбыс ырғағы қайталауын ажырату. Сынақ естіліп тұрған дыбыс сигналдары тобын қабылдау және бағалау мүмкіндігін анықтаудан басталады. Ол үшін ара уақыты 0,5 секунд бірнеше ырғақты дыбыс білдіреді. Әуелі екі-үш соққы қатар, соңынан ІІ, ІІ немесе ІІІ, ІІІ серия түрінде дыбыс беріледі. Бұдан әрі ырғақты дыбыс тондары күрделі екпінділіне береді ( I, немесе II немесе -II).

Сөзбен тапсырма беру арқылы орындалатын дыбыс ырғақтарын орындау. Сырқатқа «екі рет тықылдатыңыз», «үш рет тықылдатыңыз», «екі рет ақырын», «үш рет қатты тықылдатыңыз» т.с.с. тапсырмалар беріледі.

Сырқат әрбір тонда неше тықыл бар екенін айтып, әр тықылдағы ырғақ құрылымын — қаншама ақырын, қаншама қатты тықыл болғанын ажыратып айтуғ тиіс. Аталған сынақтың орындалуы кезінде дәрігер дыбыс ырғақтары құрылымының ыдырауын, олардың кейбіреуінің қайталана беруіне ерекше мән береді. Сырқат жылдам орындалатын тықылдың санын ажырата алмауы мүмкін (үш тықыл екеу боп т.б.), бірақ жекелеген ырғақ тықылын қабылдап анықтау мүмкіндігі өзгермейді.

12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру

Заттар бейнесін ажырату сынағы. Сырқатқа заттардың кескіндері, айқыш-ұйқыш бейнелер, Поппельрейтер фигуралары (бірінің үстіне бірі қабаттасқан кескіндер) көрсетіледі. Бұдан кейін күрделірек бірден ажырата қоюға қиын кескіндер (нейропсихикалық альбомдардың аяқталмаған суреттері) көрсетіледі.

Сырқат зат кескіндерін, әсіресе күрделі кескіндерді ажырата алмауы мүмкін, заттарды көріп тұтасқан бейне ретінде түйсіну қабілеті бұзылады.

Жүзбе-жүз тану. Сырқатқа таныс адамдарының суреттері көрсетіледі.

Түрлі түсті анықтау. Әр түрлі түстерді ажыратып айтып беру.

Көру-кеңістіктігін ажырату. Сырқаттан жасанды циферблатты сағат тілдсрін тиісті орнына қоюды, географиялық карта схемасындағы бағыттарды ажыратып беру өтініледі.

Сырқаттан айнадағыдай теріс түскен элементтерді ажырата алмауы немесе фигура элементтерінің арақатынасын дұрыс түсінбеуі мүмкін.

Кеңістіктік таным (Иерекс сынағы). Сырқатқа көрініп тұрған немесе көрінбеген текшелерден тұрған немесе көрінбеген текшелерден жасалған фигуралар схемасы көрсетіледі де, одан олардың неше текшеден кұрастырылғандығын есептеп шығаруды өтінеді. Осы сынақ орындалу кезінде сырқат қате жіберіп алса, оның кеңістіктік ажырату қабілетінің бұзылғаны.

12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру

Он сөзден тұратын тіркестерді жаттау. Сырқаттың зердесін (зейінін, еске сақтау қабілетін) тексеру үшін оған өзара байланыссыз 10 сөзден тұратын тіркесті айтып, жаттатады. Мысалы: доп, айғай, түс, көлеңке, жалау, жарық, ойын, балта, көпір, қарағай немесе үй, орман, мысық, мектеп, күмбір, түн, ине, самса, аға, шығыршық деген сөздер. Сырқат осы сөздер тіркесін жаттап, кезкелген тәртіппен айтып беруге тиіс. Дәрігер сырқаттың айтқан сөздерін жазып алады да, қайтадан қайталаттырады. Осылайша он рет сынақ өткізіледі. 40-60 минуттан кейін тағы бір кешіктірілген сынақ жүргізіледі. Оның нәтижесі былайша тіркеледі:

NN

үй

тоғай

мыс

ық

стол

оның

түн

ине

пирог

аға

крест

I

1

2

3

4

5

6

ІІ

1

2

3

4

5

6

7

ІІІ

1

2

3

6

6

7

8

IV

1

1

3

4

5

6

7

8

9

V

VI

VII

VIII

ІХ

Х

Кешіктіріліп қайталау

1

2

3

4

10

5

6

7

8

Ескерту: мұндағы цифрлар сөздерді қайта айтудың реттік санын білдіреді. Осы сынақтың нәтижесінде «еске сақтау ирегі» сызылады да, қалыпты жағдайда «еске сақтау ирегі» қайта айтылған сөздер ретімен көбейетіндігін көрсетеді. Сөйтіп ирек заңдылықпен биіктей береді, ауытқымайды, қайталанатын сөздердің саны азаяды. Сау адамдар төртінші-бесінші қайталағанша сөздер қатарын тегіс есінде сақтайды.

Сөздердін екі тобын есте сақтау. Бірінші топ: шелпек, көктем, екінші топ: құйыршық, көз, жасы. Әуелі бірінші топтағы сөздерді, соңынан екіншісін қайталайды (?/1), (?/2).

Мидың маңдай бөлігі зақымданғанда сөз тіркестерін есте сақтау қабілеті елеулі өзгерістерге ұшырайды. Сырқаттар аталған сөздерді есіне сақтау үшін қиналмайды, олардың арасынан 4-5 сөзді қайталай береді, сөз тіркестеріндегі басқа сөздермен толтыруға немесе есінде сақталған сөздер санын одан әрі көбейтуге талпынбайды. Сырқаттың қайталауы бойынша созылған «еске сақтау ирегі» әдетте шектеп жоғары көтерілмей көлденеңдей береді де «және» қалпы сипатын береді.

Ми қыртысы қызметінің жалпылай өзгеруі мен оның артқы бөлігі құрылымдары зақымданғанда (афазиясыз) есте сақтау қабілеті Қалыпты жағдайдан онша ауытқымайды да «есте сақтау ирегі» сәл төмендейді, көбіне сырқат 5-6 сөзді есінде сақтай алмайды. Яғни белгілі бір сөздер тобын бір рет есінде сақтаған сырқат келесі қайталағанда сөздердің басқа бір тобын айтады да, өзі бұрын бірнеше рет қайталаған сөздерді есіне түсіре алмайды. Мұндай жағдайда «еске сақтау ирегі» өрлеу кейпін көрсетеді.

Көптеген жағдайларда сынақ үстінде сырқаттың әлсірегендігі байқалады, соның нәтижесінде 4-5 рет қайталағанда жоғары көтерілген «еске сақтау ирегі» төмендей түседі де, күмбез кейпін көрсетеді.

Сонымен жоғарыда келтірілген еынақтар сырқаттың еске сақтау қабілеті шегін анықтаумен қатар, оның белсеңді психикалық қызметі ерекшеліктері туралы құнды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

Санау арқылы интерференциялау. Сырқаттың алдында сырқатқа сөздердің екі тобын есінде сақтау ұсынылады. Олар: 1—сына, қыс; 2—сандық, есік. Әуелі бірінші топтан (?/1), одан кейін екінші топтағы (?/2) сөздерді қайталау ұсынылады.

Бұдан әрі бір минут ішінде сырқат ойынша есеп шығаруға тиіс (екі таңбалы сандарды қосу немесе алу немесе 100-ден 7-ге дейін бірнеше рет алу). Сонан соң ұсынылған сөздердін бірінші және екінші топтарын қайталау керек, сынақ барысында сөздерді қайталау дұрыс-бұрыстығы немесе ойлау кемістігі, интерференцияның әсері, контаминациялар немесе персеврациялар болу мүмкіндігі байқалады.