Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

VI тарау

ЖОҒАРЫ МИ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛУЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ МЕН СИНДРОМДАРЫ

Адам миының нақты және абстракты ойлай алатын қабілеті бар. Бұл қабілет қоғамдық еңбек жағдайында қалыптасқан.

Мидың өсіп дамуы қарақұс және маңдай бөліктерінің, әсіресе екіншілік және үшіншілік зона аймақтарының ұлғаюы арқылы жүзеге асырылады. Мидың бұл аймақтарында сыртқы мағлұматтар -қабылданып, сараланады, мінез-құлық, күрделі бағдарламалардың орындалуы қамтамасыз етіледі, рухани күй ішкі сезім бақылауға алынады.

Мінез-құлық әрекеттерінің жүзеге асырылуына ми қыртысы ғана емес, сонымен бірге осы әрекеттердің реңін қамтамасыз ететін қыртыс асты құрылымдары да қатысады. Қазіргі физиалогия ғылымы ми қызметі жүйесінің тікеден-тік ұйымдастырылғандығын ай-ғақтап отыр. Бірімен-бірі тығыз байланысты нерв жүйесінің түрлі деңгейдегі құрылымдарының жоғарыда аталған күрделі әрекеттердің әрқайсысына қатынасуы миды өзін-өзі реттейтін жүйеге айналдырады.

Ми қыртысы психикапық процестердің бірден-бір субстраты бола алмайды. Мидың түрлі бөліктерінің өздеріне тән қызметтері бар. Мысалы, қимыл-әрекеттер алдыңғы орталық ирелең, көру қабілеті шүйде бөлімі, сезімділік төбе бөлімі т.т. арқылы жүзеге асырылады.

Психикалық процестердің ең қарапайым алғашқы деңгейі гипоталамус пен ми бағанына байланысты. Бұл деңгейде шартсыз рефлекстер реттеледі, яғни адамның мінез-құлқын айқындауға қажетті импульстер осы тұста басталады да басқа деңгейлерге тарайды. Көптеген қажеттіліктер (тәбет, шөл, жыныс құштарлығы т.б.) қыртыс асты құрылымдарының (гипоталамус, стриопаллидарлык жүйе) қатысуымен жүзеге асырылады. Қыртыс асты мен ми бағаны ми қыртысының сергектігін қамтамасыз етеді. Ол торлы формацияның белсенді қызметі нәтижесінде іске асырылады (Мэгун, Морруии, 1949). Эмоция да қыртыс асты құрылымдарының әсеріне байланысты.

Психикалық процестерді бұдан жоғары екінші деңгейде реттеу ми қыртысының проекциялық зоналарына - анализаторлардың қыртыстық ұштарына байланысты. Анализаторлардың қыртыстық ұштары әрқайсысының құрамында сырткы аппараттың басым көпшілігінің талшықтары келетін проекциялық зоналардан басқа «шашыранды элементтер» зоналары бар. Олардың клеткалары информацияларды тікелей қабылдамайды. Бұл зоналар негізінен қыртыстық ассоциативтік неврондардан құрастырылады, анализаторлардың қыртыстық ұштары тоғысатын тұстарына орналасады.

Үшінші немесе ең жоғары деңгейдегі психикалық процестерді ұйымжастыру мидың алдыңғы бөлігі, ең алдымен маңдай бөліктері қызметіне байланысты, Мидың бұл бөлімдері қыртыс пен қыртыс асты өзара қатынастар негізінде белсенді және рефлекстік әрекет-терді жүзеге асырады. Бұл зоналарға қыртыс асты орталықтарында әлденеше түзетулер енгізілген және көршілес ми қыртысы бөлімдерінен транскортикальдық байланыстар арқылы импульстер келеді. И.П.Павловтың пікірі бойынша, ми қыртысында алдын ала дайындалып қойылған қызмет орталығы жоқ. Ми қыртысы тұтасымен анализаторлардың қыртыстық ұштарының комплексі болып есептеледі.

А.Р.Лурияның тұжырымдарына қарағанда, адамның іс-әрекеті күрделі «рефлекстік жүйе» деңгейінде түсіндіріледі. Нерв жүйесінің қоздырылған және тежелген құрылымдарының бірлесе атқаратын жұмысы нәтижесінде организмге жететін сигналдар сараланады және жинақталады да уақытша байланыстар жүйесі құрастырылып, қоршаған ортамен тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.