Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром

Гипотензиялык синдром ми-жұлын сұйығы қысымының мөлшері су бағанасымен алғанда 80-100 мм-ден кем болған жағдайда кездеседі. Ол көбіне бас сүйек-ми жарақаттануынан кейін немесе ми-жұлын сұйығы шығуына кедергі жасайтын ми қарыншаларының хориоидтық өрімдері қабынуы кезінде пайда болады. Мұндай жағдайда бас сүйек қуысы қысымы төмендейді де кейде нольге дейін барады.

Кейбір мамандардың мақұлдағанындай бас сүйек қуысы гипотензиясын сирек кездесетін синдромдар қатарына жатқызу жаңсақтық. Өйткені ол көпшілік жағдайларда анықтала бермейді де ауытқушылықтың басқа түрлері қатарында (неврастения, энцефалопатия, вестибулопатия, эпилепсияның жеңіл ұстамасы т.б.) қабылданылады.

Бас сүйек қуысы гипотензиясының пайда болу және даму себептері:

1) ми-жұлын сұйығы (ликвор) жүйесіне емдік және диагностикалық әдістерді қолдану кезінде: мидың қатты қабығында пайда болатын тесіктен ликвордың (сұйықтың) ағып кетуі;

2) ми-жұлын сұйығы жолдарының тесілуі (жылан көзденуі) кезінде сұйықтың ағуы;

3) су-тұз алмасуының бұзылуы (жиі құсу, іш өту, зәр шығару

жиілеу);

4) бас сүйек-ми жарақаттануынан кейін немесе мидағы қабыну процестері әсері мен вегетативтік реттелудің өзгеруіне байланысты ми-жұлын сұйығы өнімінің төмендеуі;

1) ішкі ағзалары және ішкі бездер аурулары кезінде немесе қарауға байланысты (әсіресе жас келіншектерде) артериялық қысымның төмендеуі (гипотония).

Гипотензиялық синдромның клиникалық белгілері; әр түрлі деңгейде бас ауруы (көбіне қысып, соғып ауру), лоқсу, құсу, кейде ми қабығы қабыну симптомдары, әлсіздік, жүрек соғуынын жиілеуі (тахикардия), басын аянышты кейіпте ұстау. Бұл симптомдар сырқат орнынан тік тұрғанда анығырақ айқындалады да, жатқанда, басын төмен салбыратқан кейіпте әлдеқайда бәсеңдейді. Көбіне ортостатикалық брадикардия пайда болады. Кейбір жағдайда бас ауруының күшеюіне байланысты, сонымен қатар оның болмаған кезінде де қысқа мерзімді талмалар байқалады. Оларды дәрігерлер көбіне баяу эпилептикалық талмалармен шатастырып алады.

Гипотензия синдромы белгілерінің гипертензия синдромы симптомдарына ұқсас болғандықтан, ми-жұлын сұйығын алып, қысымы төмендеу деңгейін білмейінше бас сүйек қуысы гипотензиясын анықтауға мүмкіндік жоқтың қасы. Мұндай жағдайда ми-жұлын сұйығы қысымы су бағанасымен 100-мл-ден 0-ге дейін түседі. Ми-жұлын сұйығы қысымын өлшеу басқа да диагностикалық тексерістермен қатар тиісті емдік тәсілдер (сұйық сусындарды көп мөлшерде ішкізу, изотониялық ерітінділерді венаға құю т..б) тағайындауға жәрдемін тигізеді.

8.4. 2, 4, 8, 16 есе көп араластырылады. Ең көп араласқан сұйық пен азоттың қатық қышқылы арасындағы болар-болмас күңгірттенген сақина ми-жұлын сұйығында белоктың белгілі бір мөлшеріне сәйкес келеді. Оны арнайы кесте арқылы есептеп шығаруға болады.

Ми-жұлын сұйығын иммунологиялық тексеру

Егер нерв жүйесі ауруының себебі сифилис болса, онда ми-жұлын сұйығын Вассерман, қан және цитохолдық реакциялар арқылы зерттейді. Бруцеллезге байланысты болған жағдайда оны дәлелдеу үшін Райт және Хеддлсон реакциясын пайдаланады. Сүзектің немесе бөртпе сүзектің диагнозын қою үшін Видаль жэне Вейль-Феликс реакциясы жүргізіледі.

Ми-жұлын сұйығын бактероскопиялық, бактерологиялык және вирусологиялық тексеру

Менингококты табу үшін іріңделген сұйықты шыны бетіне жағып, спиртпен бекітеді де Грамм тәсілімен бояйды.

Туберкулез таяқшасын табу үшін ми-жұлын сұйығында пайда болған пленканы шыныға жағады да Циль-Нильсен әдісімен бояйды.

Ми-жұлын сұйығын бактериологиялық тексеру үшін оны ав-токлавтандырылған шыны түтікке құйып қыздырады. Бұдан кейің сұйықты бактериологиялық лабораторияға жіберіп, микробтық қоздырғыштардың түрін және оның антибиотиктерге

Менингеальдық синдром

Ми қабықтары қабынуы, улану және оның тор қабығы асты кеңістігіне қан қүйылуы кезінде ми қабықтары тітіркенуіне байла-нысты менингеальдық (ми қабықтары) синдром пайда болады.

Менингеальдық синдромның клиникалық белгілері:

1) бастың қалпы өзгеруіне, жарық сәулеге және қатты дыбыстарға байланысты бас ауруының күшейе түсуі;

2) көк желке, омыртқаның артқы бойы ауруы;

3) тағам қабылдауға қатыссыз, кенеттен көп мөлшерде құсу және осыдан кейін бас ауруы деңгейінің бәсеңдеуі;

Ми қабықтары тітіркенуінен пайда болатын бұлшық еттер тонусы өзгеруі арқылы көрініс беретін белгілер көмегімен менингеальдық синдромды объективті түрде дәлелдеуге болады.

1. Тазы иттің кейпі. Сырқат басын шалқайтып, аяғын бауырына алып, ішін тартып шалқасынан жатады.

2. Желке бұлшық еттерінің сіресуі — желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды 3. Керниг симптомы. Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік: бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды

4. Брудзинский симптомы Сырқаттын басын имек болсақ, аяқтары да иіледі — жоғарғы белгі (а); кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі — ортаңғы белгі (б); Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі — төменгі белгі (в).

5. Мендель симптомы. Құлақтың сыртқы тесігінің алдыңғы жағын саусақпен (қаттырақ) батыра басса, сырқат бетін тыжыртып ауырсынғанын білдіреді.

6. Бехтеревтің бет сүйек рефлексі. Бет сүйегін балғамен тықылдатып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады

7. Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі. Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады Менингальдық симптомдар емшектегі сәбиде оның еңбегі ширығыш айқындала түсуімен көрініс береді.