Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары

Патологиялық өзгерістер вегетативтік жүйенің кез келген бөлік терінде кездесе береді. Осыған байланысты оның қызметі бұзылу ерекшеліктері мен дене бөлшектерінде таралуы да әр түрлі болады. Нерв жүйесінің қандайда болмасын бөлшектерінде вегетативтік

элементтер болатындықтан оның орталық және шеткі құрылымда-ры зақымданған кезде вегетативтік өзгерістер жиі кездеседі. Вегетативтік нерв жүйесі патологиясының ерекшеліктері:

1) патологиялық белгілердің белгілі бір тәртіппен (ретпен) қайта-лана беруі;

2) қозу құбылысының тежегіш құбылысынан басым болуы;

3) патологиялық өзгерістер сипаты ықпалының кеңінен таралуға бейімділігі;

Сегменттік вегетативтік бұзылымдардың негізгі белгілері:

1) қызыл (күйіп) сыздап ауыру және оның әсіресе түнде, ты-ныштық жағдайда күшеюі (симпаталгия);

2) дененің бір бөлігінің көгілдірлене бозаруы (цианоз, акроци-аноз), сұрлануы немесе қызаруы, температурасы төмендеуі, капил-лярлар тонусының өзгеруі, жіңішке қантамырларында қан жүруінің, әсіресе қол мен аяқтың ұштарыңда жылдамдауы, жүрек тұсының ауыруы және оның қимылдау ырғағының бұзылуы;

3) терщендік, терінің қайсыбір бөлігінің құрғауы (ангидроз), терлеуі (гипергидроз);

4) трофикалық бұзылымдар (шаштың түсуі, ангидроз немесе гипергидроз), ойық жара, алақан терісінің қалыңдауы, тырнақтың сызғылануы, шаштың ағаруы, сүйек буыңдарының дегенеративтік өзгерістері;

5) ішкі ағзалардың вегетативтік нервтендіруі бұзылуына байла-нысты висцеральдық криздар.

Жиі кездесетін вегетативтік синдромдар:

І.Күнгей түйін өрімінің зақымдануы кезінде вегетативтік бұзы-

лым симптомдары айқын білінеді. Құрсақ маңайында талма тәрізді

(бұрау, тесу, кесу т.б.) ауру түрлері пайда болады. Бұл талмалар

бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, тынышы кеткенде және ауыржұмыс атқарған кезде күшейеді. Сырқаттың ішегі түйілуі (пилороспазм), ұлтабар, өңеш түйілуі (кардиоэзофагоспазм), ішті кептіретін (метеоризм), өткізетін, құстыратын, зәрді көп шығаратын т.б. ішкі ағзалар қызметінің бұзылуы (дискинезия) мүмкін. Күнгей түйін өрімдері тұсын (кіндік маңайын) саусақпен басқан кезде ауырсынады, тамыр соғу жиілігі сирейді (брадикардия), артерия қысымытөмендейді (гипотония), жүрек қимылы ырғағы бұзылады (аритмия немесе тахикардия). Сырқат талма ұстаған уақытта әлсірейді денесі қызғандай тітіркенеді және үрей пайда болады.

2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.

Шекаралық симпатикалық баған зақымдануы кезінде парестезиялар, симпаталгиялық ауырсыну, тершеңдік және трофикалық бұзылымдар дененің зақымданған деңгейге сәйкес бөлшектерінде

болады.

Жоғарғы мойын симпатикалық түйір зақымданса, осы аталған өзгерістер сырқаттың бетін, басын, мойнын және кеуденің екінші қабырғаға дейінгі бөлімін қамтиды. Мұндай жағдайда зақымдан-ған жағында Клод-Бернар-Горнер синдромы (миоз, птоз, энофталъм) немесе қоздыру процесіне байланысты оған қарама-қарсы синдром (мидриаз, көз аясының кеңуі, экзофтальм) пайда болуымен ерекшеленеді. Кейде көмейдегі секреторлық қан айналым бұзылуына байланысты сырқаттың дауысы қарлығады, көздің мөлдір қабығы реңсізденеді, шашы ағарады.

Төменгі мойын симпатикалық түйін зақымданғанда оның тал-шықтары жоғарғы түйінмен байланысты болғандықтан жоғарыда аталған симптомдар У-УІ қабырғаларға дейін 2-3 кеуде түбіршектер арқышы нервтендірілетін иық пен шынтақтың ішкі жағын есептемегеңде, бүкіл қолға дейін тарайды. Мұнымен қатар жүрек тұсының ауыру және оның қимыл ырғақтарының бұзылуы да кездеседі. Олар талма тәрізді боп нағыз стенокардия талмасына үқсап қорқынышты сезіммен қатарласа кездеседі.

Шекаралық симпатикалық бағанның, мойын түйіндерін қоздырылу (түршігу) процестеріне байланысты ұстамалы түрде пайда болатын симпатикалық сипатты ауырсыну байқалып тұрады. Бұл симптомның бет аймағында жиірек кездесуін үшкіл нерв неврал-гаясымен шатастырып алуға болады. Осы деңгейдегі патологиялык, процестерге байланысты бет тканьдерінің үдемелі солуы мүмкін-Мұндай жағдайда беттің бір жағындағы тканьдар, сүйекті қоса есептемегенде, семіп қалады.

Кеуде түйіндерінің екінші түйірден төменгілері зақымданса осыларға сәйкес дене мен қол-аяқтың тері аймақтарында вегетативті бұзылымдар болады. Олар кеуде және құрсақ тұстарында көлденей сызық тәрізді білінеді. Осы сияқты сызықтар қол ұшындағы симпатикалық бұзылымдармен қатарласа пайда болуы орталық кеуде түйіндері зақымдануының ерекше белгісі болып есептеледі.

Төменгі кеуде және жоғарғы бел түйіндері зақымдануы кезінде вегетативтік бұзылымдар құрсақтың төменгі жағы мен аяқты қам-тиды. Көбіне кеуде ганглиониттері ішкі ағзалар функциясы бұзы-луымен де сипатталады. Бел-сегізкөз түйіндері зақымдануы кезінде вегетативтік бұзылымдар сырқаттың аяғында болады.

Вегетативтік-ирритативті синдромдар — талмалы вегетативтік бұзылымдар. Вегетативтік нерв жүйесіне кең таралатын қозу процесіне байланысты вегетативтік талмаларға көршілес сегменттер, зақымданған жаққа қарама-қарсы және орталық вегетативтік аппа-раттар қатысады (араласады).

Жамбас қуысындағы ағзалар қызметінің бұзылуы

Зақымданған деңгейі жұлынның бел-сегізкөз орталықтарынан жоғары болса мына төмендегі симптомдар пайда болады:

1) зәр жүрмей қалу ;

2) зәрді мезгіл-мезгіл тоқтата алмау ;

3) несеп жүрмей қалу;

4) несепті мезгіл-мезгіл тоқтата алмау;

5) жыныс органдары қызметінің бұзылуы.

Жамбас қуысы органдарының, бел-сегізкөз орталықтары зақымданса, сырқат зәрін нақты ұстай (тоқтата) алмайды, зәр үнемі тамшылап тұрады, зәр шығару келгісі келгенін сезбейді де оны тоқтата алмайды. Мұнымен қоса сырқат несебін де тоқтата алмайды, жыныс қабілеті әлсірейді (импотенция).

Қуық мойны бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті сақталған

жағдайда олар зәр қысымына бір мезгіл қарсылық жасайды да зәрді

шығармайды. Зәрге толған қуықтың қысымы артады да ол тамшы-

лап шыға бастайды. Зәр шығару орталығы жартылай зақымданса императивтік сезім пайда болады да, зәр еріксіз шығып кетпеуі үшін оны қанағаттандырған жөн. Ол сфинктерлердің босуымен байланысты. Мұнымен қатар өздігінен газ бен сұйықталған несеп шығып кетуі, сондай-ақ жыныстық қызметінің бұзылуы мүмкін.

Сегмент үсті құрамдарының зақымдану синдромдары

Сегмент үсті вегетативтік өзгерістер лимбия-торлы зат ком-плексіне қатысты мидың өзгешеліксіз құрылымдары бұзылуына

байланысты.

Ескерте кету керек, егер сегменттік вегетативтік бұзылымдар өзіндік тұрақтылығымен немесе перманенттік ерекшелігімен сипатталатын болса, сегмент үсті құрылымдары қызметінің бұзылуы перманенттік, ұстамалы және перманенттік-ұстамалы криздер болып үшке бөлінеді.

Симпатикалық-адреналдық криздің (қозудын) белгілері: үрейлену, артерия қысымының жоғарлауы, жүрек соғысы ырғағының жиілеуі (тахикардия), дененің тоңазығандай болып қалшылдауы, жүрек маңайының жайсыздануы, аяқ-қолдың мұздауы және ұюы.

Вагоинсулярлық криз (қозу) симптомдары: бас айналу, жүрек айну, әлсіреу, артерия қысымының төмендеуі (гипотония), экстра-систолия, ішек-қарынның ширығуы, жүрек тоқтап қалғандай болу.

Аралас криздар кезінде симпатикалық-адреналдық және ваго-инсулярлық криздар симптомдары бірімен-бірі араласып кетеді. Көбіне бұл ұстамаларда аталған екі криздің біреуінің белгілері ба-сыңқы болып білінеді. Кейбір жағдайларда аралас криздер көп фа-залы дамуы, яғни симпатикалык криз белгілерінің парасимпатика-лық криз сипатымен аяқталуы немесе керісінше болуы мүмкін.

Лимбия-торлы зат комплексі құрамына кіретін жекеленген құ-рылымдар зақымдануына тән клиникалық белгілерді күнделікті тәжірибеде дәл тауып анықтау өте қиын. Тек схема түрінде ғана оларды үшке бөлуге болады:

1. Гипоталамус синдромы. Жүйке мен ішкі бездер ара-қатына-сының бұзылуына байланысты вегетативтік-қан тамырлық және висцеральдық талмалар ішкі бездер қызметінің бұзылуы белгі-лерімен қатарласа кездеседі. Мұнымен қоса дене қызулығын үйлес-тіру механизмі бұзылу, қалыптан тыс ұйқышылдық пайда болады

2. Ми бағаны торлы затының зақымдану синдромы —вегетативтік қан тамырлар және вицеральдық талмалардың вицеральдык, бұзылымдармен қатарласа кездесуі.

3. Ми қыртысы лимбия аймағынын зақымдану синдромы. Перманенттік вегетативтік ауытқулар парасимпатикалық криздер (талмалы түрдегі аурулар) сәйкестілігімен және бір симптомдылығы-мен ерекшеленеді. Мұнымен қоса психосенсорлық бұзылымдар (дыбыс, көру елесі, шошыну, жиіркену, зейіннің азаюы), кенеттен есінен танып қалу, ұйқышылдық байқалады.

Вегетативтік нерв жүйесіндегі патологиялық өзгерістер инфекция, жарақат, улану, ішкі бездер қызметінің бұзылуы, аллергия, көңіл-күйдің күйзелуі, ішкі ағзалар ауруларында т.б. толып жатқан себептердің әсерінен пайда болады. Сол себепті вегетативтік нерв жүйесі зақымдануы синдромдарын біліп түсіне білу барлық мамандықтағы дәрігерлерге өте қажет.

Нерв жүйесінің немесе басқа ағзалар зақымдануы кезінде кездесетін вегетативтік синдромдарды дер кезінде анықтаудың дәрігерлер үшін маңызы зор. Өйткені ол емдеу тәсілдерін тағайындаған кезде шешуші роль атқарады

УІІІ ТАРАУ

БАС СҮЙЕГІ ІШІНІҢ ГИПЕР ЖӘНЕ ГИПОТЕНЗИЯСЬІ, МЕНИНГЕАЛЬДЫҚ, ЛИКВОРЛЫҚ СИНДРОМДАР