Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_variant_ekzamen_khirurgia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

9.Кератиттердің жалпы симптоматикасы және оның жіктемесі

Қасаң қабақтың қабынуы- кератит салыстырмалы белгілермен жүреді.

-жарықтан қорқу, блефороспазм, қабақтың ұстамалы тырысуы, жас ағу, перикорниальді және аралас қызару, қасаң қабықтың бетінің жылтырауымен тегістігі, бөтен дене тұрғандай сезіну, тактильді сезімталдылықтың төмендеуі, инфильтраттың болуы.

Кератиттің классифакациясы:

А. Қасаң қабықтың қабыну аурулары

1. Экзогенді кератиттер

а. Инфекционды-бактериальді-қасаң қабықтың беткейінің бүтіндігінің бұзылысы, іріңді, іріңді емес, қасаң қабықтың беткейінің бүтіндігінің бұзылмауы

б. Травмалық кератит-яғни механикалық, физикалық, химиялық, сәулелік жарақаттың әсерінен

в. Конъюктиваның, қабақтың ж/е мейбомдыбездердің ауруларымен шақырылған кератит

г.Саңырауқұлақты кератит н/е кератомикозы

Б. Эндогенді кератит

1. Инфекциялық кератит

а.гематогенді, туберкулезді, сифилистік

2. Аллергиялық

3. Нейрогенді

4. Авитаминозды

5. Увеальды

В. Герпестік кератит

Г. Дистрофиялық кератит

Д. Қасаң қабықтың туа пайда болған формасының өзгеруі

Е. Қасаң қабықтың ісігі

Ж. Этиологиясы белгісіз кератит

Процесстің ағымы: жедел, жеделдеу, созылмалы, қайталамалы болуы мүмкін.

Орналасуы бойынша: орталықты, перифериялық

Зақымдалуыдың тереңдігі: беткей ж/е терең

Кератиттің ақыры: пленка, лейкома, стафилома, фистула, тыртық т.б.

10.Гематурия. Гематурия түрлері. Үш стакандық сынама.

Гематурия несепке қанның араласуы.Макро-және микроскопиялық гематурия блып бөлінеді.Макро гематурияда зәрдің түсі қызыл-күрең болады.Микроскопиялық гематурия инициальдық,терминальдық,тотальдық болып үшке бөлінеді.Инициальдық гематурияда қан кету ошағы –үрпі.Гематурияны уретрораггиядан ажырата білу қажет,уретрораггияда қан үрпіден несеп шығару әрекетінен тыс бөлінеді.Макро гематурияда қан ұйықтарының пішінінің диагностикалық маңызы бар.Егер де зәрде құрт, ұршық тәрізді қан ұйықтары болса, ондағы қан шығу ошағы бүйрек ісігі болуы мүмкін,ал пішінсіз қан ұйықтары болуы-қуық ісігіне тән .Макрогематурия кезінде жедел цистоскапия жүргізу қажет, өйткені ол аурудың алғашқы жалғыз ғана белгісі болуы мүмкін.Микроскапиялық гематурия көбінесе несеп тас ауруында болады. Гематуриямен қоса толғаққа ұқсас сыздау қуық немесе простатаның ауруларына тән.Несеп жүйесінің ісіктерінде гематурия сыздау синдромымен жүрмейді.Қуықтан қан кетуде үлкен қан ұйындылары болады.Ұршық не құрт тәрізді қан ұйындылары бүйрек , несеп ағар ісіктеріне тән.Қан ұйындылары мен бітелуде бүйрек шаншуы да кездеседі.Гематурия сипаты қан кету ошағын көрсетуі мүмкін. Егер қан тек несептің алғашқы үлесінде болатын болса- инициальді не бастапқы гематурия ,онда потологиялық ошақ( жарақаттану ,обыр ,полип ,қабыну) уретрада орналасады. Қан несептің соңғы үлесінде болса-терминальді гематурия ,онда детрузордың жиырылуы қуық не уретраның зақымданған бөлігінен қан шығуына соқтырады(қуық, простата , шәует төмпешігінің қабыну мен ісігінде.Егер зәрде толығымен қан араласса –тотальді гематурия болады: бұл бүйректен , несеп ағардан, қуықтың тұрақты қан кеткенде байқалады.

Үш стакандық сынама арқылы –зәр жолдарындағы патологиялық процесстің шамамен локализациясын көрсетеді.Қолдану көрсеткіштері-уретрит, простата аурулары, несепағар, бүйректің , қуықтың қабыну аурулары.Гематурия және пиурия ошағын нақтылауда жасалынады.Бұл сынама көбіне таңғы зәрден алынады. Егер зәрдәң 1-порциясында гематурия болса-зәр шығару каналынан,3-порциясында болуы –қуықтан,зәрдің барлық порциясында болса бүйрек,несепағар патологиялары екені анық.Бірінші порцияда лейкоциттің болуы-уретрит пен проостатада қабыну ауруларын көрсетеді.Үшінші порцияда – лейкоцитурияның болуы қуықтың қабыну ауруын көрсетеді.

№ 4 нұсқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]