Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_variant_ekzamen_khirurgia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

7. Жасөспірім қыз баладағы жедел аппендициттің ажыратпалы

Жедел аппендицит бұл-соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы. Этиологиясы:нерв регуляциялық аппаратының бұзылуынан,бұзылысқа әкелетін факторлар:1.сенсибилизация(аллергиялық компоненттер-тағам,глисттер);2.рефлекторлы жол(асқазан,ішек,өт қабы аурулары);3.Басты тітіркендіргіштер(бөгде зат,нәжістік зат).Құрт тәрізді өсіндінің морфологиялық өзгерістеріне қарай:-катаральды,-гангренозды,-флегмонозды.Асқынулары:аппендикулярлы инфилтрат,дуглас абсцесі,пилефлебит,жайылған перитонит.Клин көрінісі:жедел аппендицит 12-16жас аралығындағы қыз балаларда жиі кездеседі,клиникалык көрінісі ересектердікімен бірдей болып келеді.Диагностикасы:анамнез жинау ж\е объективті қараудан бастайды,жедел аппендицитке тән симптомдар ситковский-науқасты сол бүйіріне жатқызған кезде құрт тәрізді өсіндінің ығысуына байланысты оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшейуі,Щеткин-блюмберг-сол жақ мықынды басып тұрып қолды алғандағы ауырсынуды айтады,Воскрисенский симптомы-науқастын киімін төмен қарай тартып үстінен қолды сырғанатқандағы ауырсыну.Кохер симп-эпигастрий кіндік кейін оң жақ мықын аймағына берілетін ауырсыну.Осы аталған симптомдармен қатар температураның жоғарылауы субфебрильді,құсу,жүрек айну,іш өтуі болады.Диф диагноз жүргізу үшін УЗИ,көлемді рентгенография,ректальды зерттеу.Пубертантты жастағы қыздар міндетті түрде гинеколог қарауынан өтуі қажет,өйткені жатыр қосалқыларының қабынулық ауралары,аналық без кистасы,жатырдан тыс жүктіліктің клин көрінісі ұқсас келетіндіктен.Емі.Негізгі емі хирургиялық,ену жолы Волкович Дяконов тәсілімен оң жақ мықын аймағын 3ке бөліп ортаңғысын тілу арқылы жүргізіледі.

8. Мұрыннан қан кету.

Мұрыннан қан кету (эпистаксис)-мұрын қуысынан белгілі себептерге байланысты қан кету.2 типі болады.1) алдыңғы 2)артқы. Кейде қан жоғары көтеріліп мұрынжас каналы арқылы қан көзденде шығады.

Этиология: 2 топқа бөлуге болады.1) жергілікті2)жүйелі факторлар Жергілікті факторлар: мұрын жарақаттары, бөгде заттар, қабыну процесстер,анатомиялық деформациялар, мұрын қуысында ісіктер Жүйелі фактр:аллергия, артериальды гипертензия, дарілік заттардың жағымсыз әсерлері, алкогольды қолдану, қан аурулары, с және К витамин жетіспеуі, жүрек жеткіліксіздігі.

Клиникасы:мұрыннан қан кету, анемияға алып келу мүмкін, көп мөлшерде қан кеткен жағдайда пульс жоғ-ды. Диагностика:алдыңғы риноскопия,Кисельбах жолын қарайды,алдыңғыда қан кету көп болмайды. Артқы бөлігінде қан кету көп мөлшерде кетеді.Тамырлардың орналасуына байланысты.Емі: Бірінші жағдайда қан тоқтатқанда, мұрын қанатынан саусақпен басады.Шүйдеге суық қояды.3-4 аралықпен,қан тоқтағанға дейін.Егер осы әдістен кейін қан тоқтамаса онда мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жасалынады.1% дикаин ер. және 0,1% адреналин ерітіндісімен шырышты қабықтарды сүртіп, йодоформ н/е гемостатикалық Васильев пастасымен марлелік тампонмен тампонада жүргізеді. Тампон қабатпен мұрын қуысының түбінен бастап енгізеді. Тағы да поролоннан н/е хирург-қ қолғаптан жасалынған эластикалық тампон қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]