Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_variant_ekzamen_khirurgia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

5. Анатомиялық түзілістердің көрсетілген ретіне сәйкес жазыңыз

Желудок .

1 — incisura cardiaca ventriculi; 2 — fundus ventriculi; 3 — corpus; 4 — curvatura ventriculi major; 5 — pars pylorica; 6 — antrum pyloricum; 7 — pars horizontalis inferior duodeni; 8 — pars descendens duodeni; 9 — pars superior duodeni; 10 — pylorus; 11 — incisura angularis; 12 — curvatura ventriculi minor; 13 — pars cardiaca; 14 — esophagus.

6.Жамбас зақымдануының жіктемесі.

Жамбас сүйектері әдетте қандайда бір заттың соққысынан,жамбаспен құлаудан,жамбасқа алдыңғы,артқы жағынан,көлденеңінен немесе қиғашынан,әртүрлі бағытта қысым түсуінен зақымданады.Жамбастың зақымдануы төрт топқа бөлінеді.

1)Сүйектің жамбас шеңберінің тұтастығын бұзбай сынуы.Мұндай сынықтары кезінде жамбас шеңберінің тірек функциясы сақталады.

2)Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынық (алдыңғы,артқы және араласбір жақты,диагональді.

3)Ұршықтың сынуы(шетке,сынып-буын шығу және сынып буынның созылуы»

4)Буынның шығуы және сынып буын шығу (шат сүйегі және құйымшақтың біріккен жерінде)

Жамбас сынған кезде клиникалық көріністердің айқындалуы дәрежесі сол сынықтың өзінің шегіне,сипатына және көлеміне,сонымен қатар,зақымданған адамның ауруға шыдамдылығына,жалпы жай-күйіне, басқа зақымдардың бар-жоғына,бұрын көрсетілген медициналық көмекке де байланысты.

Жамбас шеңберінің тұтастығы сақталған сынық кезінде ауыруы көбінесе сынған жердің маңайында сезіледі.Жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынықтардың анағұрлым айқын белгілері болады,өйткені ол тірек функциясының бұзылуына ,спонтанды және ауру тудыратын қан кетулерге байланысты.Зардап шегушілерге өз бетімен жүру қабілетінен айрылады.Жамбастың ұршықтың сынуы зақымның формасы мен дәрежесіне қарамастан буын шеміршегін зақымдайды және мұнан кейін асқыну қаупін тудырады.Жамбастың сынып,буынынан шығуы,шат сүйегі мен сегізкөз-мықын буындасуының жамбас сүйектеріне біріккен жерлерінің бір-бірінен ажырап кетуінен пайда болады.Жамбас органдары бір мезгілде зақымданған жағдайдажамбас сынығының клиникалық –симптомдар комплексіне тиісті органның зақымдану белгісі де қосылады

7. Тік ішектің және анустың атрезия түрлері. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз.

Асқынулары. Операция уақыты.

Тік ішек пен анустағы даму ақаулары эмбриогенездегі бұзылыстар әсерінен болады.Ұрықтың эмбриональды дамуының 2ші айында ішектік түтіктің каудальды бөлігінде шел(тесік) қалыптаспайды. Ішектің соңғы бөлімі мен біріншілік бүйрек каналы бірігіп жалпы қуыс-клоакаға ашылады.2ші ай соныңда клоака көлденең аралықта екі бөлікке бөлінеді.Артқы бөлігінен тік ішек пен анус түзілсе,ал алдыңғы бөлігінен-зәр шығару жүйесі түзіледі.Осы процесстің бұзылысынан бірдей болатын аномалиялар дамиды.Себептері:ұрпақтан ұрпаққа берілетін атрезия формалары:vater ж\е vacterl синдромдары,анус,тік ішек,өңеш атрезияларыж\е тағы басқа факторлар әсерінен болады. Клин корінісі:толық атрезия кезінде жаңа туылған нәрестенің алғашқы сағатында одан кейінгі уақыттардағы көрінетін негізгі клин көрініске төменгі ішек өтімсіздігі болады:құсу,іштің кебуі,меконияның жоқ болуы.Анус атрезиясы кезінде жергілікті терінің жұқаруы ж\е "түрткі симптомы"анықталады.Нәресте жөтелгенде және жылап тырысқанда анус терісінің томпаюы болады.Тік ішек атрезиясының анус атрезиясынан салыстырмалы ерекшелігі онда түрткі симптомы болмайды ж\е тек қана сигматәрізді ішекте газдың жиналуы болады.Диагностиканда аралықты тексеру,тік ішекті зондтау,УЗИ,12-18сағаттан кейін Вангенстен бойынша рентгенография,несеп шығару каналдарына катетризация,уретроцистография әдістерін қолдануға болады.Емі.Бастапқы кезде диета кейінен оперативті ем тағайындайды,шұғыл түрде пластикалық операция.

8.Паратонзиллиттер. Этиологиясы. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз. Негізгі диагностика әдістерін тізіп көрсетіңіз. Емнің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіз.

Паратонзилиттер- таңдай бадамша маңының қабынуы.Этиология: вирулентті инфекцияның түсуінен, Қоздырушы А тобындағы стрептакокк, патогенді және шартты патогенді штаммдар, стафилакокктар, анаэробты инфекциялар.Клиника: ангинадан бірнеше күннен кейін, созылмалы тонзиллиттің асқанған түрінен кейін дамиды. Жұтынған кезде тамағының ауырсынуы, тіске, құлаққа иррадиация беріледі.Жағдайы нашарлайды: бас ауру, дене темп фебрильді санға дейін жоғарылайды.Шайнау бұлшықеттерінің тризмы болады.лимфа түйіндері ұлғайған.Диагностика: лаб зерттеу: қанда лейкоцитоз, СоЭ жоғ-н, аспапты зерттеу: УЗИ, спиральды комп томография. Емі: Дезинфицирленген ерітіндімен тамағын шаю,бұлшықетке пенциллин иньекциясын енгізу,ісік және инфильтация сатысында қабынуды емдеу, іріңді процесті дренирлеу, инфекция ошағын жою, антибиотикотерапия,қабынуға қарсы дәрілер. Асқынған жағдайда оперативті ем-тонзилэктомия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]