Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.

ТЕСТ 1. КЕЛЕСІ АТАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАР ДҰРЫС ПА?

1. Егер сұраныстың бағалық икемділігі модуль бойынша 2-ден жоғары болса, онда тауарға деген сұраныс икемді.

1) Иә

2) Жоқ

2. Егер тауар бағасы төмендеген кезде жалпы түсімі өсетін болса, онда осы тауарларға деген сұраныс икемсіз.

1) Иә

2) Жоқ

3. Тұтынушының табысы жоғары болған сайын, барлық басқа жағдайлар тұрақты болған кезде тұтынушының кез келген қарапайым тауарға деген сұраныстың бағалық икемділігі соншалықты төмен болады (сұраныстың сызықтық функциясы үшін).

1) Иә

2) Жоқ

4. Егер берілген нүктеде сұраныстың сызықтық функциясының бағалық икемділігі модуль бойынша 1 тең болса, онда бағаның кез келген өзгерісі жалпы түсімді азайтады.

1) Иә

2) Жоқ

5. Баға бойынша сұраныс икемділігі сұраныс мөлшерінің 1%-ға өзгергенде баға деңгейі қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

1) Иә

2) Жоқ

6. Сұраныстың сызықтық функциясының әрбір нүктесінде бағалық икемділік коэффиценті өзгермейді.

1) Иә

2) Жоқ

7. Ү тауарының бағасы бойынша Х тауарына деген сұраныстың қиылысқан икемділігі (-3)-ке тең. Бұдан Х және Ү тауарлары – бірін-бірі алмастыратын тауарлар екенін айтуға болады.

1) Иә

2) Жоқ

Тапсырма №

1

2

3

4

5

6

7

Жауабы

1

2

1

1

2

2

2

ІІ. БІР ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАҢЫЗ

1. Егер тауар бағасының өсуі жалпы табысының өсуіне әкелсе, онда бұл жағдай тауарға деген сұраныс қандай:

1) баға бойынша икемді;

2) баға бойынша икемсіз;

3) баға бойынша икемділігі 1-ге тең;

4) дұрыс жауабы жоқ, себебі баға және сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісін есептеу мүмкін емес.

2. "Нашар астықты жинау фермерлер үшін жоғары табыстың болуын білдіреді". Бұл тұжырымдама фермерлердің өнімдеріне сұраныс ... деген жорамалға негізделген:.

1) икемді;

2) икемсіз;

3) икемділігі 1-ге тең;

4) өте икемді.

3. Сұраныстың қиылысқын икемділік ... реакциясын сипаттайды

1) бір тауардың бағасының өзгерісіне басқа тауар бағасының;

2) бір тауардың бағасының өзгерісіне басқа тауар сұраныс мөлшерінің;

3) бір игіліктің ұсынысының өзгерісіне басқа тауар бағасының;

4) бір игілікке деген сұраныс өзгерісіне басқа тауар сұраныс мөлшерінің.

4. Бағасы 500-ге тең болғандағы сұраныс мөлшері 500-ге тең болады, ал тауар бағасы 700 болғанда сұраныс мөлшері 350-ге тең. Осы баға интервалында баға бойынша сұраныстың доғалық икемділігі модуль бойынша нешеге тең?

1) 0,8

2) 1,45

3) 1,95

4) 1,05

5) 0,9

5. Егер үтікке деген баға бойынша сұраныс икемділігі кез келген нүктеде 0-ге тең болса, онда ол мынаны білдіретін еді:

1) осы бар бағалар бойынша үтіктің кез келген санын сатуға болады;

2) берілген үтік санын кез келген жоғары бағалар бойынша сатылуы мүмкін;

3) берілген игіліктің кез келген мөлшерін сатып алушылар кез келген баға бойынша сатып алуға дайын;

Сұрақ №

1

2

3

4

5

Жауабы

2

2

2

4

2

4) сатып алушылар үтіктің сатылу көлемінің және бағаның ешқандай өзгерісіне келіспейді.

ІІІ. ИКЕМДІЛІК ТҮРЛЕРІ БОЫНША ЕСЕПТЕР

1 есеп. Х тауарының нарығында тек қана сатып алушылардың екі тобы бар, олардың сұраныс функциялары сәйкесінше келесідей түрмен берілген: Qd1 = 20 - 2P; Qd2 = 24 - P. Нарықтық сұраныстың мөлшері 10-ға тең болған нүктеде Х тауарының нарықтық сұранысының икемділігі нешеге тең болады?

Шешімі:

Нарықтық сұраныс функциясын жазайық және бағаның қандай деңгейінде нарықтық сұраныс 10-ға тең болатынын анықтайық.

0, егер Р > 24 болса

Qd = 24 – Р, егер 10< Р ≤ 24 болса

44 – 3Р, егер Р ≤ 10 болса

Осылай нарықтық сұраныстың функциясын аналитикалық түрде жазуға болады.

Р = 14 болғанда нарықтық сұраныс көлемі 10-ға тең. Баға бойынша сұраныс икемділігінің нүктелік коэффициентінің формуласы арқылы нарықтық сұраныстың мөлшері 10-ға тең нүктесінде Х тауарына нарықтық сұраныс икемділігі нешеге тең болатынын анықтаймыз:

εрd = Q' (Р) * (Р / Q) = -1 * (14 / 10) = - 1,4.

Жауабы: εрd (Qd = 10) = -1,4.

2 есеп. А тауарына баға 8$ болғанда Б тауарына сұраныс көлемі 33 000 данаға тең, ал А тауарының бағасы 10$ болғанда Б тауарына деген сұраныс көлемі 25 000 данаға дейін төмендегені белгілі болса, тауарлардың өзара байланыс сипатын анықтаңыз.

Шешімі: Бір-бірімен байланысты тауарлар деп бірін-бірі алмастыратын немесе бірін-бірі толықтыратын тауарларды (субситуттар немесе комплементтер) айтамыз, сондықтан сұраныстың қиылысқан икемділік коэффициентін анықтаймыз:

Жауабы: А және Б тауарлары толықтырушы тауарлар болып табылады, себебі

3 есеп. Сатып алушының табысы айына 300$ болғанда қарастырып отырған тауарға (ет өнімі) сұраныс көлемі 7 кг., ал табыс 500$ болғанда- 8 кг. екені белгілі болса, тауардың қандай категориясы туралы айталғанын анықтаңыз.

Шешімі: Тұтынушылардың табысы туралы айтылғандықтан, табысы бойынша сұраныс икемділікті қарастыру керек:

Жауабы: қарастырып отырған есепте қарапайым тауар туралы айтылып отыр, себебі , немесе күнделікті қажетті тауарлар туралы айтылып отыр, себебі нөлге жақын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]