- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
Сабақтың мақсаттары:
Нарықтық экономикадағы бәсекелестіктің рөлін сипаттау
Бағаны қабылдайтын және бағаны тағайындайтын компанияларды сипаттау, мысал келтіру
Жетілген бәсекелестіктің, монополиялық бәсекелестіктің, олигополияның, монополияның негізгі сипаттарын көрсету
Маркетингтің анықтамасын беру, еркін кәсіпкерліктің экономикалық жүйесіндегі маркетингтің рөлін сипаттау
Маркетингтің төрт «П»-сін суреттеу:тауар, баға, өрбуі, өткізу орны.
Сабақстың міндеттері:
Жетілген және жетілмеген бәсекелестіктегі нарықтарды анықтай білуге, жетілмеген нарықтағы бағалық емес бәсекелестіктің рөлін бағалауға үйрету
Оқушылар жетілмеген бәсеке нарығындағы бағалық келісімге ұмтылу тенденциясын түсіндіреді.
Оқушылар мемлекеттің жетілмеген бәсеке нарығымен өзара әрекетіндегі рөлін бағалайды.
Жеке және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
Бәсекелестік және нарық құрылымы
Жетілмеген бәсеке жағдайындағы өзара байланыс
Бағалық емес бәсекелестік
Келісімдер
Трестке қарсы саясат және табиғи монополияларды реттеу
Оқушылар нені білу керек:
Өндірушілердің баға, өнім сапасы, тұтынушыға көрсетілетін қызмет, дизайн, ассортимент, жарнама негізінде бәсекелесетінін анықтай білуі керек.
Нарықтағы бәсекелестік деңгейі ондағы сатушы мен сатып алушының санына байланысты екендігін білу.Саладағы бәсеке деңгейі жаңа өндірішілердің осы салаға қаншалықты жеңіл кіретініне байланысты.Сатушылардың немесе сатып алушылардың арасындағы келісім нарықтағы бәсеке деңгейін төмендетеді.Келісімге келу нарықтың неғұрлым сатушысы және сатып алушысы көп болса, соғұрлым қиындай түседі.
Қолданылған материалдар:
Жаттығу 1, «Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтар», әр тыңдаушыға бір-бір көшірмеден
Жаттығу 2, «Түрмедегілер диллемасы», әр тыңдаушыға жеке көшірмеден
Жаттығу 3, «Бензоқұбырлар дуелі» , әр тыңдаушыға бір-бір көшірмеден
Сатушылар мен сатып алушылардың карточкалары, санауға арналған әр оқушының беті, «Нарық» ойынына арналған барлығына ортақ есеп тізімі
Талқылауға арналған сұрақтар, тапсырмалар
Көптеген жаттығулар төмендегі сұрақтарды зерттеу үшін пайдаланылады:
Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирмалар кездесетін сұраныс және бағалық шешімдер
Нарықтағы, бір фирманың әрекеті басқа фирмаға үлкен әсерін тигізетін жағдайдағы, өзара байланыс
Фирмалардың ашық және жабық бағалық келісімге бағытталуы, ол стадиядан өтуі, содан соң оны орындамауы
Фирмалардың бірігуіне байланысты қарастырылатын қоғамдық-саяси шешімдер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«ЭкономикаJA»Алматы, 2003г.
К.Р.Макконнел,С.Л.Брю «Экономикс»Москва.ИНФРА-М 2006г.
«Экономика для старших классов.Активные формы обучения»МЦЕБО, Москва,2004г.
Бәсекелестік
Кәсіпкердің әрекетінің нәтижесі нарық арқылы ғана жүзеге асады. Кәсіпкерлік «нәтижелі бәсекелеске қабілет» ретінде сипаттала келе, шығынды қысқартудың жаңа жолдарын іздестіру арқылы, тұтынушының көңілінен шыға отырып, жаңа тауарлар түрлерін жасайды.
Бәсеке (лат. Concurerre, concurentia – тиіп кету) – бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күресу, жарысу. Бизнесті ұйымдастырушы егер нәтижелі бәсекелес болғысы келсе, рынок құрылымын анық, жақсы елестетуі керек. |
Көптеген рыноктар жетілген немесе күдіксіз бәсекелестіктің қатаң талаптарын (бірдей тауар сататын сатушы саны өте көп, бұл рынокқа кіру де, шығу да өте жеңіл) қанағаттандырмайды. Жетілмеген бәсекелі рыноктың әр түрлі дәрежеде осы факторлардың кейбіреуіне байланысты жетілген бәсекелі рыноктан айырмашылығы болуы мүмкін. Көптеген рыноктарда тауарлар бірдей емес, дегенмен ұқсас, немесе жақын алмастырушысы бар. Капиталдық шығындарының көптігіне байланысты, кеңінен таралған,жақсы жарнамаланған тауар маркалары бар танымал өндірушілермен бәсекенің күрделілігіне орай бұл рыноктарға кіру оңай емес. Бұдан басқа көбінесе іргелі рыноктарда ұсақ сатушылардан гөрі саны аз болса да ірі сатушылар әрекет етеді. Көптеген жергілікті рыноктарда кейде бірнеше бәсекелес фирма ғана жұмыс істейді, тіптен олардың саны мемлекеттік немесе аймақтық деңгейде өте көп болса да. Мысалы, үлкен қалада бензин сатушылар саны көп болса да, нақты бір ауданында бірнеше сатушының арасында ғана күшті бәсеке болуы мүмкін.
? Неліктен кәсіпкерге нарық құрылымын білу қажет?
Өйткені рынокта ғана:
Фирмалардың экономикалық қызығушылығы басқа фирмалардың экономикалық қызығушылығымен түйіседі.
Сатушылар мен сатып алушылардың қызығушылығы өз келісімін табады.
Ең негізгісі, рыноктың құрылымына қарай тауар өндіруші (сатушы) өзінің рыноктық стратегиясын жасайды, яғни маңызды да ұзақмерзімді мақсатын анықтап, өндірістің даму жоспарын құрады.Сатушы мен сатып алушының қызығушылығын теңестіру сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы нәтижесінде пайда болатын баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан өндіретін өнім көлемін жоспарлағанда, кәсіпорын бәсекелес ортаның ерекшеліктерін ескеру керек.
Рынок құрылымының келесі түрлері бар: жетілген немесе күдіксіз бәсекелестік, монополиялық бәсекелестік, олигополия және монополия.
ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК |
Сұраныс пен ұсыныс заңы, әсіресе, жетілген бәсеке жағдайында тиімді әрекет етеді.
Жетілген бәсекелестік келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
Көп сатушылар мен сатып алушылар. Көптеген түрлі компаниялар тауарлар өндіреді және әрқайсысы барлық рыноктың шағын бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Әрбір тұтынушы рынок ұсынысының өте аз бөлігін ғана сатып алады. Ешқандай жеке адам немесе өндіруші өнімнің нарықтық бағасына әсер ете алмайды.
Тауар мен қызмет көрсету түрлері бірдей. Бір өндірушінің өнімінің басқаның өнімінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл өнімдерді тауар деп атайды.
Толық информация бар. Сатушы мен сатып алушылар өнімге, оның бағасына байланысты білуге тиісті толық информацияға ие.
Еркін кіру, еркін шығу. Сатушы мен сатып алушылар рынокқа қалаған кездерінде аз шығынмен еркін кіріп, еркін шыға алады.
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК
Монополиялық бәсекелестіктің нарықтық моделі – рынокта көп мөлшерде бір-біріне байланыссыз әрекет ететін сатушы және көптеген сатып алушылар.
Рыноктың бұл түріне бәсекенің мынадай сипаты тән:
рынокта салыстырмалы түрде сатушы саны көп, оның әрқайсысының рынокта өз үлесі бар.
фирманың рынокта монополиядағы сияқты ерекше билігі жоқ.
монополиялық бәсекелестіктің ең ерекше белгісі - өнімдердің бірыңғай емес, дифференциялды болуы.
өндірушілер арасында бағалық және бағалық емес бәсеке болады, ол көбінесе өнімнің қасиеттеріне, сапасына, қолданудағы сенімділік пен ыңғайлылыққы, өнімдегі жаңалық еңгізуге, сыртқы келбетіне, стандарттарға сәйкестігіне байланысты болады.
осы нарықта бәсекелестік күрес жағдайында саудалық марка және жарнама маңызды мәнге ие болады.
Саудалық марка – бір сатушының тауарлары мен қызмет түрлерін ұқсастыру үшін, бәсекелес сатушының тауарлары мен қызмет түрлерінен ерекшелендіру үшін арналған ат, термин, символ, сурет немесе олардың бірлестігі.
ОЛИГОПОЛИЯ
Олигополия (oligos + poleo = «Бірнеше сатушы») –
бұл бірыңғай (өндірістік тауарлар) немесе дифференциялды (тұтыну тауарлары) тауарларды өндіруші бірнеше ірі фирмалардың билік етуі;
әр сатушының рыноктағы сату көлемінен үлесі өте зор, сондықтан оның ұсынған өнім көлемінің өзгеруі бағаның өзгеруіне әкеліп, басқа сатушыларға кері әсерін тигізеді;
олигополистердің арасындағы қатаң бәсеке олардың әрекеттерін үйлестіруге тура келтіреді, өзара бәсекелестік жоғары сапаға ұмтылу, жарнамалау, өнімді еркшелендіру бағытына қарай ауысуда;
жаңа сатушылардың жоғары, тіпті өте алмайтын кедергілердің (патенттер, жарнамалар, лицензиялар, жұмсалатын өте үлкен шығындар, бәсекеге қабілетті сапа) әсерінен рынокқа кіру мүмкіндігі өте қиын, тіптен жоқ.
Патенттер (лат. Patens – ашылған) – 1) жаңалық ашушыға берілетін, оның жаңалыққа авторлығын және ерекше құқығын куәландыратын куәлік.
2) Патент иесіне патенттелген өнімін немесе технологиясын өзі ғана қолдануға ерекше құқық беретін мемлекеттік куәлік.
Лицензия (лат. Licentia – рұқсат беру) – шаруашылық әрекеттің қандай да бір түрін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік билік орнының рұқсаты.
МОНОПОЛИЯ
Монополия (monos + poleo = «жалғыз сататын») –
көптеген тұтынушысы бар жалғыз сатушы;
бәсекелестік жоқ, өйткені бір ғана өндіруші билік етіп, ерекше тауарын ұсынады;
кедергілердің тым жоғарғы болуына орай басқа өндірушілер рынокқа еркін кіре алмайды;
рыноктағы жалғыз билеуші ретінде монополист тауарға төмен бағасын тағайындай алады.
Табиғи монополия – көптеген өндіріс орындарының есесіне әр өнімге келетін шығынын азайта отырып, өнімді бір ғана өндіріс орнында шығаратын шаруашылық саласы.
Қазақстан Республикасында табиғи монополияға келесі өндіріс түрлері жатады:
мұнайды және мұнай өнімдерін өндіру,
газ және газ конденсаттарын тасымалдау, электр және жылу энергияларын өндіру және бөлу,
сумен қамтамасыздандыру, теміржол байланысы,
телекоммуникациялық байланыс,
пошта қызметі (толығымен: ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңы 09.07.1998ж).
Ыңғайлы болу үшін барлық мәліметтерді кестеге енгізейік:
