Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Мерзімді:

  1. Жай мерзімді

  2. Мерзімді-сыйақылы

Кесімді:

  1. Жай кесімді

  2. Кесімді-сыйақылы

  3. Кесімді-прогресивті

  4. Аккордты

Есептелінген жалақы – жұмысшыға еңбек еткені үшін есептелінген ақша сомасы(салық та кіреді).

Төленетін жалақы – салықты алып тастағандағы есептелетін жалақы.

ЖАЛАҚЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

(жалақыны есептеу әдісі бойынша)

  1. Мерзімді жалақы жұмыс істеген уақытына байланысты. Ол мына жағдайларда қолданылады:

  • еңбек темпі анықталғанда, мысалы конвейердегі еңбекақы

  • күрделі еңбек, мысалы ғылыми қызметкер жалақысы

  • әртүрлі еңбек, мысалы секретарь жалақысы

Мерзімді жалақының негізгі жүйелері:

  • Жай мерзімді (жұмыс істеген уақытына тікелей байланысты)

  • Мерзімді – сыйақылы: қосымша белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштер үшін сыйақы беріледі (мысалы, бухгалтерге кварталдық есеп бергені үшін сыйақы беріледі)

  1. Кесімді жалақы жұмысшының өндірген өнім санына байланысты. Көбінесе түпкілікті нәтиже жұмысшының жылдамдығына қатысты болғанда қолданылады(мысалы тігінші жалақысы).

Кесімді жалақының негізгі жүйелері:

  • Жай кесімді;

  • Кесімді – сыйақылы: қосымша сапасы үшін төленеді (мысалы аңаш шеберінің төленімі);

  • Кесімді – прогрессивті: нақты норма белгіленеді, ал одан асса қосымша төленеді (мысалы жеміс терушінің ақысы);

  • Аккордты: еңбек төленімі белгілі бір көлемге, уақытқа, сапаға негізделген келісім бойынша белгіленеді

Қазіргі кезде ең көп тарағаны мерзімді жалақы, оның түрлері және аккордты жалақы.

Экономикалық анализ мақсатында сонымен бірге номиналды және нақты жалақы қолданылады.

Номиналды жалақы – белгілі уақыт аралығындағы ақшамен көрсетілген жалақы

Нақты жалақы – номиналды жалақыға келетін тауар және қызмет көрсетулердің мөлшері

ҚЫСҚА ОЙЫН ТҮРІН ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ.

Сыныпты үй шаруашылығы болып табылатын 3-4 топқа бөледі. Сізге 2-3 көмекші керек. Топтарға табысты (әр топқа бірдей) таратыңыз. Ойын ақша қолданыңыз. Сіз және сіздің көмекшілеріңіз дүкенде сатушысыздар және үш түрлі кәмпит сатасыздар (мұз кәмпит, карамель, шоколад). Үй шаруашылықтары барлық табысын жұмсап кез- келгенін сатып алуына болады. Бір кәмпиттің бағасын тақтаға жазып қойыңыз.

1 раунд. Барлық тұтынушы дүкенге кәмпитке келеді. Уақыт – 3 мин.

Табыс

15 а.б

Баға

мұз кәмпит

1 а.б.

карамель

3 а.б.

шоколад

6 а.б.

Әр топтың сатып алғанын қорытындылап, тақтаға жазыңыз.

2 раунд.Тағы табыстарын беріңіз. Жаңа баға тағайындаңыз.(қант қымбаттады, кәмпит те)

Табыс

16 а.б.

Баға

мұз кәмпит

3 а.б.

карамель

6 а.б.

шоколад

10 а.б.

Барлығы қайта сауда жасайды.Қорытындылаңыз.

Сұрақ қойылады:Не өзгерді? Табыс өсті емес пе, неліктен аз тұтындыңыздар?

Жауап: Иә, табыс өсті, бірақ баға одан да көп өсті, сондықтан тұтыну азайды.

Сонымен екі түрлі табыс болады:номиналды(ND) және нақты(RD). Баға индексі –

RD=ND/баға индексі; баға деңгейі баға индексімен өлшенеді.

= (1 жылғы баға / 0 жылғы баға) * 100%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]