- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
3. Сату көлемін реттеу
Мемлекет нарыққа сату көлемін реттеу арқылы әсер ете алады, мысалы, протекционизм саясатын жүргізу арқылы отандық өндірушілерді қорғау мақсатында нарықтағы сату көлеміне квота еңгізуі мүмкін. (өнімнің сатылу көлемін шектеу). Аталған саясат сатылу көлемінің квотамен белгіленген Q2* сатылу көлеміне дейін азаюына және нарықтағы бағаның өсуіне әкелуі мүмкін, себебі P2* максималды мүмкін баға бойынша шектеулі тауар саны сатылады.
Қорытындылай келе, нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың өзара әрекеттерінің нәтижесінде тепе-теңдік баға қалыптасады, бұл баға берілген нарықта сатушылар мен сатып алушылардың пайда болған жоспарлар бойынша максималды мүмкін болатын сатылу көлемін қамтамасыз етеді. Сұраныс немесе ұсыныстың өзгеретін болса, қалыптасқан тепе-теңдік бұзылады, және енді жаңа тепе-теңдікке лайықтану үрдісі басталады. Жаңа тепе-теңдікке өту кезінде бағаның қандай бағытта өзгеруін өзгеріс масштабы мен сұраныс пен үсыныс икемділігіне байланысты болады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мемлекеттің рөлі маңызды. Мысалы, мемлекет өз қызметін қаржыландыру үшін тағайындайтын салықтары ресурстарды бөлуіне әсерін тигізеді. Мемлекеттің араласуын экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ нарықтың жетілмегендігімен деп ақтауға болады. Қоғамдық игіліктерді өндіру туралы шешім, сыртқы эффектілерге керісінше жауап қайтару, монополияны реттеу және әлеуметтік ойлаған жағдайда табысты бөлу мақсатында араласу – бұлардың бәрі қазіргі кездегі экономикада мемелекет рөлінің негізі ретінде қарастырылып отыр. Келесі тақырыптарда мемлекеттің нарықтық механизмге араласуының барлық мысалдары толығырақ қарастырылады.
4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
1 есеп. Тауардың сұраныс және ұсыныс функциялары белгілі: Qd = 500 – 25P және Qs = 50P – 250. Тұтынушылар табысының жоғарлауы нәтижесінде кез келген бағада сұраныс 75 тауар бірлігіне өсті. Табыстың жоғарлағанға дейінгі және жоғарлағаннан кейінгі нарықтық тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз.
Шешімі:
Тұтынушылардың табысы жоғарлағанға дейінгі тепе-теңдік мөлшері сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемдерін теңестіру арқылы анықталады:
500 – 25P = 50P – 250
Р1 = 10
Q1 = 250
Табыстың өзгеруінен кейін сұраныс функциясы: Qd = 575 – 25P болады, сонда нарықтық тепе-теңдіктің жаңа параметрлері келесідей болады:
575 – 25P = 50P – 250
Р2 = 11
Q2 = 300
Жауабы: Р1 = 10 және Q1 = 250; Р2 = 11 және Q2 = 300.
2 есеп. Тауардың сұраныс пен ұсыныс функциялары белгілі: Qd = 7 – P және Qs = 2P – 2. Егер тауардың әрбір бірлігіне 3 ақша бірлігіне тең салық мөлшері тағайындалатын болса, оның қандай салдары болуы мүмкін? Салықты еңгізуге дейінгі және салық еңгізілгеннен кейінгі нарықтық тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз.
Шешімі: Салық салынғанға дейін: 7 – Р = 2Р - 2
Р1 = 3
Q1 = 4
Салықты еңгізден кейін ұсыныс функциясы өзгереді:
Qs = 2(P – 3) – 2 = 2Р - 8
7 – Р = 2Р - 8
Р2 = 5
Q2 = 2
Жауабы: Р1 = 3 және Q1 = 4; Р2 = 5 және Q2 = 2.
ӨЗ БЕТІМЕН ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР
№1 есеп. А тауар нарығында сұраныс функциясы QD = 2000 - 5Р, ал ұсыныс функциясы QS = 10 P- 1000 теңдеулерімен берілген (QD – сұраныс көлемі, дана; QS – ұсыныс көлемі, дана; Р — баға, $). Мемлекет А тауарына 150$-ға тең тұрақты бағаны тағайындады. Тұрақты бағаны еңгізудің нәтижесінде А тауар нарығындағы қатысушылардың жалпы жоғалтуларын анықтаңыз.
Шешімі:
Тепе-теңдік бағаны анықтаймыз: 2000 - 5P = 10P - 1000, бұдан Р = 200; QD = QS = 1000
Тұрақты бағаны тағайындаған кездегі нарықтағы өзгерісті анықтайық:
QD = 2000 - 5Р = 2000 – 5 х 150 = 1250; QS = 10 P- 1000 = 10 х 150 = 500.
Дефицит мөлшері: QD - QS = 1250 – 500 = 750 тең.
Н
арық
қатысушыларының жалпы жоғалтуларын
анықтау үшін жоғалту ауданын анықтау
қажет. Ол үшін графикті сызамыз және
геометриялық фигураның жетіспеген
шамаларды (координаттарды) анықтаймыз.
Екі нүктелер арқылы түзуді жүргізуге болады. Сұраныс түзуі үшін QD =0 баға осі арқылы өтетін нүктені анықтау қажет, сонда 2000 – 5 Р = 0, бұдан Р =400 болады
Сәйкесінше ұсыныс түзуі үшін солай анықтаймыз: QS =0, сонда 10Р-1000=0, Р =100 болады
Нарықта дефицит болғанда, онда сатылу көлемі баға 150 кезінде QS –ке тең болады, яғни 500 дана. Сатылу көлемі 500 болғандағы сұраныс бағасын табамыз, ол үшін сұраныс функциясына шамаларды қоямыз:
QD = 2000 - 5Р; 500 = 2000 - 5Р =300.
Біз сатушылар мен сатып алушылар жоғалтуларын анықтау үшін қажетті барлық щамаларды таптық, ΔАСЕ үшбұрыш ауданымен берілген. Сатып алушылар ұтысы баға 200 болғанда ΔВFE үшбұрыш ауданымен беріледі,ал сатушылар ұтысы ΔLBE үшбұрыш ауданымен берілген. Баға 150 деңгейінде болғанда сатылу көлемі 500 данаға төмендейді. Сатушылар аз сатады және сатып алушылар сол бағада ұсынылып тұрған тауар көлемін ғана сатып ала алады.
Есептің шарты бойынша, ΔАСЕ үшбұрыш ауданын табамыз: АС (300-150)=150 тең болады, биіктігі =500.
Жауабы: «баға төбесін» еңгізудің нәтижесінде сатушылар мен сатып алушылардың жалпы жоғалтулары 37500$-ға тең болды.
№ 2 есеп. Тауарға деген сұраныс функциясы келесідей болады: Qd = 700 - P; ұсыныс функциясы: Qs = 2P - 200; мұндағы Р тауар бағасы, теңге; ал Q – тауар саны, мың дана.
А) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік сатылу көлмін анықтау керек.
а), в) және г) пунктерінде әртүрлі бір-біремен байланыссыз ситуациялар сипатталған.
Б) Мемлекеттік органдар тауар бағасын 200 теңге мөлшерінде тұрақты бағамен тағайындады. Ұсыныс көлемін, сатылу көлемін және жетіспеушілік (дефицит) мөлшерін анықтау керек.
В) Сатылатын тауардың бір бірлігіне 150 теңге мөлшерінде өндірушіге дотация беріледі. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік тауар көлемін анықтау керек.
Г) 150 теңге мөлшерінде тауардың бір бірлігіне сату салығы салынады. Жаңа тепе-теңдік шамаларды табыңыз.
Шешімі:
А) Qd = Qs ; 700 - P = 2P - 200, бұдан Р=300, ал, Qd = Qs =400
Б) Ртұрақты.=200,берілген баға бойынша Qd және Qs табамыз: Qd = 700 – P = 700 – 200 = 500; Qs = 2P – 200 =2 х 200 – 200 = 200, Qd > Qs , демек нарықта тауар дефициті және оның мөлшері 500-200=300 дана.Сатылу көлемі Qs =200
В) Сатушыларға дотация берудің негізінде Р+150 бағасы бойынша алдыңғы баға бойынша сата алмаған сатушылар да өз тауарларын сата алады, яғни ұсыныс функциясы келесідей түрге ие болады: Qs1 = 2(P+150) -200 = 2Р - 100. Qd = Qs1 теңестіреміз: 700 - P = 2Р - 100, сонда Р1 = 266,6; Q1 = 433.3
Г) Сату салығын еңгізу келесідей жағдайға әкеледі: Р бағасы бойынша алдында (салық салынғанға дейін) (Р-150) бағасы бойынша тауарларын сатқан сатушылар сата алады. Ұсыныстың жаңа функциясы келесідей түрде болады: Qs2 = 2(P-150) – 200 = 2Р - 500. Qd = Qs1 теңестіреміз: 700 – P = 2Р - 500, сонда Р2 = 400; Q2 = 300
№ 3 есеп.
Тауарға деген сұраныс функциясы келесі түрмен берілген: Qd = 3600 - 400Р; ұсыныс функциясы: Qs = 250P + 1975.
А) Сұраныс және ұсыныс графиктерін сызыңыз, тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемін анықтаңыз.
Б) Егер берілген тауарға 2-ге тең тұрақты баға тағайындалатын болса, онда осы кезде пайда болатын ситуацияны сипаттаңыз.
Шешімі:
А) Qd = Qs 3600 - 400Р = 250P + 1975, бұдан P= 2,5; Qd = Qs = 2600
QS1 =250*2 + 1975 = 2475
QD1 =3600 - 400 * 2 = 2800
QD1 - QS1 = 2800 - 2475 = 325
Жауабы:
Артық сұраныс мөлшері (немесе нарықтағы тауар дефицитінің мөлшері ) 325 данаға тең.
№ 4 есеп.
А тауарына сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары сызықтық түріне ие болады. Сұраныс функциясы келесі формуламен берілген: Qd = 400-10Р. Нарықтық тепе-теңдік көлемі 100 бірлікке тең болады. Тұтынушылардың ұтысы өндірушілердің ұтысына қарағанда 2 есе көп. Егер А тауарына $28 тең баға төбесі тағайындалатын болса, осы кездегі пайда болатын жетіспеушілік (дефицит) мөлшерін анықтаңыз.
Ш
ешімі:
1. Тепе-теңдік тауар санын сұраныс теңдеуіне қою арқылы тепе-теңдік бағаны табамыз: 100 = 400-10Р; Р* =30
2. Тұтынушылардың ұтысы – бұл ВОЕ үшбұрыш ауданы. Сатушылардың ұтысы – бұл СВЕ үшбұрыш ауданы.
Екі үшбұрыштың табаны бір болғандықтан және ол 100-ге тең болғандықтан, үшбұрыштар бір-бірінен тек ғана биіктігімен ажыратылады және ΔСВЕ биіктігі 2 есе аз.
Үшбұрыштың биіктігін анықтау үшін жетіспейтін О нүктесінің координаттарын анықтау қажет. Бұл =0 кезіндегі баға шамасы.
Qd = 400 - 10Р
0 = 400 - 10Р
Р = 40; 0 нүктесінің координаттары (0;40), демек ΔВОЕ үшбұрышының биіктігі 10-ға тең (40-30=10)
Сонда ΔСВЕ үшбұрыштың биіктігі 5-ке тең (10 / 2=5),ал баға 25-ке тең (30-5=25), демек С нүктесінің координаты (0;25)
Нүктелердің координаттарын ұсыныс функциясын табу үшін анықтадық, Ол өз кезегінде нарықтағы дефицит мөлшерін анықтауға көмектеседі. Нарықта дефицит болады, себебі «баға төбесі» тепе-теңдік бағадан төмен.
2 нүктелердің коорданаттары белгілі болған кезде а және b d шамаларын ұсыныс функциясының теңдеуінен табамыз:QS = aP+b
С және Е нүктелердің координаттарын қолдану арқылы теңдеулер жүйесін шешеміз.
;
а
=
20;
b=
-500,
ұсыныс
теңдеуіне кою арқылы ұсыныс мөлшерін
табамыз: QS
=
20P
-
500
6. $28 тең баға шамасын сұраныс пен ұсыныс теңдеулерін қоямыз:
Qd = 400-10Р=400-10*28=120
QS =20P-500=20*28-500=60
Qd - QS =120-60=60
Жауабы: егер А тауарына $28 баға төбесі тағайындалатын болса, 60 данаға тең тауар дефициті пайда болады.
№ 5 есеп.
Бір күні Король Жас Экономисті өзіне шақырып алып, өзінің наразылығын білдіре бастады:
Менің қазнам азайып бара жатыр, -дейді Король. Оны толтыру қажет. Ал пайдаға салынатын салық мөлшері тым жеткілікті – 25%. Міне, енді, менде жаңа ой туды. Қабандарға аңға шығатын аңшылардың барлығы тіпті жүгенсіз кетті. Нарықтық еркіндіктен мүлдем есеңгіреп кетті және тіпті неше жыл бойы 1 килограмм етті $72 сатуға әдеттеніп алыпты, ал еттің өзіндік құны $22! Ал сатып алушылардың біреусісі етке бағаны $68 немесе одан да төмен бағаны сұраса, тіпті сатушылардың ешқайсысы сатқысы келмейді. Олардың тауарларына акциз салығын салайын ба !? Көп емес – 1 килограммға $2. Және қазнаны да толтырамын, және аңшыларды да қыспаққа аламын. А!- сюжет! Мен қазнаны қаншаға толтыратынымды санап жіберші. Сұрақтар бар ма?
Ал, кешіріңіз, сол қабандарға сұраныс қандай? – деп әдепті түрде Жас Экономист сұрады.
Мен мұны тура айта аламын, - деді Король және дуа ретінде атап өтті: Qd = -4Р +304. Ал енді, қандай ұсыныстар болады?
А, ұмытып кетіппін, - деді Жас Экономист, - ал ұсыныс туралы не айтасыз?
Бұл жерде мен саған көмек көрсете алмаймын. Мен тек қана ұсыныс қисық сызығының түзу екенін білемін. – деді де, жоқ болды Король.
Егер қабандарды сатуға акциз салығы еңгізілген болса, Король өз қазнасын қаншаға толтырады.
Есепті шығару алгоритмі:
баға $72 болғанда тепе-теңдік көлемін анықтау
(16,72 және 0, 68) нүктелері бойынша ұсыныс формуласын табамыз
сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарын құрамыз
$2 акциз салығын еңгізген кездегі жаңа тепе-теңдік көлем мен жаңа тепе-теңдік бағаны табамыз
акциз еңгізілгенге дейінгі аңшылардың алатын пайдасын және қазнаға түсетін салықтық түсімді (Т1) анықтаймыз
акцизді еңгізгеннен кейін қазнаға қанша түсім түсетінін анықтаймыз
акциз еңгізілгеннен кейінгі аңшылардың пайдасын және қазнаға түсетін 25% салығынан түсетін түсімді табамыз
акциз енгізілгеннен кейінгі жалпы түсімді табамыз
акциз еңгізілгеннен кейінгі және еңгізілгенге дейінгі салықтық түсімдердегі арйыманы анықтаймыз.
Шешімі:
Корольға белгілі сұраныс қисық сызығы мен тепе-теңдік баға бойынша тепе-теңдік көлемді табамыз: Qd = -4Р +304, осы теңдеуге 72 баға деңгейін кою арқылы сұраныс көлемін анықтаймыз: Qd = -4*72 +304=16
Екі нүктелер арқылы (16,72 и 0, 68) ұсыныс түзуінің формуламын табамыз. Түзу теңдеуі:Y= aX+b немесе QS = aP+b, а жіне b анықтау үшін теңдеулер жүйесін шешеміз:
;
бұдан
а
=
4, а b
=
-
272
QS = aP + b = 4Р - 272
3. Сұраныс (D) және (S) ұсыныс қисық сызықтарын сызайық.
$2 акциз салығын еңгізгеннен кейінгі жаңа тепе-теңдік көлемді және жаңа бағаны анықтаймыз.Нәтижесінде акцизді($2) еңгізгеннен кейін ұсыныс қисық сызығы $2-ға жоғары (S1) –ге жылжыды. Жаңа тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтайық.
QS1 = 4(Р-2)-272
QS1(равн) = Qd
4(Р-2)-272=-4Р +304, бұдан Ртепе-теңд.=73; ал тепе-теңдік көлем - 12 данаға тең.
акциз салығын еңгізгенге дейінгі аңшылардың пайдасын және қазнаға түсетін салықтық түсімдерді (ТІ) анықтайық
Акцизге дейінгі аңшылардың алатын пайдасы:
(72-22)*16=$800
Қазнаға түсетін салықтық түсімдер:
Т1 =$800*0.25=$200
Акцизді еңгізгеннен кейін қазнаға қанша түсім түседі:
$2*12=$24
Акцизді еңгізгеннен кейінгі аңшылардың алатын пайдасы:
(73-2-22)*12=$588
Пайдаға салынатын салығынан түсетін түсім:
$588*0.25=$147
Акциз салығын еңгізгеннен кейінгі қазнаға түсетін жалпы түсім:
Т2 =$147+$24=171
Акциз салығынын салғаннан бұрын және акциз салығын салғаннан кейінгі салықтық түсімдердің арасындағы айырмашылық:
Т2 - Т1 =171-$200=-$29
Яғни, акциз салығын еңгізгеннен кейін салықтық түсімдер өспейді, керісінше, азаяды.
Жауабы: Акциз салығын еңгізген кезде Король қазнасын толтырмайды, керісінше, $29 жоғалтады.
№6 есеп.
«Қазақстанға тауық етін кіргізуге тйым салу АҚШ-тың шошқа нарығындағы ситуацияға тез арада әсер етті!», - деп 2002 жылдың ортасында газеттердегі мақалаларда жазылған. Сұраныс пен ұсыныс графиктерін пайдалана отырып, Қазақстандағы тауық еті нарығына тыйым салынғаннан кейін АҚШ тауық еті нарығында, және АҚШ шошқа еті нарықтарында не болғанын түсіндіріңіз. (Кері байланыстар ескерілмейді, яғни әрбір графикте тек қана 1сызықты немесе сұраныс, немесе ұсыныс сызығы жылжиды).
Қ
|
АҚШ-ғы окорочка
нарығы |
А |
№ 7 есеп.
Белгілі бір тауарға тұрғындардың сұраныс функциясы: Qd = 9 - P, ал ұсыныс функциясы: Qs = -6 + 2P теңдеулерімен берілген. Мысалы, үкімет сол тауарға 6 теңгеге тең тұрақты бағаны тағайындады. Сатушылардың алатын түсімі реттелмейтін нарықтағы ситуацияға қарағанда қалай өзгереді? Қанша тауар мөлшері сатылады?
Шешімі:
1. Qd = Qs; 9 – P = - 6 + 2P, бұдан Р = 5; сатылу көлемі Q = 4; TR = 20
2. Егер Р = 6, онда Qd = 9 – P = 9 – 6 = 3, ал Qs = -6 + 2P = -6 + 2*6 = 6. Нарықта тауар артықшылығы, бағасы 6 теңгеге кезінде сатып алушылар алғысы келген және сатып алу мүмкіндігі бар санын сатып алады, яғни 3 дана. TR=3*6=18.
Қорытынды: тепе-теңдік бағадан жоғары бағаны тағайындаған кезде алынатын түсім 2 теңгеге азаяды.
№ 8 есеп.
Салқындататын сусындар нарығындағы ұсыныс функциясы келесідей түрмен берілген: Qs = - 100 + 10P. Салқындататын сусынның әрбір сатылған литріне 1 теңге көлемінде салық салына бастады. Оны сатушылар төлейді. Ұсыныс функциясының жаңа теңдеуін жазыңыз. Салық салынғаннан кейін ұсыныс қисық сызығының өзгерісін график түрінде көрсетіңіз.
Ш
ешімі:
Qs
= -100 +10 (P-1). Салықты еңгізгеннен кейін
ұсыныс функциясы келесі түрде болады:
Qs = -110 +10P
№9 есеп.
Кестеде тауардың сұраныс пен ұсыныс шкалалары берілген. Кестедегі «артық сұраныс», «артық ұсыныс», «сату көлемі», «барлық сатушылардың жалпы түсімі» графаларын толтырыңыз және нарықтағы тепе-теңдік жағдайына сәйкес жолды белгілеңіз.
Баға, мың тг. |
Сұраныс мөлшері, мың кг |
Ұсыныс мөлшері, мың кг |
Артық сұраныс |
Артық ұсыныс |
Сатылу көлемі |
Барлық сатушылардың жалпы түсімі |
1,0 |
210 |
10 |
|
|
|
|
1,5 |
180 |
30 |
|
|
|
|
2,0 |
140 |
55 |
|
|
|
|
2,5 |
80 |
80 |
|
|
|
|
3,0 |
40 |
100 |
|
|
|
|
3,5 |
30 |
130 |
|
|
|
|
4,0 |
20 |
160 |
|
|
|
|
Шешімі:
Баға, мың тг. |
Сұраныс мөлшері, мың кг |
Ұсыныс мөлшері, мың кг |
Артық сұраныс |
Артық ұсыныс |
Сатылу көлемі |
Барлық сатушылардың жалпы түсімі |
1,0 |
210 |
10 |
200 |
- |
10 |
10 |
1,5 |
180 |
30 |
150 |
- |
30 |
45 |
2,0 |
140 |
55 |
85 |
- |
55 |
110 |
2,5 |
80 |
80 |
0 |
0 |
80 |
200 |
3,0 |
40 |
100 |
|
60 |
40 |
120 |
3,5 |
30 |
130 |
|
100 |
30 |
105 |
4,0 |
20 |
160 |
|
140 |
20 |
80 |

азақстандағы
окорочка нарығы
ҚШ-ғы
шошқа нарығы