- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
Сабақтың мақсаттары:
Мемлекеттің экономикаға қалай араласатындығын анықтау.
Айналма ағымы диаграммасының көмегімен үй шаруышылығы, бизнес-фирамалар мен мемлекет арасындағы экономикалық қарым-қатынаспен байланысты өзекті мәселелерді ескеру.
Салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін түсіндіру.
Үкіметтің өз ақшасын қалай табатынын түсіндіру.
Төлем қабілеттілік пен алатын игіліктерге салық салу қағидасы секілді салық салудың екі көзқарасына түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Мемлекеттің экономикадағы рөлін бағалауды үйрету.
Оқушылар мемлекеттің жеке меншік құқын қорғау, халықаралық қатынастармен жұмыс істеу, нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету, тұтынушыларды қорғау, экономиканы тұрақтандыру, экономикалық тұрақтылыққа кепілдік беру, қоғамдық игіліктер мен коммуналдық қызметтерді ұсыну секілді көпшілік таныған міндеттерін атай алу керек.
Мемлекеттің сыртқы қызметтеріне анықтама беруге, пайдалы және жоюшы сыртқы қызметтеріне мысал келтіруге үйрету.
Өз бетінше жұмыс істеу және топта және жұппен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
Өндірістік ресурстар (еңбек ресурстары, табиғи ресурстар, капитал)
Ресурстар үшін төлем (еңбек ақы, жалақы, рента, пайыз, пайда)
Өзара тәуелділік
Тауарлар, қызметтер, өндірістік ресурстар мен ақша төлемдерінің айналма ағымы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Экономика JA» Алматы, 2003ж.
К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006ж.
«Экономика для старших классов. Активтные формы обучения» МЦЭБО, Москва, 2004ж.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1997ж.
«Конституция для всех». Оқу құралы. А.К. Мухтарованың басш., Алматы, 2002 ж.
«Мозаика права». Оқу құралы. А.К. Мухтарованың басш., Алматы, 2002 ж.
Экономикадағы мемлекет
Мемлекет экономикада маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік, жергілікті маңыздылықтағы түрлі деңгейдегі үкіметтік органдар ЖІӨ үштен бірінен жоғары болатын тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Мемлекет, экономикадағы басты жұмыс беруші ретінде, білікті қызметкерлер үшін жеке бизнеспен бәсекелестікке түседі. Сонымен қатар, ол, жеке бизнес секілді қаржыландыру көздерін іздейтін нарықта қаржыландыру көздерін іздейді. Жергілікті үкіметтің меншігіндегі кәсіпорындар экономиканың жеке секторындағы бизнеске қайшы экономиканың мемлекеттік секторы деп аталады Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (66 бап, 1 тармақ) «үкімен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын дайындайды» және «мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады» ( 66 бап, 4тарау)
Мемлекеттің атқаратын рөлін анықтауда: «Компаниялар мен жеке адамдарды шешімдердің еркін айырбас көмегімен қабылдануы қанағатттандыра ма, жоқ әлде мемлекет тарапынан белгілі араласу қажет пе?» деген түпкілікті сұрақ туады.
Шешім қабылдаудың әр әдісінің өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Сонымен қатар, шешімердің әр түріне бірнеше әдіс сай келуі мүмкін. Мысалы, біз қай тамақты сатып алу туралы шешімді өзіміз қабылдаймыз. Бірақ, біз, мемлекет біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуін қалаймыз, себебі, қызметтің бұл түрін біз нарықта сатып ала алмаймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (6 бап 3 тармақ) жер мен оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде.
Мемлекеттік меншік – бұл Қазақстанның барлық азаматтары иелік ететін және пайдаланатын меншік. Мемлекеттік меншік азаматтардың үлкен топтары - Қазақстанның бүкіл тұрғындарының мүдделерін қанағаттандыру үшін арналған. |
Жеке меншік – бұл азаматтардың, мемлекеттік емес бірлестіктердің, қоғамдық және діни ұйымдардың меншігі. Мемлекеттік меншікке жатпайтынның барлығы жеке меншікке жатады. |
Үкіметтің негізгі экономикалық қызметтері мыналар:
Жеке меншік құқығын сақтау.
Сыртқы әсерлерді ескеру.
Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Тұтынушыларды қорғау.
Экономиканы тұрақтандыру.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету.
Көптеген экономистер мен ресми тұлғалар мемлекет экономикада белгілі рөл атқаруы керек дегенмен келісіп отыр.
Сайлау кезінде және сайлау барысында жалғасатын дай-дамайлар осы рөлдің қаншалықты маңызды болуы туралы орын алуда. Осы дау-дамайлардың мәнін дұрыс түсіну үшін мемлекет атынан қызмет ететін үкіметтің түрлі экономикалық қызметтерін толығырақ қарастыру қажет. Қазіргі экономикада үкімет арбитрдың (соттың), менеджер мен қатысушының рөлін атқарады.
