Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Қорытынды

Экономикада мемлекет маңызды рөл атқарады, себебі еркін кәсіпкерлік келесі мәселелерді шеше алмайды:

  • Жеке меншік құқығының сақталуын байқау.

  • Сыртқы шығындар мен артықшылықтарды ескеру.

  • Нарықтық бәсекелестікті қуаттау.

  • Тұтынушыларды қорғау.Экономиканы тұрақтандыру.

  • Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • Тұрғындарды қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету.

Сонымен бірге, мемлекет осы қиындықтарды жеңіп өтуге талпыну үшін араласады. Ол келісімдер мен меншік құқығының сақталуын байқайды.. ол сыртқы шығындар бойынша қоршаған ортаны қорғау және сыртқы артықшылықтар бойынша денсаулық сақтау секілді рәсімдерді орнатады. Ол нарықтық бәсекелестіктің қуатталуына және ұлттық қауіпсіздік секілді қоғамдық қолданыстағы тауарлар өндірісін қамтамасыз етуге әсер ете алады. Үкімет жеке азаматтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканы жалпы тұрақтандыра алады. Бірінші кезекте экономикаға әсер ететін үкіметтің шешімдері бәсекелестікті қорғау, нарықты қоғамдық тауарлар мен қызметтермен қамту және нарықтың кемшілігін жөндеу қажеттілігінен туындайды. Нарықтық шешімдер өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекетімен мәжбүр етілген. Бұл түрлі дәлелдемелер жеке және мемлекеттік секторда шешім қабылдайтындар арасындағы дау-жанжалға жетелейді.

Үкімет пен жергілікті билік органдарының шығындары экономиканың өсуіне пара-пар өседі. Үкімет пен жергілікті билік органдары ақшаларды жеке азаматтарға тікелей жеңілдік жасауға және ұлттық қауіпсіздікке жұмсайды. Олар азаматтардың жеке табыс салығынан, акциздік жинақтардан табыс табады.

Салықтар мүмкіндіктер бойынша төлеу және дотация бойынша төлеу қағидаларына негізделеді. Салықтар табыс деңгейіне, салықтық мөлшерлеменің тұрақты, өсіңкі немесе кемитін болуына байланысты пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болуы мүмкін.

Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал

Салықтар – мемлекеттің арнайы заңнама негізінде азаматтардан (жеке тұлғалардан) және кәсіпорындардан (заңды тұлғалардан) алатын міндетті төлемі.

Салықтар:

  • Табыстарға (еңбекақы, пайыз, рента, пайда)

  • Шығындарға (сатып алынатын тауалармен қызметтердің бағаларынан)

  • Мүліктерге салынады.

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

Салықтық мөлшерлер – пайызбен белгіленетін және бюджетке төлеуге міндетті шығындардың белгілі үлесі.

Салықтық база – салық салуға жататын табыстардың тұрақты мөлшері.

Салықтық жеңілдіктер – салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін салықтарды заңды түрде кеміту (салық мөлшерлемесін немесе салық базасын төмендету арқылы).

Салықтардың атқаратын қызметтері

Реттеу.

Салықтар – нарықтық экономика басқаратын қаржылық тетіктердің бірі.

Ынталандырушы.

Салықтар техникалық прогресстің шапшаңдауына және жұмыс орнындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына әсер етеді.

Бөлу.

Салықтардың көмегімен мемлекеттік бюджеттің баптары орындалады.

Фискалды.

Салықтардың көмегімен азаматтар мен фирмалардың шығындарының бір бөлігі мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалады.

Салықтарды тек мемлекеттік және жергілікті билік органдары ғана төлетуге құқылы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті салықтардың құрылымы мынандай:

ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК:

  1. Табыс салығы

  2. ҚҚС

  3. Акциздер

  4. Бағалы қағаздар эмиссиясы үшін жинақ

ЖЕРГІЛІКТІ:

  1. Жер салығы

  2. Жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығы

  3. Көлік салығы

  4. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін салық

  5. Қызмет түрлерімен айналысуға құқық

  6. Аукциондық сауда - саттықтардан салықтар

Салықтарды бағалауда оларды шын мәнісінде кім төлейтінін білу аса маңызды.

Салықтардың қызмет ету аясы заң бойынша төлеуге міндетті азаматтар мен фирмаларға таралады. Шығындарды басқа тұлғаға аудару мүмкіндігі салықтарды аудару деп аталады. Салықтар тұтынушыға қайта салына алады, бұл жағдай алға қарай жылжуды білдіреді. Керісінше, салықтар артқа ығыса да алады, бұл жағдайда салықтық ауыртпалықты өндірушілер өз мойнына алады.

Ығысу бола ма, және болса қай жаққа қарай болатыны сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне байланысты.

Икемді сұраныс тұтынушы-азаматтардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға дайындығын білдіреді.

Икемді ұсыныс сатушы ұсынатын тауар санын қаншалықты оңай төменде немесе жоғарылата алатынын анықтайды.

Тұтынушы салық аясында әрқашан болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]