Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Қосымша материал.

Халықаралық стандарт бойынша Оукен заңын былай көрсетуге болады:

ЖІӨ қалысы (GDP gap) нақты және потенциалды ЖІӨ айырмасының потенциалды ЖІӨ-ге проценттік қатынасына тең.

Артуп Оукен, американдық экономист, президент Дж. Кеннедидің экономикалық кеңесшісі, 1960-шы жылдары статистикалық мәліметтерді ескере отырып, жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ арасындағы байланысты көрсетеді.

Мұнда u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; - циклдық жұмыссыздық деңгейі; - Оукен коэфиценті, ( >1), нақты жұмыссыздықтың деңгейі 1%-ке өзгергенде, нақты ЖІӨ потенциалдыға қарағанда неше % азаятынын көрсетеді.

АҚШ экономикасында Оукен кезінде болды, әр кезеңде ол әр түрлі болуы мүмкін. “-” белгісі нақты ЖІӨ мен циклдық жұмыссыздық арасындағы кері қатынасты көрсетеді.

Кез келген жылдың нақты ЖІӨ алдыңғы жылғы нақты ЖІӨ байланысты өзгеруін де Оукен есептеп көрсеткен.

Мұнда - биылғы жылғы нақты жұмыссыздық деңгейі

- былтырғы жылғы

3%- дамыған елдердегі потенциалды ЖІӨ орташа өсу типі

2- коэфицент, экономикалық өсу болмағанда жұмыссыздық деңгейі 1% өссе, нақты ЖІӨ неше % түсетінін көрсетеді (яғни 2%).

Осы формулалардың негізінде жұмыссыздық деңгейінің өсуінен ЖІӨ өзгеруін ғана емес, керісінше экономикадығы құлдырау негізінде жқмыссыздықтың нақты деңгейінің өсуін де анықтауға болады.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу

Рыноктың реттеушілігі еңбек нарығының проблемаларын шеше алмайды. XXғ. 50-70 жылдары көптеген елдер Дж. Кейнстің әдісін қолданды. Оның мәнісі мынада: салықты, банк процентін түсіру арқылы өндірістің өсуіне жағдай туғызу. Сонда жұмыс орны көбейіп, жұмыспен қамту жоғарылайды. Бірақ кәсіпорындар еңбекті үнемдейтін жаңа технология қолдану арқылы жаңа жұмыс орнын ашпауы да мүмкін еді.

XX ғ. 80 жылдарынан бастап еңбек рыногында екі бағыттан тұратын саясат жүргізіле бастады:

XX ғ. 80 жылдарынан бастап еңбек рыногындағы саясат

Жұмыссыздықтың ұзақтығын және деңгейін еңбекпен қамту жүйесі бойынша реттеу.

Жұмыссыздықтан жапа шеккендерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Бұл бағыттағы іс-әрекетті еңбекпен қамту қызметі немесе еңбек биржасы ұйымдастырады, олар жұмыссыздарды тіркеуге алады, бос орындар туралы мәліметтер жинайды, сол орындармен жұмыссыздарды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік қорғауға жататындар:

  • Қысқартуға түскен жұмысшыларға компенсация төлеу

  • Жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу

  • Қайта дайындау кезінде стипендия төлеу

Дегенмен мемлекет жұмыссыздарды орналастырудың барлық проблемасын шешуді қолға алмайды, ол жұмыссыздарға өз бетімен жұмыс іздеуге көмек көрсетуі керек.

ЖАЛАҚЫ

Еңбек рыногында сатып алушының да, сатушының да іс-әрекеті еңбекті бөлуге және еңбек түріне бағаны анықтауға бағытталады. Баға еңбекті бөлу процесінде сигнал және ынталандыру болып табылады. Жұмысшының көзқарасы бойынша еңбек бағасының табысты, яғни сатып алу қабілетін анықтауда мәні зор.

Еңбек рыногында тауар болып жұмыс күші, яғни тауар немесе қызмет көрсету өндірісі процесінде қолданатын дене және ой қабілеттерінің жиынтығы табылады.

Жұмыс күшінің немесе “еңбек” өндіріс факторының бағасы жалақы деп аталады.

Жалақы – жұмысшыға оның жұмыс күшін пайдаланғаны үшін төленетін төленім.

Еңбек рыногының ерекшеліктері

Еңбек рыногының ерекшелігі жалақы мөлшерінің қалыптасуы процесінде рыноктық емес факторлардың ролі өте зор болуында. Оларға жататындар:

а) мемлекеттің әсері

б) кәсіподақ ролі

в) еңбек төленіміндегі дискриминация

Жалақыға мемлекет әсерінің ең негізгі құралы – ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу.

Кәсіподақ жалақыға әсер ете алады, егер:

  • Осы мамандық бойынша басым көп немесе барлық жұмысшыларды біріктіре алса. Бұл жағдайда кәсіподақ жұмысшылардың мүддесін қорғай отырып рынокта жұмыс күшін сататын бір ғана сатушы, яғни монополист болып табылады да жалақыны көтерте алады.

  • Егер кәсіподақ барлық жұмысшыны қамтымаса кәсіпкерлерді өз мүшелерін жұмысқа алуға ғана күштейді, сөйтіп олардың таңдауын шектейді

Еңбек төленіміндегі айырмашылық жұмысшылардың жасына, жынысына, жағдайына қарай дискриминациялаудан болуы мүмкін.

  1. Тауар рыногындағыдай емес онда еңбек бағасын теңестіру болмайды.

Жалақы дифференцияциясына әсер етуші факторлар

  • Еңбек рыноктарының автономдылығы (өзінше ерекшелігі)

Әр рынок жұмысшыларының ой, дене, шығармашылық қабілеттеріне, профессионалдық дағдыларына ерекше талап қояды(мысалы ұшқыш немесе опера әншісі);

  • Адамдардың қабілеттері (мысалы жай және танымал әнші);

  • Квалификациядағы айырмашылық

  • Білім деңгейі

  • Еңбек жағдайы

  • Аймақтың ерекшеліктері

  • Еңбек тәуекелділігі

  • Еңбекті ауыстырудағы шектеу (кейбіреуі басқа қалаға көше алмау себебінен қажет еңбекке қолы жетпейді);

  • Информацияның жетіспеушілігі (жұмыс іздеушілер бос орын, жалақы т.б. туралы толық ақпаратты білмеуі мүмкін);

Егер жоғарыдағы факторлар болмаса жұмыс күші бір кәсіпорыннан екіншіге, бір саладан басқаға, бір аймақтан келесіге тез ауыса берер еді де жалақы деңгейі барлық жерде бірдей болушы еді.

ЖАЛАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сызбанұсқада жалақының негізгі түрлері мен формалары көрсетілген.

Жалақы

Есептелінген

Төленетін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]