Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар

Ж оғары квалификациялы қызыметкерлер (мысалы, менеджер) бір уақыт бірлігінде төмен квалификациялы жұмысшыға қарағанда ақшамен көрсеткенде көп пайда әкеледі. Жоғары білім алу үлкен шығынды ғана емес, белгілі дәрежеде қабілетті де қажет етеді, ал ол көп адамдарда бола бермейді. Сондықтан мұндай қызметкерлердің ұсынысы сол сияқты жоғары квалификацияны талап етпейтін нарықтағы ұсыныстан төмен. Осыған байланысты бірінші нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қисығы екінші нарықтағыдан жоғары мөлшерде қиылысады.

Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу

Квалификациясы төмендердің еңбек рыногында жалақының ең төменгі мөлшерін тепе-теңдік жалақы мөлшерінен жоғары белгілеу жұмыссыздықты тудырады.

Мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін белгілеу шарасы кедейлікті жоюға және жұмыс барларға осы қоғамда дұрыс өмір сүру деңгейін қамтамасыз етіге арналған. Мұның теріс салдары да бар. Кейбір кәсіпкерлер “жасырын еңбек рыногын” ұйымдастырып квалификациясы төмен жұмысшыларды, әсіресе басқа жақтан жұмыс іздеп келген иммигранттарды оларға ең төменгі жалақы деңгейінен де, тіпті рыноктағы тепе-теңдік жалақы деңгейінен деңгейінен де аз ақыны заңсыз төлеп жұмысқа алып жатады.

Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)

1 есеп. Отбасы 45000 теңге табыс табады. Негізгі шығындарының статьясы:коммуналды қызмет көрсетулер, азық-- түлік, білім, медициналық қызмет, саяхат.

Тауар және қызмет көрсету

2005 жылғы баға

2006 жылғы баға

Коммуналды қызметтер

Айына 4500

5500

Білім

Айына 1500

2000

Азық- түлік

20000

2500

Медициналық қызмет

5000

6000

Саяхат

10000

15000

Әр тауар мен қызмет көрсету түріне баға индексін анықта.

Нақты табысты анықта.

Шешуі:

Баға индексі = (ағымдық жылғы баға/базалық жылғы баға)*100%

Бұдан біз баға базалық жылға қарағанда пайызбен қаншаға өзгергенін көре аламыз.

Базалық жыл – кез- келген, қалған жылдарды сонымен салыстырғымыз келетін жыл.

Базалық жылдың бағасы 100 пайыз деп қабылданады.

Пропорция арқылы шығарайық:

Азық- түлік 20000 – 100%

25000 – Х%

Х=(25000*100%) / 20000=125%, яғни азық -түлік 25% өсті.Басқасы да осылай есептеледі.

Тұтыну бағасының индексін есептеу үшін «тұтыну кәрзеңкесі»ұғымы қрлданылады, оған белгілі бір тауар және ұызмет көрсету түрлері енеді.

Нақты табысты анықтау үшін тұтыну бағасының индексін санау керек(ИПЦ).

ИПЦ= (Тұтыну кәрзеңкесінің биылғы жылғы бағасы /Тұтыну кәрзеңкесінің базалық жылғы бағасы)*100%

Егер берілген шығындарды тұтыну кәрзеңкесі деп есептесек:

Q ағымдық- ағымдық жылдағы тұтынған тауар және қызмет көрсету саны.

Pбаз, Р ағым. - базалық және ағымдық жылғы баға.

ИПЦ=

Нақты табыс= (номиналды табыс / ИПЦ) *100% = (45000 /128,9) * 100% = 34910.

Нақты табыс 28,9% азайды.

2 есеп. Егер тауар және қызмет көрсету бағалары бір жылда орташа 12,5% өссе, ал ақшалай табыс 8% өссе, нақты табыс қалай өзгереді?

Шешуі: 108 / 112,5 = 0,96.

Жауап: 4% кеміді.

3 есеп. (есеп Бердсктің экономикалық мектебі өткізген халықаралық жарыстан алынған.)

А елінің тұтыну кәрзеңкесіне отандық екі тауар- қалаш(400 дана), экономика оқулығы( 2дана) және импорттық бір тауар- кока- кола( 200 дана) кіреді. 2003 жылы бір қалаш 1 а.б., бір оқулық- 200 а.б., ал бір кока- кола 3 а.б. болды. 2004 жылдың аяғында қалаш 2003-пен салыстырғанда 200% , оқулық 50% қымбаттады.

ИПЦ негізінде есептеген инфляция темпі осы аралықта100% құрады. 2004 жылғы кока -кола бағасын анықта.

Шешуі:

Есептің шартын кестеден көрсеткен ыңғайлы:

Тауар

Тұтыну кәрзеңкесіндегі саны

2003 жылғы бір тауардың бағасы

2004 жылғы бір тауардың бағасы

Қалаш

400

1

3

Оқулық

2

200

300

Кока-кола

200

3

Х

Инфляция темпінің формуласы:

Инфляция темпі 100%, яғни =1, немесе

((400 * 3 + 2 * 300 + 200 * х) / (400 * 1 + 2 * 200 + 200 * 3)) – 1 = 1

Теңдеуді шешсек, х=5 болады.

Тұтыну тауарларының бағасын, санын өзгерте отырып, есепті өз бетімен басқаша құрастыруға болады. Сабақ аяғында ИПЦ не үшін есептелінетінін, инфляция темпі қалай анықталатынын сұраңыз.

4 есеп. Қызметкердің номиналды жалақысын біле отырып, баға деңгейінің жалпы өсуіне байланысты әрқашан нақты жалақыны есептей аламыз. Осылайша елдегі экономикалық жағдайды (салық, инфляция темпі т.б.)біле отырып,оның өзгерісі жалақыға қалай әсер ететінінін анықтауға болады. Мұнда қызметкердің тұтынған тауар және қызмет көрсетулерінің түрлері мен саны өзгермеді деп санаймыз.

Мысалы, 2001жылы желтоқсанда инженер Омардың жалақысы табыс салығын қоса ескергенде 5000 теңге болды.Егер Омардың нақты табысы бір жылда өзгермесе 2002-ші жылдың желтоқсанында ол табыс салығын ескере отырып, қанша номиналды жалақы алуы керек? Және де мынаны біліңіз:

  • Омар үшін жалақы жалғыз ғана табыс көзі болып табылады;

  • Омар жалақысын әр айдың аяғында алады;

  • 2002 жылы желтоқсанда Қазақстандағы табыс салығының мөлшері 20%-ке өсті(табыс көлемін ескермей)

  • Омардың табыс салығы бойынша ешқандай жеңілдігі жоқ;

  • 2002 жылғы инфляцияның айлық орташа темпі 5% құрады.

Шешуі:

Қазақстандағы табыс салығының мөлшері 13% . Сондықтан Омардың нақты табысы 2001жылғы желтоқсанда 5000-5000*0,13=5000-650=4350 теңгені құрады.

Егер инфляцияның айлық орташа темпі 5% болса, 2001 жылы желтоқсанда 4350 теңге болған тауарлар мен қызмет көрсетулер жинағы 2002 жылы желтоқсанда( 12 айда):

4350 * (1+0,05) = 4350*1,80 = 7830 т.

Табыс салығын алып тастағанда олардың нақты табысы өзгермейтін болса оның мөлшері 7830 теңге болуы керек.

Сәйкесінше табыс салығын алмағанға дейін Омардың номиналды жалақысы:

7830 / (1-0,20) = 7830 / 0,80 = 9787,5 теңге

Жауабы: 2002 жылы желтоқсанда Омардың номиналды жалақысы 9787,5 теңге болуы тиіс. мыс жасайды

5 есеп. Бір саладағы еңбекке ұсыныс LS = 40 + 4W теңдеуімен берілген, ал саладағы сұраныс LD = 100 - 2W, мұнда W – жалақы мөлшері, ал L – жұмысшылар саны.

  1. Еңбек рыногының тепе-теңдік параметрлерін анықта

  2. Мемлекет ең төменгі жалақыны 15 а.б. деп белгіледі. Бұл саясаттың салдарын сипаттаңыз.

Шешуі:

Рыноктық тепе-теңдіктің координаталарын табамыз.

LS = LD

40 + 4W = 100 - 2W

W* = 10

L* = 80

  1. W* = 10; L* = 80;

  2. Ең төменгі жалақы деңгейі 15 а.б. болса, нарықта жұмыссыздық пайда болады, оның мөлшері: LS(15)-LD(15)=100-70=30

Жауабы: 30 адам.

6 есеп. Бәсекелес фирмада айлық өнім шығару көлемі жұмысшы санынан келесі түрде байланысты:

Жұмысшы саны

1

2

3

4

5

6

Өнім көлемі, дана

200

480

800

1000

1150

1275

Фирманың ең жоғарғы пайда табуына қажет жұмысшы санын анықта, егер жалақы бәсекелес еңбек рыногында 16000 болса, ал тауар бағасы 100 теңге болса.

Шешуі:

Жұмысшы саны

1

2

3

4

5

6

Өнім көлемі, дана

200

480

800

1000

1150

1275

MPL

200

280

320

200

150

125

MRPL =P MPL

20000

28000

32000

20000

15000

12500

MRPL > W болғанда фирма жұмысшыларды қабылдай береді, ал жоғары пайдаға жету үшін фирма 4 жұмысшы қабылдайды.

Жауабы: L* = 4.

7 есеп. Бәсекелес фирма бәсекелес еңбек рыногынан жұмысшыларды жалдайды. Берілген капитал көлемінде оның өндірістік функциясы Q=100xL-L*L, ал жалпы табыстың функциясы TR=5*Q. Еңбекке сұраныс функциясын тап және фирманың ең жоғары пайда табу үшін қабылдайтын тиімді жұмысшы санын анықта. Жалақы мөлшері 200 а.б.

Жауабы: LD = 50 – 0,1W; LD (200) = 30.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]