- •Мазмұны
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. Ресурстардың шектеулілігі
- •Кесте 2. Өндіріс мүмкіншіліктерінің кестесі
- •1 Сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •Экономикалық жүйе түрлері
- •1 Тақырып. Ресурстардың шектеулілігі. Таңдау мәселесі. Балама құн. (есептер, тест сұрақтары)
- •Өз бетімен шығаруға арналған есептер
- •Тест сұрақтары
- •Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
- •2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
- •Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
- •Сұраныс (demand).
- •Ұсыныс.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныстың икемділігі.
- •3 Тақырып. Сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі.
- •IV. Тапсырмалар
- •VI тест 2. Төмендегінің қайсысы дұрыс?
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
- •1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
- •2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
- •3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
- •Нарықтық бағаны белігеуде мемлекеттік реттеудің салдарлары
- •Салықтар мен дотациялар;
- •Директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- •3. Сату көлемін реттеу
- •4 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
- •Қорытынды: алынатын түсімнің ең көп мөлшері тепе-теңдік баға кезінде болады. Тест
- •Тест жауаптары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Бизнесті ұйымдастыру нысандары
- •Жеке бизнес
- •Жеке нысан: артықшылығы мен кемшілігі
- •Серіктестік бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде
- •Серіктестік: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың акционерлік нысаны
- •Акционерлік қоғам: артықшылығы мен кемшілігі
- •Бизнесті ұйымдастырудың арнайы нысандары
- •5 Тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары (есептер, тест сұрақтары)
- •1 Тапсырма
- •«Алтын кілт» ертегісі.
- •Есептер
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру
- •Қаржы нарығы
- •Қысқа мерзімді қаржыландыру
- •Ұзақ мерзімді қаржыландыру
- •Акциялар
- •Кәсіпорын жаңа капитал шығарады
- •Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. Теңге
- •Тақырып 6. Кәсіпкерлікті қаржыландыру (есептер, тест сұрақтары)
- •Тест 1.
- •Жауап бланкісі
- •Есеп 1.
- •Тест 2.
- •Жауап бланкісі
- •Есептер 2
- •7 Тақырып. Фирма шығындары.
- •Шығындар
- •Шығын түрлері
- •Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
- •Шекті шығындар
- •Фирма шығындары
- •Пайданың ең жоғары болу шарты
- •Өндіріс масштабының (көлемінің) әсері
- •Қорытынды
- •7 Тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
- •II.Есептер
- •III. Тест
- •8 Тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
- •Бәсекелестік
- •Рынок құрылымы
- •Қорытынды
- •2 Тапсырма
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма. Түрмедегідер диллемасы
- •3 Тапсырма. Бензоқұбырлар дуэлі
- •4 Тапсырма. Авиокомпания ісі: ірі болған сайын жақсы ма?
- •9 Тақырып. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары.
- •Еңбек нарығы
- •Еңбек ресурстары және жұмыссыздық
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Фрикционды жұмыссыздық
- •Құрылым жұмыссыздығы
- •Циклды жұмыссыздық
- •Жасырын жұмыссыздық
- •Табиғи жұмыссыздық түсінігі
- •Жұмыссыздықтың салдары
- •Оукен заңы
- •Қосымша материал.
- •Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Жай мерзімді
- •Мерзімді-сыйақылы
- •Еңбек нарығы қалай жұмыс жасайды
- •Еңбекке сұраныс
- •Жоғары мөлшерде пайда алу шарты
- •Еңбек ұсынысы
- •Нарықтық тепе-теңдік
- •Қызмет түріне орай еңбекақы деңгейіндегі айырмашылықтар
- •Жалқының ең төменгі деңгейін мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 9. Еңбек нарығы. Еңбек ресурстары. (есептер, тест сұрақтары)
- •II. Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар тест
- •1 Тест сұрақтарына жауаптар
- •III. Еңбек нарығы және жалақы
- •Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы қате екенін көрсетіңіз.
- •Келтірілген жауаптардың қайсысыд ұрыс екенін көрсет.
- •Тапсырмалар мен есептер
- •Жұмыспен қамтылғандар және жұмыссызлар. Жұмыссыздықты өлшеу.
- •Терминдермен түсініктерге сәйкес анықтамаларын табыңыз:
- •№3 Тест
- •Есептер
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық
- •Экономикалық тұрақтылық
- •Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары
- •Жалпы ұлттық өнім. Жалпы ішкі өнім.
- •Жұө табыс тәсілімен есептеу
- •Жіө өндірістік әдіспен есептеу.
- •Қосымша құнды есептеу
- •Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері
- •Номиналды және нақты жүө
- •Экономикалық циклдар
- •Макроэкономикадағы тепе-теңдік
- •Тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемі
- •Жұмыспен қамтудың кейнсиандық теориясындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты
- •Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат
- •Экономиканы ақша-несие және бюджеттік реттеу әдістері
- •Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары) тест 1.
- •Тест 2.
- •Дұрыс сөйлемді анықта:
- •12 Тақырып. Халықаралық сауда
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет
- •Экономикадағы мемлекет
- •1.1 Жеке меншік құқығын сақтау
- •1.2 Сыртқы әсерлерді ескеру
- •1.3 Нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету
- •1.4 Тұтынушыларды қорғау
- •1.5 Экономиканы тұрақтандыру
- •1.6 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •1.7 Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз ету
- •1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті
- •1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды
- •1.10Үкіметтік табыстардың көздері
- •Қорытынды
- •Қазақстан республикасы бойынша қосымша материал
- •13 Тақырып. Экономикадағы мемлекет. (есептер, тест сұрақтары) тест
- •Ойлануға арналған сұрақтар
- •5 Нарық Соңғы тауарлар мен қызметтер 6 Нарық 1 Жаттығу
Әрбір экономикалық жүйе ресурстардың шектеулілігі факторына тап болады дегенде не туралы сөз болып отыр:
кейбір өнімдерді тек қана ең жоғарғы бағамен сатып алуға болады,
ресурстардың шектеулілігі кедей мемлекеттерде болады,
табысы жоғарылар бұл проблеманы төзе алатын еді;
адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірістік ресурстар ешуақытта шеткілікті болмайды;
кез елген экономикада ресурстардың шектеулілігі кездесетін құлдыру кезеңі болып отырады.
Соңғы кездерде мектеп бюджетін қарастырған кезде қала тұрғындары мектеп ұсынысын қолдамады және мектеп басшылығын бағдарламадан тыс қызметтің барлығын тоқтатуға мәжбүр етті. Осы шешімнің балама құны, егер балама құн бар болса, нешеге тең?
салық төлеушілер сатып алатындай жаңа тауарлардың құнына;
сыныптан тыс сабақтардан алатын жіберілген пайдаға;
қоғамдық қуаттылықты тиімді қолдану мүмкіндігіне;
ешқандай балама құн жоқ, себебі ақша жұмсау шығыны азаяды.
Екі өндірушілер арасынан салыстырмалы артықшылыққа ... ие болады
бірдей ресурстар санын қолдану арқылы көбірек тауарлар мен қызмет түрін өндіретін өндіруші;
балама құны аз болатын қандай да болмасын тауарды өндіретін өндіруші;
балама құны көп болатын қандай да болмасын тауарды өндіретін өндіруші;
тауар немесе қызмет түрін жақсы сапамен өндіретін өндіруші.
Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде келесі ресурс түрлері қарастырылады:
еңбек ресурстары және капитал;
еңбек және табиғат ресурстары мен капитал;
капитал және табиғи ресурстар;
еңбек ресурстары.
Төменде айтылған «балама құн» анықтамасының ең дұрысын таңдаңыз. Балама құн - бұл ...
таңдалған мақсатқа жету үшін қолданып отырған шектеулі ресурстардан бас тартуға тура келетін келесі ең жақсы баламаның құндылығы;
таңдалған мақсатқа жету үшін қолданылатын шектеулі ресурстардан бас тартуға тура келетін барлық баламалардың құны;
фирманың ақшалай түрде көрсетілген белгілі тауар өндірісіне жұмсаған барлық шығындар сомасы;
егер осы шешім қабылданатын болса, жұмсауға тура келетін ақшалай шығындар.
Өндірістік мүмкіншіліктер қисық сызығын сызған кезде төменде аталған экономикалық ұғымдардың қайсысын тікелей мысал ретінде көруге болады:
сұраныс пен ұсынысты;
жалпы сұраныс пен жалпы ұсынысты;
өндірістік ресурстар шектеулілігін, компромистік таңдауды, балама құнды;
шектеулі ресурстар кезінде қажеттіліктерді қанағаттандырудың ең жақсы тәсілін.
2 Тақырып. Сұраныс. Ұсыныс.
Сабақтың мақсаты:
Сұраныс пен сұраныс икемділігі анықтамаларымен байланысты ұғымдарды , сонымен қатар табыс пен сұраныс икемділігі өзара байланысын тереңірек қарастыру.
Сұраныс қисық сызығын тұрғызуын және қисық сызық көлбеуіне икемділіктің әсерін талдау.
Сұраныс икемділігі арқылы игіліктерді жіктеу.
«Ұсыныс» пен «ұсыныстың мөлшері» ұғымдары арасындағы ерекшелікті түсіну, оларға әсер ететін факторларды бөліп көрсету.
Сызбалардың көмегімен ұсыныстың, ұсыныс мөлшерінің өзгеруін талдау.
Ұсынысты қалыптастыру шарттарының өзгеру бағыты мен осы өзгерістердің мөлшері арасындағы айырмашылықты тану.
Сабақтың міндеттері:
Сұраныс шкаласы арқылы, графикалық және аналитикалық түрде нақты ситуацияны қарастыру арқылы сұранысты көрсету.
Сұраныс шкаласы, сұраныс қисық сызығы, формула түрінде көрсетілген сұраныс функциясын; кесте арқылы сұраныстың бағалық емес факторларын (сұраныс детерминанттарын) қарастыру.
Сұраныс заңын және заңнан тыс ережелерді қарастыру.
Сұраныс тақырыбы бойынша тапсырмаларды талдау арқылы «сұраныс» және «сұраныс мөлшері» ұғымдары арасындағы айырмашылықтарды талдау.
Бағалық және бағалық емес сұраныс факторларының әсерін ескере отырып сұраныс тақырыбы бойынша есептерді шығару
Ұсынысты ұсыныс шкаласы арқылы, жеке жағдайды шешу ретінде сызба және талдама арқылы таныстыру.
Ұсыныс қызметін шкала, қисық формула түрінде көрсетілген ұсыныс қызметін; кестелер көмегімен бағалық емес факторларды (ұсыныс детерминанттарын) қарастыру.
Ұсыныс заңын қарастыру.
Осы тақырып бойынша берілген тапсырмаларды талдау арқылы, «ұсыныс» пен «ұсыныс мөлшері» түсініктерінің арасындағы айырмашылықты талдау.
Есептерді шығару арқылы ұсыныс икемділігі мен оның салық саясатының қалыптасуына әсері тақырыбын қарастыру..
Ұсыныстың бағаға байланысты және бағалық емес факторларының әсерін ескере отырып, есептерді шығару және жаттығуларды орындау.
Жеке жәненарықтық ұсыныстың сызбасын түзу.
Қарастырылатын сұрақтар:
«Сұраныс» және «сұраныс көлемі» (сұраныс мөлшері) ұғымдары арасындағы айырмашылық.
Баға өзгерісі кезінде сұраныс бойымен қозғалыс және бағалық емес детерминантары өзгерісі кезінде сұраныс қисық сызығының қозғалысы.
Нарықтық сұраныс қисық сызығын тұрғызуда мүмкін болатын қателіктер
Игіліктердің жіктелуін (субституттар, комплементтер, қарапайым, инфериорлы, бірінші қажеттіліктегі, сән-салтанат) нақты түсіну
Жеке сұраныстың нарықтық сұраныстан айырмашылығы.
«Ұсыныс» пен «ұсыныс көлемі» ұғымдарының арасындағы айырмашылық.
Бағаның өзгеруінен ұсыныс қисығы бойында жылжыжу және бағалық емес факторлардың өзгеруінен ұсыныс қисығының ығысуы.
Нарықтық ұсыныс қисығын тұрғызуда мүмкін болатын қателер (көлденеңнен соммалау, ұсыныстың теріс көлемдерін қосу мүмкіндігін алып тастау).
Нарықтық ұсыныстың жеке ұсыныстан ерекшелігі
Әдебиеттер тізімі:
Основы экономической теории: Учебник для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики /Мем. унив. – Экономиканың жрғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен – 7-ші басылым. – 2 кітапта. 1 Кітап. – М.: Вита-Пресс, 2004, 70-79 беттер, 96-109 беттер, 147-149 беттер.
Практикум по основам экономической теории: Уч. пособие для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики /Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен. – М.: Вита-Пресс, 1999, 37-43 беттер, 56-65 беттер, 81-82 беттер.
Савицкая Е.В., Серегина С.Ф. –Уроки экономики в школе. Әдістемелік құрал. 1 Кітап.- М.: Вита-Пресс, 1999, 3 тақырып, 5, 6, 8 сабақтар.
Липсиц И.В. Экономика: 2 кітапта. 1 кітап: Учебник для 9 кл. общеобразоват. учрежд.- 4-ші басылым, қайта қарастырылған және толықтырылған.- М.: Вита-Пресс, 2000, 50-56 беттер.
Мицкевич А.А.- Экономика бойынша есептер жинағы: 10-11 сынып оқушыларына арналған. 3 кітапта. 1 кітап микроэкономикадан есептер жинағы.- Қайта өңделген 3-ші басылым. – М.: Вита-Пресс, 2001, 117-139 б.
Иванов С.И. – 10-11 сыныптарға арналған практикум. 1 кітап.- М.: Вита-Пресс, 2000, 56-69 б.
Буфетова А.Н., Веселая Л.С. – Основы экономики. Оқу құралы – Новосибирск, ЭКФАК/НГУ,2005 ж, 20-21 б.
Негізгі ұғымдар мен терминтер:
Табыстар, сұраныс көлемі, жеке сұраныс, сұраныстың тура және кері функциялары, сұраныс заңы, сұраныстың бағалық емес детерминанттары (факторлары), қарапайым және инфериорлы игіліктер, алмастырушы тауарлар (субституттар) және толықтырушы тауарлар (комплементтер) нарықтық сұраныс.
Ұсыныс қызметі. Баға мен ұсыныс көлемі. Игіліктің жеке ұсынысы. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың бағалық емес детерминанттары (факторлары). Нарықтық ұсыныс.
НАРЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Аралас экономика дамыған елдерінде ресурстарды орналастыру жөніндегі көптеген шешімдер баға жүйесі арқылы шешіледі. Баға нарықта анықталады, олардың қызмет етуін сұрынас пен ұсыныс модельдерінің базасы көмегімен сипаттауға болады.
Нарықтық қатынастардың барлық қатысушыларын, олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес екі топқа бөлуге болады – сатушылар мен сатып алушылар.
Сатып алушылар – бұлар нарықта тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алатын тұтынушылар және ресурстарды сатып алатын фирмалар, сол ресурстар арқылы фирмалар тауарлар мен қызмет түрлерін өндіреді. Сатып алушылар қатарына өз өнімін өндіретін және сататын фирмалар, сонымен қатар қолда бар ресурстарды жалға беретін ресурс иелерін де жатқызуға болады.
Нарық – белгілі бір тауарды сату-сатып алу жөніндегі тауар сатып алушылары мен сатушыларының келісімге келулеріне көмектесетін механизм. Әдетте, нақты нарықтарда сатылатын тауарлар мен қызмет түрлерінің әрбір категориясына толық бірдей болмайтын игіліктер кіреді.
Қазіргі кезде нарықтың көптеген кең тараған түрлері бар: көтерме және бөлшек, әлемдік және аймақтық, яғни нарықтардың жіктелу критерийлеріне байланысты:
- жағрапиялық орналасу жағдайы бойынша;
- өндіріс саласы бойынша (бидай нарығы, автокөліктер нарығы);
- келісім объектісі бойынша (тұтынушыллық тауарлар нарығы, ақша нарығы және құнды қағаздар нарығы, еңбек нарығы).
Сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылар саны саудалық келісімдер нәтижесіне маңызды әсер етеді. Осы белгі бойынша нарықтар бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар болып қарастырылады. Жетілген бәсеке нарығында сатушылар мен сатып алушылар саны көп, сондықтан ешбір жеке алған сатушы немесе сатып алушы баға деңгейіне маңызды әсер ете алмайды, мысалы бидай нарығы жетілген нарық түріне жақын болып келеді. Сатушылар саны көп емес кейбір нарықтарда қатаң бәсеке тууы мүмкін, мысалы АҚШ-ғы авиалық тасымалдау нарығы. Кейбір нарықтарда өндірушілер саны көп, бірақ олар бір-бірімен бәсекелес нарықтар емес, себебі ол нарықтарда жекелей алғандағы бір фирма өнім бағасына әсер ете алмайды. Әлемдік мұнай нарығы- осындай нарықтардың мысалы. 70-ші жылдардың басында мұнай нарығында ОПЕК картелінің рөлі басым болды. Нарық түрлерінің көптүрлілігіне қарамастан тақырыпты жетілген (абсолютті) бәсеке нарығын зерттеуден бастаймыз.
Жетілген бәсекенің (perfect competition) басты белгілері:
сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп, олардың барлығы «бағаны қабылдаушылар (price takers)»; олардың саны көп болғандықтан ешбір сатушы да, сатып алушы да нарықтық бағаға әсерін тигізе алмайды, яғни олар нарықтық бағаны сол қалпында қабылдауы тиіс;
тауарлар мен қызмет түрлерінің біртектілігі, яғни бір фирманың тауары басқа фирманың тауарының абсолютті алмастырушысы бола алуы;
тауар сатушылары мен сатып алушыларының нарыққа кіруі мен одан шығуының оңай болуы, бұл ресурстардың толық мобильді болуына ықпал етеді;
толық және жетілген мәліметтің болуы.
Нарықтар мәліметті негізінен баға түрінде береді.
Нарықтық экономикадағы баға жүйесі «не», «қалай» және «кім үшін» деген сұрақтарға жауап іздеуге көмектеседі. «Не» деген сұраққа жауап нарықтағы әртүрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы арқылы анықталады. «Қалай» деген сұраққа фирма шешімдері арқылы анықталады. «Кім үшін» деген сұраққа жауап тұтынушылардың тауарлар үшін төлеу тілектері мен қабілеттер арқылы анықталады, ол тілектер мен қабілеттер тұтынушылардың өз ресурстарын сата алатындай бағаны анықтайды. Баға механизмі нарықтық экономиканың ұйымдастырушысы мен координаторы болып табылады. Бұл жүйе тек ғана жетілген бәсеке жағдайында тиімді жұмыс жасайды.
Нарықты зерттеуді алдымен сатып алушылар мінез-құлқын зерттеуден бастайық. Тауардың сұранысын, яғни тұтынушылар алғысы келген және ол тауар үшін төлей алатын тауар санын не анықтайтынан қарастырайық.
