Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.8 Мемлекеттік және жеке сектордың өзара әрекеті

Әдетте, жеке және мемлекеттік сектор нарықтық экономиканың екі жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ, мұқият қарастыратын болсақ, мемлекет пен кәсіпкерлік арасында жеке сектордың бағасына, пайдаға, өндірістік шешімдер мен нарықтарға әсер ететін тұрақты өзара әрекеттестік бар.

Тікелей төлемдер немесе салықтық жеңілдіктер арқылы мемлекет экономиканың түрлі секторларына субсидияларды (қаржылық көмекті) ұсынады. Бұл әрекеттер қоғамның мүддесін алға бастау мақсатымен жүргізіледі.

1.9 Үкімет өз ақшасын қалай жұмсайды

  • Азаматтарға тікелей төлемдер мен жәрдемақылар. Үкімет өз бюджетінің жартысынан көбін жеке тұлғаларға төлеуге жұмсайды. Бұл төлемдердің барлығы дерлік әлеуметтік қамсыздандыруға, әлеуметтік медицинаға, денсаулық сақтауға, ардагерлерге, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларға төленетін жәрдемақы төлеуге жұмсалады. Бұл төлемдер федералды бюджеттің ең шапшаң өсетін бөлігі болып табылады.

Зейнеткерлер үшін көптеген жеңілдіктер бар. Зейнетақы қорларының табыстарын сақтандыру мемлекеттік қызметкерлер үшін зейнеткерлік жеңілдіктерлі қамтиды, бірақ бұл төлемдердің басым бөлігі жеткілікті қамтамасыз етілмеген тұлғаларға көмек көрсету үшін жұмсалады.

  • Жергілікті билік төлемдері. Көптеген санаттар жоспарларды, аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын дайындаумен айналысатын жергілікті билік төлемдерін қамтиды. Төлемдер жергілікті және аймақты даму, көлік және білім беру қажеттіліктеріне пайдаланылады.

1.10Үкіметтік табыстардың көздері

Үкімет табыстарының негізгі көзіне салықтар жатады. Олардың ішінде, сатуға салынатын салықтар бюджетке түсетін барлық салықтық төлемдердің шамамен тең жартысын құрайды. Сіз көп зат сатып ала отырып, сатуға салынатын салықты төлейсіз. Табыс салықтары табыс көзінің маңыздылығы жағынан екінші салық түрі болып табылады. Азаматтар өз табыстарынан салық түрінде белгілі пайыз төлеуге міндетті.

Салықтар – бұл мемлекеттің бюджетке жеке және заңды тұлғалардан алатын міндетті жарнасы.

Салықтардың басты қызметіне үкіметтің өзінің шығындары өтеу жатады. Бірақ салықтардың басқа да қызметтері бар.

Кейде салықтар өндірістің белгілі салаларын қорғау үшін алынады. Көп жылдар бойы баж (импортқа салынатын салық) импорттық тауарды қымбат ете отырып, ірі фирмалардың мүддесін қорғауға көмектескен еді.

Салықтар, сонымен қатар, үкіметтің көзқарасы бойынша, зиян қызметке бөгет болу үшін қолданылады. Мысалы, «күнә» салықтары деп аталатын спиртті ішімдіктер мен темекілерге салынатын салықтар ақша алу және, сонымен бірге, темекі шегу мен ішімдік ішуден адамдардың көңілін аудару мақсатымен алынады. Бұл салық акцизді салық деп аталады.

Акциз – өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық.

Сонымен бірге, салықтар экономикалық қызметтің деңгейін реттеу үшін қолданылады. Салықтарды көбейте немесе кеміте отырып, үкімет айналымдағы ақша санына тікелей әсер ете алады.

Көптеген адамдар кейбір салықтар қажетті деген тұжырыммен келіседі. Алайда, ол салықтың қай түрі және олардың мөлшері қандай болу керек туралы елеулі келіспеушілік бар. әлде-бір салық түрін бағалау үшін: «Оны кім төлейді?» деген сұраққа жауап беру керек. Салықтардың нақты әрекеті соңында осы салықты төлеу ауыртпалығын көтеретін жеке адамдар мен компанияларға қатысты болады. Сондықтан, назарды төмендегі сұрақтарға аударып, салық салу әрекетінің фактілері мен қағидалары туралы білу қажет:

? Салықты кім төлеу керек?

Салықтардың қай түрлері алынады?

Салық салудың дотация қағидасы үкімет адамдарға өзінің қызметін қолданудан алатын артықшылыққа сай салық салу қажеттігін білдіреді. Көпір арқылы өту үшін төленетін төлем жақсы мысал бола алады. Неге? Себебі, белгілі қондырғылар мен қызметтерді қолданатын адамдар бұл үшін төлем төлеуге міндетті.

Мүмкіндіктер бойынша төлеу қағидасына сай адамдар салықтарды төлей алатын кезде төлеуі керек. Экономистер тек жалпы ғана түсінік беруі мүмкін: бай адамның салық төлеуге мүмкіндігі көбірек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сай салық төлеу әр-бір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады.

Адамдардың өздерінің материалдық жағдайына сай салықтың мөлшерін анықтауда түрлі пікір айтатыны таңқалардық емес. Мысалы, кейбіреулер салықтар табыс деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей болуы керек дегенді айтады. Ал, кейбіреулер бай адамдардан көбірек салық алу керек деп есептейді. Бұл келіспеушіліктер пропорционалды және прогрессивті салықтар арасындағы айырмашылықты айқындайды.

С алықтар

Пропорционалды салықты тұрақты деп айтады. Табыстың жоғарылауымен салық та пропорционалды түрде көтеріледі (салықтардың біркелкі мөлшері).

прогрессивті салықта табыстан жоғары пайыз алынады. Сонымен, табыстың көбеюімен салық жоғары пропорциямен көбееді.

Пропорционалды және прогрессивті салықтардан басқа регрессивті де салық бар. Регрессивті салық төмен табыстан жоғары пайызды және жоғары табыстан төмен пайызды төлеуді білдіреді. Сатуға салынатын салықтар жеке табыс негізінде есептелмесе де, олардың регрессивті әсері бар.

Азаматтарда үкіметтің қызметін жыл сайын талдау мүмкіндігі бар, себебі, бюджеттер мемлекеттік және жергілікті деңгейде жыл сайын жасалады. Мемлекеттік бюджет – ол алдағы қаржылық жылға көзделген табыстар мен шығындарды біріктіретін қаржылық жоспар. Көзделген табыстар көзделген шығындарға тең болатын болса, бюджет балансталған (теңестірілген) болып саналады. Егер, бюджеттің шығындары табыстардан басым болса, онда олардың арасындағы айырма дефицит (жетіспеушілік) деп аталады. Егер, табыстар шығындардан басым болатын болса, онда бюджет белсенді болады (профицит).

? Неге экономистер мен саяси қайраткерлерді дефицит қатты ойландырады?

Мемлекеттік борыш – ол барлық жылдық дефициттерді қаржфландыру үшін қажетті барлық қарызданулардың соммасы. Борыш үкіметтің азаматтар мен компанияларға, шетелдік инвесторларға және өз-өзіне төлеуге қажетті ақшаны қамтиды.

Көптеген экономистерді дефицит келесі себептерге байланысты ойландырады:

  • Мемлекеттік борыш бойынша пайыздардың жылдық төлемдері бюджеттің басым бөлігін құрайды.

  • Ірі дефицит несие бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің өсуіне жетелеуі мүмкін.

  • Бюдежттік дефицитті жабу үшін үкімет, әдеттегідей, банктерден, корпорациялардан, шетел инвесторларынан ақшаны қарызға ала алады, немесе ақшаны басып шығара алады. Пайыз нысанындағы несие құны басқа бағалар сынды сұраныс пен ұсыныс заңымен реттеледі. Егер, мемлекеттік займдар бос қаражаттарға деген сұранысты көтеретін болса, онда бұл пайыз мөлшерлемесінің өсуін білдіреді.

  • Бюджеттік дефицит пен жеке салымдар. Үкімет дефицитті қаржыландыру үшін ақшаны қарызға аларда, ол компаниялар фабрикалар мен құрал-жабдықтарды инвестициялау үшін қолданған қаражаттарды ала алады. Зауыттар мен құрал-жабдықтарға аз инвестициялау жаңа жұмыс орнының аз мөлшерін білдіреді. Бұл да еңбек өнімділігінің өсуін бәсеңдетеді, яғни, жеке табыстардың өсуін кідіртеді.

  • Дефицит пен инфляция. Үкімет өз қарызын өтеу үшін ақшаны жай ғана басып шығара алады. Бірақ, бұл жағдай, тауарлар мен қызметтер санының өсуінсіз ақша ұсынысын көтереді, ал бұл нәтижесінде инфляцияға әкеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]