Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Есептер

Есеп 10. М елінің тұрғыны 90млн. адам. Оның ішінде 36 млн. адам жұмыс істемейді. Егер жұмыссыздық деңгейі 10%, ал қоғамдағы жұмысқа жарамсыз адам саны жұмыссыз санынан 5 есе көп болса, өз еркімен жұмыс істемейтіндердің санын анықта.

Шешуі:

Жұмыспен қамтылғандарды, яғни жұмыс істейтіндерді анықтауға болады, өйткені барлық халық саны 90 млн., ал жұмыс істемейтіні 36 млн.:

90 – 36 = 54

Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздық деңгейін біле отырып, теңдеу құрамыз:

X / (54 + x) = 10%, мұнда х жұмыссыз саны.

Х = 6 млн.

Жұмысқа жарамсыз саны: 6 * 5 = 30 млн. адам.

Өз еркімен жұмыс істемейтіндер=жұмыс істемейтіндер- жұмысқа жарамсыздар: 36-30=6 (млн.)

Жауабы: Өз еркімен жұмыс істемейтіндер = 6 млн. адам.

Есеп 11. Жұмыссыздық деңгейі жылдың басында 20% құрады. Бір жылда экономикалық белсенді халық саны 11%-ке, жұмыссыз саны 2%-ке өсті. Жыл аяғындағы жұмыссыздық деңгейін тап.

Шешуі:

R = (U / L) * 100%, есептің шартынан U=102% болды, экономикалық белсенді халық 111% болды, сондықтан жыл аяғында жұмыссыздық деңгейі:

(2 / 11) * 100% = 18,1%

Есеп 12. 2005 жылы қаңтарда Ысқақов 45000 жалақы, 3000 теңге сыйақы алды, оның банктегі шотында 100000 теңге бар, бұл сомаға айына 2% қосылады. Одан басқа қаңтарда ол “Алға” газетіндегі мақаласы үшін 1500 теңге алды. Ысқақовтың табыстар құрылымында қандай табыс түрлері көрсетілген? Инфляция айына 3% құрайды. Ысқақовтың қаңтар айындағы нақты және номиналды табыстарын есепте.

Шешуі:

45000 – мерзімді

45000 + 3000 = 48000 – мерзімді – сыйақылы

Процент(ақша капиталының табысы)=10000 * 0,02 = 2000

1500 – кесіді жалақы

Барлығы Ысқақов 51500 алады, бұл номиналды жалақы

Нақты жалақы: (ND/YP)*100%=(51500/103%)*100%=50000

Есеп 13. Табиғи жұмыссыздық деңгейі – 6%, нақты жұмыссыздық деңгейі 10%. 4 жыл бойында толық жұмысбастылық болуы үшін ЖІӨ-нің өсу темпі қанша процентке тең болады?

Шешуі:

4 жылда жұмыссыздық деңгейі 10%-тен 6%-ке, демек 4%-ке, яғни жылына 1%-ке түсу керек.

Осылайша Оукен заңын қолданып, былай жазуға болады: -1 = -0,4 * (dЖІӨ / ЖІӨ - 2,5%), бұдан dЖІӨ/ЖІӨ=5%

Есеп 14. Потенциалды ЖІӨ 1100 млрд. а.б., ал нақты 1000 млрд. а.б., жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6% деп есептеңіз. Нақты жұмыссыздықтың деңгейі неге тең?

Шешуі:

Есеп Оукен заңы туралы түсінікті кеңейтеді. Потенциалды және нақты ЖІӨ айырмасы арқылы біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейден қаншалықты артқанын, яғни циклды жұмыссыздықтың деңгейін көре аламыз.

ЖІӨпот.- ЖІӨнақ. Айырмасын біле отырып, нақты ЖІӨ өсімінің проценті неге тең екенін, басқаша айтқанда ЖІӨ өсімінің темпін анықтауға болады.

ЖІӨпот.- ЖІӨнақ. = 1100 -1000 = 100

Сондықтан нақты ЖІӨ өсімінің проценті 100 /1000 = 0,1, немесе 10%-ке тең. Оукен заңының теңдеуі бойынша:

U= -0,4 *(10% - 2,5%) = 3%;

Бұдан нақты жұмыссыздық деңгейі 6%+3% = 9%

Есеп 15. Табиғи жұмыссыздық деңгейі 6%, нақты жұмыссыздық деңгейі 8%, өндірілген ЖІӨ мөлшері 400 млн. а.б. Потенциалды ЖІӨ неге тең?

Шешуі:

Нақты ЖІӨ потенциалды ЖІӨ-нің деңгейіне жету үшін жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейіне, яғни 6%-ке түсу керек, бұл 2% дегенді білдіреді. Сонымен:

- 2% = - 0,4 * (ΔЖІӨ / 400 -2,5%), бұдан ΔdЖІӨ =30 млн. а.б., ал потенциалды ЖІӨ = 400 + 30 = 430 млн. а.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]