- •13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары
- •13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
- •13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
- •13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
- •13.2.3. Бактериофагтар
- •13.2.4. Пробиотиктер
- •13.2.5. Сиецификалық антидеиелердің негізінде жасалган иммундыбиологиялық препараттар
- •13.2.5.1. Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер
- •13.2.5.3. Иммундытоксиндер. Иммундыадгезиндер
- •13.2.5.4. Абзимдер
- •13.2.6. Иммундымодуляторлар
- •13.2.5.2.Моноклоналды антиденелер
- •13.2.7. Адаптогендер
- •13.3. Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы 13.3.1. Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Місrососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Stарhу1ососсus туыстастығы)
- •14.1.1.2. Strерtососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Еntеrососсus)
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар 14.1.2.1 Нейссериялар
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •14.1.3. Анаэробты коктар 14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар 14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Үеіііопеііа туыстастыгы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар 14.2.1. Энтеробактериялар (ЕніегоЬасіегіасеае түқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздыргыштары
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klеbsіеllа туыстастығы)
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Sаlmоnеllа туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздыргыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Рrоtеus туыстастығы)
- •14.2.1.4. Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vіbrіоnасеае түқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздыргышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vіbrіо туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Неlісоbасtеr туыстастығы)
- •14.2.3. Раstеurеllасеае түқымдастыгы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Наеmорhііlus іnfluеnzае (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •14.2.3.1.2. Наеmорhіlus duсrеуі
- •14.3. Бордетеллалар
- •14.3.1. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздыргыштары
- •14.3.1.1. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздыргышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Рsеudоmоnаs туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар 14.4.1. Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •14.4.2. Күйдіргі бациллалары (Васіllus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Сlоstridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары.
- •14.4.3.1.2. Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5. Листериялар (Listerіа туыстастығы)
- •14.6. Коринебактериялар (Сorynebacterium)
- •14.6.1. Дифтерия қоздыргышы (Corynebacterium diptheriae)
- •14.6.2. Микобактериялар (Мусоbacterіасеае тұкымдастығы)
- •14.6.2.1. Туберкулез қоздыргыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Мусоbасtеrіum lерrае)
- •14.6.3. Актиномицеттер (Асtynomyces туыстастығы)
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nосаrdіа туыстастығы)
- •14.6.3.2. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •14.6.3.3. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздыргышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздыргышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку- қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Тrероnеmа туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Тrероnеmа раllidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы)
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар
14.1.2 Аэробты грам теріс коктар 14.1.2.1 Нейссериялар
Нейссериялар - грам теріс аэробты коктар - Nеіssеrіасеае түқымдастығына, Nіеssеrіа туыстастығына жатады, бірнеше түрлі бар: Nessеrіа mеnіngіtісіеs, N.gоnоrrhоеае, N.flаvа, N.subflаvа, N.реrflаvа, N.sісса, N.muсоза, N.flаvеsсеns. (25- сурет) Олардың 5 түрі адамның жоғары тыныс алу жолдарындағы қалыпты микрофлора қүрамына кіреді (N.Lасtаmіса, N.реrflаvа, N.sісса, N.muсоsа, N.flаvеsсеns.) Адамға аса патогеңщ нейссериялар -N.gоnоrrhоеае және N.mеnіngіtіdіs. Nеіssеrіа туыстастығының негізгі белгілері 14.4.-кестеде берілген.
14.1.2.1.1. Менингококтар
Менингококты инфекция Neissеrіа mеnіngіtіdіs тудыратын жүқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зертгеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялық қүрл ысының сипатгамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы науқастың қанынан менингококты бөліп алды.
Таксономиясы.
Тұқымдастыгы :Neissеsіасеае.
Туыстастыгы: Nеіssеrіа.
Түрі: Nеіssеrіа mеnіngіtіdіs.
Морфодогиялық және тинкториалды қасиеттері. Менингоктар - үсақ диплококтар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жүптасып орналасқан. Менингококтар грам теріс боялады, қозғалмайды, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді.
______________________________________________________________________________________293
Кесте 14.4.
Нейссериялардың
негізгі
дифференциалды-диагностикалық
қасиеттері |
Сарысуы жок агарда өсуі |
co |
Сары пигмент түзуі |
Биохимиялық белсенділігі |
5% сахарозасы бар ортада полисахарид-тін түзілуі |
Редук- ция- лайды |
|||||
нитраттарды |
нитриттарды |
||||||||||
глюкозаны |
мальтозаны |
сахарозаны |
фруктозаны |
лактозаны |
|||||||
М.mеnіngіtidis |
- |
+ |
- |
қ |
- |
- |
- |
|
- |
- |
- |
N.gоnоrrhоеае |
- |
+ |
- |
қ |
қ |
- |
- |
|
- |
- |
- |
N.subflаvа |
+/ |
- |
+ |
қ |
қ |
к /- |
Қ /- |
|
-/+ |
|
+ |
N.flаvа |
+/- |
- |
+ |
- |
- |
- |
- |
|
+ |
- |
+ |
N.mucоsа |
+ |
- |
+/- |
қ |
қ |
Қ |
Қ |
|
+ |
- |
+ |
N.sісса |
+/- |
- |
+/- |
қ |
қ |
Қ |
К |
|
+ |
- |
+ |
N.lасtаmіса |
+ |
- |
+ |
к |
к |
- |
- |
|
- |
- |
+ |
Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда еспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделғен (фибринсіз) қапыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. С02 юнцентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуіне ықпал етеді. Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта- Мюллер, Хинтон ортасы (өсу факторы ретінде құрамында толық аминқышқылдар жиынтығы және ет әкстракттары болады). Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм. Шартты-патогенді нейссериялардан айырмашылығы-пигмент тузбейді. Гемофилдер мен грам оң коктардан айырмашылығы-қанды агарда гемолиз бермейді. Шартты- патогенді нейссериялардан менингококтардың айырмашылығы: 37 °С температурада сарысуы жоқ ортада, 20 °С температурада сарысулы агарда және 5% өт қосылған ортада өспейді.
Ферменттік белсенділігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдырату дифференциалды- днагностикалық белгісі болып табылады, желатинді сұйылт-пайды, индол мен күкіртті сутек түзбейді, нитраттарды қалпына келтірмейді. Барлық аәробтар тәрізді менингококтар каталаза мен цитохромоксидаза ферменттерін түзеді, сонысымен олар пневмококтар мен гемофилдерден ажыратылады.
Антигендік қаситеі. Капсулалық антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі және қосымша X, Ү, Z, W-1356 29Е серологиялық топтарга бөледі. Жасуша қабырғасының антигені бойынша менингококтарды серологиялық варианттарға бөлуге болады (1,2,3 т.б.). Эпидемиялық менингиттің бұрқ етуі кезінде көбінесе менингококтардың А және С топтары айналымда болады, себебі олар неғұрлым патогенді.
Патогенділік факторлары. Негізгі патогенділік факторлары: капсуласы (ол фагоцитоздан қорғайды), менингококтың әндотоксині, жасуша қабырғасының липополисахариды. Олардың мөлшері ауру ағымының ауырлығына әсер етеді (14.5-кесте).__________________________________________________________________________________294
Резистенттілігі. Менингококтар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал боль келеді. 50°С-тан жоғары және 22°С-тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, 1% хлорамин ерітінділеріне, ауыр металдарға, карбол қышқылының ерітіндісіне, этанолға сезімтал; пенициллинге, тетрациклинге, эритромицинге сезімтал болып келеді. Бірақ кейінгі жылдары антибиотиктерге тұрақты штамдары көбейіп келеді.
Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Адам - менингококтардың жалғыз табиғи иесі. Инфекция көзі - науқас адам және тасымалдаушылар. Инфекция көзін үш топқа бөледі: ауруы генерализациялық түрде дамыған науқас адам (жалпы жұқтырылғандардың 1%), назофарингитпен: ауыратын науқастар (жалпы жұқтырылғандардың 10-20%); сау тасымалдаушылар (жалпы жұқтырылғандардың 80-90%). Тасымалдаушылық орташа есеппен 2-3 аптаға созылады, мұрын -? жұтқыншақтың созылмалы қабынулары болған жағдайда 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Таралу механизмі - аэрогенді, таралу жолы - ауалы-тамшылы. Басқа респираторлы инфекциялардан айырмашылығы жұқтыру ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде дамиды. Ауру мезгілдік сипат алады, күз-қыс айларында жиілейді. Инфекцияның ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады. Осы жерде бактериялар қабынуды туғызбай, көп уақыт мекендейді (тасымалдаушы), пилилерінің көмегімен әпителидің кірпікшесіз жасушаларына жабысып, бекініп, биоүлбір түзеді. Бұл процесс колонизация деп аталады да адамдарға байқалмай 1 апта намасе 1 айға созылып, организмнің қорғаныс күшімен қарсы тұрудың салдарынан аяқталады. Бұндай симптомсыз ағымды инфекциялық процесс «сау бактерията- сымалдаушылық» деп аталады. Қоздырғыш жұққан адамдардьщ 1/6 - де колонизацияланудың бірінші күнінде менингококтардың біраз бөлігі субэпителиалды қабатқа өтіп, жергілікті қабыну процесін туғызады - назофарингит. Фагоцитоздық жасушалармен жұтылған менингококтар липополисахаридтің көмегімен цитокиндерді бөле отырып шырышты қабықты зақымдайды және иммунды жауап туғызады. Менингококтар жасушада 4-6 күн болып, сосын эпителидің тереңіне енеді, кейбіреулері эпителий жасушаларының араларымен өтеді. 7-8 күннен кейін назофарингитпен науқастанған адам жазылады. Бірақ спецификалық иммунды қорғанысы жоқ адамдардың организміндегі менингококк күшіне еніп, капсуласын қалпына келтіріп, шырышты қабық астындағы капиллярлар арқылы қанға еніп, генерализацияланған менингококты инфекция тудырады (септицемия, менингит). Бұл өте сирек кездеседі. Қанға енген менингококтар (бактериемия) фагоциттермен жұтылады, организмге таратылады. Бұл сатыда менингококтың капсуласы ғана емес пилилері де қалпына келген. Пилилерімен ми тамырларының эндотелилеріне жабысып, тереңіне өтеді. Жұлында, фагоциттік жасушаларда жақсы көбейіп, мидың қатпарларына тарайды, токсин бөледі. Ми қабығында ірінді қабыну процесі дамиды (лейкоцитгердің көп мөлшерін қамтитын менингит). Антибиотиктермен емдеудің нәтижесінде менингококтардың көп мөлшері қырылып, нәтижесінде эндотоксин қанға бөлінеді. Липополисахаридтің организмге шексіз түсуі эндотоксиндік шокқа әкелуі мүмкін. Кейде бактериемияның салдарынан менингококтық артрит, перикардит, перитониттер дамиды.
____________________________________________________________________________________295
Эпидемиялық жұлын менингиті 5-7 күнгі жасырын кезеңінен кейін бірден басталады. Науқастың ының қатты ауыруы, қүсу, жогары қызба, сосын менингиальды симптомдар басталады.
Иммунитеті. Аурудың жайылған түрінде инфекциядан кейінгі иммунитет түрақты, қарқынды. енмен, иммунитет гуморалды топспецификалық болып келеді. Нәрестелер табиғи пассивті чсплацентарлық иммунитетке ие, ол 2 - 6 ай сақталады. Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс, бактериологиялық, погиялық әдістер қолданылады.
Жеделдетілген әдіс: менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ, және иммундыэлектрофорез, коагглютинация, ПТР реакцияларымен зерттеу. Менингококтық инфекциямен науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан сарысуында антиденелер бактериоцидтер, агглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың мөлшері (титры) 2-3 аптадан ін ең жоғарғы деңгейге жетеді, содан кейін төмендей бастайды.
Зерттеу материалдары ретінде қан, жүлын сүйықтығы, мүрын қуысының кілегейі алынады. Жүлын миы сүйықтығының центрифугаланған түнбасын және көмейден алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе жасушадан тыс нейссериялар көрінеді. Материалды алғаннан кейін бірден қанды агарға (шоколад тәрізді агар), қүрамында ристомицині бар агарға (немесе линкомицин), құрамында антибиотиктер бар (ВКН - ванкомицин, колистин, нистатин) Мартен ортасына себеді. Инкубацияны - құрамында 5% көмірқышқыл газы бар атмосферада өткізеді. Бөлінген дақылды идентификациялау келесі қасиеттерге негізделген:
Оксидаза оң колониялардың болуы Neіssеrіа туыстығына жатқызуға мүмкіндік береді. Дақылдың құрамында Nеіssеrіа mеnіngіtіdіs-тің болуын глюкоза және мальтоза ыдырауы нәтижесінде сірке шқылдың пайда болуы дәлелдейді (лактозадан, сахарозадан, фруктозалардан басқасы). Серологиялыц птарын агглютинациялық реакция арқылы анықтайды. Бөлінген дақылды менингит тудыратын басқа ериялардан ажыратады. Бактериялық менингит қоздырғыштарының негізгі қасиеттері 24 сағаттан і анықталады.
Емдеуі. Этиотропты - пенициллин, левомицетин, рифампицин антибиотиктері қолданылады. имптоматикалық емді микробқа қарсы препараттармен, сонымен бірге седативті заттар мен ококортикостероидтармен үйлестіре отырып жүргізеді, емдеу барысында су - түз және қышқылды - іік балансты сақтауды ескерген жөн.
Алдын алуы. Инфекция көзін жоюға бағытталған шаралар қарастырылады: науқастарды жылдам ілі, оқшаулап, дереу емдеу керек; тасымалдаушыларды анықтау және антибиотиктермен емдеу. Ошақтарда күнделікті дезинфекция, желдету, ультра күлгін сәулемен өңдеу және т.б. шаралар Жүргізіледі (бала бақшаларда, жатақханаларда, колледждерде, оқу орындарында). Инфекциялық ошақгарда спецификалық активті және пассивті алдын алу шаралары жүргізіледі. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін мектепке дейінгі балаларға бір реттік иммунды глобулин (1,5 - 3,0 мл) науқастанушылар табылғаннан кейін 7 күннің ішінде егілуі керек. Иммундыглобулиннің күші бірнеше айға дейін сақталады. Белсенді иммунизация үшін эпидемиялық көрсеткіштері бойынша А, В, С серологиялық топтарынан (штамдарының айналуына байланысты) түратын менингококты химиялық полисахаридті вакцина қолданылады.
