- •13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары
- •13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
- •13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
- •13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
- •13.2.3. Бактериофагтар
- •13.2.4. Пробиотиктер
- •13.2.5. Сиецификалық антидеиелердің негізінде жасалган иммундыбиологиялық препараттар
- •13.2.5.1. Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер
- •13.2.5.3. Иммундытоксиндер. Иммундыадгезиндер
- •13.2.5.4. Абзимдер
- •13.2.6. Иммундымодуляторлар
- •13.2.5.2.Моноклоналды антиденелер
- •13.2.7. Адаптогендер
- •13.3. Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы 13.3.1. Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Місrососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Stарhу1ососсus туыстастығы)
- •14.1.1.2. Strерtососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Еntеrососсus)
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар 14.1.2.1 Нейссериялар
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •14.1.3. Анаэробты коктар 14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар 14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Үеіііопеііа туыстастыгы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар 14.2.1. Энтеробактериялар (ЕніегоЬасіегіасеае түқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздыргыштары
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klеbsіеllа туыстастығы)
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Sаlmоnеllа туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздыргыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Рrоtеus туыстастығы)
- •14.2.1.4. Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vіbrіоnасеае түқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздыргышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vіbrіо туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Неlісоbасtеr туыстастығы)
- •14.2.3. Раstеurеllасеае түқымдастыгы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Наеmорhііlus іnfluеnzае (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •14.2.3.1.2. Наеmорhіlus duсrеуі
- •14.3. Бордетеллалар
- •14.3.1. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздыргыштары
- •14.3.1.1. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздыргышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Рsеudоmоnаs туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар 14.4.1. Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •14.4.2. Күйдіргі бациллалары (Васіllus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Сlоstridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары.
- •14.4.3.1.2. Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5. Листериялар (Listerіа туыстастығы)
- •14.6. Коринебактериялар (Сorynebacterium)
- •14.6.1. Дифтерия қоздыргышы (Corynebacterium diptheriae)
- •14.6.2. Микобактериялар (Мусоbacterіасеае тұкымдастығы)
- •14.6.2.1. Туберкулез қоздыргыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Мусоbасtеrіum lерrае)
- •14.6.3. Актиномицеттер (Асtynomyces туыстастығы)
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nосаrdіа туыстастығы)
- •14.6.3.2. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •14.6.3.3. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздыргышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздыргышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку- қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Тrероnеmа туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Тrероnеmа раllidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы)
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар
14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар
Воrrеliа туыстастығының спирохеталары антропонозды (қайталама эпидемиялық сүзек) және зоонозды (қайталама эндемиялық сүзек - Лайма аурулары) жүқпалы аурулар тудырады. Осы туыстастыққа дан астам түрлер кіреді. Солардың ішінде көбісі адамға патогенді емес. Боррелиялар 3-10-ға дейін бұрамалары бар жіңішке иілген спирохеталар. Қозғалу аппараты 15-20 фибриллалардан қүралған. Анилин бояуларын жақсы қабылдайды, Романовский-Гимзе әдісімен ашық-кок түске боялады. Боррелиялардың тек қана өздеріне тән ерекше генетикалық аппараты бар, ол тура сызықты кішірек көлемді хромосомалардан жэне циркулярлы плазмидалар жиыңтығынан тұрады. Боррелияларды күрделі қоректік орталарда өсіруге болады. Олардың қүрамында сарысу, асцит, тіндік экстрактілер және атмосферада С02 деңгейі 5-10% болуы қажет, 28-35°С температурада дақылданады. Сонымен қатар, тауық эмбрионның сарыуыз қапшығында өсіруге болады. Кептіруге және қыздыруға сезімтал, ал төменгі температураға және мұздатуға түрақты.
14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
Таксономиясы
Тұқымдастығы: Sріrосhаеіасеае Туыстастығы: Воrrеlіа
Түрі: Воrrеlіа rесurrеntіs
Морфологиясы мен дақылдандырылуы. Воrrеlіа rесurrеnlis - басқа спирохеталардан айырмашы- лығы, 3-10 бүрамасы болады. Жас жасушалары қысқалау, бірақ жуандау келеді. Жасуша көлденеңінен
_________________________________________________________________________________400
бөлініп көбейеді. Қоректік орталарды талғайды. Дақылдандырылуы тауық эмбриондарында, жануарлар; ақуыздары қосылған, Клигер - Робертсон, Аристовский - Гельцер, Келли орталарында, рН 7,2 - 7,4 жағдайда- жақсы өседі. Ферментгік белсенділіктері нашар зертгелген. Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады.
Антигендік және патогенділік қасиеттері толық зерттелмеген. Микроорганизм эндотоксин бөлуге қабілетті. тудыратын, қызба ұстамаларымен және бұлшық еттер мен бас ауырсынулар, қызбасыз аралықтармен сипатталады. Антропонозды ауру. Жануарлар қайталама сүзекпен ауырмайды. Воrrеlia rесurrеnlіs - ті маймылдарға, ақ тышқандарға, егеуқұйрықтарға т.б. жұқтыру үлкен қиындық туғызадыі
Резистенттілігі. 40ә жоғары температураға сезімтал. 45 - 50° температурада 30 минутга өледі, 0 °С - тан төмен температурада - бірнеше тәулік, мұздатқанда бірнеше ай сақталады. Дегидротацияланған кезде тез өледі. Дезинфектанттардың көбіне сезімтал, бірнеше минуттан кейін қырылады.
Эпидемиологиясы. Науқастың қанын сорған кезде қоздырғыш бит ішегіне түседі. Бір тәулік соң олар гемолимфаға өтеді, 12 күннің ішінде максималды жағдайғадейін көбейіп үлгереді. Қан сорғаннан соң 5 күннен кейін бит жұқпалы болады. Воrrеlіа rесurrеnlіs биттердің нәжісімен бөлінеді. Бит шаққанда кезде нәжісін теріге тастайды, сол жері қышиды, оны қасыған кезде зақымданған тері арқылы қоздырғыш, қанға түседі. Зертханаішілік жұғу жолы анықталған, қоздырғыш науқастың шырышты қабығына түскенде, және операция кезінде жұғады. Трансовариальді (биттердің жұмыртқалары) жолмен жұқпайды Инфекцияның таралуына келесі факторлар әсер етеді; тұрғындардың жиі орналасуы, кедейлі антисанитария, әсіресе соғыс және табиғи апаттар кезінде. XX ғасырда эпидемиялық қайталама сүзек пандемиясы Батыс Европада, Орга Азияда, және Африкада 5 млн. жуық адамдарды өлімге ұшырат Ауру көбінде қыс айларының басында және көктемде басталады.
Патогенезі мен клиникалық коріністері. Жасырын кезеңі 3-14 тәулік. Науқастанушылық дене температурасының 39 - 40°С дейін көтерілуінен баста-лады. Басы ауырады, миалгия, қүсу, көк бауырда ісінуі, тері беткейінің сарғаюы (60 -80% жагдайда). Қызба 6 -7 тәулікке созылады.
Лимфомакрофагалық жүйе жасушаларына түскен спирохеталар көбейеді, сосын қан тамырлары еніп, спирохетемия дамиды. Науқастың қанында антиденелер түзіледі - спирохетолизиндер, соларды және комплементтің қатысуымен лизис және қоздырғыш жасушасының бұзылуы болады. Бұл кезде эндотокиндер және басқа да пирогенді заттар қанға түсіп, дене температурасының бірінші 39 - 40°С дейін„ көтерілуіне, ОЖЖ, ағзалар мен тіндердің зақымдануына, токсикозға, құрылымдық бұзылыстарға әкеледі. Терінің және көздің қасаң қабығының сарғаюы, беттің, конъюнктиваның қызаруы, кейде розеолалы бөртпе дамиды. Зәрде ұстама кезінде ақуыз, деңгейінін,жоғарылауына тромбоцитопения олигоурия байқалады.
ЭТЖ жоғарылайды. Антиденелердің әсерінен боррелиялардың қырылуы басталады және басқа антигендің варианттың селекциясы жүреді, олар тез көбейеді. Боррелиялардың жаңа генерациясы қанға 7 күннен соң түседі (апирексия кезеңі - қызбаның болмауы). Бүндай кезеңдер қайталанып отырады да қызба қайта көтеріледі. ¥стамалар 5-6 ретке дейін қайтапануы мүмкін, қызба кезеңініңұзақтығы төмендеп, керісінше апирексия жоғарылайды. Айығу қоздырғыштың барлық антигендік варианттарына макроорганизм антиденелер түзген уақыттан басталады.
Спирохеталар плацента арқылы өтуге қабілетті, нәтижесінде түсік тастауға және жаңа туылған
нәрестеде қызбаның қайталануына әкеледі.
Асқынулар балаларда және әлсіреген науқастарда байқалады. Ол кезде көк бауырдың қабынуы болуы мүмкін. Өлім-жітім бұрынырақ 15% (асқынған жағдайда 50-60%-ға) жететін, антибиотиктерді қолдану
нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендеді.
Иммунитеті. Гуморальды, агглютининдер, спирохетолизиндер түзіледі. Ауырып жазылған соң қалыптасатын иммунитеттұарақты емес, қайта аурырған жағдайлар кездескен.
Микробиологиялық диагноз қою. Микроскопиялық әдіс. Науқастың қан сарысуынан, қанынан дайындалған препаратты микроскопта қарғанда спирохеталар табылса, нәтиже оң болады. Препаратгы «қалың» және «ілінген» тамшы әдісімен дайындайды. Нәтижесінде «ілінген» тамшыны Бурри әдісі
______________________________________________________________________________________401
бойынша бояғанда түнек айдынды микроскопта күмістенген иректелген, жақсы қозғалатын жіпшеге үқсап көрінеді. «Қалың» тамшыны Романовский -Гимзе әдісімен бояйды, ауада кепкен соң фиксацияланбайды,ал жұқа жағынды болса спиртпен фиксацияланады.
Серологиялық сынама. Қан сарысуының бактериоцидтік әсері. Зат әйнегінің бетіне дені сау адамның рысуын және науқастың қан сарысуын тамызады. Бетін жабынды әйнекпен жауып, 45 мин. термостатта инкубациялайды, микроскопта қарайды. Қан сарысуындағы бактериоцидтік антиденелердің әсерінен боррелиялар өліп, қозғалғыштығын тоқтатады. Дені сау адамның қан сарысуында боррелиоздарға антиденелер жоқ, сондықтан спирохеталар өлмейді, сәйкесінше қозғалғыштығы жоғары. Иммобилизациялау реакциясы. Науқастың қан сарысуының және теңіз шошқасының цитраттық плазмасына бірдей мөлшерде боррелия суспензиясын қосады, араластырады, термостатта 37°С температурада 15 мин. инкубациялайды. Бір тамшысын жабынды әйнекке тамызып, түнек айдынды микроскопта қарайды. Оң нәтиже болғанда теңіз шошқасының тромбоциттері боррелиялардың үстіне қозғалғыштығын баяулатады (боррелияларға тромбоциттермен «салмақ» салынады). Басқасерологиялық реакциялар да (жанама иммундыфлюоресценттік реакция, иммунды ферменттік реакциясы. ПТР) қолданылады.
Жануарларға биологиялық сынама қою. Дифференциалды диагноз қою қажет болған жағдайда науқастың қанын теңіз шошқасының көк тамырына немесе тері астына енгізеді. Егер сынамада қоздырғыш болса жануар ауырмайды, себебі қоздырғышқа жануар сезімтал емес. Осындай жолмен эпидемиялық қайталама сүзекті басқа кенелі боррелиоздардан, лептоспироздан, борпе сүзегінен, круптық пневмониядан, безгектен және т.б. ажыратады.
Емдеу және алдын алу шаралары.Науқасқа левомицетин, тетрациклин, эритромицин, пенициллин, цефолоспорин, доксицклин, азитромицин және басқа антибиотиктер тағайындайды. Жүрек - қан тамырлар жүйесіне қосымша терапиялық ем жүргізіледі және глюкоза, плазма, витаминдер тағайындалады. Көк бауыр ісініп - жарылғанда операция жасалады.
Қайталама сүзектің (биттік) алдын алу шаралары ретінде ең бірінші кезекте тасымалдаушылармен 5және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу, қарым -қатынаста болғандарды 25 күн бойы бақылау, санитарлық жағдайды жақсарту т.б. шаралар анылады
