Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі

Кенелік риккетсиоз - алғашқы ошағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, бөртпемен, қызбалық жағдаймен сипатталатын, Rickettsia sibirica тудыратын жүқпалы табиғи - ошақты ауру. Ауруды 1936 жылы Е.М. Миллем «кене қызбасы» деген атпен бірінші болып зерттеген. 1949 жылы П.Ф. Здродовский , Голиневич ауру қоздырғышын (Rickettsia sibirica) бөліп алды.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы:Rickettsiaсеае.

Туыстастығы Rickettsia .

Түрі Rickettsia sibirica

Морфологиялық және ферменттік қасиеттері. Инфекция қоздырғышы - Rickettsia sibirica - жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында өсетін, пішіні таяқша тәрізді, кейбір кезде жіп пішінді грам теріс бактериялар. Электронды микроскопта ұзындығы 0,3 - 3 мкм болатын талшыққа ұқсас өсінділерді анықтауға болады. Риккетсияларды әдетте қолданатын барлық әдістермен бояуға болады, негізінде Здродовский бояу әдісі қоланылады. Риккетсиялар жұқтырған жасушалардың ядросы мен цитоплазмасында көбейеді.

Антигендік қасиеті мен патогенділік факторлары. Ауру қоздырғышының антигендері басқа риккетсиялардікімен ұқсас. Rickettsia sibirica маймылдарға, теңіз шошқаларына, атжалмандарға, тышқандарға, қояндарға, суырларға патогенді.

Резистенттілігі. Риккетсияның жоғары температураға тозімділігі томен, дезинфекциялық заттарға төзімсіз. Эпидемиологиясы. Бұл ауру табиғи ошақтық болып келеді. Табиғатта негізгі қоздырғыш сақтаушылар кеміргіштер, сондай-ақ осылармен риккетсиялермен инфицирленген жануарлар (марал, және т.б.) болып келеді. Кенелік бөртпе сүзегінің риккетсиялары әр түрлі иксодты кенелер (Dermacentor туысы – D.marginatus, D.silvarum, D.nuttali; Haemophysalis туысы-H.punctata: Rhipicephalus sanguineus) денесінің табиғи мекендеушісі болып табылады. Еркек теңіз шошқасына, алтын түсті аламанға, ақ тышқандарға жүқтыру арқылы эксперимент жүргізіледі. Кенелік риккетсиоздар белгілі географиялық аймақтарда - Қиыр Шығыс пен Сібірде кездеседі. Қоздырғыштың негізгі көзі мен тасымалдаушысы иксод туыстастығына жататын инфицирленген кенелер табылады. Олар риккетсияларды ағзасында ұзақ сақтайды, сондықтан ұрпаққа берілу қасиетіне ие. Риккетсиямен зақымданған кенелер қан сору кезінде адамға жұқтырады. Жұғу жолы -тек трансмиссивті, сондықтан ауру айналасындағылар үшін қауіпсіз. Патогенезі мен клиникалық көріністері. Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Ену қақпасында қоздырғыштың көбеюі жүреді. Ауру кезінде дене қызуының 40° С және одан жоғары температураға көтеріледі. Лимфа түйіндері үлкейеді (кейбір кезде үлкендігі көгершін жұмыртқасындай болады). Аурулардың 80-85%-да 4-5 күні қанды бөртпелер (розеолезды немесе папулезды) арқасында, кеудесінде, аяқ-қолдың ішкі бетінде, ал содан кейін денесінің барлық жерінде болады. Риккетсиялар қанға түсіп, қызба мен бөртпені тудыра отырып, тері қан тамырларын және миды зақымдайды. Бөртпелер аурудың 12-16 күнінде кетеді. Конъюнктивит болуы мүмкін. ОЖЖ мен жүрек - қантамыр жүйесі жеңіл зақымданғаны байқалады. Өлім - жітімдік байқалмайды. Иммунитеті. Ауырған адамдарда тұрақты иммунитет қалыптасады. Рецидив пен қайталап ауыру байқалмайды. Микробиологиялық диагноз қою. Ауруды бас кезеңінде басқа инфекциядан (тұмаудан, бөртпе сүзегінен, су қызбасынан) дифференциациялау қажет. Микробиологиялық диагноз қою. серологиялық әдістерге негізделген: ГАТР, КБР (Rickettsia sibirica антигені және ауру сарысуы қолданылады), РАР диагостикалық титрі 1:20-1:2000), ИФР, ИФТ. Зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагнозды анықтайды және қоздырғышты бөліп алады, ол үшін аурудан алған қанды теңіз шошқасының еркегіне егеді. Жануарларда қызба мен периорхит дамиды жыныс безінің қабығында риккетсиялар жиналады._________________________________________________________________________________390

Емдеуі. Ауруларды емханаға жатқызып емдейді. Тетрациклин, левомицетин, антигистаминді препараттар тағайындайды.

Алдын алуы. Жеке басты сақтандыру кешенді шаралардан тұрады: кененің жабысуы мен соруының жекелей қорғану, дезинсекциялау т.б. Спецификалық алдын алу, яғни вакцина егу жасалмаған.