Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.2.1.3. Шигеллалар

Бактериялық дизентерия немесе шигеллез - көбінесе тоқ ішекті зақымдайтын Shіgеllа туыстас- тығының бактериялары тудыратын жұқпалы ауру. Туыстастықтың аты дизентерия қоздырғыштарының бірін ашқан К. Шиганың есімімен байланысты. Алғаш рет 1888 жылы А.Сhаntеmеssе мен Т. Widal сипаттама берген. Орыс ғалымы А.В.Григорьев науқастардан ұқсас дақылдарды бөліп алған. Кейінірек осы

____________________________________________________________________________________306

туыстастықгың басқа өкілдері сипатгалды, оларды сол ғалымдардың құрметіне атады (S. Flехnеr, S. Sоnn, S.Sсhmіtz, М.И.Штуцер, D. Lаrgе, А.Sасhs, J.Воуd).

Бұл бактериялардың жіктелуі бірнеше рет өзгерді, оған орыс ғалымдары В.Г. Петровска Н.А. Хоменколардың да көп еңбегі сіңді.

Таксономиясы.

Түқымдастыгы: Еnterоbасtеrіасеае

Туыстастыгы: Shіgеllа

Түрі: S.dуsеntеrіае (А серотобы); S.flехnеrі (В); S.bоіdіі (С); S.sоnnеі (Б).

Морфологиялық жәие тинкториалдық қасиеттері. Шигеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланға таяқшалар, спора түзбейді, талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар микрокапсулаға ие.

Дақылдандыру. Дизентериялық таяқшалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі. Тығыз ортада үсақ мөлдір колониялар, ал сүйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады.

Ферменттік белсенділігі. Шигеллалардың басқа энтеробактерияларға қарағанда ферменттік белсенділігі төмен. Көмірсуларды қышқыл түзе отырып ыдыратады. Шигеллаларды ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі белгі олардың маннитке қатынасы: Shіgеllа dуsеntеrіае маннитті ыдыратпайды, В, С, 0 топқа жататын окілдері маннитті ыдыратады, маннитпозитивті. S.sоnnеі лактозаны баяу (2 тәулік) ыдыратады. S.sоnnеі-дің рамнозаға, ксилозаға және мальтозаға қатынасын негізге ала отырып, оның 7 биохимиялық вариантын ажыратады.

Антигендік қасиеті. Шигеллалар О және К антигендерге ие. Шигеллалардың әртүрлілігі биохимиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге антигендік қасиеттеріне де байланысты. Неғүрлым күрделісі Shіgеllа flехnеrі, оның типтік және топтық антигендері бар.

Патогенділік факторлары. Барлық шигеллалар энтеротропты, нейтротропты және пирогенді әсер беретін эндотоксин түзеді. Эндотоксин шигеллаларды қышқыл рН және от әсерінен қорғайды. Сонымен қатар, S.dуsеntеrіае (1 серологиялық варианты) - Григорьев-Шига шигелласы ағзаға энтеротоксиндік, шига -тәрізді ақуыздық токсин бөледі, ол токсин микроб өлген соң да сақталады, соған сәйкес су-түз алмасуын, ОЖЖ қызметін бүзады, тоқ ішек эпителий жасушаларының жойылуына, бүйрек жолдарының зақымдалуына алып келеді. Дизентерияның аса ауыр түрде өтуі экзотоксинге байланысты. Шигеллапардың басқа түрлері де экзотоксинді бөлуі мүмкін. Қан тамырларын зақымдайтын К.Ғ өткізгіштік факторы табылды. Патогендік факторларға микробтың эпителий жасушасына енуіне себепкер болатын инвазияльіҚ ақуыз жатады, ол шигеллалардың төрт түрінде кездесетін ірі инвазиялық плазмидалармен қадағаланады. Инвазиялық ақуыздар трипсинге сезімтал, сондықтан патологиялық үрдіс тоқ ішекте шектелген. Пили мен адгезияға жауапты сыртқы мембрананың ақуызы және микрокапсула патогенділік факторларына жатады.

Резистенттілігі. Шигеллалар химиялық және физикалық факторларға түрақтылығы төмен. Ең төзімдісі ашық қүбыр суында 2,5 айға дейін, ашық су қоймасында 1,5 айға дейін сақталатын 8. зоппеі болып табылады. S. sоnnеі үзақ уақытқа дейін сақталып қана қоймай, тағамдарда, әсіресе сүт өнімдерінде көбейеді. Дизентерия қоздырғышы қоршаған ортада 5-14 тәулік тіршілік етеді. Қыздырғанда 60° С температурада 10-20 минуттан соң өледі. Дезинфекциялық заттар (гипохлориттер, хлорамин, лизол т.б.) шигеллаларды тез жояды. Кейбір түрлері, әсіресе Shіgеllа dуsеntеrіае дақылданбайтын түрге ауысып кетуі мүмкін.

Эпидемиологиясы. Дизентерия - антропонозды инфекция: инфекция көзі ауру адам мен тасымалдаушы. Инфекцияның таралу механизмі - фекальді-оральді. Таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Зонне шигелласы көбінесе тағамдық жолмен таралады, Флекснер шигелласы - су арқылы, ал Григорьев - Шиг варианты түрмыстық- қатынас жолдары арқылы таралумен сипатталады.

__________________________________________________________________________________307

Дизентерия әлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Соңғы жылдары бұл инфекциямен ауырушылық күрт өсіп отыр. Бұл аурумен барлық жастағы адамдар ауырады, дегенмен 1 - ден 3 жасқа дейінгі кішкентай балалар дизентерияға көбірек шалдығады. Ауру шілде-қыркүйек айларында жиірек байқалады. Шигеллалардың түрлері жекелеген аймақтарда біркелкі таралмаған.

Патогенезі. Шигеллалар ауыз арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тоқ ішекке жетеді. Қоздырғыштар пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрананың ақуыздарының көмегімен эпителий жасушаларына жабысады. Инвазиялық факторларының көмегімен жасушалардың ішіне өтіп, сонда көбейеді, нәтижесінде тоқ ішек жасушалары бұзылып, капиллярлардың тромбозды қабынуы басталады. Ішек қабырғаларында ойық жара пайда болып, кейін орнында тыртық қалыптасады. Бактериялар бұзылғанда эндотоксин босап, организм жалпы интоксикацияға ұшырайды, ішектің жиырылуын және іш өтуді күшейтеді. Ойық жаралардан қан нәжіске түсіп, қанды-ірінді нәжіс пайда болады. Экзотоксиннің әсерінен су- тұз алмасуы, ОЖЖ қызметі бұзылып, бүйректің зақымдалуы байқалады.

Клиникалық көріністері. Ауру жедел басталады. Патологиялық процесс ішекпен шектеледі. Жасырын кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру дене температурасының 3 8-3 9°С-қа дейін көтеріліп, : іші ауырып, іштің өтуі пайда болады. Нәжісте қан мен шырыш қоспалары анықталады. Әсіресе Григорьев- Шиа варианты қоздыратын дизентерия аса ауыр түрде жүреді. Кейде ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Шигеллездің асқынуы кезінде ішектік дисбактериоз дамиды. Өліммен аяқталу сирек кездеседі (0,3%).

Иммунитеті. Аурудан кейін пайда болған иммунитет түрлік қана емес, сонымен қатар вариантты спецификалық болып келеді. Ол ұзаққа созылмайды және тұрақсыз.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал нәжіс, ірің, ас тағамдары т.б.

Диагноз қою жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер бойынша жүргізіледі, негізі бактериологиялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізуге мүмкіншілік береді.

Бірінші күні. Зерттеу материалын қүрамында лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарға (Эндо, Плосирев, Левин) себеді. Тасымалдаушыларды анықтау үшін нәжісті міндетті түрде селенит сорпасына себеді, содан кейін өскен дақылды тығыз дифференциалды-диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды. Термостатта 37° С температурада 18-20 сағат инкубациялайды.

Екінші күні. Өскен түссіз, нәзік колонияларды іріктеп алып, жартылай сұйық ортаға (Симмонстың цитратты агарына, Кларк агарына, Преус бойынша жасалған мочевиналы ортаға) себеді, индолға сынама қояды.

Байыту ортасынан материал алып Плоскирев ортасына себеді. Себінділердің барлығы 37° С температурада 18-20 сагат инкубацияланады.

Үшінші күні. Өскен колонияларды қарап, күмәнділерін жоғарыда айтылып кеткен орталарға қайта себеді, «шұбар қатардағы» ферментгік қасиеттерін сипаттайды.

Қозғалмайтын, глюкозаны қышқылға дейін (кейбір 8һі§е11а Яехпегі - дің өкілдері глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады) ферменттейтін, лактозаны ыдыратпайтын (Зонне шигелласының ішінде лактозаны қышқылға дейін ыдырататындары бар), күкіртгі сутектүзбейтін, мочевинаны гидролиздемейтін, цитратты утилдемейтін, Фогес-Проскауэр реакциясы теріс болатын дақыл - шигеллаға күмәнді.

Толық нәтиже алу үшін дақылды лизин қосылған ортаға. Ацетатты агарға, маннитті, ксилозалы, рамнозалы, мальтозалы Гисс ортасына, сонымен бірге дақылды серологиялық типтеу үшін қиғаш агарға себеді. Себінділердің барлығы 37° С температурада 18-20 сағат инкубацияланады.

Төртінші күні. Себінділердің нәтижелері сипатталады. Бөлінген дақылдарды биохимиялық ерекшелікгері бойынша идентификациялайды. Биохимиялық қасиеттері шигеллаларға сәйкес дақылдарды әйнекше бетінде агглютинациялайды (Флекснер мен Зонне шигелласына поливалентті сарысумен), нәтижесі теріс болған жағдайда басқа шигеллалардың түрлеріне арналған поливалентті сарысулардың топтамасымен қойылған реакция нәтижесі тіркеледі. Сарысудың біреуІмен оң нәтиже берген дақылды адсорбцияланған моносарысумен, Флекснер шигелласы болінген жағдайда типтік және топтық сарысулармен агглютинациялайды.

__________________________________________________________________________________308

Инфекцияның ортақ жұғу көзі және таралу көзі анықгалған жағдайда бөлінғен дақылдың ферментгі белсенділігін тереңірек зерттеғен жөн, әсіресе Зонне шиғелласы кезінде. Үзаққа созылған дизентер кезінде қосымша тәсіл ретінде серологиялъщ әдістер, АР, ПГАР (антидененің титрінің өсуі бойынш реакцияны қайталап қойғанда диағнозды дәлелдеуге болады) қолданылады.

Жеделдетілген әдіс:ИФТ, ПГАР, КоАР

Емдеуі. Көп жағдайда ем симптомды түрде басталады, әсіресе су - тұз баллансын қалпына келтіру мақсатқа алынады. Григорьев-Шиа шигелласы қоздырған дизентерияның ауыр түрлерімен ауырған науқастарды міндетті түрде антибиотикограмманы ескере отырып, кең спектрлі антибиотиктермен (ампициллин, ципрофлоксацин, тетрациклин) емдейді, өйткені шигеллалардың ішінде антибиотиктерге- түрақты түрлері ғана емес, сонымен қатар антибиотикке тәуелді түрлері де кездеседі. Дизентерияның жеңіл түрінде антибиотиктерді пайдаланбайды, себебі оларды қолдану дисбактериозға ұшыратады, бұл патологиялық процесті ауырлатып, тоқ ішектің шырышты қабықшасындағы қалпына келу процестері бүзады.

Алдын алуы. Инфекцияның алдын-алу мақсатында, жылдам жағдайларда пайдаланылатын жалғыз препарат - дизентериялық бактериофаг болып табылады. Негізгі маңызды орынды бейспецификалық алдын- алу алады.