Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.6.3.3. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)

Гарднереллалар вагиноз ауруының қоздырғышы, Гарднереллез- Gardnerella vaginalis тудыратын антраопонозды оппортунистік инфекция, басқа облигатты анаэробтармен ассоциация түрінде қынаптың қабынуына әкеледі, нәтижесінде бұл ағзада жағымсыз иіс («балық» иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болады.

________________________________________________________________________________________384

Таксономиясы.

Туыстастыгы: Gardnerella

Түрі Gardnerella vaginalis.

Бұдан бұрын микроб Наеmophilus туыстастығына кіретін. Дегенменен, қанның X- және V- факторларына тәуелді болмағандықтан жеке түрге бөлінген.

Морфологиясы. ¥сақ таяқшалар немесе коккобациллалар, жиі шоғырланған, орналасады. Не әдісімен анықталатын метахромазиялық дәндер көрінеді. Жағындыда жұптасып, V, Ү- тәрізді не қатарласып орналасады, сондықтан коринебактерияларға ұқсас келеді. Грам әдісімен бояғанда құбылмалы болып келеді, 8-12 сағаттық дақылы-грам теріс, қолайлы қоректік ортада өскендері грам оң болып боялады. Жасуша қабырғасы грам оң бактериялардың құрылымына ұқсас: оның құрамында треонин, триптофан, лизин, глютамин және аспрагин қышқылдары орналасқан. Дегенмен, арабиноза (коринебактерияларға тән), тейхой диаминпимелин қышқылы жоқ. Грам теріс бактерияларға тән майлы қышқылдар анықталмайды. Капсуласы, талшықтары жоқ, спора түзбейді (38-сурет).

Дақылды өсіру. Факултативті анаэробтар, капнофилдер, қоректік ортапарға талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, қанды агарда әлсіз төмен деңгейде өседі. Құрамында гемин және НАД бар күрделі қоректік орталарда өседі. Өсу факторларын қажет етеді: биотин, фолий қышқылы, ниацин рибофлавин, пуриндер мен пиримидиндер және ыдырататын көмірсулар мен пептондар. Гемолитикалық қасиеттері құбылмалы. Дақылдану үшін КАС-1 (казеин, ашытқы, сарысу) немесе V-агар (вагиналис) қолданады. Тығыз қоректік ортада 1-2 тәулікте ұсақ, домалақ дөңес, гомогенді, тегіс, түссіз колон түзеді. Сұйық қоректік ортаны лайландырады және тұнба береді. Қолайлы температурасы 35-37° дегенменен, 25-42° С дейін өсуі мүмкін.

Ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Метаболизмі ашыту типіне жатады, нәтижесінде сірке қышқылы пайда болады. Ферменттік белсенділігі төмен: каталаза және оксидазаны түзбейді. Крахмал мальтозаны ыдыратады.

Антигендік құрылымы. Преципитация А реакциясымен гарднереллалардың 7 серологиялық топтарын бөлуге болады. Гликопептидті жалпы антигенін агглютинациялық реакцияның, ИФТ көмегімен анықтайды. Иммунды флюоресценция реакциясында Саndida аlbicans-пен жалпы антигені анықталды.

Патогенділік факторлары. Гарднереллалардың кейбір штамдары қынаптың кілегейлі қабығындағы гликопептидті ыдырататын нейраминидаза түзеді.

Резистенттілігі. Қоршаған ортадағы тұрақтылығы төмен. Метронидазол, триметоприм және кеңінен қолданатын антисептиктер мен дезинфектанттарға гарднереллалар сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі ауру адам. Таралу механизмі қарым-қатынастық, таралу жолдары - жыныстық. Гарднереллаларға адамның сезімталдығы басқа шартты-патогенді микроорга низмдерге ұқсас. Гарднереллез барлық жерде таралған, көбінесе туатын жастағы әйелдер ауырады.

Патогенезі. Мекендейтін экологиялық орыны - қынап. Көбінесе қынаптың микробиоценоз. бұзылысына байланысты гарднереллалар әйелдердегі вагинит тудырады. Себепкер фаткорлары болатын. қантты диабет, жүктілік, ұрықтандыруға қарсы гормонды препараттар, менструациялық үзілістер эндокриндік бұзылыстар. Осылардың әсерінен қынаптың кілегейлі қабатында рН көрсеткіші және қанттын мөлшері өзгереді. Нәтижесінде гарднереллалар басқа анаэробтармен бірге ассоциацияда (бактероидтар, пептострептококтар, мобилункустар) вагинит тудырады. Осы микроорганизмдер өз вагинит үрдісіне әкелмейді. Соған байланысты мұндай вагиниттер бейспецификалық деп аталады.

Клиникалық көріністері. Әйел адамдарда-вагинит, ер адамдарда - балонит, бейспецифик уретрит және жыныс мүшелердің қабыну процестері пайда болады. Бактериялық вагинит асқын вагинитке әкелуі мүмкін: уақытынан бұрын бала туу, жас нәрестелердің салмағы төмен болуы, уақытынан бұрын қапшықтардың жарылуы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары және де жатырдың патологиялық қансырауы. Бактериялық вагинит 30% құрайды.

Иммунитеті. Ауырғаннан кейін жеткілікті деңгейде қалыптаспайды. Вагиниттің қайталануы иммундық статустың бұзылуымен, соның ішінде қынаптың дисбиозы және колонизациялану бұзылуымен байланысты._______________________________________________________________________________________386

теріс бактериялардың құрылымына ұқсас. Жасуша ішіндегі R. рrowazekii-ді электронды микроскопта қарағанда микрокапсуласын көруге болады.

Негізгі екі антигені бар: беткейлі орналасқан термостабилді топтық- спецификалық липополисахарид және ерімейтін соматикалық түрлік-спецификалық термолабилді ақуызды - полисахаридті кешен. Провацек риккетсиясының генетикалық инженерия әдісімен үш ақуызды антигені анықталды. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы - жасуша цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян) өсіреді.

Провацек риккетсиясы қоршаған ортаға тұрақсыз. Жоғары температураға, антибиотиктерге, дезинфекция ертінділеріне өте сезімтал, дегенмен төменгі температурада, биттің құрғақ экскременттерінде ұзақ сақталады (6 тәуліктен 3 жылға дейін).

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - ауру адам. Тасымалдаушысы науқастың қанын сорған биттері. Риккетсия бит ішегінің эпителийінде көбейеді және де ішек қуысына бөлінеді, биттердің сілекейімен бездерінде және қан сорғыш мүшесінде риккетсиялар болмағандықтан шаққан кезде жұқпайды. Адамның зақым-дануы бит шаққан жерді қасыған кезде олардың экскременттерін теріге жағып, риккетсиялардың кіруіне жағдай жасалынады. Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы биттеумен (педикулез) байланысты. Бөртпе сүзегі көне заманнан белгілі, дегенмен жеке ауру ретінде XIX ғасырдың аяғында тіркелді. Ауру барлық жерде кездеседі. Бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, әлеуметтік дағдарыстарға, санитарлық-гигиеналық деңгейдің, адамдардың өмір сүру жағдайларының төмендеуіне байланысты. Бұрынғы кезде өлімге шалдығуы 80% дейін болған. Қазіргі уақытта бірен-сараң (спорадикалық жағдайда көбінесе Брилль-Цинссер ауру түрінде кездеседі. Бұл ауру бұрын бөртпе сүзегімен ауырғандарда қоздырғыш тасымалдаушы болмасада дамитын эндогенді спорадикалық инфекция. Аурудан биттерге жүғып, бөртпе сүзегінің эпидемиясы қайта дамуы мүмкін. Бөртпе сүзегінің қоздырғышына адам организмі қыс-көктем уақытында сезімтал болып келеді. Ал Брилль-Цинссер ауруы жыл мезгіліне тәуелді емес және қарт адамдар ауырады. Ауру дамуына хирургиялық ауыр операциялар, аштық, басқа аурулар, стресс септік болуы мүмкін.

Патогенезі. Риккетсиялар қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналасқан эндотелий жасушасына енеді, сонда көбейеді және эндотоксин бөледі. Токсин әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бұйректе, миокардта және басқа да ағзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесінде менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды. Науқас жазылған соң риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы ықтимал, бүл бөртпе сүзегінің рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі - орташа 12-14 тәулік. Ауру ағымын 3 кезеңге бөледі: бірінші 4-5 күн бөртпе пайда болғанша; аурудың максимальды айқындалуы 5 - ші күннен 10- ші күнге дейін; реконвалесценция кезеңі (2-3 апта). Аурудың белгілері бойынша ауыр, орташа; жеңіл түрге бөлінеді. Аурудың негізгі белгілері: дене температурасы 38-39°С, сандырақтау, ес нашарлауы, бастың қатты ауыруы, миалгия, қан тамырларының зақымдану әсерінен розеолозды петехиальды бөртпемен сипатталады. Ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың қатты ауыр ұйқысыздық, сандырақтаумен басталады; 4-5 күннен кейін тері капилляларының кеңеюі және оның зақымдану нәтижесінде ерекше бөртпелер пайда болады. Ауыр жағдайда жүрек және ми зақымдануының асқынулары дамуы мүмкін.

Организмде ауруға қарсы пайда болған иммунитет әсерінен Брилль-Цинссер ауруы жеңіл өтеді. Бөртпе розеолозды және аз мөлшерде, олардың дамуы мен сипаты бөртпе сүзегіне ұқсас.

Микробиологиялық диагноз қою. Науқас ағзасынан риккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагноз қою әдісі - серологиялық. Науқастардан алынған әртүрлі материалдардан (қан сарысуы) риккетсиялық антиген немесе антиденелерді анықтау үшін ПГАР, АР, КБР, ИФР, ИФТ қолданылады. Бөртпе сүзегінің және Брилль-Цинссер ауруын ажырату «иммунологиялық ес» феноменіне негізделген. Бөртпе сүзегінде алғашқыда ІgМ, содан кейін ІgG түзіледі. Ал, Брилл ауруында ІgG тез түзіледі.

______________________________________________________________________________________387

ПГАР. Гетерогенді аглютининдерден босату үшін зерттелінетін сарысуды 30 мин 56°С-та қыздырып изотоникалық ерітіндімен 1:10-нан 1:5120-ға дейін сүйылтады. Қой эритроциттерін сезімтал ету үшін диагносикум дайындау) R. рrowazekii ерітілетін фракциясынан тұратын құрғақ антигенді жиі қолданады. Сарысудың максимальды титрін анықтайтын антигеннің жұмыс мөлшерін алдын ала анықтайды.

Пробиркада немесе ойшықтарда 0,4 мл антиген ерітіндісін 0,1 мл үш мәрте натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шайылған сезімталды эритроциттермен араластырады. Бақылау алдын ала иммунды және сарысумен сезімталдырылған эритроциттер; сезімталмаған эритроцитгер зерттелінетін сарысумен және сарысусыз, сондай-ақ сарысу тек қана құйылған пробиркаларда атқарылады. Реакция талдауы 2 сағат инкубациялағаннан кейін бақылауда эритроцит тұнбаға түскенде жүргізіледі. Сосын талдауды 24 сағат бөлме температурасында инкубациялағаннан кейін, эритроциттер «қолшатыр» мен түйме »тәріздес тұнба түзуіне қарай қорытынды жасалады. Диагностикалық титр 1:250 болып есептеледі га қойғанда титрі өседі.

Агглютинациялық реакция R. рrowazekii -мен (Вейгля реакциясы) микроскопиялық әдіспен шыныда немесе макроәдіспен пробиркада қояды (Мосинг, Шульман бойынша және т.б.). Микроскопиялық агглютинацияда зертелінетін сары судың сұйылтуларын (1:20, 1:40, 1:80 және т.б.) ілмекпен шеттеріне вазелин жағылған жабын шыныларға енгізеді. Оған жіңішке созылған пастер түтікшесімен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде араластырылған жұмыртқа сарыуы-зында, кеміргіштердің өкпесінде дақылданған R. рrowazekii –дің, корпускулярлы антигенін немесе құрғақ антигенін қосады. Жабын шынының ортасына антигенді бақылауға тамызады. Оны ойығы бар заттық шыныға жабады. РАР нәтижесін 37°С-та сағат немесе бөлме температурасында 24 сағат инкубациялағаннан кейін диафрагмасы тарылған микроскопта қарап тіркейді.

КБР. Реакцияда корпускулярлы немесе ерітілген антиген қолдалынады. КБР жалпы кесте бойынша көлемі - 1,25 мл, суықта (4°С-та 18 сағат) немесе термостатта (37°С-та 1 сағат) байланысады. Комплементті мүқият титрлейді. Гемолитикалық жүйені 37°С-та 30 минут инкубациялағаннан кейін қосады. Бөртпе сүзегін эндемиялық сүзектен ажырату үшін R. рrowazekii -лік екі антигенмен және Музер антигенімен (R.typhi) қояды. Бөртпе сүзегінде диагностиаклық титрі аурудың 6-8 күні 1:80 және жоғары, 2-4 аптада 1:1280-1:5150 болып есептеледі. Бөртпе сүзегімен бұрын ауырғандарда рекация нәтижесі оң болады. Емдеуі. Риккетсиоздарды емдеу үшін ең қолайлысы - тетрациклин, левомицетин, рифампицин т.б. антибиотиктер қолдану.

Алдын алуы. Биттеудің алдын алу және жою шараларын жүргізу қажет. Арнайы сақтандырудың яғни тірі әлсіз вирулентті вакцина (ЖКСВ-Е) егудің тек қана қосымша маңызы бар. Отан соғысы жылдары өлтірілген вакцина кең қолданылды. Құрғақ аралас бөртпесүзек вакцинасы шығарылады: ерітілген Провачек риккетсиясының антигені (вирулентті Брейнль штамм) және лиофильді кептірілген стерильді сиыр сүтіндегі провачек риккетсиясы (авирулентті штамм - Мадрид Е). Тері астына 0,25 мл вакцина енгізгенде 2 жылдан емес уақытқа созылатын иммунитет дамиды, 2 жылдан кейін ревакцинация жүргізіледі.

14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы

Эндемиялық немесе атжалмандық бөртпе сүзегі (табардилло) - атжалмандарда кездесетін зоонозды жедел қызбалы ауру. Инфекция қоздырғышы – Rikettsia typhi, биологиялық және антигендік қасиеті бойынша Провацек риккетсиясына ұқсас, қоздырғыштың тасымалдаушысы - бүргелер болып табылады. Инфекция қоздырғышын 1917 жылы М. N. Nеіl ашты. Бүл ауру атжалмандар ауруы кездесетін жерде қоңыстанған адамдардың арасында анда-санда кездеседі. Атжалман бөртпе сүзегін анықтау және эпидемиялық бөртпе сүзегінен оны ажырату үшін спецификалық антигендермен серологиялық реакциялар қолданады.

Морфологиясы және дақылдандыруы. Rickettsia prowazekii-мен салыстарғанда Rickettsia tурhі жасушаларының полиморфизмдігі шамалы. Жасуша үлкендігі 0,35 - 13 мкм. Грам теріс. Здродовский әдісімен қызылға боялады. 35°С-та тауық эмбрионында және жасушалар дақылында жақсы өседі.

_______________________________________________________________________________388

Эмбриондарда таңдақ түрінде өседі. Буынаяқтылар жасушаларына енсе ядросы мен цитоплаз-масында өседі.

Антигендік қасиеті. Риккетсиялар антигендері екі типті: біріншісі - ерігіш, термостабилді, Rickettsia prowazekii-мен және Рroteus vulgaris ОХ19, ОХ2 пен жалпы, ортақ; екіншісі - түр арнайы термолябильді. Микроорганизмде жасушамен байланысқан эндотоксині бар. Токсинінің антигендік құрылымы R. prowazekii -дің эндотоксинінен өзгеше болып келеді.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада жақсы сақталады. Бүргелердің кепкен нәжісінде 40 күнге сақталады. Лиофилдегенде және төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Күнделікті қолданатын дезинфектанттарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Ауру қоздырғышының табиғатта сақтайтындар кеміргіштер (тышқандар, атжалмандар) мен олардағы эктопаразиттер (егер оларға риккетсияларды трансвариальды жолмен берілсе): Риккетсияларды бүргелер, атжалман биттері, гамаз кенелері таратады. Кеміргіштерден риккетсиялар сыртқы ортаға зәрлері арқылы тарайды.

Атжалман ағзасында риккетсиялар 16,5 ай, ал тышқандарда - 3 айдан ұзақ сақталады. Басқа жануарлар инфицирленген кеміргіштерді жеп ауырады. Атжалман биттері Xenopsylla cheopsis Сеratophyllus fasciatus қоздырғыштың негізгі таратушылары. Бірақ адамдарды атжалман кенесі Вdelonyssus bacoti шаққанда жүғады. Кенелер Rickettsia tурhі-ды трансвариольды береді. Риккетсиялар адам организміне жәндіктердің экскременттері теріге, көзге, мұрынға жағылғанда, кеміргіштердің зәрімен ластанған тағамдармен немесе ауру тасымалдаушылардың кепкен инфицирленген нәжістері бар аэрозольдермен енеді. Адамнан адамға қоздырғыш тарамайды. Ауру біртіндеп басталады және кеміргіштер саны тамыз - қараша айларында көбейгенде эндемиялық сипатқа ие болады. Аурумен барлық жаста ауырады.

Патогензі мен клиникалық көріністері. Ауру қоздырғышына маймылдар мен қояндар төзімді. Аталық теңіз шошқасының іш қуысына ауру қанын немесе ауру қоздырғышының дақылын еккенде осы ауруға тән белгі дамиды - риккетсиозды периорхит. Теңіз шошқасының тері үстіне, көз конъюнктивасы ауыз бен мұрын кілегей қабатына жұқтырғанда қызба дамиды. R. tурhі-ге тышқандар мен атжалмандар аса сезімтал. Жануарлар эктопаразиттер арқылы бір-біріне ауруды жұқтырады.

Эндемиялық бөртпе сүзек қандық инфекцияға жатады. Клиникалық белгілері бортпе сүзегіне ұқсас, бірақ онымен салыстырғанда жеңіл өтеді. Инкубациялық кезеңі 5-тен 15 тәулікке дейін созылады. Ауру төңумен, бас ауруымен басталады, сосын дене қызуы 39 - 40°С температураға көтеріледі. 4-8 күннен кейін таңбалы-папулезды бөртпе пайда болып, 5-10 күн сақталады. Бөртпе аурулардың 30% болмайды, 50% да - бауыр мен көк бауыр үлкейеді. Ауру кезінде асқынулар ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесінде болуы мүмкін. Ауру болжамы жақсы. Бірақ өлім қарт адамдар арасында 2 - 3% жетеді.

Иммунитеті. Жазылғаннан кейін антимикробты және антитоксикалық иммунитет дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою. Эндемиялық және эпидемиялық бөртпе сүзектері бір-бір ұқсас болғандықтан диагноз қою клиникалық, эпидемиялық және зертханалық көрсеткіштері бойынша жүргізеді. Диагноз қоюды нақты жүргізу үшін аурудың 3 - 5 мл қанын теңіз шошқасы еркегінің іш қуысына егеді. 4-8 күн аралығында жануарда қызба мен периорхит дамиды. Қабынған қабықтан алынған жағындыны карболды фуксинмен және Циль-Нильсен бойынша көкпен бояғанда «Музер жасушаларын- көреміз - көкке боялған мезотелия жасушалары мен ішіндегі риккетсия жиынтығы - қызыл түске боялады. РА, КБР, ГАТР бөртпе сүзегіндегі кесте бойынша жасалады.

Бірінші апта соңында серологиялық дифференциациялауды Rickettsia typhi және Rickettsia prowazekii антигендерін қолданып агглютинация реакциясы және КБР көмегімен жасайды. Басқа антигендер салыстырғанда антидене титрі Музер антигенінен 2-8 есе жоғары болу керек.

Емдеуі мен алдын алуы. Емдеу - тетрациклин мен левомицетиннің комегімен жүргізіледі. Көрсетілімдер бойынша арнайы алдын алу үшін R. tурhі-ден жасалған өлтірілген вакцина қолданады. Кеміргіштерді жою үшін дератизациялық шараларды жүргізу, сонымен қатар ас тағамдарын олардан қорғау қажет.

________________________________________________________________________________389