Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар

Хламидиялар - жасушаішілік облигатты паразитті бактериялар. Олар адамдарда, жануарлар мен құстарда әртүрлі аурулар қоздырады. Хламидиялар деп аталуы грек сөзінен chlamyda - мантия, жамылғыш деген сөзден шыққан. Себебі зақымданған жасушалар ішінде жамылғышпен қоршаған қосындылар түзеді. Адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларының ішінде антропонозды және зоонозды хламидиялық инфекциялар маңызды орын алады. Хламидиялар - иесінің сезімтал жасушаларында

________________________________________________________________________________408

паразиттенуші, патогенді, облигатты жасушаішілік грам-теріс бактериялар. Иесінің жасушасына метаболитикалық тәуелділігінің себебі: әнергиямен қамтамасыз ету механизмінің болмауы Хламидиялардың АТФ түзуге қабілеті жетпейді

Омыртқальшардың арасында хламидиялардың негізгі иелері қүстар мен сүт қоректілер, оның ішінде адамдар болып табылады. Хламидиялар олардың барлығында үқсас патология тудырады - көру, тыныс алу жүйелерін, асқазан ішек, несеп-жыныс жолдарын, жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі буындарды зақымдайды.

Таксономиясы. Биологиялық және генотиптік сипаттамасына қарап бүл микроорганизмде алдына Сhlamydiales қатарына бөлінген, оған 4 туыстастық кіреді. Сһlатуdіасеае тұқымдастығына кезінде тек қана Сһlатуdіа туыстастығы кірген, жаңа жіктелуге сәйкес 2 туыстастыққа бөлінеді: Сhlатуdіа және Сһlатуdіарһіlа. Өзгерген жіктелуге сәйкес Сһlатуdіа туыстастығына 3 түр жатады, оның ішіне кіретін С.traсһотаtis тек қана адамдарда паразиттенетін өкілі болыптабылады. Сһlатуdіарһіlа туыстасты түр жатады, оның ішінде С. рпеитопіае адамдарға біріншілік патогенді болып табылады. Қалған түрлері - жануарларға біріншілік патогенді болып келеді.

Морфологиясы. Хламидиялар грам-теріс бактерияларға жақын, ДНҚ және РНҚ-сы, цитоплазма тикалық мембранасы мен жасуша қабырғасы бар. Грам-теріс бактериялар тәрізді кең спектрлі антибактериалдық дәрі-дәрмектерге сезімтал. Тетрациклиндік және макролидтік қатардағы антибиотиктерге өте сезімтал болып келеді.

Халмидиялар - патогенді, облигатты жасушаішілік бактериялар. Олар макроорганизм, яғни адам немесе жануар жасушасынан тыс көбейе алмайды, сондықтан клиникаларда бактериологиялық диагноз қою әдісі аса тән емес. Оларда иесінің жасушасының цитоплазматикалық қосындьшарының (ЦҚ) ішінде өтетін ерекше даму циклы болады. Осы цикл кезінде хламидиялар иесінің жасушасының ферме жүйесін толық пайдаланады, соның салдарынан ол толығымен энергетикалық және метаболиттік түрғ иесіне тәуелді болады. Цитоплазматикалық қосынды микроорганизмнің әртүрлі популяциясынан түр ол негізінен микробтық жасушаның екі түрінен түрады: элементарлық денешіктер (ЭД) – жұқпалы түрі және ретикулярлық денешіктер (РД) - вегетативтік түрі. ЭД жасушадан тыс тіршілік қабілетін сақталып қалуға бейімделген, метаболиттік белсенділігі төмен; РД қоршаған ортада тез бұзылады, антибиотиктерге өте сезім-тал, бірақ иесінің жасушасында жоғары метаболиттік белсенділік танытады. ЭД фагоцитоз арк жасушаға еніп аралық денешік (АД) түзу арқылы РД-ке ауысады. РД бинарлы бөлініп АД арқылы ЭД- трансформацияланады (сурет-хламидиялардың даму циклы). Бұл даму циклы ЦҚ ішінде 40-72 сағатқа созылып, қосынды мембранасын жарып шығып ЭД-тер айналасында орналасқан иесінің жаңа жасушаларын зақымдайды.

Элементарлық денешіктердің морфологиялық ерекшеліктері:

Электронды тығыз, майда (300 нм) бөлшектер; Романовский-Гимзе бойынша қызғылт түске боялады

Жасушадан тыс көбейе алмайтын түр болып табылады.

Ретикулярлық денешіктердің морфологиялық ерекшеліктері:

Ұяшықталған құрылымды, ірі (1200 нм) бөлшектер; Романовский-Гимзе бойынша көкшіл түске боялады.

Жасуша ішінде көбейе алатын түрге жатады: бинарлы бөлініп, цитоплазмада қосынды денешіктер

түзеді.

Дақылдандыру. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алуды дамып келе жатқан тауық эмбриондарының саруыз қапшықтарының эпителий жасушаларында және жасуша дақылдарында жүргізеді.

Дамыуына 6-8 күн толған тауық эмбриондарының саруыз қапшығына жұқтыру ұзақ уақыттар бойы хламидиялық инфекцияларға этиологиялық дигноз қою үшін қолданылып келген ең нақты әдіс болды. Қазіргі кезде де хламидиоз диагнозын дәлелдеуде жоғарыспецификалық әдіс болып келеді. Сезімталдылығы бойынша бұл әдіс жасуша дақылдарында хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алумен тең. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алу критерийлері: микроорганизмнің морфологиялық құрлымдарының және тұқымдастыққа тән антигендердің болуы. Техникалық орындауы жағынан әдіс

_____________________________________________________________________________________409

Қарапайым болып келеді, бірақ даму үрдісінің өзі әрі күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді (2-3 пассаж жасалғаннан кейін 7-12 күннен 3 -4 аптаға дейін), сондықтан жылдамдатылған әдістердің болуы іс жүзінде бұл әдістің қолданылуын шектейді.

Спецификалық диагноз қою әдісі іп vitrо-да дақылдандыру болып табылады. Әдіс «алтын стандарт» атауына ие болған. Қазіргі кезде хламидияларға сезімталдылығы жоғары жасушалардың әр түрлері қолданылады. Көз және жыныс мүшелерінен алынған зерттеу затын жасуша дақылдарына сеуіп лрды бөліп алу, саруыз қапшығында дақылдандырудан әлдеқайда сезімтал болып келеді. Бұл лқшылығы 100% спецификалылығы мен жоғары сезімталдылығы. Бірақ бұл әдісті кеңінен қолдануға оның қымбаттылығы, күрделілігі және нәтижесін 72 сағаттан кейін ғана алуға болатындығы кедергі жасайды.

Антигендік қасиеті. Хламидиялардың антигендік құрлымы күрделі, жасуша қабырғасында орналасқан бүкіл тұқымдастыққа тән, липополисахаридтік термостабильді антигені бар. Түрспецификалық және спецификалық антигендер ақуыздық фракхщялардан құралған, термолабильді антигендер болып Типтікспецификалық антигендерінің болуына байланысты С.trаһотаtis-тің 18 сероварын С.рпеитопіае-ның бір ғана серовары бар.

Патогенділік факторлары. С.trасһотаis-тің патогенділік факторлары: сыртқы мембрана ақуыздары иық белсенділік, адгезиндер), эндотоксиндер (ЛПС), персистенттілік факторы. С.рпеитопіае- нділік факторлары: адгезиндер, эпителиоциттер мен лимфоциттердің инвазивтілік факторлары болып табылады. С.рsittасі эндотоксин түрінде улы зат түзеді.

Резистенттілігі. Қоздырғыш дезинфекциялық заттар әсерінен және қыздыру кезінде инактивицияланады, дегенмен кептіруге, мүздатуға төзімді. Қоршаған ортада 2-3 аптаға дейін сакталады.

Эпидемиологиясы. Респираторлы хламидиоз - антропонозды инфекция. Инфекцияның көзі - науқас адамдар, таралу жолдары - ауалы-тамшылы. Адамның сезімталдығы өте жоғары, әсіресе 20 жастан асқан жас адамдар. Ерекшелігі - инфекцияның таралуы баяу өтеді, себебі ауру адам қоршаған ортаға хламидияларды- аз мөлшерде бөледі. Дегенмен, тасымалдаушьшарда тыныс жолдарының жоғары бөлімдерінде хламидиялардың жинақталуға қабілеттері бар. Ауру Сол-түстік Еуропада кеңінен таралған, пневмониялар 110%-ын хламидиялар қоздырады.

Патогенезі. Хламидиялар урогениталды жолдар, сондай-ақ конъюнктиваның шырышты қабаты енеді. Қоздырғыщтар уретраның, жатыр мойнының, қосалқыларының, аталық бездің, гіваның қабынуын тудырады.

Chlamydia psittaci-орнитоз ауруын, Сһlаmydіа рnеumоnіае - адам бронхопневмониясын қоздырады. Инфекцияның таралу жолы: ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, ену қақпасы жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Тағам өнімдерімен де таралуы мүмкін. Орнитозға адамдардың сезімталдығы өте жоғары, орта және үлкен жастағы адамдар жиі ауырады. Ауру негізінде көктем, күз мезгілдерінде кездеседі. Бірен-саран кездесетін жағдайлар жиірек болады, дегенмен орнитоздың күрт көбеюі де байқалады.

Адам бронхопневмониясы мен орнитоз патогенезі: хламидиялардың жасуша ішінде көбейіп, оны бұзуы тыныс алу жолдарының, өкпе мен лимфа түйіндерінің некроздық грануломатоздық зақымдалуы;

қоздырғыштардың лимфоидты тіндерде персистенцияланауы.

Сһlаmidіа trасһоmаtіs- басыр (трахома), яғни конъюктива мен мөлдір қабықтың эпителиоциттерінің зақымдануын, урогенитальдық хламидиоз және жыныстық лимфагранулема (уретраның, жатыр мойнының, қуық асты безінің, сыртқы жыныс мүшелерінің қосалқылары мен жергілікті лимфа түйіндерінің қабынуын) шақырады.

; Инфекция көзі науқастар мен тасымалдаушылар. Жүғу жолдары - трахома кезінде түрмыстық жанасу урогенитальдық хламидиоз және жыныстық лимфагранулема кезінде жыныстық, транспла- центрлық жол арқылы беріледі.

Клиникалық көріністері. Ең күшті вируленттілікке орнитоз қоздырғыштары Сһlаmуdіа рsittaci ие. Себебі қоздырғыштың бұл түрі иесінің жасушасына кең спектрлі торпизмге ие, сондықтан аурудың бүл_____________________________________________________________________________________410

түрі генерализациялануға жақын болады. Инкубациялық кезеңі 6-17 тәулік созылады. Ауру жиі ауыр пневмония түрінде өтеді. Кейде патологиялық процеске жүрек-тамыр жүйесі, бауыр, көкбауыр, серозды менингит қосылуы мүмкін. Инфекцияның жедел және созылмалы түрлері болуы мүмкін. Аурудың түрі ауыл түрғындарының арасында жиі кездеседі, кәсіби ауруларға жатады.

Сһlаmуdіа рnеumоnіае - жедел, созьшмалы бронхит пен өкпе қабынуын жиі қоздырады. Респираторлы хламидиоздар - антропонозды инфекция болып табьшады. Инфекция көзі - науқас адамдар, таралу жолдары. - ауалы-тамшылы. Адамның сезімталдығы өте жоғары, әсіресе 20 жастан асқан жастар. Инфекция таралуы баяу өтеді, науқас қоршаған ортаға қоздырғыштарды аз мөлшерде бөледі. Адам ағзасына хламидиялар жоғары тыныс алу жолдары арқылы түседі. Қоздырғыштар тыныс алу жолдарының эпителиіне жоғары тропизмділік қасиетке ие, сондықтан қабыну үрдісіне әкеледі (фарингит, бронхит, синусит пневмония). Өкпе тінінің ішінде көбею нәтижесінде хламидиялар осы жасушаларды жояды, өкпенің түрде дамитын қабынуына әкеледі. Ыдыраған жасушалардың улы өнімдері әртүрлі ағзалар мен жүйелерде көптеген өзгерістер тудырады. Хламидиялар басқа микробтармен (микоплазма, легионеллалар, виру тудыратын атиптік пневмониядан клиникалық белгілері бойынша айырмашылығы жоқ. Респираторлы хламидиоз белгісіз, субклиникалық түрде өтуі мүмкін.

Сhlamydia trасһоmаtіs - адамның зәр-жыныс жүйесінің, көздің, тыныс жолдарының аурулары қоздырғыштары. Ауру - көз конъюнктивасы мен мүйізді қабатының әпителиялы жасушасын зақымдап, терең жатқан тіндерді де қамтиды, яғни бөсір(трахома) ауруын қоздырады.

Жасырын кезеңі 7-14 күн. Әдетте екі көз де зақымдалады. Аурудың басында көзде бөтен дене болуы және көздің ашуы сезіледі. Жедел басталуы да мүмкін: жарықтан сескену, шырышты-іріңді бөліну. Конъюнктивит және кератоконъюнктивит дамиды, олар тіліну және тыртықтану нәтижесінде көздің және соқырлыққа әкеледі.

Урогениталды хламидиоз - антропонозды инфекция. Инфекция козі - науқас адамдар және ағымы жасырын өтетін әйелдер. Таралу механизмі - жыныстық қатынас жолы арқылы, кейде түрмыс қатынас жолымен де жүғуы мүмкін (бассейндерде шомылғанда хламидиялар конъюнктиваға ене Науқастанған ананың жүктілік кезінде хламидиялар үрықты зақымдауы мүмкін. Жасырын кезеңі 7- күн. Шырышты қабаттарда бөлінді шығу, қышыну, қызару белгілері пайда болады. Ауру жиі созылм түрге ауысады.

Венерологиялық лимфогранулеманың - инфекция көзі науқас адам. Зақымдану көбінесе жыныс жолы арқылы, сирек жағдайда түрмыстық-қатынас жолы арқылы атқарылады. Ену қақпасы - жыныс мүшелерінің шырышты қабығы. Жасырын кезеңі - 30 күнге дейін. Жыныс мүшелерінде ойық папулалар, жаралар пайда болады. Аймақтық лимфа түйіндер ісінеді.

Иммунитеті. Аурудың кез-келген түрінен кейін түрақсыз иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Хламидияларды зақымдалған жасушалар ішінен қосындылар түрінде немесе жасушадан тыс элементарлық немесе ретикулярлық денешіктер түрінде бөліп алуға болады. Клиникалық көрінісінің әр түрлі болуы хламидиоздарға диагноз қоюды қиындата түседі. Хламидиялық инфекцияларды анықтауда негізгі орынды зертханалық диагноз қою әдістері алады (14.23 - кесте).

Хламидиоздар кезіндегі зертханалық диагноз қою тікелей зерттеуден (қоздырғышты немесе оның агенттерін табу) және серологиялық (хламидияларға қарсы антиденелерді табу) әдістен түрады.

Қазіргі кезге дейін микроскопиялыц әдіс ең кеңінен таралған әдіс болып келді, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды анықтауға негізделген. Қырынды препараттарды Романовский-Гимзе әдісімен бояп, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды табу, хламидиоз диагнозын қою, классикалық әдісі болып табылады. Цитоплазматикалық қосындылар ядроның қасында жиі орналасқан. көбінесе оны жасушаның шетіне қарай ығыстырады, пішіні әр түрлі болып келеді - кейде дөңгелек, кейін жағдайда сопақшалау болады. ЭД қызғылт-күлгін түске, РД көгілдір-күлгін түске боялады. Әдісті орындау қиын емес, бірақ та псевдоқосындыларды (жасуша қүрылымдары мен бактериялар) нағыз қосындьшармен шатастырып алуға болатындығын үмытпау қажет. Әдіс сезімталдылығы конъюктивит кезінде 30-60%; урогенитальдық хламидиоздар кезінде 20-30% болады. Препаратты қарап шығуға 30-40 минут қажет.

_____________________________________________________________________________________411

Кесте 14.23.

Хламидиялық иифекцияларға зертханалық диагноз қою.

Әдістері

Мақсаты

Тесттер

Микроскопиялық

Қоздырғыштың морфологиялық кұрылымдарын анықгау

Жағындыларды Романовкий-Гимзе және т.б. әдістермен бояу

Дақылдық

Қоздырғышты табу

Жасушалық дақылдар, тауық эмбриондары, зертханалық жануарлар

Иммунологиялық

, Қоздыргыштың АГ, АД анықтау

ИФР, ЖИФР, ИФТ, КБР және т.б.

Молекулалық- биологиялық

ДНҚ-ын анықтау.

Гибридизациялау, амплификациялық тест- жүйелер

Люголь ерітіндісімен бояу әдісі ең қарапайым болып келеді. Бұл әдіспен бояғанда жасуша сары боялып, қосындылар қызғыш-қоңыр түске боялады. Әдіс сезімталдығы өте төмен, тек қана C. trachmatis қосындыларын анықгауда қолданылады.

Иммунологиялық әдіс клиникалық зерттеу заттарында хламидияларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Құрамына флюоросценттік заттар қосылған, иммунды реагенттер қолданатын иммунохимиялық әдістер жиынтығы - ИФР болып табылады. Әдістің тиімді жақтары: жоғары дәлділігі жылдам орындалуы, қоздырғышты бірден зерттеу затынан табу, спецификалық емес жарық бөлуін бағалау мүмкіндігі.ИФР кемшіліктері: міндетті түрде флюоросценттік микроскоптың болуы, нәтижелерді активті интерпретациялауы, көп мөлшердегі сынамаларды өңдеудің қиындығы.

Хламидияларға қарсы антиденелерді табуға негізделген әдістерді урогенитальдық жолдардың, жаңа туылған нәрестелердің ауыр қабыну үрдістері болған жағдайда немесе аралас инфекциялар кезінде арасында хламидиялар бар екекндігін дәлелдеу керек болған жағдайларда қолданады.

Экспресс әдіс. Иммунохромотографиялық әдістер қолданылады. Талдау 10-30 минут ішінде нәтиже береді. Бірақ күнделікті қолданылып жүрген тест-жүйелеріне қарағанда экспресс әдістің сезімталдылығы спецификалылығы төмен.

Молекулалық-биологиялық әдістер. Соңғы кедері хламидиялардың ДНҚ-ын анықтауға бағытталған -гибридизация, сэндвич-гибридизация, іп зһи гибридизациялау әдістері қолданылып жүр. Әдіс імталдылығы мен спецификалылығы 80-100%. Бүл әдіс басқа әдістермен анықталмайтын хламидияларды табуда өте тиімді. Бүл әдістердің кемшілігі тек қана арнайы қүрал-жабдықпен жүргізу және қажетті заттарының қымбатгылығы болып табылады.

Емдеуі. Хламидиялқ инфекцияларды оптимальды және түбегейлі емдеу әдістері соңына дейін зерттеліп жасалынбаған. Брақ ауруды созылмалы және ауыр түріне өткізіп алмай, ғылыми негізделген емдеу шараларын дер кезінде бастау, оң нәтиже беретіндігі дәлелденген. Ал созылмалы және ауыр күйіне өтіп кеткен түрлерін емдеп, жазу өте қиын мәселе.

Урогенитальды хламидиозды емдеудің бірден-бір есебі - ол науқаспен қатар оның жыныстық қарым лнастағы серігін де емдеу қажеттілігі.

Жеке емдеу бағдарламасын жасаған кезде науқасты кешенді түрде емдеумен бірге зақымдалған, яғни қоздырғыш локализацияланған ағзаларды да емдеп отыруды үмытпаған жөн. Сонымен қатар емдеуді жүргізу барысында хламидиялардың даму айналымында екі кезең болатындығын да ескерген дұрыс: ол- нфекциондық кезең (ЭД), бүл кезде хламидиялар антибиотиктерге резистентті болып келеді; инфекциондық емес, вегетативтік кезең (РД), бүл кезде хламидиялар антибиотиктерге сезімтал болады. Антибиотиктерді дүрыс қолданбаған немесе пенициллин қатарына жататын антибиотиктерді қолданған кезде L-тәрізді хламидиялар пайда болуы мүмкін.

Антибиотиктердің ішінде хламидиялар тетрациклин қатарына және макролидтерге жататын антибиотиктерге сезімталдылығы анықгалған.

___________________________________________________________________________________412

Алдын алуы. Арнайы алдын алуы жоқ. Бейспецификалық алдын алу шаралары тұрғындар арасында санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға, қауіпсіз жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға бағытталған.