Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздыргышы)

Цуцугамуши (жапон тілінен аударғанда кене ауруы дегенді білдіреді, синонимі жапондық өзен қызбасы) - алғашқы қабыну ошағы теріде болатын, бөртпе шығатын, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталатын Оrientia tsutsugamushi тудыратын жүқпалы табиғи - ошақты ауру. Ауру қоздырғышын 1930жылы жапон ғалымдары Нагайо мен Огата ашты.

Таксономиясы. Оrientia tsutsugamushi (бұрын Rickettsia tsutsugamushi) түрі 6 серологиялық варианттардан тұрады. Ориенциялар - грам теріс таяқша тәрізді бактериялар, Тұқымдастығы: Rickettsiaсеае. Туыстастыгы: Оrientia. Түрі Оrientia tsutsugamushi:.

Морфологиясы мен дақылдандыруы. Риккетсия жасушалары кокк пішінді немесе таяқша пішінді. Жасушалар өлшемдері 0,3 - 0,5 мкм х 0,8 - 2 мкм. Грам теріс боялады. Романовский -Гимзе әдісімен бояғанда қара күлгін түске боялады және мононуклеарлы жасушалардың цитоплазмасында орналасады, ядросына енбейді. Ауру қоздырғышы сарыуыз қапшығында, сүтқоректілер жасушаларында, тауық эмбрионының хорионаллантоис қабығында дақылданады. Токсин түзеді.

Антигендік қасиеті. 2 антигені бар: ерітілген және корпускулярлы. Антигендік қасиеті бойынша Оrientia tsutsugamushi сероварларға (Gillian, Karp, Kato, Fan, Schon, Kawasaki, Kuroki, Shimoshi, және т.б.) бөлінеді. Зертханалық жануарлардың арасынан маймылдар, теңіз шошқалары, атжалмандар, суырлар, ақ тышқандар бұл ауруға сезімтал және оларда инфекцияның жайылмалы түрі дамиды.

Резистенттілігі. Оrientia tsutsugamushi кептіруге, қоршаған орта әсерлеріне төзімді. Бөлме температурасында тез жойылмайды -70°С температурада ұзақ уақыт сақталады. Дезинфектанттарға сезімтал. Эпидемиологиясы. Ауру табиғи - ошақтық инфекцияқа жатады. Инфекция көзі - тышқан тәріздес кеміргіштер. Ауру қоздырғышын тасымалдаушы - тұқымдастығы Trombiculidae (туыстастығы Leptotrombidium және Neotrombicula) қызыл денелі кене дернәсілі. Қоздырғыш табиғатта кеміргіштерде,

_____________________________________________________________________________________392

қалталы және жәндік-термен қоректенетін жануарларда сақталады. Ауру дернәсілдердің анағұрлым белсенді кезеңінде, яғни маусым - қыркүйек айлар аралығында тіркеледі, және де Қиыр Шығыста жиі кездеседі.

Патогенезі мен клиникалық көріністері. Риккетсиялар ауру кенелердің дернәсілдері шаққанда. Ағзаға түсіп, қанға енеді. Қан тамырларының эндотелиінде көбейіп, түйіндер түзеді. Ауру жалпы әлсіздікпен басталады. Инкубациялық кезеңі 7 күннен 18 күнғе дейін созылады. Клиникалық көрінісі қызбамен, бөртпемен сипатталады; аурудың ағымы ауыр, өлім-жітімдігі жоғары. Ауру 2-3 аптаға созылады. Ауыр жағдайда ОЖЖ мен жүрек - қантамыр жүйесі зақымданып энцефалит, гепатит, нефриттер дамып, көкбауыр ұлғаяды.

Иммунитеті. Аурудан кейін иммунитет ұзаққа созылмайды, тұрақсыз, штамдық - арнайы қайталап ауыру байқалады.

Микробиологиялық диагноз қою антиденелерді анықтауға негізделеді: КБР, ГАТР, ИФТ. Басқа бөртпе сүзектермен дифференциациялау қажет. Ауру қан сарысуында антиденелер 2-ші аптаның аяғында пайда болып 5-6 апта сақталады. Микроиммундыфлюоресценция реакциясын қояды. Барлық О. tsutsugamushi -дің 3 классикалық штамдары (Gillian, Karp, Kato сероварлары) ауру сарысуымен 1:1 титрінде әсерлеседі. Теріс нәтижелі титр 1:64. Сондай-ақ бірнеше антигенмен КБР, ELISE реакциясы иммунды пероксидазамен қойылатын реакциялар қолданылады. Риккетсия ДНҚ-ын (ПТР көмегі анықтауға болады. Ауру қоздырғышының таза дақылын бөліп алу үшін аурудан бірінші күні алынған қанды (0,1-0,2 мл) ақ тышқандарға жұқтырады.

Емдеуі. Тетрациклин қатарындағы антибиотиктер мен левомицетин, доксициклин және хлорфеникол қолданылады.

Алдын алуы. Адамдарды қызыл денелі кенелердің (дернәсілдердің) шағуынан қорғау және олардың жою. Арнайы алдын алуы жоқ.