Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.3.1.1. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum

Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum талшықтары бар, ұсақ, грам теріс таяқшалар. қоректі жануарлар мен қүстардың паразиттері. Тыныс алу жолдарының эпителийінде орналасып көбейеді. Антигендік және басқа да қасиеттері, идентификациялау белгілері жоғарыда аталды. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса адамдарда паракөкжөтелге үқсас өте сирек ауру тудырады. Кейбір жағдайда унитеті төмен адамдарда және үй жануарларын (ор қояндар, иттер) үстайтын адамдар ауырады.

царда симитомсыз тасымалдаушылық кездеседі. Воrdеtеllа аvіum -нің адамға патогенділігі дәлелденген жоқ.

14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары

Бруцеллез - Вruсеllа туыстастығына жататын бактериялар тудыратын жүқпалы ауру, үзаққа созылған дене қызбасы, қимыл-тірек аппараты, жүйке, жүрек-қан тамыр және зәр шығару-жыныс жүйелерінің лмдануымен сипатталады. Қоздырғыш туыстастығының аталуы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д. Брюстың атымен байланысты.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Вruсеllасеае.

Туыстастығы: Вruсеllа.

Түрлері: Вruсеllа mеlіtеnsis, Вruсеllа аbоrtus, Вruсеllа suis, Вruсеllа саnis, Вruсеllа оvis, Вruсеllа neotоmае.

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Бруцеллалар - үсақ, грам теріс, сопақша пішінді аалар. Спора түзбейді, тал шықтары және капсуласы жоқ. Дегенмен, спецификалық бакгериофаг немесе құрамында 10% иммундық сарысуы бар ортада өскенде нәзік капсула түзеді. Морфологиялық қасиеттері бойынша бруцеллалардың 6 түрін бір-бірінен ажырата алмайды, ал жағынды да ретсіз шашырап орналасады.

Дақылдандыру. Бруцеллалар - облигатты аэробтар. Вruсеllа аbоrtus және Вruсеllа suis өсіру үшін 10% көмір қышқыл газын қажет етеді. Оптималды өсу температурасы - 37°С, қолайлы орта рН- 6,8-7,2. целлалар қорекгік ортаға талғамды, арнайы қоректік орталарда (бауыр қосқан және т.б.) өседі. Олардың кшеліктері - баяу өсуі (2-3 апта ішінде). Сүйық қоректік ортада бруцелалар лайланып түнба түзеді. тығыз қоректік орталарда көгілдір сүр түсті, үсақ, дөңес, мөлдір колониялар түзеді. Гемолиз бермейді, гмент түзбейді. S-пішіндіден R-пішіндіге қарай диссоциация байқалады. Антибиотиктердің әсерінен пішінге ауысады. Тауық эмбрионның сарыуыздық қапшығында жақсы дақылданады.

.______________________________________________________________________________334

Ферменттік белсенділігі. Бруцеллалардың биохимиялық белсендігі жоғары емес. Каталаза және оксидазасы бар, нитратты нитритке айналдырады, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзеді

Антигендік қасиеті. Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар, негізгі беткейлік антигендері - А және М. Бүл антигендердің түрге байланысты арнайылығы бар; , Вruсеllа теlіtепsis- М антигені басым, ал , Вruсеllа аbоrtus, Вruсеllа suis -те - А-антигені артығырақ болады. Бруцеллала термостабильді Vі- антиген анықталған.

Бруцеллалардың биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша, тионин және фуксин бояула қосылған қоректік орталарда өсу қабілеті бойынша түр ішінде биоварлары ажыратылады.

Патогенділік факторлары. Бруцеллалар жоғарғы инвазиялық қасиетке ие, эндотоксин және агресс; ферментеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың адгезиялық қасиеттері - сыртқы мембр ақуыздарымен байланысты. Осымен қатар бруцеллалар аллергендік қасиетке ие.

Резистенттілігі. Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялық ертінділер әсерінен тез жойыла дегенмен төменгі температураға түрақты (тоңазытылган етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 дейін сақталады). Ылғалды орталарда бруцеллалар 3-4 ай бойы сақталады, сүт тағамдарында - 40-451 суда, топырақта 3-5 айға дейін тіршілік етеді.

Эпидемиологиясы. Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор - қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез (сарып) - зоонозды инфекция; жүқтыру көзі - ірі және үсақ қара мал, доңыз, си" жағдайда - еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Қазақстанда бруцеллезды негізгі жүқтыру көзі - Вrисеllа теlіtеnsis бөлетін қойлар, дегенмен сиырлар да жүқтырады ( Вruсеllа аbоrtus) Науқас адамдаp инфекцияның көзі болмайды. Барлық зооноздарға үқсас сарыптың жүғу механизмд және таралу жолдары әртүрлігімен сипатталады. Бруцеллезбен зақымдану сүт, ет тағамдарын қолданға болады. Ауру жануарлармен қатынаста болған малшылар, сауыншылар ауырады. Бруцеллез барлы мемлекеттерде таралған. Оқтын-оқтын немесе күрт көбею түрінде ауру негізінде мал-шаруышылы аймақтарында кездеседі.

Патогенезі. Бруцеллалар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйіндеріне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді (бауыр, көк бауыр, сүйек кемігі). Осы ағзаларда үзақ сақталып, қайтадан қан- түсуі мүмкін. Бруцеллалар бүзылған уақытта эндотоксин бөлінеді, ол ағзаның жалпы ингоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде организмнің бруцеллалармен сенсибилизациялануы маңызды рөл атқарады.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгілері әр түрлі. Бруцеллез кезінде үзақ дене қызбасы, қалтырау, тершенділік, буындардың ауырсынуы түсік тастау байқалады. Кейбір жағдайларда радикулиттер және миозитгер пайда болады. Патологиял- процестерге жүрек-қан тамыры, зәр шығару жыныс және басқа жүйелер бүзы-лыстары қосылады. Ауру созылмалы түрде өтеді.

Иммунитеті. Аурудан соң түрақсыз, стерилді емес, үзаққа созылмайтын (6-9 айға дейін сақталатын) гуморалды-жасушалық (фагоцитоз, агглютининдер, комплемент байланыстырушы антиденелер жәнет.б.) иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдар осы инфекцияға қайтадан шалдығуы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материалдар - қан, зәр, сүйек кемігі. Диагноз қою үшін барлық микробиологиялық әдістер қолданылады. Негізгі бактериологиялық әдіс қоздырғыштың туыстастығын ғана емес, инфекция көзін табу үшін түрін де анықтайды. Сонымен қатар, серологиялық әдіс (Райт, Хеддельсон агглютинациялық реакциялары, жанама геммаглютинациялық реакция, комплементті байланыстыру реакциясы және тағы басқалар), тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы) қолданылады. Биологиялық әдіс үшін ақ тышқандар және теңіз шошқаларына жүқтырыды.

Бактериологиялық әдіс негізгі және барлық уақытта жүргізіледі, теріс нәтиже инфекцияның толық жоқ екеніне негіз емес. Бруцеллаларды бөліп алу үшін ет-пептонды бауырлы агар, сарысулы - декстрозды және эритрит-агарлар, Мартен және Альбими агарлар, «Д» агарды қолданады. Басқа микрофлоралар өспеу

__________________________________________________________________________________335

Үшін ингибиторлар қосады: генцианвиолет 1:200 000 концентрациясында немесе антибиотиктер (полимиксин- В - 6 мкг\л, бацитрацин - 25 мг\л, амфотерицин В -1 мг\л, циклогексамид -100 мг\л, D-циклосерин 100мг\л, налидиксин қышықылы - 5 мг\л, ванкомицин - 20 мг\л). Қызба кезінде аурудан алынған қанның екі би фазалы орталарға себеді. Ортаны флаконға қиғаш етіп құяды (30-50 мл) және оның бетіне 25- 30мл сорпа қосады. Бір флаконды С02-ның жоғары концентрациясында (5-10%), ал екіншісін қалыпты ерада 37°С температурада инкубациялайды. 4-ші күні орталарды қарайды. Өсу анықталмағанда бетіне сорпа қосады. Оң нәтижелі болса орта бетінде бруцелла колониялары пайда болады - майда, түссіз, қ. Колонияларды жинап алып идентификациялау жүргізеді. Егер бір ай ішінде бруцелла колониясы анықталмаса тығыз қоректік орталарға бақылау үшін себеді.

Биологиялық әдіс бактериологиялық әдіспен бірге жүргізіледі. Салмағы 250-300 грамм болатын теңіз ларына немесе 17-20 грамм салмақты ақ тышқандардың шап аймағына, іш қуысына зерттеу риалын 0,5-1 мл молшерде енгізеді. Жануарлардың (шошқаларды - 30-35 тәулік, тышқандарды - 20- і тәулік өткенде) өлігін ашып зерттейді. Бактериологиялық әдіспен лимфа түйіндерін, бауырды, көк цы зерттейді. Себілген орталарды 37°С температурада 25-30 тәулік инкубациялайды, 3-4 күн сайын яарды бақылап қарайды.

Серологиялық әдісте бруцеллез қоздырғыштарының антигендерін анықтау реакциялары қолданады: яофлюоресценция реакциясы (ИФР), иммуноферментті талдау (ИФТ), антиденелерді бейтараптау ясы (АдБР).

Зерттеу материалынан жағынды дайындап ауада кептіріп 30 минут этил спиртында фиксациялайды. кейін препаратқа бруцеллездік люминисцентті сары су тамызады. Препаратты 15-20 минутқа цы камераға қояды, содан кейін ағын сумен 10 минут шаяды және ауада кептіреді. Кепкен препарат не гпицерин ерітіндісін (9 бөлік глицерин мен 1 бөлік натрий хлоридімен буферленген изотоникалық ці) тамызып, бетіне жабын шыны жауып люминесцентті микроскопта қарайды. Оң нәтижеде қараңғы іесе қызғылт-сары бетте ашық жасыл боялған жасушалар байқалады.

АдБР - материалды зерттеу алдында 100°С температурада 10 минут қыздырады. Реацияны истиролыды пластинкаларда жүргізеді. Реакция - антиденелердің антигендерді бейтараптап, арнайы енмен байланысқан эритроциттердің агглютинациялауын тоқтатуға негізделген. Бруцеллаларға қарсы арнайы антиденелерді анықтау үшін пластиналық агглютинация реакциясын, вемді агглютинация реакциясын (Райт), ЖГАР, Роз-Бенгал антигенімен пластиналық агглютинация иясын, антиглобулярлы сынама (Кумбс реакциясы), иммундыферментті талдау (ИФТ), жанама цмундыфлюресценция реакциясын (ЖИФР) қолданады.

Пластиналық агглютинация реакциясы (Хеддльсон реакциясы). Бүл реакция өте қарапайым, сезімтал вие иәтижесі жедел алынады. Антиген ретінде Хеддльсон және Райт реакцияларына ортақ бруцеллездік ностикум қолданады. Реакция тазалап жуылған, майсыздандырылған, әрқайсысы 4x4 см көлемінде зылған, терезелік шыны бетіндегі 5 квадратта жүргізіледі. Бірінші квадратында сол жағында зерттелінетін сарысу номерін жазады, келесі квадратта солдан оңға қарай зерттейтін сарысудың келесі дозаларын 0,04, 0,02, 0,01 және 0,03 мл (сары суды бақылау) тамызады. Сары судың бірінші үш дозасына 0,03 мл-ден яген қосады. Соңғы дозасына 0,03 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін қосады. Таяқшамен сары - суды (минимальды дозасынан бастап) антигенмен абайлап араластырады. Антиген бақылау - 0,03 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісіне 0,03 мл антиген қосып дайындайды. Сосын шыныны от 1 жалынында қыздырады. Реакция оң нәтижелі болса бірнеше минуттан сарысумен антиген тамшысында агглютинат түйіршіктері пайда болады. Максимальды бақылау уақыты - 8 минут. Реакция нәтижесін қдруланбаған көзбен бақылайды. Оң нәтижеде сарысудың барлық дозасында агглютинация 2+тен төмен |,емес (ерітіндінің лайлануы басылып түйіршіктер пайда болады - 50% агглютинация).

Пробиркадағы (көлемді) агглютинация реакциясы (Райт) бруцеллезге диагноз қоюдың ең негізгі гедісі. Аурудың жедел және жедел асты түрінде бүл реакцияның маңызы өте зор.

Пробиркаларға изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін қүяды: біріншісіне - 2,4 мл, қалғанына 0,5 мл-ден. Бірінші пробиркаға 0,1 мл сары су қүяды, араластырады, 0,5 мл екінші пробиркаға алып құяды

және 0,5 мл-ден әрі қарай титрлейді. Соңғы пробиркадан 0,5 мл-ін дезерітіндісі бар ыдысқа төгеді, осын нәтижесінде 1:25, 1:50, 1:100; 1:200 және т.б. сұйылтулар 0,5 мл көлемде болады. Бірінші

__________________________________________________________________________________336

пробиркад 0,5 мл ерітіндіні таза пробиркаға құяды, оған 0,5 мл изотоникалық натрий хлор ерітіндісін қосады (сарыс 1:50 сұйылтуында бақылау). Диагностикумды 0,03 мл изотоникалық ерітіндімен сұйылтады жә 0,5 мл- ден бақылаудан басқасынан барлық пробиркаларға құяды. Диагностикум қосқаннан кейін сұйь екі еселінеді - 1:50, 1:100; 1:200; 1:400 және т.б. Пробирка ішіндегісін сілкілеп араластырады және термостатқа 3 7°С температурада 18-20 сағат инкубациялайды 1 -2 сағат бөлме температурасында ұстайды

Осымен қатар лайлану стандартын жасайды, ол үшін антигенді екі есе сүйылтады. Ары қарай сүйық кесте бойыншы жасалды (14.13-кесте).

Лайлану стандартын негізгі реакциямен термостатқа қояды. Реакция нәтижесін лайлану стандар тымен салыстыра отырып агглютинаттың түнбалануы мен ерітінді лайлануының басылуы бойынша тіркейді. Диагностикалық титры РА 1:100 сүйылтуында және одан жоғары болып саналады (2+ төмен емес).

Антиглобулярлы сынаманы (Кумбс реакциясы) толық емес антиденелерді анықтау созылмалы бруцеллез диагнозын қою үшін немесе РА теріс немесе төменгі сүйылтуларда оң болғанда қолданады.

Кесте 14.1

Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сүйылту

Реакция компоненттері

Агглютннация

++++

+++

++

+

-

Антиген. 1:2

0

0.25

0.5

0.5

0,75

1,0

сұйылту

Изотоникалық

натрии хлориді

ерітіндісі

1.0

0.75

0,25

0

ЖГАР - адам қан сарысуларында бруцеллездік антиденелерді анықтайтын арнайы және жоғар сезімтал диагностикалық әдіс. Реакция қойғанда бруцеллездік әритроцитарлы диагностикум қолданады.

ИФТ - аурудың барлық түрінде қолданады, сондай-ақ эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үші және бруцеллезге қарсы вакцинацияланған адамдарды анықтау үшін қолданылады.

ЖИФР қою үшін алдын ала 1-2 тәуліктік агарлық дақылдан жағынды дайындап әтил спиртінд 30 минут фиксациялайды, ауада кептіріп ылғалды камераға қояды. Бір затық шыныда 8 жағынды дайындауға болады. Зерттеу сарысуын екі еселеп сүйылтады (1:2 сүйылтудан 1:320 сүйылтуға дейін) жән жағындыға пастер түтікшесімен тамызады (көп сүйылтудан бастап). Ылғал камераға 37°С температураді 30 минутқа қояды. Сосын жағындыны байланыспаған антиденелерден шаяды және кепкенен кейін антитүрлік люминесцентті сарысумен жүмыс сүйылтуында бояйды. Жағынды дайындау ары қарай тікелей иммундыфлюресцентті әдістегідей жүргізіледі. Бақылау ретінде бруцеллаға қарсы сарысу (оң нәтиже' және оған қарсы антиденелері жоқ (теріс нәтиже) сарысу қосылған жағындыларды қолданады. Реакц нәтижесін жағындыны люминесцентгі микроскопта қарап анықтайды. Диагностикалық титрі 1:4-тентөмеЯ болмауы керек. '

Бруцеллездік антигенге организмнің сезімталдығын анықтау үшін теріішілік аллергиялық Бюрне' сынамасы қойылады. Бүл сынама білектің алақан бетіне 0,1 мл бруцеллин (3 апталық бруцелла дақылының сықпасы) енгізгенде жергілікті қабынумен жауап беруге негізделген. Реакция нәтижесі 24-48 сағаттан кейін ісік көлемі бойынша сантиметрмен олшенеді. Егер енгізген жерде ісік 2 см-ден үлкен болса әлсіз оң, 2- 6 см - оң, 6 см жоғары - күрт оң бол ып есептел інеді. Теріде гиперемия мен ісік болмаса теріс нәтижеге саналады.

Емдеуі. Негізгі емі - кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықган арнайы иммунды емдеу - өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.__________________________________________________________________________________337

Алдын алуы. Бруцеллезден сақтануда- санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл алады (соның де сүтті пастеризациялау). Қазақстан Республикасында 2002 жылга дейін эпидемиологиялық еткіштері бойынша бруцеллездік қүргақ тірі вакцина (Вruсеllа аbоrtus19 ВА сиыр типті вакциналық штамм) адамдарға қолданылды.