Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

1. Нег. Ауруы: Климакстік дисгормондық кардиомиопатия (миокардиодистрофия).

Асқ.: ЖШФКI.

2. Жетекші синдромдары: артық салмақ; инволюциялық дисгормонизм; кардиомегалия парциальді (СҚГ) және кардиомиопатия. Аталған синдромдар Дисгормондыұ КМП күдіктендіреді; дегенмен жасы мен артық салмағын ескеріп, ЖИА жоққа шығару (дәлелдеу) мақсатында холтер ЭКГ; ал КМП климакстік этиологиясын дәлелдеу мақсатында арнайы сынама (обзиданмен сынама) жүргіземіз.

3. Гинеколог емі; бета-блокаторлармен курстық ем; седативті дәрмектер.

Клиникалық жағдай N4

42 жастағы ер кісіде 12 сағат бұрын кешкі 2200 шамасында дене қызуы күрт 390С жоғарылап, қалтырау мен кеуде сарайының сол жартысының тыныспен, құрғақ жөтелмен байланысты ауырсынуы дамыды.

Дертін науқас суықтау факторымен байланыстырады.

Об-ті: жалпы жағдай орта ауырлықта, дене қалыбы мәжбүр, оң жағына қисая, кеуде сарайының сол жартысын оң қолымен сүйеп отыр. Дене қызуы 390С. Тыныстан кеуде сарайының сол жағы қалыңқы, тынысты терең алуда тыныс қимылын күрт үзеді. Перкуссияда сол өкпесінің төмен бөлігінің үстінде өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда аталған аймақтың үстінде везикулалық тынысы әлсіреген, қардың сықырындай шу, фонендоскопты басқанда күшейетін, естілді, тыныс жиілігі 30 мин. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖСС 120 мин. АҚ 90/70 мм сын. бағ.

ҚЖА бейспецификалық қабыну белгілері айқын.

  1. Алғашқы, яғни болжам диагнозды қойыңыз.

  2. Негiзгi клиникалық синдромдарды бөліңіз. Жетекші синдромдардың патогномды клиникалық симптомдарына сүйеніңіз.

  3. Тексеру жоспарын құрыңыз, дифференциялық диагноз жүргiзiңiз.

  4. Емiн жоспарлаңыз, стационар алмастырушы технологияны қолдану мүмкіндіктерін саралаңыз.

N4. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Жедел құрғақ плеврит. Плевропневмония?

2. Плевраның зақымдану синдромы (қар сықырындай шудың тыныс актімен байланыстылығы); өкпе тінінің тығыздалу; бейспецификалық қабыну синдромы. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының әдетте 14-22 сағат ішінде клиникалық белгілері анықталады, рентгендік белгілері де бірінші тәуліктің соңына қарай дәлелді (антибактериялық ем бастап, даму фазаларын тежемесе, гиперемия фазасы аяқталып, қызыл бауырлану басталғанда) болады.

3. Хаттамаға сай: ҚЖА; НЖА; креатинин; фибриноген; кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы 2 проекцияда; ЭКГ. Тығыздалу синдромының өрбуі – ауруханадан тыс плевропневмонияның нақты дәлелі, ал болмаса плеврит диагнозы жеке қойылып, фтизиатр кеңесі жүргізіледі, серозиттермен сипатталатын жүйелі аурулармен ДД қажет болады.

4. Емі стационардан басталады, оған көрсетпелер: САҚ 90 мм сын. бағ.; ЖСС 120; тыныс жиілігі 30 мин.

Клиникалық жағдай n5

49 жастағы әйел кісі кеуде сарайының сол жартысының күшті ауырсынуына, ауа жетпеу сезіміне, ауыруының сағаттарға жалғасып, өлім қорқынышын туғызатынына шағынды.

Өзін 2 жылдан бері науқас санайды, бірнеше рет кардиологтарда болып, ЭКГ түсірген, патология табылмаған, неврологта емделеді, емін нәтижесіз санайды.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы артық (салмағы 29 жасынан арта бастаған, дене массасының индексі 33), перифериялық ісінулер жоқ, тері жамылғылары қалыпты. Омыртқа тұсы нүктелері омыртқа жотасының мойын, кеуде бөліктерінде ауырады, қабырға аралықтарын тарайды, бұлшық ет дефансы бар. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек шектері солға ығысқан. АҚ 135/85 мм сын. бағ.

Шұғыл түсірген ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 78 мин. ЖЭӨ горизонталь. Сол қарынша гипертрофиясының белгісі (Rv5,v6>Rv4).

  1. Жетекші синдромдары. Болжам диагнозы.

  2. ЭКГ өзгерістерінің мүмкін себептеріне анализ жасаңыз.

  3. Сауықтыру шараларын жоспарлаңыз.

N5. Жауаптары: