Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n3

20 жасар студент клиникаға келесi шағымдармен түстi: басының ауыруы, айналуы, шулауы, әсiресе физикалық күштен соң естен тануы, жүрек аймағының мезгiл-мезгiл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы әлсiздiк.

Анамнезiнде: бала шағында дәрiгерлер тума ақаудан күдiктенген, себебi жүрегiнде шу естiлген. 17 жасынан бастап басы ауырып, айналып, басында, жүрегiнде тамыр соғысын сезу мазалаған. Артериялық гипертензия диагнозы қойылып‚ антигипертензиялық дәрмектермен емдегенмен нәтиже болмаған. АҚ 170/100-180/100 мм сын. бағ. деңгейінде сақталған. Кейiн келе аяқтарында әлсiздiк пайда болып, жүргенде күшейетiн болған.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген, иық белдеуi мен қолдарының бұлшық еттерi жақсы дамыған. Ұйқы артерияларының пульсациясы көрiнедi. Өкпесiнде патологиялық өзгерiс жоқ. Пальпацияда сол жағынан II-III қабырға аралықта систолалық дiрiл сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 4 см тысқары ығысқан. II-III қ/а дөрекi систолалық шу естiледi, шу жауырын аралығына, жүрек ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. бағ., аяқтарында 110/70 мм сын. бағ.

1. Қалыпты жағдайда аяқтардағы АҚ қолындағы АҚ төмен.

а) дұрыс

б) дұрыс емес

2. Жетекші синдромдарын атаңыз.

3. Рентгендiк тән өзгерiстерді атаңыз, олардың механизмі?

4. Диагнозын жазыңыз.

N3. Жауаптары:

1. б) Қалыптыда аяқтар АҚ қолындағы АҚ 40-50мм сын. бағ. жоғары.

2. Артериялық гипертензия, гемодинамикалық АГ (аяқтарындағы АҚ төмендігі тума ақау – аорта коарктациясына тән); тума ақау (аорта коарктациясы); кардиомегалия (сол қарынша ұлғаюымен); кардиалгия; синкопэ.

3. Қабырғалардың төменгі шеттерінің тісшеленуі, аортаның тарылған жеріне дейінгі тамырларға қан көп көлемде түсетіндіктен, коллатеральдер айқын дамиды.

4. Негізгі ауруы: Жүректің тума ақауы: аорта коарктациясы.

Асқ.: Симптомдық (гемодинамикалық) АГ. Синкопэ.

Клиникалық жағдай N4

16 жастағы 10 сынып оқушысы ревматология бөлiмшесiне келесi шағымдармен түстi: тiзе, тобық буындарының ауыруы, физикалық күш түскендегі ентiгу, дене қызуының 380С көтерiлуi.

Анамнезiнде баспалар жиі, соңғы рет 1 ай бұрын болған, сол кезде 4 тәулiк бойына жоғары қызу болғандықтан сульфадимезин, тетрациклинмен емделген. Аптаның соңына қызуы қалыптасқан, бiрақ 10-12 күннен соң қайтадан 38,0-38,20С көтерiліп, жоғарыдағы шағымдары пайда болған, алдымен иық, шынтақ буындары ісінген, диклофенак пен пенициллинді парентеральді қабылдаған соң, 2-3 күнде буындарының ісінуі мен ауыруы басылған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Терi жамылғылары таза, перифериялық iсiну жоқ. Тiзе буындары ісінген, терiсi қызарған, қимылы шектелген, басқа буындары өзгермеген. Дене қызуы 380С, бадамша бездерi үлкейген, аңқа доғаларынан шығып тұр, iрiңдi тығындар көрiндi. Жүрек аймағы өзгермеген, шала тұйықтық дыбысының шектерi қалыпты. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек ұшында әлсiз, нәзiк систолалық шу, ешқайда тарамайды. Пульсі 90 минутына, толуы қанағаттанарлық. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Бауыры ұлғаймаған.

Қанның жалпы анализiнде: лейк. 10,0х109/л, ЭТЖ 30 мм/сағ.

СРП (С-реакциялық протеин) ++++, фибриногені 7,6 г/л, АСЛ-О 450Б.

ЭКГ: синусты тахикардия, атри-вентрикулдік блок I дәрежелі (Pq - 0,28с).

  1. Жетекші синдромдарына байланысты күдікті аурулар және осыған тәуелді тексеру жоспарын құрыңыз.

  2. Клиникалық диагнозы.

  3. Ангинаны емдеудегi қателiктердi талдаңыз.

N4. Жауаптары:

1. Науқастың жетекші синдромдары: қызба, кардит (миокардтың зақымдану синдромы – АВБ, ешқайда тарамайтын жүрек ұшындағы әлсiз, нәзiк систолалық шу, тұйықталған жүрек тондарымен), ревматизмдік анамнез (өткерген А-стрептококтік инфекция, стрептококке қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О), полиартрит (ірі буындардың көшпелі қабынуы, ҚҚСЕД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектер) ісіну, гиперемиямен сипатталған артриттің тез, қайтымды басылуы), қабынулық (лабораториялық – жедел фазалық реактанттар деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП). Келтірілген синдромдар мен оның көріністері ревматизмдік қызбаның үлкен, кіші критерийлерін құрайтындықтан, бірінші кезекте осы нозобірлік, екінші кезекте ревматизмдік емес миокардитпен дифференциялық диагноз жүргізесіз. Эндокард зақымдануы басым болмағандықтан инфекциялық эндокардиттен күдік мардымсыз. Буын зақымдануының ерекшеліктері жасөспірімдер ревматизмдік қызбасындағы артритке тән болғандықтан буынның басқа ауруларынан күдіктеніп қажеті жоқ. Осыларды есепке ала отырып ЛДГ1-2 анализін, ФКГ, ЭхоКГ жүргізіп, ЛОР дәрігерінде қатар емдеу керек.