Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

1. Барлық тыңдау нүктелерінде протодиастолада тіркелетін қосымша тонның даму механизмі – перикардтық болғандықтан перикардотон аталады, констрикциялық перикардитке тән белгі.

2. Клиникалық минимум, бауыр сынамалары, оның УДЗ, фтизиатр кеңесі (травма болғанымен), ЭхоКГ. Науқасқа тынысын ішке терең алдырғанда пульс толқыны әлсірейді немесе жоғалады (Куссмаульдің парадокстік пульсі).

3. Бектің триадасы:

* “кіші, тыныш, жиі жүрек”; веналық гипертензия синдромы; ісіну-асциттік синдром. “Кіші, тыныш, жиі жүрек”, веналардың қысылу синдромдары дамығанда науқастардың аяқтарында ісіну мардымсыз болады, тіптен болмайды, портальді гипертензия дамиды (Пиктің псевдоциррозы – дер кезінде операция жасалса бауыр қызметі қалыптасады);

* жүрек шамасыздығы синдромы, ерекшелігі науқасты ентігу қанша мазаласа да ортопноэ ешуақытта болмайды.

4. Негізгі ауруы: Констрикциялық перикардит.

Асқ.: ЖШФКIV. Бауырдың жүректік фиброзы?

Жүрек қызметінің жетіспеушілігі (жедел және созылмалы)

Клиникалық жағдай n1

35 жастағы науқас кардиология бөлiмiне келесi: жүрек аймағындағы өткiр емес, терең тыныста және кеуде сарайын бұрғанда күшейетiн ауырсынуға, 20-30 м жүргендегi ентiгуге, құрғақ жөтелге шағымданып түстi. Екі күн бұрын, суықтаудан кейін ауырған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық. Дене қалыбы мәжбүр, алдына еңкейiп отыр. Бетi домбыққан. Терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Дене қызуы 380С. ЖҰТ анықталмайды. Жүректің шала тұйық дыбыс шектерінің перкуссиясында: оң шегi – төстiң оң қырынан 2 см тыс, сол шегі – бұғана орта сызығынан 3 см сыртқары. Аускультацияда жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты. Пульсі 93 минутына, жиi, кiшкентай, терең дем алғанда пульс толуы күрт кемидi.

1.Терең тыныстағы пульс өзгерiсiнiң аты:

  1. Савельев-Попов пульсi

  2. Парадокстiк пульс

  3. Траубе пульсi

  4. Дюрозье-Виноградов пульсi

  5. Куссмауль пульсi

2. Осы пульс келесі ауруға тән:

  1. Миокардитке

  2. Миокард инфарктіне

  3. Құрғақ перикардитке

  4. Экссудатты перикардитке

  5. Жыбыр аритмиясына

3. АҚ 110/85 мм сын. бағ. Тыныс жиiлiгi 24 минутына. Курловпен бауыр өлшемдерi 11х10х9см. Рентгендік тексеруде: жүрек шектерi екi жағына ұлғайған, пульсациясы әлсiреген. ЭКГ: тiсшелер вольтажы төмендеген, стандартты және сол кеуде тiркемелерiнде RS-T сегментiнiң конкордантты көтерiлуi және терiс Т тiсшесi. Осы өзгерiстер қай патологияға тән?

  1. Миокардтың трансмур инфарктіне

  2. Миокардтың трансмур емес инфарктіне

  3. Перикардитке

  4. Миокардитке

  5. Метаболизмдік КМП

4. Үшiншi күнi науқастың жағдайы күрт төмендедi: қалыпты күйде ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы мазалады. Терi жамылғылары цианозды, мойын веналары томпайған, АҚ 100/90 мм сын. бағ., пульсi 102 минутына, жұмсақ, кiшкентай. Бауыры әжептәуiр үлкейді. Перифериялық iсiнулер жоқ. Науқаста дамыған асқыну –

  1. Өкпе артериясының тромбоэболиясы

  2. Өкпе шеменi

  3. Жүрек тампонадасы

  4. Миокард инфаркті

  5. Пароксизмдiк тахикардия

5. Қанның жалпы анализiнде: эритр. 4,2x1012/л, гемоглобинi 115г/л, лейкоцитi 15,0x109/л; эозинофильдерi 8%; базофилдерi 2%; нейтрофильдері: т/я 12%, с/я 57%; лимфоциттерi 18%, моноциттерi 3%, ЭТЖ 42 мм/сағ.

Биохимиялық анализдерiнен: фибриноген 6 г/л. Жалпы белогі 82 г/л, СРБ+++. АСТ 43 Б/л, КФК 110 Б/л, ЛДГ 450 Б/л.

Эхокардиографияда: перикард қуысында көп мөлшердегі сұйықтық анықталды. Науқасқа көрсетiлетiн жедел жәрдем –

  1. Лазикстi в/i салу

  2. Шокке қарсы терапия

  3. Преднизолонды в/i енгiзу

  4. Тромболизистiк және антикогулянттық терапия

  5. Перикард пункциясы, сұйықтықты эвакуациялау