Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Нег. Ауру: Фибромускулярлы дисплазия. Саг. Нефролог кеңесі, квотамен жіберілетін орталықтар мамандарымен телемедицина.

Клиникалық жағдай N19

28 жастағы әйелде соңғы 5-6 апта көлемінде дене қызуының 37,70С

дейін жиі-жиі жоғарылауы, артралгиялар, миалгиялар, терлегіштік мазалаған. Емханада тексерілгенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталып ЖРА емдеген, бірақ нәтижесіз болғандықтан, сонымен қатар сол қолының ұйып қала беруінен, қайта қаралып отыр.

Об-ті: дене бітімі нормостеник, тері жамылғылары қалыпты түсті. Дене қызуы 37,70С. Өкпе үстінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты, аорта үстінде сол бұғана асты артериясына тарайтын систолалық шу естілді, ЖСС 90 мин. АҚоң қолы 160/110; АҚсол қолы 125/60 мм сын. бағ. Екі қолының АҚ градиенті 20 мм сын. бағ. көп.

  1. Жетекші синдромдары, күдікті аурулар, тексеру жоспары. Шешуші зерттеуді тағайындаңыз.

  2. Клиникалық диагнозы, әрі қарайғы тактикасы. Базистік ем тактикасын шешу мақсатында мамандармен кеңесіңіз.

  3. Симптомдық емiн жүргiзiңiз.

N19. Жауаптары:

1. АГ – симптомдық, екі қолындағы көрсеткіштер градиенті 20 мм сын. бағ. жоғары, аортада тармақтарына тарайтын систолалық шу, аортаның зақымдануын – васкулиттік синдромды дәлелдейді; артралгия, миалгия; қызба. Күдікті нозобірліктер: Такаясу ауруы; мерездік мезоаортит. Соңғысына күдік ҚЖА микрореакциядан ақ басталуы керек еді, оның терістігі мұны жоққа шығарады, дегенмен допплер ЭхоКГ күдікті екі аурудың да сұрақтары шешіледі.

2. Нег. Ауру: Такаясу ауруы (бейспецификалық аорта-артериит). Бүйрек артерияс зақымд жіктеме? Ревматолог кеңесі мен емі.

3. Антигипертензиялық дәрмектерден перифериялық вазодилятаторлар тағайындаймыз.

Клиникалық жағдай N20

33 жастағы әйел АҚ 150/90 мм сын. бағ. дейін жоғарылағанына шағымданып келді.

Анамнезінен 3 жүктілік, үш босану болған, соңғы босануы 28 жасында, 2 жыл емізген, соңғы жылдары жүктіліктен контрацепциялық дәрмектермен қорғанып жүр. Өт жолдарының дискинезиясы мәселелері соңғы 2 жылда жиі мазалайды.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, нормостеник. Тері жамылғылары өзгеріссіз. Өкпе үстінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 78 мин. АҚ 150/95 мм сын. бағ. Тілі сарғыш шөгіндімен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, оң қабырға астында сезімтал, патологиялық симптомдар анықталмады.

ҚЖА, НЖА, ЭКГ патологиясыз.

  1. Жетекші синдромдары, күдікті аурулар.

  2. Тексеру жоспары. Дифференциялық диагнозын жүргізіңіз.

  3. Клиникалық диагнозы, әрі қарайғы тактикасы.

N20. Жауаптары:

1. Симптомдық АГ (контрацептивтердің жағымсыз әсерлерінен дамыған), өт қапшығы және жолдарының дискинезиясы (контрацептивтердің жағымсыз әсерлерінен дамыған). Симптомдық АГ І дәр.; склероздаушы холангит.

2. Клиникалық минимумнан бөлек: ДМАД; АлАТ, сілтілі фосфатаза, ГГТП; құрсақ органдарын УДЗ кешені. Гинеколог, гастроэнтеролог кеңесі. Біріншілік склероздаушы холангит пен контрацепциялық холангит клиникаларын, зерттеу мәліметтері дайын болғанда науқас клиникасымен салыстырамыз.

3. Д-з: Симптомдық дәрмектік (контрацептивтерді ұзақ қолданудан) АГ. Контрацептивтерді қабылдамау, гинекологпен жүктілікті жоспарлауын шешу; гепатопротекторлар: гептрал 2 курс (эссенциаленә тағайындауға болмайды); алатікен жармасын 8-12 ай.

Кеуде сарайының ауырсынуы

Клиникалық жағдай N1

15 жастағы жасөспірім дене қызуының 39-400С жоғарылауына, қалтырауға, кеуде сарайы мен ішінің бұлшық еттерінің күшті ауыруына шағымданды. Ауырсыну қимыл-қозғалыста, жөтелгенде күшейеді, ұстамалы түрде, әр сағатта 5-10 минуттан мазалайды. Осыдан 3-4 күн бұрын да осындай шағымдармен ем алып кеткен. Айналасындағы қоршаған ортада жоғары тыныс жолдарының жедел респирациялық вирусты ауруларымен (ЖРВА) ауырғандар жиілеген.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 390С. Жұтқыншағының кілегей қабығы қызарған, мойын лимфалық түйіндері үлкейген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 90 мин.