Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

6. Диагнозы мен емiне байланысты терiс тұжырымдар:

  1. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрмектер көрсетiлген

  2. Үшiншi күнi, жағдайы төмендегене перикардтық парацентез жасап, сұйықтықты шығарып, анализге беру керек еді (соның iшiнде бактериологиялық)

  3. Науқаста өкпе артериясының ТЭ бар, тромболизистiк және антикоагулянтты ем қажет

  4. Науқаста жедел экссудатты перикардит, жүрек тампонадасы бар

  5. Алғашқы күннен глюкокортикоидтардың үлкен дозасы көрсетiлген

N1. Жауаптары:

1. 2.

2. 4.

3. 3.

4. 3.

5. 5.

6. 3, 5.

Клиникалық жағдай n2

48 жастағы науқастың шағымдары: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, күшейе түскен жалпы әлсiздiк. Жеті жыл бұрын медиастинум мен перифериялық лимфа түйіндерінің зақымдануымен көрінген

лимфогранулематоз диагнозы қойылған. Алты жыл бойына жағдайы

қанағаттанарлық болған. Соңғы жылы 4000 рад дозасында медиастинум аймағына рентгендiк ем тағайындалған. Екі ай бұрын ентiгу басталған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз, бетi мен мойыны iсiнген, мойын веналары томпайған. Лимфа түйiндерi үлкеймеген, перифериялық iсiнулер жоқ. Жүрек ұшы түрткісі анықталмайды. Жүрек шектерiнiң сол жағы бұғана орта сызығында. Жүрек тондары әлсiз, ырғақты, жүрек ұшы мен семсерше өскiншеде жақсы естiлетiн, үш мүшелi ырғақ бар. АҚ 110/80 мм сын. бағ. Пульсi 90 минутына, кiшкентай, парадокстiк. Iшi бос сұйықтық есебiнен үлкейген, жұмсақ. Бауырдың Курловпен өлшемдерi 11х10х9 см, шетi қатты, ауырады. Ұлғайған бауырды біраз уақыт басып тұрғанда мойын веналарының томпаюы күшейдi. Дене қызуы 37,30С.

Қан, несеп анализдерi ауытқусыз.

ЭКГ: тiсшелер вольтажы кемiген, барлық тiркемелерде терiс Т тiсшесi мен кеңiген биiк Р тiсшелерi. Рентгендік тексеруде: жүрек конфигурациясы мен өлшемдерi қалыпты. ФКГ: II тоннан кейiн 0,09-0,18 сек соң биiк тон тiркелген, тынысқа байланысты өзгермейдi.

Жүрек катетеризациясында оң жүрекше мен қарыншада бiрдей, биiк диастолалық қысым.

1. Осы ауруға тән триаданы (Бэктің үш белгiсiн) бөлiңiз.

  1. Iсiну-асциттiк синдром, бауыр ұлғаюы

  2. Кiшi үнсiз жүрек

  3. Жүрек ырғағының бұзылысы

  4. Веналық қысымның жоғарылауы

  5. Митральдi стеноз

2. Жүректiң қай ауруы туралы ойлауға болады?

  1. Экссудатты перикардит

  2. Сәулелiк этиологиялы констрикциялық перикардит

  3. Миокардит

  4. Жүрек ақауы

  5. Бауыр циррозы

3. ЭхоКГ-да анықталатын өзгерiстер:

  1. Қақпақтық ақаулар (дефектілер)

  2. Сол қарынша қабырғаларының гипертрофиясы

  3. Перикард қуысындағы сұйықтық

  4. Жүрекiшiлiк тромбтар

  5. Перикардтық жабысқақтар

4. Аурудың ең мүмкiн себебi –

  1. Туберкулездiк зақымдану

  2. Идиопатиялық зақымдану

  3. Ревматизмдiк қабыну

  4. Медиастинумды рентгендiк емдеудiң салдары

  5. Лимфогранулематоздың перикард зақымдануымен рецидивi

6. Ем тактикасы –

1. Глюкортикоидтардың үлкен дозалары

2. Операция (перикардиолиз)

3. Тұз бен сұйықтықты шектеу

4. Диуретиктердi тағайындау

5. Перикард пункциясы

N2. Жауаптары:

1. 1, 2, 4.

2. 2.

3. 5.

4. 4.

5. 2, 3, 4.

Клиникалық жағдай N3

20 жастағы науқас, тракторист клиникаға келесi шағымдармен түстi: күш түскендегі ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, бетiнiң, мойынының, iшiнiң iсiнуi.

Анамнезiнде: үш жыл бұрын жұмыста жарақат алып торакальдi хирургия институтында кеуде сарайының сол жағынан бөгде зат алынып тасталған. Жоғарыдағы шағымдар 3 ай бұрын мазалай бастады.

Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Төсекте басын жастыққа салып жатыр. Беттерi домбыққан, мойын веналары томпайған, цианоз. “Стокс жағасы” бар, оң қабырға астын басқанда мойын веналарының iсiнуi күшейе түседi. Өкпе үстiнде везикулалық тыныс. Жүрек ұшы түрткiсi анықталмайды. Жүрек шектерi өзгермеген. Аускультацияда жүрек тондары әлсiз, шоқырақ ырғағы естiледi, iшi ұлғайған, “медуза басы” симптомы, перкуссияда сұйықтықтың деңгейi анықталды. Бауырына баллотациялық пальпациялау жүргiзгенде өлшемдерi ұлғайған, әсiресе сол бөлiгiнің. Талақ өлшемдерi 11,0х8,0 см.

ЭКГ: Р тiсшесi биiк, qRS комплексiнiң тiсшелерiнiң вольтажы өте төмен, Т тiсшесi терiс. ФКГ: барлық нүктелерде, әсiресе L5, R4-те II-ші тоннан кейiн 0,11 секундтан соң қосымша тон тiркелген. Ол тонның осцилляциясы II тоннан биiк.

Өңеші контрасталған рентгеноскопияда жүрек өлшемдерi кiшкентай, контурларының тiсшеленгені дәлелденді.

  1. Алғашқы (болжам) диагнозды негiздеңiз.

  1. Негiзгi клиникалық синдромдарды негiздеңiз. Тексеру жоспарын құрыңыз, мәлiметтерiнiң интерпретациясын жүргiзiңiз.

  2. Емi. Асқынулары және емі.

N3. Жауаптары: