Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

5. Төмендегілердiң қайсысы науқасқа көрсетiлген?

  1. Строфантин

  2. Моносан

  3. Преднизолон

  4. Индометацин

  5. Конкор

N 8. Жауаптары:

1. 3.

2. 2.

3. 4.

4. 2.

5. 5.

Клиникалық жағдай n9

59 жастағы науқастың шағымдары: қалыпты күйдегi ентiгу, жүрген кезде дамитын жүрек қағуы мен оның шалыс соғуына, жүргенде және жәй жағдайда дамитын, нитроглицеринмен басылмайтын, кеуде сарайының сол бөлiгiнiң басып ауырсынуына, оң қабырға астының ауырлауы мен iшiнiң ұлғаюына, аяқтарының iсiнуi.

Анамнезiнен өзiн 3 ай науқас санайды, пайда болып өрши түскен келесi шағымдар мазалаған: ентiгу, жүрек қағуы, аяқ бастарының iсiнуi. “Химпром” зауытында соңғы 10 жылда жұмыс iстеген (бензолмен күнделікті жұғысу факті бар). Соңғы 6 айда қандай да бiр суықтаулармен ауырмаған.

Обьективтi: жағдайы ауыр, санасы анық, акроцианоз, дене қалыбы – ортопное. Өкпесiнде қатқыл реңкілі тыныс, төменгi бөлiктерiнде бiрлi-жарым консонансты емес ылғалды сырылдар. Перкуссияда жүректiң оң шегi төстiң оң қырынан 2,0 см оңға, сол шегi алдыңғы қолтық асты сызығымен 6 қабырға аралықта анықталды. Жүрек тондары тұйық, ырғақсыз, жүрек ұшында, семсерше өскінше үстінде систолалық шу, өкпе артериясы үстінде диастолалық шу. АҚ 100/60 мм сын. бағ., жүрек соғу саны 100 мин., пульс жиілігі 90 мин. Iшi асцит есебiнен үлкейген. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығыңқы. Аяқ басы, тiлерсек, балтыры мен санына дейiн iсiну бар.

1. Науқастың жетекшi синдромдарын атаңыз, әрқайсысының ерекшеліктеріне, олардың диагноздық маңызына тоқтаңыз.

  1. Аритмиялық (жүрекшелер фибрилляциясы)

  2. Кардиомегалия, тотальді

  3. Жүрек шамасыздығы (екі шеңберде де)

  4. Нефротикалық

  5. Iсiну-асциттiк

2. Қанның жалпы анализi: эр. 4,5x1012/л, гемоглобині 152 г/л, түстiк көрсеткiші 0,9, лейк. 7,2x109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері 4%, сегмент ядролылары 66%, лимфоциттері 25%, моноциттері 5%. ЭТЖ 9 мм/сағ.

Қанның биохимиялық анализдерінде: жалпы белогі 78 г/л, альбумині 47 г/л, глобулині 31 г/л; аспартатаминотрансфераза 24 Б/л.

Электрокардиограмма түсiрiлдi, RR аралығы әртүрлі, f-толқындары бар. Сiздiң қорытындыңыз.

  1. Қабынулық процесс бар. WPW синдром

  2. Қабынулық процесс жоқ. Қарыншалық ЭС

  3. Қабынулық процесс жоқ. Жүрекшелер фибрилляциясы (жыбыр аритмиясы)

  4. Қабынулық процесс бар. Синустік тахиаритмия

  5. Қабынулық процесс жоқ. Тахи-брадикардия (Шорт) синдромы

3. ЭхоКГ: аортасы өзгермеген, оның диаметрi 3,1 см, жармаларының ашылуы 1,8 см; сол жүрекшесі 4,2 см, оң жүрекшесі 4,5 см; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі 6,7 см, соңғы систолалық өлшемi 5,7 см; сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы 0,8 см, айдау фракциясы 30%. Қарынша аралық перде (ҚАП) мен сол қарыншаның артқы қабырғасының гипокинезиясы. ЭхоКГ интерпретациясы:

  1. Жүректiң сол бөлiктерiнiң гипертрофиясы

  2. Кардиомегалия, миокардтың жиырылу қызметiнiң төмендеуi

  3. Аорта сағасының стенозы, сол қарынша гипертрофиясымен

  4. ҚАП гипертрофиясы, сол қарыншадан кету жолдарының (пути оттока) тарылуымен

  5. Сол жүрекшенiң ұлғаюы

4. Рентгенограммада: жүректiң барлық камераларының ұлғаюы, жүрек мықынының жойылуы, сол қарыншалық доғаның томпаюы мен ұзаруы анықталды. Жоғарыдағы мәліметтерді қосып, клиникалық диагноздардың дұрысын таңдаңыз:

  1. Диффузды миокардит. Асқ.: жүрекшелер жыбыры, тахисистолиялық түрi. ЖШФКI

  2. ЖИА, постинфаркті кардиосклероз. Асқ.: жүрекшелер дiрiлi, тахисистолиялық түрi, ЖШФКIII

  3. ЖИА, үдемелi стенокардия. Асқ.: жүрекшелер дiрiлi, тахисистолиялық түрi, ЖШФКII

  1. Дилятациялық кардиомиопатия, жүрекшелер дiрiлi, тұрақты тахисистолиялық түрi. Асқ.: ЖШФКIII