Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

3. Аортаграфияда аортаның контуры жұптасқан түрде. Аортаның жұптасқан контуры тән:

  1. Аорта атеросклерозына

  2. Такаясу ауруына

  3. Аортаның асқынбаған аневризмасына

  4. Аортаның қабаттары ажыраған аневризмасына

  5. Сифилистiк аортитке

4. Келесi күнi АҚ 70/30 мм сын. бағ. дейiн үдемелi кемуi басталды. Аорта үстiнде диастолалық шу естiлдi. Артынша оң жақты гемиплегия, сол плевра қуысына сұйықтық жиналып, шок дамыды. Диагнозын жазбаша құрыңыз.

5. Асқынулар дамығанға дейiн қандай ем жүргiзілуi керек едi?

  1. Бiр топты қан құю

  2. Нейролептоанальгезия

  3. Антикоагулянттар беру

  4. Массивтi антибактериялық ем

  5. Аортаның тарылған жерiн резекциялап, ұштарын тiгу немесе алынып тасталған жердi протезбен, болмаса, трансплантантпен ауыстыру.

N12. Жауаптары:

1. 1.

2. 2

3. 4.

4. Нег. Ауруы: Аорта коарктациясы.

Асқ: Симптомдық гемодинамикалық (региондық) гипертензия, жүрек, ми тамырларының зақымдануымен. Аортаның қабаттары ажыраған аневризмасы, аневризманың жарылуы, гемоторакс. Ми қан айналымының сол гемисферадағы жедел бұзылысы. Ауырсынулық-геморрагиялық шок.

5. 5.

Клиникалық жағдай N13

29 жастағы ер кiсi емханаға келесi шағымдармен келді: дене қызуының 390С көтерiлуi, балтыр бұлшықеттерiнiң ауыруы, iрi буындарындағы ауырсыну, парестезиялар, жүрек қағуы, физикалық күшке ентiгу, тәбетiнiң төмендеуi, қатты жүдеу, жалпы әлсiздiк.

Өзiн үш ай бойы науқас санайды. Жолсапарда жүргенде аяқтарында ауырсыну пайда болған, оны физикалық күшпен және суықтаумен байланыстырған. Жалпы әлсiздiк пайда болып, дене қызуы көтерiлген. Өз бетiнше ацетилсалицил қышқылын қабылдаған, дене қызуы 37,80С төмендеген, бiрақ жалпы жағдайы ауырлай түскен. Жарты жыл бұрын жедел пневмониямен ауырған.

Объективтi: қарағанда науқас гипостеник, терiсi қуқыл, аяқтарындағы бұлшықетiнiң атрофиясы байқалады, сол аяқ басында сезiмталдық өте төмендеген. Қар (плечевая) артериясының бойымен майда түйiншелер пальпацияланады. Өкпесiнде әлсiз везикулалық тыныс. Жүрек шала тұйық дыбысының сол шегi 1 см кеңейген. Жүрек тондары әлсiреген, ырғақсыз, экстрасистолия. АҚ 190/100 мм сын. бағ. Пульсі 92 минутына, қанағаттанарлық кернеулi, толуы қалыпты. Бауыры мен талағы үлкеймеген.

Қанның жалпы анализiнде: Нв 115 г/л, эр. 3,3х1012/л, т/к 1,0, лейк. 10х109/л, эоз. 11%, т/я 2%, с/я 60%, лимф. 24%, мон. 3%, ЭТЖ 40 мм/сағ.

Несептiң жалпы анализiнде: тығыздығы 1014, белогі 0,099 г/л, ескiрген эритроциттер 4-5 к/а, гиалиндi цилиндрлер 1-2 к/а.

ЭКГ: ырғақ көзi синусты, ырғақсыз, ЖСС 90 минутына, ЖЭӨ солға ығысқан, қарыншалық ЭС. Сол қарынша гипертрофиясы. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының ошақты өзгерiстерi.

  1. Клиникалық синдромдарды бөліп, күдікті аурулар тізімін жасаңыз. Тексеру жоспарын құрыңыз. Диагнозы.

  2. Болуы мүмкiн асқынуларды атаңыз.

  3. Мамандармен кеңесіңіз. Емiн жүргiзiңiз.

N13. Жауаптары:

1. Тамырлардың жүйелі зақымдану (жүйелі васкулит) синдромы: ұзақ уақыттық қызба; қабынулық; несептің патологиялық тұнба және САГ; жүрек ырғағының бұзылу синдромдары. Тексеру жоспары клиникалық минимумнан басқа протеинограмманы, иммунограмманы, ЭхоКГ, тамырлардан биопсияны қамтиды.

Негізгі ауруы: Жүйелі васкулит: түйінді периартериит, классикалық варианты (коронариит, миокардтың ошақты инфаркті, гломерулонефрит, несеп және АГ синдромдарымен, полиневрит, терілік-тромбоангиит), тез меңдейтін барысты, активті фазасы.

Асқ.: ЖШФКII; БСШI; аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы.