Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n19

40 жастағы науқас келесi шағымдармен түстi: жүрген кезде пайда болатын төс артының басып ауырсынуы, физикалық күшке дамитын инспирациялық ентiгу, жүрек қағу ұстамасы, бас айналуы, естен тануы, әлсiздiк.

Анамнезiнен: жүрек шуы 6 жасында алғаш анықталған, бiрақ тексерулер жүргiзiлмеген, 16 жасында ревматолог есебіне қойылған, әскерден босатылған. Жарты жыл бұрын естен танулар басталған.

Объективтi: науқастың жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тыныс жиiлiгi 18 минутына, өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығымен 5 қабырға аралығында пальпацияланды. Кеуде сарайының алдыңғы қабырғасында, төс сүйегiнiң сол жағында систолалық дiрiл сезiлдi. Перкуссияда жүректiң шала тұйық дыбысының оң шегi төстiң оң қырында, сол шегi ЖҰТ сай. Жүрек тондары әлсiзденген, ырғақты. Жүректiң барлық нүктелерiнде дөрекi, күштi, айдау систолалық шуы естiледi. Айқын естiлетiн нүктелерi – Боткин нүктесi мен жүрек ұшы. Систолалық шу науқасты тұрғызу барысында күшейiп, тiзерлеп отырғызғанда әлсiрейдi. Шу мойын тамырларына тарамайды. АҚ 130/80 мм сын. бағ. Пульс жиiлiгi 72 рет минутына, pulsus bifidus (пульс толқыны тез көтеріліп, тез басылады). lшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр өлшемдерi Курловпен 11-9-7см.

1. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз?

1. Жүректiң ревматизмдiк ақауы

2. Жүректiң тума ақауы

3. Гипертрофиялық кардиомиопатия

4. Миокардит

5. Стенокардия

2. ЭКГ түсiрiлдi, I, AVL, V5,V6 R тісшесі биік, ST сегменті қиғаш төмендеген, тізімнен дұрысын таңдаңыз.

  1. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркті

  2. Жүректiң оң бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi

  3. Жыбыр аритмиясы

  4. Жүректiң сол бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi

  5. Артқы қабырғасының субэндокардтық инфаркті

3. Науқасқа ЭхоКГ жасалды. Қорытындысымен танысыңыз: аорта диаметрi 3,2м, аорта сағасының ашылуы 1,8см, қарынша аралық перденiң (ҚАП) қалыңдығы 2,1см, сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы 1,3см. Сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемi 4,0см, сол қарыншаның соңғы систолалық өлшемi 3,2см. Сол жүрекше 4,2см, оң қарынша 2,3см. Айдау фракциясы 46%. Митраль қақпақтарының алдыңғы систолалық қозғалысы парадоксті. Аорта қақпақтарының систола ортасында қалқалануы, митраль регургитациясы ++. Қарынша iшiлiк қысымның градиентi 25мм сын. бағ. Сiздiң тұжырымыңыз:

  1. Дилятациялық кардиомиопатия

  2. Гипертрофиялық кардиомиопатия

  3. Аортаның ревматизмдiк стенозы

  4. Диффузды миокардит

  5. ”Гипертониялық жүрек”

. Төмендегілерден ... науқасқа көрсетiлген:

  1. Дигоксиин

  2. Моносан

  3. Преднизолон

  4. Индометацин

  5. Конкор

N19. Жауаптары:

1. 3.

2. 4.

3. 2.

4. 5.

Клиникалық жағдай N20

48 жастағы науқас қабылдау бөлiмiне келесi шағымдармен түстi: жүргенде, кiшкене күш түскенде мазалайтын ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, аяқ бастарының iсiнуi, жалпы әлсiздiк.

Анамнезiнен: өзiн соңғы 8 ай бойы науқас сезінеді. Себепсiз ентiгу, әлсiздiк, iсiну күшейе түскен. Мөлтектiк дәрiгер дигоксин, фуросемидпен емдеген. Нәтиже болмаған соң клиникаға жiберген.

Обьективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз. Мойын веналары томпайған, бетi iсiнген, аяқ бастарының iсiнуi айқын. Тыныс жиілігі минутына 24. Перкуссияда өкпесiнің төменгi бөлiктерiнде өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда сол жерде үнсiз ылғалды сырылдар естiлдi. Жүректің шала тұйық дыбысының шектерi: оңы – төстiң оң қырынан 3,0см оңға; жоғарысы – II қабырғада; солы – алдыңғы қолтық асты сызығында анықталды. Аускультацияда жүрек тондары өте әлсiз, әсiресе I тон, жүрек ұшында систолалық шу, қолтық астына тарайды, экстрасистолалар бар. Пульс саны минутына 108, кернеуi мен толуы әлсiз, ырғақсыз. Iшi жұмсақ, ауырсынуы жоқ, бауыры қабырға доғасынан 4-5см шығыңқы, консистенциясы қатаң эластикалық.

Қан анализiнде: Нв 142 г/л, эрит. 3,8х1012/л, лейк. 6,2х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ.

ЭКГ: тiсшелер вольтажы төмен, ырғақсыз, жүрекшелік, қарыншалық экстасистолиялар, миокардтың диффузды өзгерiстерi бар.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: жүректiң барлық өлшемдерi үлкейген, доғалар контурлары сақталған; рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы әлсiз. Өкпесiнде iркiлiс белгiлерi.

  1. Жетекші синдромдарын табыңыз..

  2. Оң және сол қарыншалар гипертрофияларының белгiлерiн жазыңыз.

  3. Жетекші синдром (дар) ына сүйеніп, дифференциялық диагноз жүргiзетін нозологиялық бірліктерді атаңыз.

  4. Клиникалық диагнозын жазыңыз.

N20. Жауаптары: