Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_2_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Негізгі ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, аорта қақпақтарының шамасыздығы (аорта қақпақтары жармаларының қабынудан кейінгі шеттік фиброзы).

Асқ.: САГ. Дисциркуляциялық энцефалопатия. Синдромдық стенокардия, ЖШФКІ.

Клиникалық жағдай 11

Инфекцияланған абортпен 28 жастағы әйел түстi. Жатырды қырғаннан соң несеп бөлу, жыныс жүйесiнен көзге көрiнер ауытқуынсыз дене қызуының 38,50С жоғарылауы, қалтырау дамыған. Солармен қатар жүрек тұсының тұрақты сыздап ауырсынуына, қалтырауға, әлсiздiкке шағынады.

Бұрын ауырмағаны мәлiм болды.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, терi жамылғылары қуқыл, білектерінің терiсiнде петехий-геморрагиялық бөртпелер, өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек шектерi өзгермеген, тондары әлсiзденген, қолқа үстiнде, Боткин-Эрб нүктесiнде кеми түсетiн, жұмсақ диастолалық шу естiледi. АҚ 140/60 мм сын. бағ. Пульсi 86 минутына. Iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр өлшемдерi Курлов бойынша 9-8-7см. Талақтың шетi пальпацияланады.

ЭКГ: синусты ырғақ, жүректiң электр өсi – горизонталь.

Кеуде сарайының рентгенограммасында – патология жоқ.

Қанның жалпы анализiнде: эр. 3,2х1012/л, гемоглобині 90 г/л, түстiк көрсеткiші 0,84, лейк. 9,2х109/л, нейтрофильдерінің т/я 6%, с/я 67%. Лимф. 18%, мон. 6%, эоз. 3%. ЭТЖ 40 мм/сағ., нейтрофильдерінде токсиндiк түйiршiктiлік айқын.

Қанның биохимиялық анализдерiнен: жалпы белогі 72 г/л, альбумині 42 г/л, глобулині 30 г/л, АЛТ 62 Б/л, АСТ 24 Б/л, тимол сынамасы 8 Б., СРП+++. НБТ тесті оң.

1. Болжам диагнозы, жетекші синдромның ерекшеліктері:

  1. Жедел лейкоз.

  2. Ревматизмдiк кардит.

  3. Аборттан кейінгі сепсис.

  4. Жүйелi қызыл жегi.

  5. Инфекциялық эндокардит.

2. Қанды стерильдiлiкке 4 рет еккенде алтын сары стафилококк өндi. Несептiң жалпы анализi: түсi сабан сары, тығыздығы 1005, белок бар, лейк. 2-3 к/а. Басқа зерттеулер өзгерiссiз. Оксациллин 10 млн/тәулiгiне тағайындалды, бесіншi күнi белiнiң оң жағында кенеттен ауырсыну пайда болды. Несептiң жалпы анализi: жас ет шайындысы түстес, эритроциттері көру аймағын тегіс жапқан. Осы белгiлер 3 күннен кейiн жойылды. Емнiң бесіншi күнiнде дамыған асқыну?

  1. Жедел гломерулонефрит.

  2. Жедел пиелонефрит.

  3. Бүйрек артериясының тромбоэмболиясы.

  4. Бүйректiк шаншу.

  5. Оң жақты паранефрит.

3. Толық диагнозын жазыңыз

4. Емiндегi сiз келiспейтiн шаралары:

  1. Берiлген антибактериялық ем жеткiлiксiз. Күштiлеу ем қажет, мысалы: оксациллин 10 г/тәу. в/iшiне гентамицинмен қоса 45 күн бойына, цефотаксим 10 г/тәу. в/i.

  2. Флора сезiмталдығын есептей отырып антибактериялық дәрмектер беру.

  3. Емге антистафилококтік плазма, гаммаглобулин, иммуностимуляторлар қосу керек едi.

  4. Антигистаминдiк дәрмектер қосу қажет едi.

N11. Жауаптары:

1. (3). Қақпақтық ақау синдромы аорталық ақаудың (1), оның шамасыздық түрінің (2) бактериемиямен (3) байланысты қысқа уақытта (4) түзілгенімен, ЭхоКГ вегетациялардың болуымен (5) сипатталады.

2. 3.

3. Клиникалық диагнозы:

Нег. ауруы: Септицемия. Бiрiншiлiк стафилококтік жедел эндокардит, аорта қақпақтарында орналасумен, аорта қақпақтарының шамасыздығының түзiлуiмен, қызба, спленомегалия, васкулит, III дәрежелi белсендiлiктегi.

Асқ.: Оң бүйрек артериясының тромбоэмболиясы (5 күнi). Анемия. ЖШФКIII.

Фондық ауруы: Инфекцияланған аборт.

4. 4.